Байланысты: Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы
Шұғыл іріктеу, диагностикалау және емдеу сатыларының қысқаша сипаттамасы Басында кезек күттірмейтін белгілерді, екі сатыға бөліп, анықтаңыз:
• 1
сатысы. Егер тыныс жолдарының өткізгіштігінде немес тыныс алуында мәселелер
болса, шұыл түрде тыныс функциясын қалыптастыру қажет.
• 2
сатысы. Тез арада келесі бұзылыстардың бар жоғын анықтаңыз: шок, санасының
бұзылуы, құрысу, ауыр сусыздану байқалатын диарея.
Кезек күттірмейтін белгілер анықталғанда:
• Бар болса тәжрибелі маманды шақырып кеңесіне жүгіну керек, қалай болғада да емді
кейінге қалдырмау қажет. Тыныштық сақтап, әріптестеріңізді шақырыңыз, мүмкін бір
уақытта бірнеше процедуралар жасауды қажет етер. Мәселер ошағын анықтау және
емдеу тактикасы шешу үшін тәжрибесі молырақ маман баланы тексеруді жалғастыруы
керек.
• Жедел лабораториялық зерттеулер (қандағы глюкоза мөлшері, гемоглобин және т.б.)
жүргізіңіз. Егер балада қан кету немесе ауыр анемия байқалса қан тобын және
сәйкестігін анықтауға қанын жіберіңіз.
• Шұғыл емдік-диагностикалық шараларды жасағаннан кейін негізгі жағдайды терең
диагностикалық және емдік шаралар қолдануға кірісіңіз.
Егер шұғыл белгілер жоқ болса, пририотетті белгілердің бар жоғын тексеріңіз:
• жасы екі айға дейін
• тыныс бұзылыстары
• Қызуы: бала өте ыссы
• Жарақат немесе басқа шұғыл хирургиялық жағдай
• Бала басқа медициналық мекемеден жедел жолдамамен келген
• Қоректінуінің бұзылыстары: ауыр дәрежеде арудың көзге көрінетін белгілері
• Бозғылттық (айқын)
• Ауру қатты (ауру)
• бала мазасыз, ауырсынатын қозғыш, немесе, керісінше тежелген
• Улану
• Күйіктер (айтарлықтай)
• екі аяқ басының ісінуі
Бұндай балалар қажетті емдік шараларды анықтау үшін шұғыл (кезек күтпей)
тексеруді қажет етеді. Приоритетті белгілері анықталатын балаларды кезектің басына
шығарыңыз. Балада жарақат немесе басқа хирургиялық мәселер болса, мүмкіндігінше
көмек көрсетуді қамтамасыз етіңіз.