Бала құқықтары туралы конвенция (UNICEF, БҰҰ балалар қоры)
Негізгі қағидалары қысқартылып берілген.
І. ПРЕАМБУЛА Преамбулада БҰҰ-ның қағидалары мен бірнеше кейбір сәйкес пакталардың нақтылы
қағидалары мен адам құқықтарының декларациялары берілген. Онда балалар ерекше
күтім мен қорғауды қажет ететіні, әсіресе отбасы тарапынан, нақтыланған. Сонымен қатар,
онда Баланы туғанға дейін, туғаннан кейінгі уақытта құқықтық қорғау мен оның ұлтының
мәдени құндылықтарын силау, халықаралық ұйымның бала құқығын қорғаудағы өмірлік
маңызды рөлі туралы айтылған.
ІІ. БІРІНШІ БӨЛІМ Баланың анықтамасы (1 статья). Егер Ұлттық заңда кәмелеттік жас 18 жастан
ерте қарастырылмаса, 18 жасқа толмаған адамдардың барлығы бала болып есептелінеді.
Дискриминацияның алдын алу (2 статья). Барлық заңдар барлық балаларға бірдей
тарайды. Мемлекет баланы дискриминациялауың барлық түрлерінен қорғауға және оның
құқықтарын қорғауға қажетті шараларды қолдануға міндетті.
Бала құқықтарын толық қамтамасыз ету (3 статья). Барлық іс-әрекеттер бала
мүддесіне сай жасалу керек. Мемлекет ата-анасы немесе басқа да міндетті адамдар бала
күтімін атқармаса күтімді қамтамасыз етуі керек.
Құқықтарын жүзеге асыру (4 статья). Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген
құқықтардың жүзеге асуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасауы керек.
Отбасындағы тәрбие және баланың даму мүмкіндіктері (5 статья). Мемлекет
баланың даму мүмкіндіктеріне сәйкес оны тәрбиелеу жұмысында кеңейтілген отбасы мен
ата-анасының міндеттері мен құқықтарын құрметтеу керек.
Өмір сүру және даму (6 статья). Әрбір бала өмір сүруге құқылы және мемлекет бала
өмірі мен дамуын қамтамасыз етуі керек
. Есімі және азаматтылығы (7). Бала туылғаннан кейін бір ісімді иеленуге құқылы.
Бала азаматтық алуға, мүмкін болғанынша ата-анасының кім екенін білуге, олар
тарапынан күтім алуға құқылы.