Бар елде ғана қалана


Негізгі құралдардың аудиті



бет20/46
Дата22.12.2022
өлшемі0,92 Mb.
#58900
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46
Байланысты:
Бар елде ?ана ?алана

2. Негізгі құралдардың аудиті

Негізгі құралдардың қолда барының, сақталуы және пайдалану аудиті бағдарламасының құрамдас элементтері болып келесі тексерістер табылады:


негізгі құралдардың болуын сипаттайтын баланс баптарының Бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестігі; негізгі құралдардың қолда бары мен сақталуы; мүлікті негізгі құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу бойынша топтастырудың, өндірістік процеске қатыстылығы; негізгі құралдардың тусуі мен істен шығуы жөніндегі операциялардың есебінде бағалаудың, ресімдеудің және көрсетудің дәлдігі; негізгі құралдардың тозуы мен жөндеуін есептеу мен көрсетудің мақсатқа сәйкестігі. «Амортизация» (кейінгі латынның «өтеу» сөзінен) - негізгі құралдардың құнын арнайы ақшаны - өндіріс шығындарына немесе негізгі қорлардың жай немесе
кеңейтілген қайта өндірісіне айналуына кіретін амортизациялық аударымдар пайдалануына көшірудің объективті процесі; бухгалтерлік есеп пен есептілік регистрлерінде негізгі құралдардың болуы мен қозғалысы туралы мәліметтерді дұрыс көрсетудің жүйелігі; негізгі құралдарды пайдаланудың оңтайлы ісі мен тиімділігі және т.б. (9.2.-кесте).
Негізгі құралдар аудитінің жоғарыда көрсетілген процедураларының мазмұнын ескере отырып, мыналарды зерттеп білу қажет:
а) негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылданды ма, кәсіпорын басшысының бұйрығымен материалдарға жауапты адамдар (МЖА) тағайындалды ма, олармен толық жеке материалдық жауапкершілік туралы жазбаша келісім-шарт жасалды ма;
ә) негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету үшін, МЖА-ға жағдайлар жасалды ма, жабылатын қойма ғимараттары бар ма, олар күзет сигнализацияларымен жарақтандырылған ба?
б) кәсіпорын аумағынан тауарлық-материалдық құндылықтарды тасып-шығару тәртібі ұйымдастырылған ба, басшының бұйрығымен негізгі құрал-жабдықтардың сақталуын тексеру үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия тағайындалды ма?
в) негізгі кұралдардың сақталуын түгендеу (инвентаризация) мен іріктемелі тексерулер жүргізілді ме, олардың қорытындылары ресімделген бе, кем шыққан жағдайларда айыптыларға кандай шаралар қолданылды?
Кесте-8. Негізгі құралдардың (НҚ) аудит бағдарламасы



Аудит процедуралары

Ақпарат көздері

1

2

1. Баланс көрсеткіштерінің Бас кітаптың негізгі құралдар бойынша мәліметтерімен сәйкестігін тексеру

Бухгалтерлік баланс, Бас кітаптағы 2410, 2420, 2430 шоттар

2. Негізгі құралдардың синтетикалвық және аналитикалық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру

Бас кітап, 12 және 10 журнал-ордерлер, тозу сомасы мен негізгі құралдарды қайта бағалау есептеулері бойынша әзірлеме кестелер, алғашқы құжаттар

3. Негізгі құралдардың қойылған және пайдаланатын орындарында бар болуы мен сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді тексаеру

Кәсіпорын басшысының тұрақты жұмыс істейтін инвентаризациялау комиссиясын және материалдарға жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрықтары, материалдарға жауапты адамдармен келісім–шарттар, түгендеу тізімдемесі және салыстыру ведомстілері, түгендеу актілері қабылдау-тапсыру актілері, есептің инвентарлық карточкалары мен негізгі құралдардың инвентарлық тізімі және т.б.

4. Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша алғашқы құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын тексеру

Қабылдау актісі (НҚ-1); жөнделген, қайта құрастырылған және жаңғыртып, жетілдірілген объектілерді қабылдау-тапсыру актісі (НҚ-2); негізгі құралдарды есептен шығару актісі (НҚ-3); көлік құралдарын есептен шығару актісі (НҚ-4); негізгі құралдардың есебі инвентарлық карточкалардың тізімдемесі (НҚ-10); негізгі құрал қозғалысының есебі карточкасы (НҚ-12); жалға алынған негізгі құрал есебі карточкасы (НҚ-12а); негізгі құралдардың (олардың тұрған, пайдаланылатын орындары бойынша-НҚ-13)

5. Негізгі құралдардың жіктелуін жасаудың дұрыстығын тексеру

Техникалық құжаттама (паспорт, ерекшеліктері, іріктеп жинақталған ведомость және т.б.) НҚ-1, НҚ-2, НҚ-3, НҚ-4, НҚ-6, НҚ-13 және т.б.

6. Негізгі құралдарды бағалау мен қайта бағалаудың дұрыстығын тексеру

Келісімшарттық баға хаттамалары, сатып алу-сату келісім-шарттары, негізгі құралдарды қайта бағалаудың әзірлеме кестелері, НҚ-1, НҚ-2, НҚ-6

7. Негізгі құралдарды кіріске алудың дұрыстығын тексеру

Техникалық құжаттама, НҚ-1, НҚ-2, НҚ-6 және т.б., 1-8 журнал-ордерлер, Бас кітап

8. Негізгі құралдардың тозуын есептеу мен көрсетудің дұрыстығын тексеру

Есеп саясаты жөніндегі бұйрық, негізгі құралдардың тозуын есептеу жөніндегі әзірлеме кестелер, нормативті құжаттар, 10 журнал-ордер, Бас кітап: 2421-2429 және 8045 шоттар

1

2

9. Негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындардың негізділігін және оларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетудің дұрыстығын тексеру

Есеп саясаты жөніндегі бұйрық, жобалық-сметалық құжаттама (ақау ведомостілері, сметалар және т.б.); орындалған жұмысты қабылдау-тапсыру актілері, мердігерлер мен келісім-шарттар, басқа алғашқы құжаттар, аналитикалық есеп мәліметтері және 8044 «Негізгі құралдарды жөндеу» шотының мәліметтері

10. Жалға алынған негізгі құралдар бойынша жал төлемін есептеу шоттарда көрсетудің және т.с.с. операциялардың дұрыстығын тексеру

Жал шарттары, жалға алынған (ұзақ мерзімді жалға алынған) негізгі құрал-жабдықтар есебі карточкасы (НҚ-12а)



11. Негізгі құралдардың істен шығуын есепте дұрыс көрсетілуін тексеру

НҚ-1, НҚ-3, НҚ-4, НҚ-6, келісімшарттар, ағымдағы түгендеу қорытындылары, 12 журнал-ордер, Бас кітап

12. Негізгі құралдарға қатысты салықтар есебі мен есептеудің дұрыстығын тексеру

Есептеу ведомостілері, салықтар бойынша есеп айырысулар, 5, 8 журнал-ордерлер, Бас кітаптағы 1250, 3130, 3160-3170 шоттар

13. Негізгі құралдардың техникалық жағдайымен тиімді пайдалануын сараптау

НҚ-ны тиімді қалыптастыру мен пайдалану (қор қайтарымдылығы, экстенсивті, интенсивті және интегралды жүктеме және т.б.) көрсеткіштерінің сараптамалық есептеулері

Негізгі құралдардың қозғалысын тексергенде мыналарға ерекше назар аудару керек:
а) мүліктің түрін негізгі құралға жатқызу мен оларды тиістілік жағынан (меншікті әлде жалға алынған), өндірістік процеске қатысу сипаты бойынша (іс жүзіндегі не жұмыс істеп тұрмаған), белгіленуі бойынша (өндірістік пен өндірістік емес), өндірістегі рөлі бойынша (белсенді-активті немесе бәсең - пассивті) және т.б. жіктеудің дұрыстығы;
ә) бастапқы құнды, тозуды, келісу немесе сатып алу бағасын (ұлттық валютамен сатып алу сәтіндегі қайта есептеу бағамы бойынша шетелдік валюта үшін) көрсету тізбесін;
б) кәсіпорынның негізгі құрал құрамына кірмейтін, аяқталмаған өндіріс шотында бітпеген құрылыс ретінде ескерілетін, уақытша пайдалануда тұрған күрделі құрылыс объектілері;
в) әдетте, баланстан кем болмайтын нарықтық құнды белгілеу;
г) негізгі құралдарды өтеусіз бергенде оларға ҚҚС салынуға тиістілігіне, бұған өндірістік емес сала үшін сол салықпен бірге иелікке алынғанды өтеусіз беру кірмейді (беретін тарап ҚҚС-ны төлеуші болып табылады және т.б.).
Аудитор жабдықтаушы (мердігер) төлейтін ҚҚС-ын есепке ала отырып, негізгі құралдарды өтеусіз алу мен иелікке алуға байланысты операциялардың есептілігі мен есепте көрсетілуінің дүрыстығын жете зерттейді. Осы объектілер бойынша, негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі мәліметтеріне сай 12 және 10 журнал-ордерде 2410 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттарьнда көрсетілген көрсеткіштердің анықтылығы мен негізділігі тексеріледі.
Сонымен қатар негізгі құралдардың қозғалысын қадағалауда шоттардың корреспонденцияларының дұрыстығын қарау қажет:
1. Негізгі құралдарды өтеусіз алуда:
а) қалдық құн бойынша - Д-т 2410 шоттарында К-т 6280 шоты;
ә) жинақталған тозу сомасына - Д-т 2410 шоттарына К-т 2420 шоттарына;
б) салықтық шот-фактураға сәйкес, ҚҚС ескерілген - Д-т 1420 шотын К-т 6280 шоты.
2. Негізгі құралдарды субъектінің өзі дайындағанда:
а) құрылыс процесінде субъектінің шеккен нақты шығын сомаларына Д-т аяқталмаған өндіріс шотына К-т 1310, 3310, 3350, 3150 шоттарына;
ә) дайындау (құрылыс) біткен соң объектілерді кіріске алу Д-т негізгі құралдар шотарына К-т аяқталмаған өндіріс шоттарының корреспонденциясының дұрыстығын зерттейді.
Негізгі құралдарды беру нәтижесінде болған шығындардың орнын толтыру ықтимал көздерге, «Табыстар» мен «Шығыстар» бөліктерінің шотына есептен шығарудың зандылығына ерекше көңіл бөлінеді.
Негізгі кұралдардың ағымдағы жөндеу бойынша шығындар бухгалтерлік жөндеу бойынша шығындар бухгалтерлік есепте түп-түгел кезең шығыстарына, ал салықтық есепте - шегерілімге жатқызылады (14).
Күрделі жөндеу шығындары бухгалтерлік есеп пен құндық баланста салық есебіндегі негізгі құралдардың тиісті тобы активтің жағдайын алғашында есептелген нормативтен артық өнімділікті арттырып, жақсартқан кезде ғана (мәселен, автомобильге жаңа двигатель қойылды) объектілердің бастапқы құнын ұлғайтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет