Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет433/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Емі.
 
Емдәммен қатар, В
1
витамині 5-10 мг-нан күніне 2 рет тағайындалады.
В
2
 витамині (рибофлавин). 
Организмде аденинмен нуклеотидпен қосылып, нуклеин
қышқылының алмасуында маңызды орын алатын флавинадениндинуклеотидке айналады.
Рибофлавин аралық зат алмасуда субстраттан акцепторларға сутек тасымалдаушы ролін
атқарады. Сонымен қатар, рибофлавин амин қышқылдарының тотығып дезаминдеуіне
қатысады деп есептелінеді.
Рибофлавиннің алмасуы тамақ құрамындағы белоктың мөлшеріне байланысты.
Белок аз болғанда рибофлавин тіндерде ұсталмай организмнен шығып кетеді. В
2
витамині
қышқыл ортада берік болады, бірақ сілтілі ортада және жарықтың әсерінен тез бұзылады.
Бұл витаминге қызыл немесе сары түсті өсімдік тағамдары және ашытқылар өте бай
болады. Сонымен қатар, ішек микрофлорасымен де синтезделеді.
429


Рибофлавин жетіспегенде біртіндеп глоссит пайда болады. Тіс фуксин-қызыл
түстенеді. Еріннің кілегей қабығы көбейіп, жарылады (кейлоз), түлейді. Ауыз бұрыштары
жарылып, оның айналасындағы терісінің кішкене аймағы суланады. Ауыз бұрышында
жара (стоматит) пайда болады. Еріннің, ауыз-мұрын қатпарында, мұрын ұшында,
қабығының үстінде, құлақтың қалқанында себорейлі дерматит пайда болады. Сонымен
қатар, конъюктивит (мүйізді қабықтың айналасының қызаруы) байқалады. Жедел пайда
болған арибофлавинозда талып, бала есінен айырылуы мүмкін.
В
2
витаминге ащытқы, бауыр, жұмыртқа сарысы, арахис, ірімшік, сүзбе, айран,
скумбрия, нәлім, ет, бұршақ, жапырақты көкөністер бай болып келеді.
В
2
витамині 0,005 -0,01 г-нан 2 рет, ауыр түрлерінде 20 мг-нан күніне 3 рет береді.
В
3
витамині (нацин, никотин қышқылы,
РР витамині).
Организмде аденил
қышқылымен қосылып НАД, одан кейін фосфор қышқылының қалдығын қосып алса,
НАДФ-ға айналады. НАД (никотинамидтің аденил қышқылының қалдығымен
қосындысы) тотығушы қосындыларын электрондар мен сутекті бөліп, оларды, негізгі
функциясы организмді энергиямен қамтамасыз ету болып келетін, биологиялық тотығу
тізбегіне береді. Коферменттің келесі түрі – НАДФ тотығушы құрылымдардан
электрондар мен сутекті бөліп, көптеген тотықсыздандыратын биосинтездік реакцияларға,
атап айтқанда, май қышқылдарын, стероидтық гормондарды синтездеуге, тотықсыздану
жолымен қайта аминдеу арқылы амин қышқылдарының пайда болуына, арналған сутек
пен электрондардың көзі болып табылады.
Ниацин өсімдік және мал тағамдарының құрамында көп мөлшерде кездеседі.
Никотин қышқылы ең көп мөлшерде саңырау кұлақта, ашытқыларда, бауырда, етте, сүтте,
балықта және басқа тағамдарда байқалады. Жүгеріде және басқа дәнді дақылдарда РР
витамині байланысқан түрі ниацитин күйінде болады. Ол асқазан сөлінің әсерінен
ыдырамайды, сорылмайды. Ал, сілтілерде ниацитин ыдырап, қорытылады. Никотин
қышқылы жетіспегенде, пеллагра пайда болады, сондықтан, бұл РР витамині (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет