Оқылым
Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Сәулет өнері ескерткіштері — оны жасаған қоғамнын өмірі туралы аса бай ақпарат көзі. Өнердің және құрылыс техникасының ескерткіштері болумен қатар, олар дәуірдің эстетикалық нормалары, идеологиясы туралы, ғылыми-техникалық мүмкіншіліктің дамуы туралы, мәдени қарым-қатынастар туралы, құрылыс қоленерінің ұйымдастырылуы мен деңгейі туралы айқын түсінік береді.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қазіргі кезге дейін сақталған архитектуралық құрылыстар саны көп емес және мұсылмандық орта ғасырлар дәуірімен шектелген. Сондықтан сәулет енері тарихының жалпы проблемаларын шешу, архитектуралық-көркемдік бейне эволюциясын ашып көрсету, сәулет өнері дамуының зандылыктарын зерттеу көбінесе сәулет енері ескерткіштерін археологиялық зертгеуге байланысты.
Сәулет өнері археологиялық қазба жұмыстарында табылған ескерткішерде, тіпті тас дәуірі ескерткіштерінің өзінен-ақ ұшырасып, одан кейінгі кезендерде барған сайын ұлғая береді. Ол адамның материалдық және рухани мәдениет сапаларын біріктіретін жасампаздық қызметінің ерекше түрі — «пайданың, беріктік пен әсемдіктің» ұштастырылуы болып табылады.
Сәулет өнері адамдардың өмірімен мен қызыметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрлыстар, сондай - ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. Қай елге, қалаға барсақ та, біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, сарайлар, мешіттер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүрміз. Бірақ осы өнер түрі қалай аталатынын біле бермейміз. Бұндай сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындысын -«сәулет өнері» немесе «архитектура» дейді, грек тілінен аударғанда «аға құрылысшы» деген мағына береді. Архитектура деген тек ғимараттар мен құрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру.
Мәтіннің құрылымына сәйкес қатарды табыңыз
А) Мәтінде 4 абзац, 1-абзац – кіріспе; 2,3-абзац – негізгі; 4-абзац – қорытынды
В) Мәтінде 4 абзац, кіріспе бөлімі жоқ; 1,2,3-абзац – негізгі; 4-абзац – қорытынды
С) Мәтінде 4 абзац, 1-абзац – кіріспе; 2,3,4 –абзац – негізгі; қорытынды бөлімі жоқ
Д) Мәтінде 4 абзац, 1,2-абзац – кіріспе; 3,4- абзац – негізгі; қорытынды бөлімі жоқ
Грек тілінен аударғанда, «архитектура» деген сөз қандай мағына береді?
А) «құрылысшы»
В) «сәулет өнері»
С) « ғимарат»
Д) «аға құрылысшы»
Мәтіннің жанрын анықтаңыз. Өз ойыңызды дәйектемелер келтіріп дәлелдеңіз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мәтіндегі 2стильдік және 1 тілдік ерекшелігін анықтаңыз.
Стильдік 2 ерекшелігі
|
Тілдік ерекшелігіне 1 мысал
|
1.
2.
|
1.
|
Мәтін жайлы пікір жазыңыз. 5-6-сөйлем
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, мақала жазыңыз. Жазылым жұмысында ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды пайдаланып, тыныс белгілерді қатесіз қолдануды ескеріңіз. [10]
«Қазақстанның Ежелгі кездегі және қазіргі замандағы сәулет өнері» тақырыбында мақала жазыңыз.
«Қазақстандық сәулет өнерінің кереметтері» тақырыбында мақала жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |