Ағымдағы банк шотындағы есеп айырысулар 1030 (активті,ақшалай, негізгі) шотында жүргізіледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер әдетте өз міндеттемелерін банктер арқылы, қолма-қол ақшасыз, заңға сәйкес жүзеге асырады.
Банк операцияларының аудиті – кәсіпорынның банктік шотымен байланысты қаржылық опералцияларды тексеру
Банк операцияларының аудиті – кәсіпорынның банктік шотымен байланысты қаржылық опералцияларды тексеру
Банк операцияларының аудитінің негізгі міндеті – жүргізілген операциялардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін анықтау, банктік шоттағы операциялардың бухгалтерлік есепте және кәсіпорын балансында дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізу(келісім шарт, шот, төлем тапсырмасы және аванстық есеп.
Төлем тапсырмасы
Төлем тапсырмасы (төлем) – есеп айырысу құжаты. Шот иесі (төлеуші) төлем тапсырмасы арқылы өз банкіне бенефициардың осы немесе басқа несие мекемесінде ашылған шотына белгілі бір қаражатты аудару туралы бұйрық береді.
Төлем тапсырмаларын орындауға болады:
- жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысулар;
- барлық деңгейдегі бюджеттерге және бюджеттен тыс қорларға қаражат аудару;
- несиелерді (қарыздарды) немесе депозиттерді өтеу немесе орналастыру және олар бойынша сыйақы төлеу мақсатында ақша қаражатын аудару;
- заңда немесе шартта көзделген өзге де мақсаттарға ақша аудару;
- тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін аванстық төлемі
- мерзімді төлемдерді жүзеге асыру
Төлем тапсырмасы келесі мәліметтерді қамтуы керек:
- төлем тапсырмасының атауы мен нөмірі, оның берілген күні, айы және жылы;
- ақшалай қаражатты төлеуші мен алушының атауы және олардың шот нөмірлері;
- төлеуші мен алушының СТН;
- төлеушінің және бенефициардың банкінің атауы мен орналасқан жері, олардың банктік сәйкестендіру кодтары (БСК), корреспонденттік шоттардың немесе қосалқы шоттардың нөмірлері;
- төлемнің мақсаты, мөлшері және тәртібі;
- операция түрі;
- уәкілетті тұлғалардың қолдары және мөрдің ізі (белгіленген жағдайларда).
Төлем тапсырмасының үлгісі
Банкте ашылған шоттар бойынша операциялар аудитінің мақсаты-
Ағымдағы шот және банкте ашылған басқа да шоттар бойынша операциялардың есебін ұйымдастырудың дұрыстығын тексеру. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін аудиторға төмендегілерді тексеру керек
Банкте ашылған ағымдағы және валюталық шоттар бойынша операциялардың орындалуының заңдылығын
Кәсіпорынның банктік шоттарына ақша қаражаттарының келіп түсуі және есептен шығарылуы бойынша операциялардың негізділігін
Банк операцияларының бухгалтерлік есепте көрсетілуінің дұрыстығын
Банкте ашылған ағымдағы және валюталық шоттар бойынша операциялардың орындалуының заңдылығын тексеру
Ағымдағы шоттар бойынша операцияларға тексеру жүргізу кезінде олардың қолданыстағы заңдарға, есеп саясатының ережелеріне, сонымен бірге ішкі бақылау саясаты мен процедураларына сәйкестігіне ерекше назар аудару керек.
Банктің растауларын алу
Банктің растаулары- бұл,клиентпен байланысты кез-келген банктен алынған тікелей жазбаша растау.
Ол кез-келген аудитті (клиентте айналымдары аз өте көп шоттар болатын сирек жағдайларды қоспағанда) өткізу кезінде қажет болады.
Банктік растаулар аудитор үшін нақты ақшаның қалдығын қайта тексеруге қарағанда маңыздырақ.
Банктер көптеген қызметтердің түрін көрсететін болғандықтан, банктік растаулардың мазмұнында төмендегі ақпараттар болуға тиісті:
Барлық банктік шоттардағы қалдықтар туралы ақпараттар
Вексельдер, ипотека немесе басқа қарыздар бойынша банктің алдындағы борыштар туралы ( немесе сомасы олардың алыну және қайтарылу мерзімі, сый ақы мөлшері және қамтамасыз етілуі жөніндегі мәліметтерімен бірге) ақпараттар
Ашылған аккредитивтер және қаржылық қорытынды есепте ашылып көрсетілуі талап етілетін басқа да сол сияқты пункттер туралы ақпараттар.
Кәсіпорынның банкте ашылған шоттарына ақша қаражаттарының келіп түсуі және есептен шығарылуы бойынша операциялардың негізділігін тексеру
Аудит процесінде ақша қаражаттарының ағымдағы шоттан және басқа да банктік шоттардан есептен шығарылуы бойынша операцияларға, шоттар корреспонденциялардың дұрыстығына бақылау жүргізу іске асырылады.
Экспорттық-импорттық операциялар бойынша тексеру жүргізу кезінде аудитор назар аударуға керек:
Баға валютасы және бағаны анықтау тәсілі
Төлем жасау валютасы
Қайта есептеу бағамының белгіленуі
Есеп айырысулардың қаржылық шарттары
Банк операциялары бойынша болжамды бұрмалаушылықтар:
Банк операцияларының орындалуына негіз болатын төлем құжаттарына тіркемелердің жоқ болуы
Валюта бағамының дұрыс саналмауы
Ақша қаражаттарының қозғалысына көрсететін жаңылыс шоттар корреспонденциясы тиісті түрде ресімделмеген құжаттардың болуы