5. Фетальды кезең. Ұзақтылығы 9 аптадан туғанға дейін есептелінеді. Бұл кезең 2
кезеңшеге бөлінеді.
а) Ерте фетальді кезеңше (9 аптадан 28 аптаның соңына дейін). Ұрықтың қарқынды
өсуімен және тканьдік жіктелуімен сипатталады.
б) Кеш фетальді кезеңше жүктіліктің 28 аптасынан бастап, босанғанға дейін, демек,
суы кеткенге дейін есептелінеді.
Ерте фетальды кезеңшеде зақымдалу баланың шала және жетіспей туу сияқты
дамуының бұзылуына байланысты кемістіктерге әкеліп соқтырып, ал кеш фетальді
кезеңшеде зақымдалу іштен туа (құрсақ ішінде пайда болатын) болатын гипотрофияның
пайда болуына әсерін тигізеді.
Б. Туылғаннан кейінгі даму кезеңі. Ерте жастағы балалар, мектеп жасына дейінгі
балалар, мектеп жасындағы балалар кезеңдері болып бөлінеді. Ерте жастағы балаларға
туылғаннан бастап, 3 жасқа дейінгі балалар жатады да, ол өз ішінде бірнеше кезеңдерге
бөлінеді:
Жаңа туылған (нәресте) – неонатальды кезең. Кіндігін кескен уақыттан бастап өмірінің бірінші айының соңына дейін, яғни 3–4 аптаға созылады. а) Ерте неонатальдык (нәрестелік) кезең – кіндігін кескен уақыттан өмірінің 7-ші
күнінің соңына дейін (барлығы 168 сағатқа) созылады.
б) Кеш неонатальдық (нәрестелік) кезең – өмірінің 8-ші күнінен бастап 28 күнге (1
айға) созылады.
Перинатальды кезең – бекітілген мәліметтер бойынша бұл кезең жүктіліктің 28-ші
аптасынан туылғаннан кейінгі 7-ші күн аралығын қамтиды. Қазақстан Республикасы ДДҰ-
ның мүшесі болып, оның декларациясын қабылдағаннан кейін, бұл кезең жүктіліктің 22-
ші аптасымен туылғаннан кейінгі кезеңнің 7- ші күні аралығын қамтиды деп есептеледі.
Жаңа туылған (нәрестелік) кезеңде бала өкпемен тыныс алып, құрсақ іші
гемодинамикалық жолдарының жабылуына (артериялық өзектің және сопақша тесіктің)
және өкпе тамырларында қан айналымының артуына, энергия алмасуымен
терморегуляцияның өзгеруіне байланысты кіші қан айналу шеңбері жұмыс жасай
бастайды. Бұл кезеңге барлық жүйелер мен мүшелердің, әсіресе, орталық жүйке
жүйесінің, толық жетіспеушілігі сай болып келеді. Бұл кезеңнің ерекшелігіне,
шекаралық жағдай деп аталатып, патологиямен шектесіп жатқан көптеген әрекеттік (функциялық)
өзгерістер жатады. Жаңа туған нәрестеде кейбір жүйелер мен мүшелердің ақаулары,
туылудың, құрсақ ішінде тұншығу (асфиксия) әсерлерінің белгілері, миға қан құйылу, сал
(паралич) және салдану (парез), нәрестенің гемолитикалық ауруы, токсоплазмоз, ұшпа,
грипп, жас нәрестелер қарсы күресе алмайтын бактериалы жұқпалы аурулар байқалады.
Бұл жұқпалы аурулар кіндік, тез зақымдалатын тері арқылы өтіп, пиодермияға, кіндік
қалдығының қабынуына, сепсис ауруына жиі шалдығуына ықпалын тигізеді.