Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Балалық шақтың келесі кезеңі мектеп жасындағы балалар



Pdf көрінісі
бет75/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Балалық шақтың келесі кезеңі мектеп жасындағы балалар.
Бұл кезең екіге
бөлінеді. 
Кіші мектеп
және 
үлкен мектеп жасы
кезеңдері.
Кіші мектеп жасы кезеңі
7-ден 11 жасқа дейін созылады. Көптеген жүйелер мен
мүшелер дамып, толық жетіледі. Сүйек жүйесі толық дамып жетіледі, бұлшық ет жедел
дамып, толықсып, қатая түседі. Бұл кезең ақыл ойының, жазу, ұсақ қимыл координацияла-
рының тез дамуымен сипатталады. Бала қажетті еңбек икемділіктерін игереді.
Бұл кезеңде жұқпалы аурулардың маңызы зор, бірақ олар сирек кездеседі және
олардың барысы жеңіл болып келеді. Бұл кезеңде ревматизммен балалар жиі ауырады.
Туберкулез жедел немесе созылмалы түрінде болуы мүмкін.
Үлкен мектеп жасы кезеңі
12-ден 18 жасқа дейін созылады. Эндокрин жүйесінің
қайта құрылуымен, жыныс, қалқанша бездерінің, гипофиздің қызметінің арта түсуімен
сипатталады. Сондықтан, балалар мен жас өспірімдерде осы бездердің жұмыс тепе-теңдігі
бұзылып, эндо-крин жүйесінің түрлі бұзылыстары пайда болуы мүмкін. Жыныстық жетілу
мерзімі балалар жынысына және жеке ерекшеліктеріне байланысты болады. Бұл кезең қыз
балалар үшін жыныстық дамудың толықсып, жетілу кезеңі болса, ер балалар үшін
жыныстық дамудың басы ғана.
Бұл өзіне тән дисгармониялық пен пубертатты жедел даму кезеңі. Бұл психологиялық
дамуының, азаматшылық, саналылық, адамгершілік, әдет-ғұрып, мінез-құлық, жігер-
қайрат деген ұғымдар қалыптасатын ең қиын кезең болып есептеледі. Бұл жастағы
балаларда жыныс және дене дамуының бұзылуы жиі кездеседі.


15-ке дейінгі балаларды балалар емханасы қамтиды да, ал, 15-тен асқан балалар
жасөспірімдер кабинеттерінде бақыланады. Сонымен қатар, мектептегі медицина қызмет-
керлері 7 жастан 17–18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдермен қызмет істейді.
Барлық жасқа байланысты топтастыру немесе балалық шақтың жіктелуі
хронологиялық немесе күнтізбелік жасқа сәйкес жүреді.
Күні бүгінге дейін жүргізіліп отырған балалық шақты шектеу көрсеткіштерінің
болашағы жоқ. Бұл көрсеткіштер балалық шақты 0–14 жаспен шектейді. Қазақстан
Республикасының Баланың құқын қорғау халықаралық конвенцияға қол қойғаны белгілі.
Бұл дүниежүзілік ұйымының шешімі бойынша балалык шақ туылғаннан бастап 18-ге
толғанша созылады. Демек, біздің елде де осы көрсеткіш толық қабылдануы керек. Бұл
көрсеткіштерге бозбалалық (бойжеткендер) кезеңі де кіреді. Көптеген ғалымдардың пікірі
бойынша балалық шақтың бітуі олардың физикалық және жыныстық жетілуімен
бейнеледі. Бұл пікір дұрыс емес, өйткені бұл биологизаторлық тұрғыдан бейнелейтін
немқұрай көзқарас. Адамның ересектігі тек тұлғасының мөлшерімен, өзіне ұқсастарды
өмірге келтірумен ғана шешілмейтіндігі баршаға аян. Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының (ДДҰ) Сарапшылар Комитетінің 1977 жылғы шешімі бойынша бозбалалық
кезең 10-жастан 20 жас аралығы болып есептеледі. Бұл кезең екіге бөлінеді: 10-15 жас
аралығы, жыныстық даму қарқынды жүретін, өзіндік пубертатты кезең. Ал, екінші
бесжылдық 16-20 жас – әлеуметтік жетілу кезеңшесі ретінде бөлінеді. Бұл жылдары
бозбалалар мен бойжеткендер өздеріне тән арнайы жыныстық маңызын игереді,
мамандығын таңдап, оны әртүрлі дәрежеде игереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет