Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет953/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   949   950   951   952   953   954   955   956   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Қант диабеті
Мақсаты:
Асқынулардың дамуына, қосалқы инфекциялардың қосылуына жол
бермеу.
Мейірбикелік шаралардың жоспары
Негіздеу
1. Науқасты және оның туыстарын 
«қант диабеті – ауру емес өмір сүру 
салты» екендігіне хабардар ету
-
Науқастың мәлімет алу құқығы қамтамасыз 
етіледі

Бала және оның туыстары орындалған барлық 
күтім шараларының мақсатын түсінеді
2. Балаға жеңіл қорытылатын көмір-
сулары бар тағамдарды шектеу (бал, 
варенье, қант, кандитер бұйымдары, 
жүзім банан,т.б.)

Жеңіл қорытылатын көмірсулар қанда глюкоза 
мөлшерін көбейтеді
3. Тағамды күніне 6 ретке дейін 
беруді ұйымдастыру (3 негізгі 
тамақтану мен 3 жеңіл тамақтану)

Қандағы глюкоза көрсеткіштері тұрақты
4. Инсулин препараттарын енгізген-
нен кейін тамақ қабылдауды қатаң 
қадағалу

Инсулиндік кома (гипогликемиялық) дамудың 
алдын алу
5. Науқас баланың физикалық және 
эмоциялық жүктемелерін қадағалау

Комалық жағдайлардың дамуының алдын алу.
6. Науқасқа немесе оның туыстарына 
инсу-линді енгізу ережесі мен 
техникасын үйре-ту, диабеттік 
препараттарды және инсулинді 
уақытында қабылдауды қадағалау

Кетоацидоздық команың (гипергликемиялық) 
дамуының алдын алу
7. Тері мен кілегей қабықтарының 
гигиенасын қатаң қадағалау

Терінің іріңді аурулары қант диабетінің 
жанама белгілері болып табылады
8. Баланы қосалқы аурулардың 
қосылуынан, салқын тиюден сақтау

Қант диабетінде иммунитет төмендейді ЖАБ 
(жиі ауыратын балалар)
885


Туберкулез
Мақсаты:
инфекцияның таралуыың алдын алу, аурудың қолайлы аяқталуына жағдай
жасау.
Шаралардың жоспары
Негіздеу
1. Науқасқа және оның туыстарына 
ауруы жөнінде мәлімет беру
- Науқастың мәлімет алуға құқығы қамтамасыз 
етіледі
- Науқаспен және оның туыстарымен психоло-
гиялық-тәрбиелік жұмыс жүргізіледі
- Бала және оның туыстары орындалған барлық 
күтім шараларының мақсатын түсінеді
2. Науқасты оқшаулау
- Инфекция таралуының алдын-алуы 
қамтамасыз етіледі.
3. Науқаспен қарым- қатынас кезінде 
бетперделік тәртіпті ұйымдастыру
- Туберкулездің ауа- тамшылы жолмен берілуі 
алдын алынады
4. Бөлменің үнемі желдетуін, 
ылғалды жинау жұмыстарын күніне 2
реттен кем емес жасалуын қадағалау 
(науқастан радиусы 2 метр жердегі 
заттарды мұқият өңдеу)
- Сыртқы ортада қоздырғыштардың 
концентрациясы төмендейді
- Тыныс алуды жеңілдедететін ауаның тазалығы 
қамтамасыз етіледі
- Туберкулезді таяқшаның аздаған ұшу қасиеті 
бар. Оның таралынуының максимальды радиусы 
2 метрге тең
5. Хлорлы режимді ұйымдасыру
- Туберкулез микробактериялары сыртқы ортаға 
төзімді, сондықтан инфекция заттар, «үшінші 
адам» арқылы берілуі мүмкін
6. Науқас балаға дәрумендер мен ка-
льцийге бай тамақтануды ұйымдас-
тыру (рационға жеміс жидектер, 
көкөністер табиғи шырындар, сүтті 
қышқылдар өнімдері ірімшік қосу)
- Дәрумендер ағзаның қорғаныс қасиеттерін 
жоғарлатады
- Кальций туберкулезді төмпешіктердің кальци-
фикациясы үшін қажет, яғни аурудың қолайлы 
аяқталуы қамтамасыз етіледі
7. Баланың тәбетін жоғарлататын 
шаралар жүргізу, күніне 4-5 реттен 
кем емес тамақтандыру
- Туберкулез кезінде тәбет төмендейді, балалар 
физикалық дамуында қалыс қалады
8. Науқасты «жөтел тәртібіне» үйрет
- Инфекцияның ауа- тамшылы жолмен берілуі 
алдын алынады
- Қоршаған ортаға қоздырғыштардың таралуы 
шектеледі
9. Бөлмеде температуралық режимді 
қамтамасыз ету (18-20
о
С)
- Қоңыр салқын ауа тыныс тереңдігін қамтама-
сыз етіп, қақырықтың шығыуына көмектеседі
- Қоршаған орта температурасының жоғарлауы 
тер шығаруды күшейтеді, ал одан төменгі науқас 
баланың иммунитетінің төмендеуіне байланысты
салқын тиіп ауруына әкеледі
10. Ылғалданған киімді ауыстыруды 
гигиеналық шаралардың күнделікті 
өткізуін қадағалау
- Науқас балада тершеңдік байқалады
11. Балаға максималды тыныштық 
қамтамасыз ету
- Балалар тітіркенгіш, эмоцианальді лабильді 
болады
- Әлсіздік, енжарлық айқын болады
886




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   949   950   951   952   953   954   955   956   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет