Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет39/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

еңбек
заңнама
 
 сына
 

сәйкес белгіленеді.


3. Психикасының бұзылушылығы (ауруы) бар адамдардан басқа, жыныстық
сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдардың жынысын ауыстыруға құқығы бар.
Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық
куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларын уәкілетті орган
белгілейді.


4. Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас
бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған
азаматтарға медициналық көмек уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар айқындайтын
тәртіппен көрсетіледі. Аталған адамдар медициналық көмек алу кезінде Қазақстан
Республикасы азаматтарының жоғарыда келтірілген барлық құқықтарын пайдаланады.
5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше
көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдардың айналасындағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын  
тізбеге
сәйкес тегін медициналық
көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.
89-бап. Балалардың құқықтары
1. Әрбір баланың:
1) денсаулық сақтау жүйесінің уақтылы әрі тиімді қызметтерін және ауруды емдеу
мен денсаулықты қалпына келтіру құралдарын пайдалануға;
2) денсаулық сақтау саласында білім алуға;
3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде
медициналық тексеріп-қаралуға және динамикалық байқалуға, емделуге, дәрімен
қамтамасыз етілуге және сауықтырылуға құқығы бар.
2. Балаларды стационарлық емдеу кезінде:
1) үш жасқа дейінгі, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша
күтіп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге
асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы
парақ беріліп, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігі жасалады;
2) бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күтіп-бағу үшін медициналық
ұйымда болған барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
3. Мектеп жасындағы балалардың стационарлық, қалпына келтіру емін алу
кезеңінде стационар, оңалту орталығы, санаторий жағдайында үздіксіз білім алуға құқығы
бар.
Стационарлық балалар бөлімшелерінің және мамандандырылған стационарлық
медициналық балалар ұйымдарының пациенттеріне ойын ойнау, дем алу және тәрбие
жұмысын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалады.
4. Мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ АИТВ инфекциясын жұқтырған, ЖИТС-пен
ауыратын балалардың білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында Қазақстан
Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқығы бар. 
АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың балалар үйлерінде және жалпы
мақсаттағы өзге де медициналық және оқу-тәрбие ұйымдарында болуға құқығы бар.
5. Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет