Диспансерлік бақылау. Ерте
жастағы
балаларда эшерихиозды емдегеннен кейін екі
рет бактриологиялық зерттеу өткізу қажет. Сальмонеллезден және Зонне дизентериясынан
кейін екі рет, ал Флекснер дизентериясынан кейін- үш рет бактериологиялық тазалуды
дәлелдеу қажет етеді.
Мектепке дейінгі мекемелерге қатынайтын жедел іш инфекциясы реконвалесцент-
теріне, бір ай өткен соң тағы бір нәжісті бактериологиялық зерттеу жүргізіледі. Нәтижесі
теріс болса реконвалесцентті бақылауды тоқтады.
19.15. ІШЕК ҚҰРТТАРЫ АУРУЛАРЫ (ГЕЛЬМИНТОЗДАР) Гельминтоздар –
паразитті ішек құрттарымен шақырылатын аурулар .
Эпидемиологиялық тұрғыдан гельминттер үш топқа бөлінеді:
1. Биогельминттер-қоздырғыштар адамға жануар арқылы жұғады, нәтижесінде органи-
змде жұмыртқа мен құрт личинкалары дамиды (тениозы);
2. Геогельминттер – паразитті ішек құрттар жұмыртқасы мен личинкасы топырақта
дамиды, (аскаридоз, трихоцефалез);
3. Қатынасты (Контактылы) гельминтоздар – қоздырғыштың берілуі науқас адамнан
немесе оны қоршаған құрал-жабдықтар арқылы жұғады (энтеробиоз);
Гельминттердің 3 негізгі класын бөліп көрсетеді: дөңгелек құрттар (нематодалар), таспа құрттар (цестодалар), сарғыштар (трематодалар). Дөңгелек құрттар туғызатын, балаларда жиі кездесетін аурулар: аскаридоз,
трихоцефалез, энтеробиоз.
Аскаридоз – қоздырғышы – аскаридалар (дөңгелек құрттар). Ұзындығы 25-40 см.
Гельминттер ащы ішекте орналасады. Өмір сүру ұзақтығы бір жыл. Паразиттің аналығы
200 000-ға дейін жұмыртқалар бөледі. Сыртқа нәжіспен шығып, топырақта таралады.
Жұғу жолы фекальды-оральды. Топырақ, жеміс-жидектер, көкөністер, кір қол арқылы
беріледі
.
Патогенез. Құрт жұмыртқалары топыраққа түсіп, қолайлы жағдайда өсіп, өнеді.
Ішекке түскеннен кейін, жұмыртқалардан лечинкалар шығып, көк тамырларға еніп, қан
тамырлар арқылы өкпеге барады. Осыдан кейін лечинкалар тыныс жолдарының эпителий
бойымен жұтқыншаққа көтеріледі де екінші рет жұтылады. Ащы ішек қуысына екінші рет
түскеннен кейін, ересек гельминттерге айналады.