5)Температураның көрсеткіштеріне қарай
шаралар жүргізу:
А) 37,0-37,5
о
С кезінде көп мөлшерде
сұйықтық ішуді тағайындау;
Б) 37,5-38
о
С кезінде салқындатудың
физикалық әдістерін жүргізу;
В) 38,0-38,5
о
С
кезінде энтеральды қызу
түсіретін дәрілер енгізу (панадол,
парацетамол, нурофен, қызу түсіретін
балауыздар және т.б.)
Г) 38,5
о
С және одан да жоғары болса
бұлшықетке немесе көктамырға литикалық
қоспа енгізу
-анальгин
-димедрол
-папаверин
Ескерту
: Балаларға парацетамол, цефекон
балауыздарын қолданған жөн
0,1мл/жасына
0,1мл/жасына
0,1мл/жасына
6) Оттегі терапиясын жүргізу
- Гипертермия кезінде
тіндердің оттегі қажеттілігі
жоғары
7) Шараларды бастамастан 20-30
минут
бұрын балада зәр шығаруды шақырту
- Ағзадаан токсиндердің
шығуын қамтамасыз ету.
8) 20-30 минуттан кейін термометрияны
қайталау
-
Орындалған шаралардың
нәтижелілігін бағалау
9) Қайталама термометрияның нәтижесін
ескере отырып орындалған шараларды
түзеу
- 20-30 минуттан кейін
дене қызуы 0,2-0,3
о
С
азаюы керек
Ларингоспазм.
Ларингоспазм – айқын спазмофилияның түрі. Спазмофилия – көбінесе ерте жастағы
балаларда кездесетін, ағзада кальций деңгейінің
төмендеуіне байланысты дамитын,
жоғары нерв-бұлшықеттік қозғыштықпен, құрсауға бейімділікпен білінетін ауру.
Ларингоспазм – дыбыс саңылауының тарылуы. Көбінесе,
бала қорыққанда,
жылағанда, айқалағанда дамиды. Шулы немесе қарлыққан тыныс алумен және тыныстың
бірнеше секундқа тоқтауымен көрініс береді. Осы кезде бала бозғылттанып, кейін цианоз
пайда болады, есінен танады. Ұстама терең шулы тыныспен аяқталады, әдетте осыдан
кейін бала жылайды, бірақ бірнеше минуттан кейін өз-өзіне келіп, жиі ұйықтап қалады.
Ауыр жағдайларда жүректің кенеттен тоқтауынан бала өліп кетуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: