Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет360/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Клиникалық көрінісі. 
Құрсақ ішілік инфекциялануға күмәнді жағдайлар көп уақытта
жұқпалы аурулардың дамуына әкелмейді. Жаңа туған нәрестенің құрсақ ішілік инфекция-
лануының клиникалық көріністерінің жиілігі микроорганизмнің қасиетіне, анасынан
ұрыққа берілуі мен жұғу жолдарына байланысты. Барлық құрсақ ішілік инфициялану
орташа алғанда 10% құрайды (таралу диапазоны 5-50%).
Инфекция бала өмірге келудің алдында ғана жұққан болса, құрсақ ішілік
инфекцияның клиникалық көріністері полиморфты және жедел өтеді. 
Бұл интоксикация, жайылған инфекция көрінісімен, әр түрлі мүшелердің зақымдалу
симптомдарымен көрінеді. Көп жағдайда құрсақ ішілік инфекцияның айқын көріністері
жоқ, басқа аурулардан ерекшеленбейді. 
Аурудың бастапқы көріністері алғашқы күннен бастап анықталады, немесе кеш
білінуі де мүмкін. Туған кезде жағдайы ауыр болады. Неонатальды кезеңдегі құрсақ
ішілік дамудың тежелуі, гепатоспленомегалия, сарғаю, бөртпелер, тыныс бұзылыс
белгілері, жүрек-тамыр жетіспеушілігі және ауыр неврологиялық бұзылыстар инфекция
көріністері болып табылады. 
Интоксикация симптомы жиі, нәрестенің алғашқы салмақ жоғалтуымен білінеді,
көлемді құсу, ОНЖ-нің тежелу синдромы, бұлшық ет гипотониясы, тері калоритінің
бозғылттығымен айқындалады. Осы симптомдардың ішінде лоқсу және құсу синдромы
тұрақты болып келеді және көп салмақ жоғалтуға әкеледі. 
Тыныс бұзылыстарының құрсақ ішілік пневмония немесе өкпе ателектазымен жүреді
(ол әсіресе шала туған нәрестелерде, генезі инфекциялық). Бірнеше күннен соң
ателектаз фонында постнатальды пневмония дамиды. 
Геморрагиялық синдром нәресте өмірге келгеннен соң бірнеше күннен соң
геморрагиялық бөртпемен және бас сүйек ішілік қан құюлармен айқындалады. Бұл
синдром негізінде тромбоцит санының азаюы, К витаминге тәуелді қан ұю факторлары
және капиллярлардың токсикалық зақымданулары жатады. Анасында Верльгоф ауруы
және иммунологиялық сәйкессіздігі болмаған жағдайдағы жаңа туған балалардың
алғашқы күндеріндегі тромбоцитопения құрсақ ішілік инфекция бар екенін көрсетеді. 
Сарғаю синдромы гепатит және конъюгациялық немесе гемолитикалық генездегі
гипербилирубинемия белгілері негізінде дамиды. Құрсақ ішілік инфекцияның көрінісі
ретінде анықталған конъюгациялық гипербилирубинемия (тіке емес билирубиннің 250
мкмоль/л – ден артып өсуі) кей жағдайда бауырдың гипоксиялық зақымдалу нәтижесінде
де кездесетінін ұмытпаған жөн. 
ОЖЖ зақымдалуы неврологиялық белгілер тежелу немесе қозғыштықпен айқында-
лады. Бұл белгілердің даму негізінде энцефалит, бас сүйек сауыты ішілік қан құйылулар,
немесе іріңді менингит жатады. Энцефалит диагнозы қойылған нәрестеде неврологиялық
симптомдар (әсіресе құрысу синдромында) интоксикацияның болуымен және ликворда
белоктың (1,65 г/л және жоғары) мөлшерінің көбеюімен сипатталады. Бұл кезде цитоз сәл
жоғарылаған немесе қалыпты болады. Бас ішілік қан құйылу жасы 4 күннен аспаған
нәрестелердің ликворында айқын гемолиз байқалғанда диагностикаланады. Бас ішілік қан
құйылу құрсақ ішінде және туғаннан кейін дамуы мүмкін. Сондықтан кей жағдайларда
негізгі диагноздың дұрыс анықталмауы мүмкін. Құрсақ ішілік инфекцияның асқынуы
болып табылатын миға қан құйылу белгілері негізгі ауру ретінде анықталуы мүмкін. 
Клиникалық көрінісінде түрлі құрсақ ішілік инфекциялардың симптомдары көбіне
бір-біріне ұқсас келеді, дегенмен де әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, олар
төменде көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет