Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет45/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

98-бап. Бедеуліктен емделу
1. Адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында, жекеше медициналық практикамен
айналысатын жеке тұлғаларда қауіпсіз және тиімді әдістермен, оның ішінде Қазақстан
Республикасының аумағында қолдануға уәкілетті орган Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау саласындағы  
заңнамасына
сәйкес рұқсат еткен, ұрпақты болудың
қосалқы әдістері мен технологияларын пайдалана отырып, олардың тиімділігі,
қолданудың оңтайлы мерзімдері туралы, ықтимал асқынулар, медициналық және
құқықтық салдарлары туралы толық әрі түбегейлі ақпаратты және олардың организмге
әсер етуіне қатысты өзге де мәліметтерді міндетті түрде ала отырып, бедеуліктен емделуге
құқығы бар.
2. Тіркелген, некеде тұрған адамдардың ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен
технологияларын өзара келісім бойынша ғана пайдалануға құқығы бар.
99-бап. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологиялары, клондау


1. Әйелдердің ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларына (жасанды
инсеминацияға, жасанды ұрықтандыруға және эмбрионды имплантациялауға) құқығы бар.
2. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын жүргізудің 
тәртібі
 мен
шарттарын уәкілетті орган айқындайды.
3. Жыныспен байланысты аурулардың тұқым қуалау мүмкіндігі жағдайларын
қоспағанда, ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын пайдалану кезінде
болашақ баланың жынысын таңдауға жол берілмейді.
4. Адамның эмбрионын коммерциялық, әскери және өнеркәсіптік мақсаттар үшін
алуға болмайды.
5. Қазақстан Республикасында адамды клондауға - генетикалық жағынан бірдей
түрлерді өрбітіп-өсіруге тыйым салынады.
100-бап. Суррогат ана болу кезіндегі медициналық көмек
1. Суррогат ана болу суррогат ана (донорлық эмбрион енгізілгеннен кейін ұрықты
көтеріп жеткізетін әйел) мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бала көтеруді
және мерзімінен бұрын босану жағдайларын қоса алғанда, бала тууды білдіреді.
2. Медициналық-генетикалық зерттеп-қарау нәтижелерін қоса алғанда, психикалық,
соматикалық және ұрпақты болу денсаулығының қанағаттанарлық жай-күйі туралы
медициналық қорытынды алған жиырма жастан отыз бес жасқа дейінгі әйелдер суррогат
ана бола алады.
3. Суррогат ананың, ықтимал ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, баланың
құқықтары және келісім-шарт жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының неке (ерлі-
зайыптылық) және отбасы туралы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет