ұйымдастыру
болады
Желшешек
Мақсаты:
инфекцияның таралуына жол бермеу, науқас балаға жайлылық жағдай
ұйымдастыру, асқынулардың дамуының алдын алу
Мейірбикелік шаралардың жоспары
Негіздеу
1. Науқасқа және оның туыстарына
ауру жөнінде мәлімет беру
- Науқастың мәлімет алуға құқығы қамтамасыз
етіледі
- Бала және оның туыстары орындалған барлық
күтім шараларының мақсатын түсінеді
2. Науқасты «соңғы бөртпелер пайда
болғаннан 5 күнге» дейін оқшаулау
- Инфекцияның таралуына жол берілмейді
3. Науқаспен қарым- қатынас кезінде
бетперделік тәртіпті ұйымдастыру
- Инфекцияның вирусының ауа-тамшы жолмен
берілуіне жол берілмейді
4. Бөлменің үнемі желдетілуін, күніне
2
рет-тен кем емес ылғалды
жиналуының қадағалау
- Сыртқы ортада қоздырғыштардың
концентрациясы азаяды
- Ауа тазалығы қамтамасыз етіледі
5. Балаға аяушылықпен дайындалған
тамақ беру
- Везикулярлы бөртпе ауыз қуысының
кілегейінде де орналасуы мүмкін
6. Аяушылық әдіспен тері мен кілегей
қабықтарға гигиеналық шаралардың
жүргізілуін қадағалау
- Тері мен кілегей қабықтарда орналасқан
везикулдардың жарақаттануына жол берілмейді
7.
Науқас баланың тырнағының
жағдайын қадағалау
- Везикулалар қосылған кезде олардың
инфекциялануына жол берілмейді
Достарыңызбен бөлісу: