қызметiнiң бұзылуымен (бүйрекүстi бездерi, симпатикалық-адреналдық жүйе, айырша
бездерi), сыртқы орта әсерiне бейімделуінің төмендеуiмен, аллергиялық реакцияларға
бейiмдiлiгiмен сипатталады.
Бұл балаларда мiндеттi түрде хромаффиндық тiн, айырша безiнiң ретикулоэпителиа-
льды аппараты – Гассаль денешiктерi (лимфа түйiндерiнiң ретикулярлық стромасының
гиперплазиясы үнемi қатар байқалады), кейде жыныс бездерiнiң, жүрек-қантамыр,
бiрiңғай салалы бұлшықеттерiнiң де гипоплазиясы анықталатындықтан, оны
лимфатикалық емес, лимфатикалық-гипопластикалық диатез деп атаған дұрыс.
ЛгД мектеп жасына дейiнгi балалардың 3,2-6,8%-да кездеседi, (М.С. Маслов), жалпы
таралымы 12,5-24% (Л.К. Исаева т.б., 1994).
Этиологиясы.
ЛгД шығуы негiзiнен сыртқы орта әсерлерiне байланысты. Бұл әсер
жатырiшiлiк (жүктiлiк токсикозы, плацентаның өткiзгiштiгi мен осыдан шарананың
пассивтi сенсибилизациялануына соқтыратын анасының аурулары; жүктiлiктiң 2-шi
жартысындағы анасының әр түрлi аурулары) және дүниеге келген кездегi ұзаққа созылған
инфекциялық-токсикалық аурулар (әсiресе, олар дұрыс емделмесе), бiржақты тамақтану
(белогi не көмiрсуы мол) болуы мүмкiн.
ЛгД аллергияға бейiмдiлiгi бар отбасы балаларында жиi кездеседi, оның патогенезін
ЭКД патогенезiне жақындатады. Бұл екi диатездiң шекарасын анық айыру қиын; бiр
жағынан, ЭКД-де «лимфатизм» белгiлерi анық болса, екiншi жағынан, ЛгД-де (шамамен
балалардың 1/3-де) терiнiң экссудативтi-катаралдық зақымдануы байқалады. Шамасы, ЛгД
пайда болуында негiзгi рөльдi созылыңқы токсикалық-инфекциялық аурулар, ал ЭКД-де
сыртқы ортаның аллергия туғызатын факторлары атқаратын болса керек. Аллергиялық
бейiмдiлiктiң ұзаққа созылған инфекциялық-токсикалық әсерлерi сонымен бiрге және ең
алдымен орталық (айырша безi) лимфа аппаратының қызметiн бұзып, соңынан бүйрекүстi
бездерi мен хромаффиндiк жуйе дисфункциясына соқтырады.
Патогенезi.
Айырша және бүйрекүстi бездерi арасында керi қатынас типтi байланыс
бар. Айырша бездiң ретикулярлық-эпителиальдық аппараты бөлетiн заттар глюкокорти-
коидтар түзiлiсiн тежеп, ал, лимфоидтық аппарат шығаратын гормондар – оның жұмысын
белсендiре түседi. Айырша және бүйрекүстi бездерi арасындағы коррелятивтік ара-
қатынас гипоталамус арқылы iске асуы мүмкiн, себебi, гипоталамустан бүйрекүстi бездерi
гормондарының түзiлiсiн белсендiретiн гормон және айырша бездерi қаблетiне әсерi бар
заттар түзiлетiнi белгiлi, ал ЛгД-де АКТГ деңгейi төмендейдi.
ЛгД-де катехоламиндер мен глюкокортикоидтар түзiлiсiнің қарқыны төмен, осы
жағдайда глюкокортикоидтар-минералокортикоидтар өнiмiнiң ара қатынасы соңғылардың
пайдасында, демек, бұл лимфоидтық тiннiң қосалқы гиперплазиясын шақырып,
организмде су, натрий, хлоридтер жиналуына әкеледi. Балаларда су алмасуы тұрақсыз. Бұл
дене салмағының өзгерiсiн, iсiнудiң оңай дамуын тудырады. Әдетте, қандағы қант деңгейi
жоғарыламайды, ал, каталаза белсендiлiгi төмендейдi.
Достарыңызбен бөлісу: