Дискинезиядан айырмашылығы
холециститке айқын интоксикациялық көрініс-
термен өршу кезеңдері, стререотиптігі, субфибрильді температура тән болып келеді.
Балаларда созылмалы холециститке тән:
-
сол жақ қабырға астында ауырсыну;
-
диспепсиялық, қабынулы-интоксикациялық, астеновегетативті, холестатикалық
синдромдар тән.
Холециститте балаларда объективті оң жақ қабырға астында бұлшық еттің керілуі,
Ортнер, Мерфи, Мендель симптомдары, пальпациялағанда Шоффар үшбұрышында
ауырсыну анықталады.
Лабораторлық зерттеулерде холециститте активтілік көрсеткіштері жоғары (гипер-
гамма-глобулинемия, гиперфибриногенемия, ЭТЖ жоғарлауы, лейкоцитопения) болады.
УДЗ-да кілегей қабатының қалыңдауы (1,5 мм-ден артық), өт қабығының
қабырғасының гиперэхогендігі, сонымен қатар өттің біркелкі болмауы диагнозды
холециститтің пайдасына шешеді.
Дианостикада өт құрамының өзгеруініңде маңызы ерекше:
- арахидон және леин қышқылының азаюы, пентадекан және медисты май қышқылы-
ның жоғарлауы;
- G және А иммуноглобуллиндерінің, R-белоктардың, С-реактивті протеиннің концен-
трациясының жоғарлауы;
- ферменттердің (5-нуклеотидаза, сілтілік фосфатаза) жоғарлауы;
- лизоцимнің төмендеуі.
Қанда трансаминазадардың, билирубиннің және ß-липопротеидтердің жоғарлауы
мүмкін.
Өттас ауруы
–
өт қабында немесе өт өзектерінде тастың пайда болуымен
сипатталатын дистрофиялық-дисметаболикалық ауру.
Балаларда олардың себептері
болуы мүмкін:
-
күшті (айқын) гемолиз байқалатын аурулар;
- отбасылық гиперхолестеринемия;
- гепатит және билиарлы жүйенің қабынулық зақымдалулары;
- холестаз дамуға әкелетін факторлар (мысалы, муковисцидоз);
- қант диабеті.
Патогенезінде өттің тоқырауы, дисхолия, қабыну маңызды болып келеді. Көп
жағдайда холелитиаз жасырын дамиды.
Клиникалық көрінісі холециститтің немесе өт жолдарының обструкциясы белгілері –
өт коликасымен білінеді
(111 кесте)
. Асқынуы (өт қабының шемені, эмпиемасы немесе
гангренасы) балаларда сирек кездеседі.
Диагностикада сонография, рентгенохолецистография, компьюторлық томография
маңызыды орын алады. Конкремент құрамын анықтау үшін тастың құрамын зерттеу
маңызды.
111 КЕСТЕ
Достарыңызбен бөлісу: