Бұқаралық ақпарат құралдары а мәтіні Газет мақаласынан үзінді Журналист кез келген дерек пен оқиғада бейтараптылық танытқаны абзал Қуандық Шамахайұлы


Өсімдіктер мен жануарлардың азаюы



бет3/4
Дата22.05.2023
өлшемі20,75 Kb.
#96064
1   2   3   4
Байланысты:
Документ Microsoft Word (3)

Өсімдіктер мен жануарлардың азаюы.
Өсімдіктер мен жануарлардың жойылып кетуіне себеп,экологияның әсері.Табиғаттағы ең пайдалы тіршілік иесі-ара болып табылады.Аралар бүкіл өсімдіктерді тозаңдандырады,осылайша аралар өсімдіктердің өсіп-өніп,көбеюіне әсер етеді.Аралар болмағанда,онда бүкіл өсімдіктер әлемі жойылып кетеді.Ал тышқан,шегіртке секілді зиянкестер-табиғатқа өте көп залал тигізеді.Олар егін жайларға,жайылымдарға өте үлкен зиян келтіреді,жұқпалы аурулардың таралуына себеп болады.Сондай-ақ құзғындар мен өлексе жегіш құстар,жыртқыштар да тұрып қалған өлекселерден табиғатты тазарту арқылы пайда келтіреді.Қасқыр,жолбарыс секілді жыртқыштардың да жануарлар әлеміндегі үлесі зор.Бұл жыртқыштар өз қорегін таңдағанда олардың ішіндегі ең әлсізін,ауру жануарды аулайды екен.Осылайша жануарлардың арасында түрлі дерттердің күш алуына тосқауыл болады екенЖануарлар мен өсімдіктер адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Жануар лар мен өсімдіктерді аялап, оған еш қиянат жасамай,оған қамқоршы болуымыз керек. ( 112 сөз)
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып « Өсімдіктер мен жанууарлардың жойылып кетуі не себепті?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170- 200 сөз болуы қажет.

Төмендеберілгенекімәтіндіоқып, тапсырманыорындаңыз.


А мәтіні: газет мақаласынан үзінді
Бейбітшілік орнатудың қадамдары
Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды.Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат қоғамы соғыстардан көз ашпады. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда соңғы 5,5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» етіп тұрыпты. Қалған уақыттың бәрінде «Тыныштық керек болса-соғысқа дайындал» деген қағидамен өмір сүріппіз. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Батыстың бір ғалымының есептеуіне қарағанда өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар-жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн. адам қаза тауыпты. Сөйтіп, бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, бейбітшілік үшін күресу- ХХІ ғасырдың да өзекті мәселелерінің бірі болып, мұраға қалдырылды. Халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті сондықтан жалпы адамзаттық құндылықтар қатарына қосып отыр.
Тәуелсіздікке қол жеткен тұста, елбасымыздың елдің бетке ұстар азаматтарының қажырлы, табанды еңбегінің арқасында біз осы асыл қасиетімізді тағы да дәлелдеп, оны әлемге паш ете білдік.
1992 ж 23 мамырда ядролық қаруды таратпау және ядролық ракеталарды біртіндеп бұзып Ресейге көшіру, олардың оқшантайларына салынған уранның құнын Қазақстанға ақшалай қайтару жөнінде Лиссабон хаттамасына Қазақстан қол қояды.1994 ж Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып ядролық қаруды таратпау жөніндегі Шартқа қосылды.1996 ж Қазақстан ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөнінде шартқа қосылады.1997 ж БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Қазақстанның ядролық сынақтардан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету жөнінде шара қабылдады.2000 ж Семей полигонында ядролық сынақ жүргізілетін ең соңғы шара жойылды.
Түйіндеп айтқанда, Қазақстан дүниежүзі мемлекеттерінің ішінде бірінші болып өз еркімен қуаттылығы жағынан әлемдегі төртінші ядролық қарудың арсеналынан бас тартып және әлемдегі ең ірі сынақ полигонын жауып, халықаралық қауіпсіздікті нығайтуда теңдесі жоқ үлесін қосты. (258 сөз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет