1.2.1. ҰРЫҚТЫҚ ДАМУ
Құрсақтық (ұрықтық) даму кезінде (гестациялық даму кезінде) баланың дене
салмағының және ұзындығының жасушаларының көбеюі нәтижесінде (гиперплазиялық
процесс) ең қарқынды артуы байқалады. Құрсақ ішінде дамитын 40 апта бойына 44
кезекті клетканың бөлінуі байқалып, дене салмағының 6х10
12
есе артуын қамтамасыз
етеді. Бұның дене ұзындығының артуына да тікелей қатынасы бар: құрсақтық даму
мерзімі неғұрлым төмен болса, дене ұзындығының арту жылдамдығы соғұрлым артық
болады. Жүктіліктің 25–42 апта аралығында 30 апталық ұрықтың дене салмағы 1300 г.,
әрбір артық аптаға 200 г. қосады, әрбір жетпейтін аптаға 100 г. алып тастайды
(1 кесте).
Ұрықтың дене салмағының ұзындығына сәйкестігін анықтау: ұзындығы 40 см.
ұрықтың салмағы 1300 г., артық сантиметрге 200 г. қосылады, ал әрбір жетіспейтін
сантиметрге 100 г. алып тасталынады. Дене салмағының ұзындығына дәл келмеуі, оның
қоректенуінің нашар екенін немесе басқа жағымсыз факторлардың бар екенін көрсетеді.
1 КЕСТЕ
ТУЫЛҒАНДАҒЫ, ГЕСТАЦИЯЛЫҚ ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ДЕНЕ
ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ (Г. М. Дементьева)
Аптамен
есептелген
гестациялық
жас
Дене салмағы,
г
Дене
ұзындығы,
см
Бас шеңбері,
см
Кеуде қуыс
шеңбері,
см
Дене салмағы.
г
Дене
ұзындығы, см
28
29
1124 ± 183
1381 ± 172
35,9 ± 1,8
37,9 ± 2,0
26,6 ± 1,9
28,0 ± 1,5
23,9 ± 1,9
25,7 ± 1,7
31,2
36,3
30
1531 ± 177
38,9 ± 1,7
28,9 ± 1,2
26,4 ± 1,4
39,4
31
1695 ± 212
40,4 ± 1,6
29,5 ± 1,5
26,7 ± 1,6
41,9
32
1827 ± 267
41,3 ± 1,9
30,2 ± 1,6
27,9 ± 1,9
44,1
33
2018 ± 221
42,7 ± 1,8
30,6 ± 1,2
28,1 ± 1,7
46,4
34
2235 ± 263
43,6 ± 1,7
31,3 ± 1,3
28,9 ± 1,7
49,9
35
2324 ± 206
44,4 ± 1,5
31,9 ± 1,3
29,6 ± 1,6
51,7
36
2572 ± 235
45,3 ± 1,7
32,3 ± 1,4
30,1 ± 1,9
53,9
37
2771 ± 418
47,6 ± 2,3
33,7 ± 1,5
31,7 ± 1,7
57,9
38
3145 ± 441
49,6 ± 2,0
34,7 ± 1,2
33,1 ± 1,6
63,6
39
3403 ± 415
50,8 ± 1,6
35,5 ± 0,9
34,3 ± 1,2
66,9
40
3546 ± 457
51,7 ± 2,1
35,7 ± 1,3
35,0 ± 1,7
68,8
Құрсақ ішінде даму кезінде ұрық жағымсыз (тератогенді) факторларға өте сезімтал
келеді. Бұл факторлар ұрықтың өліміне (түсік, өлі туылу), туылған әртүрлі ауырлық
дәрежелердегі ақауларға, туылғаннан кейін бірден, болмаса біраз уақыттан (1–10 жылдар)
кейін білінетін әрекеттік бұзылыстарға әкеліп соқтырады.
Қазіргі кезде тератогенді факторларды шартты түрде 3 топқа бөледі:
1.
Экзогенді (сыртқы) факторлар:
а) Инфекциялық (вирустар);
б) Токсикалық (уыттық);
в) Нутритивті (тагамдық)
–
жетіспеушіліктер;
г) Уытты факторлардың тағамдық жетіспеушіліктермен қосарлануы;
Достарыңызбен бөлісу: |