Дегенмен, қазіргі балалар бұрынғы құрдастарынан ақылды деп айтуға болмайды. Тек
қана басылымдарға, радио, теледидарға және басқа ақпараттық мәліметтерге байланысты
білімдері артық деп айтуға болады.
Антропометриялық көрсеткіштер қарым қатынасына және биологиялық жетілу
деңгейіне байланысты акселерацияны
гармониялық
және
дисгармониялық
етіп, екі түрге
бөледі. Гармониялық акселерацияға антропометриялық көрсеткіштер мен биологиялық
жетілуі бұл жыныстық-жастық топ үшін орташа көрсеткіштерден артық балалар жатады.
Дисгармониялық түріне, құрдастарына қарағанда, бойының ұзындығы артық, ал
жыныстық дамуының белгілерінің жетілуі қалыпты немесе төмен балалар жатады.
Сонымен қатар, керісінше, жыныстық жетілуі жасынан артық, ал дене дамуының
қарқынды (жылдам) дамуы байқалмайтын балалар жатады.
Соңғы кездегі мәліметтер бойынша төлқұжаттық жас организмнің немесе жекелеген
мүшелердің жетілуінің толық көрсеткіші бола алмайды. Осыған орай, жеке мүшелер мен
жүйелердің жетілу көрсеткіштерінің нәтижесіне байланысты, биологиялық жасын анықтау
қажет (М. Я. Студеникин, 1982).
Достарыңызбен бөлісу: