160-бап. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы 1. Темір тапшылығы анемиясы – организмге тамақ өнімдері құрамында темірдің
жеткіліксіз түсуіне және онда жеткіліксіз қорытылуына, асқазан-ішек жолдарының, несеп-
жыныс жүйесінің және қан жүйесінің кейбір созылмалы аурулары кезінде темірді
жоғалтудың көбеюіне, темірге деген қажеттіліктің артуына байланысты болатын
организмнің патологиялық процесі.
2. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы жөніндегі іс-шаралар:
1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасында байытылған тамақ өнімдерінің өндірісіне, оларды әкелуге, әкетуге,
өткізуге және айналымының басқа да сатыларындағы қозғалысына қойылатын талаптарды
қамтамасыз ету мен сақтау жолындағы жауапкершілігі;
2) халықтың нысаналы топтарын құрамында темір бар препараттармен
профилактикалық қамтамасыз ету;
3) темір тапшылығы анемиясынан зардап шегетін адамдардың денсаулық сақтау
ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткізуі;
4) ұнды және өзге де тамақ өнімдерін құрамында темір бар витаминдермен,
минералдармен және басқа да заттармен байыту (фортификациялау) принциптерімен
жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын жоғары және бірінші сортты
бидай ұны міндетті түрде құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен және
басқа да заттармен байытылуға (фортификациялануға) жатады.
Тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) тәртібін Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындайды.
161-бап. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы 1. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы жөніндегі іс-шаралар:
1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасында йодталған ас тұзы мен жемдік тұз өндірісіне, оларды әкелуге, әкетуге,
өткізуге қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтау жолындағы жауапкершілігі;
2) йод тапшылығы ауруларынан зардап шегетін адамдардың денсаулық сақтау ұйым-
дарында медициналық көмек алуға қол жеткізуі;
3) йодталған ас тұзының және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ
өнімінің зиянды әсерінің салдарынан денсаулығынан айырылған жағдайда, азаматтардың
құқықтарын қорғау принциптерімен жүзеге асырылады.
2. Ас тұзын және жемдік тұзды йодтау Қазақстан Республикасының йод тапшылығы
ауруларының профилактикасы туралы