Лабораториялық анықтау . Қан анализі: салыстрмалы лимфоцитозбен лейкопения.
Биохимиялық зерттеу : Панкеатитте қан сарысуында амилаза мөлшері анықталады.
Серологиялық зерттеулер : КБР, РТГА ауру барысында (динамикада).
Үйде емдеу. Сырқаттың клиникалық белгілері жойылғанша төсектік режим
сақталады, бірақ, 7 күннен кем болмауы керек. Емдәм: Панкреатиттің даму қауіпіне
байланысты ащы, майлы, қуырылған тағамдар жемеуі керек. Дәрі-дәрмектік ем
белгілеріне сәйкес жүргізілу керек.
Ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер. Нерв жүйесінің зақыдалуы, панкреатит,
орхит, оофарит байқалатын ауыр түрлері ауруханада емделуі керек.
Сауығу шектері: Сауығу аурудың ең бірінші белгілері пайда болғаннан кейін 10 күн
өткеннен кейін, басқа мүшелердің зақымдалу белгілері байқалмаса, байқалады деп
есептеледі.
Эпидемияға қарсы шаралар . Науқасты оңашалау аурудың басталған күннен
есептегенде, 10 күннен кем болмауы керек. Мүмкіндігінше, толық сауыққанша созылғаны
жөн.
Дезинфекцияны қажет етпейді. Қатынаста болғандарды оңашалау қатынаста болған
соңғы күнінен есептегенде 11-ші күннен бастап, 21-ші күнге дейін созылады.
Иммунизация. Активті тірі паратитті вакцинамен вакцинация жасау 15-18
айлығында жасалады. Алдын-ала егілмегендер 7 жасқа дейін егуге болады.
Диспансерлік бақылау . Менингитпен, панкреатитпен, орхитпен ауырғандар бақылау
1 жылдан кем болмауы керек. Профилактикалық егу қарсы көрсеткіштер әр жағдайда жеке
шешіледі.
19.7. ИНФЕКЦИЯЛЫҚ МОНОНУКЛЕОЗ Қоздырғышы – Herpesviridae ұрпағының Эпстайн-Барр ДНК-вирусы: сыртқы ортаға салыстырмалы түрде берік. 835