Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет391/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Антибактериалды ем.
 
Антибактериалді емді таңдаудың жалпы талаптары
келесідей:
1. Емнің басында (ауру этиологиясын анықтағанға дейін) антибиоткті таңдау.
Біріншілік сепсис ошағының пайда болу уақытына (құрсақішілк, постнатальді), пайда
болу жағдайларына (ауруханадан тыс, ауруханалық, терапия, хирургиялық бөлімшелері
немесе қарқынды емдеу бөлімшелері жағдайларында) преморбидті фонның сипаты мен
орналасуына байланысты жүргізіледі.
Таңдалған препараттарымен 48-72 сағат бойы жүргізілген ем баланың жағдайын
жақсартпаса немесе тұрақтандырмаса, альтернативті препараттар тағайындалады.
ЖТН мен 1 жасқа дейінгі балаларға антибиотиктерді таңдау кезіне жүйелі әсері бар,
яғни гематоэнцефальді тосқауыл арқылы өтетін, және ликвор мен ми затында жеткілікті
емдік мөлшері жиналатын препараттарға көңіл бөлінеді.
Барлық кезде де, токсикалық әсері төмен полимүшелік бұзылыстар сипатын ескере
отырып және қанда эндотоксин деңгейін көбейтуде қабілеті төмен препараттар таңдалады.
Барлық жағдайда, антибиотиктерді көктамыр арқылы енгізу тиімді болып табылады.
Емдеу барысын динамикалық бақылап отыру қажеті:

жүргізіліп отырған антибактериальді емнің жалпы әсерін бағалау.

біріншілік ошақты санациялауды бағалау және жаңадан түзілетін іріңді ошақтарға
бақылау жүргізу.

адам денесінің маңызды локустарының биоценозына антибиотикотерияның әсерін
бақылау және оны коррекциялау.

болжамды токсикалық және жағымсыз әсерлерді бақылау және оларды алдың алу мен
емдеу.
Балалар сепсисін антибатериальды емдеудің ұзақтығы 3 аптадан кем болмауы керек.
Бірақ 4-8 аптадан артық жүргізілмегені жөн.
Дәріні қабылдауды тоқтатуға негіз бола алады:

Біріншілік ошақтың санациясы және жаңа метастаздық ошақтардың түзілмеуі.

ЖҚР белгірелірінің жойылуы.

Бала өмірінің алғашқы айларында тұрақты салмақ қосуы.

Шеткі қан формуласы мен тромбоциттер санының қалыптасуы.
Сепсисті емдеудің жалпыға танымал 2-ші бағытына иммунокоррекция жатады.
Қазіргі уақытта, ЖТН сепсисін иммуно-коррекциялаушы емінің көптеген әдістері
ұсынылған. Бұл әдістер – плазма және гемофильтрацияға, лейкоцитарлық фильтратты
трансфузиялауға және қан алмастырып қуюға, тимус препараттарын (цитокиндер
қоспасы), жеке цитокиндер және олардың рецепторларын тежеушілерін тағайындауға,
поликлонды антиденелер және өсудің гранулоцитарлық факторларын қолдануға
негізделген.
Қазіргі уақытта көктамырға егілетін иммунуглобулиндер, әсіресе ІgМ өсудің
гранулоцитарлық факторларының әсері бар екені дәлелденген және олар клиникалық
тәжірибеге кеңінен енгізуге ұсынылған. Пентаглобин әсерлі түрі болып саналады.
398




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет