Барлық жандар бір білекке қосқан үн Бақытты боп бастады жыл дастанын



бет1/6
Дата10.04.2023
өлшемі26,85 Kb.
#81324
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сценарий Жаңа жыл


Жүргізуші : Барлық жандар бір білекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Құрметті балалар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүрекке жылылық ұялатар алғашқы құттықтау сөзді ауыл әкі мі Серкенов Жомарт Амайтайұлына береімз.
Келесі сөз кезегі мектеп директоры Исмагулов Ерболат Керейұлына беріледі.
Құттықтау сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі Жакупова Роза Зиядинқызына берілді.
Келесі сөз кезегі оқушылардың ата-аналарына беріледі
Кәне балалар бәріміз шыршаны айнала тұрып бір жақсы ән шырқайық!!
Жүргізуші : «Аппақ - аппақ» әні хормен шыршаны айналып
Осы кезде залға қарақшылар кіріп .бәрі айқайлап-шулап келедіде шыршаны бір айналып
Бибарыс.:1-қарақшы:-ооо қараңдар қандай ағаш өсіп тұр.Жақсы болды,осы ағаштың көлеңкесінде демалайық. (төсеніштерін төсеп-төсеп бәрі жата қалады.сосын біреуі басын көтеріп)Түу мынаалар неғып жүрген балалар.Бізге кедергі жасап.Біз демалатын жер іздеп жүрміз.Көп күннен бері адамдарды тонаймыз деп ұйықтаған жоқпыз.Барыңдар үйлеріңе кетіңдер.
Жүргізуші: -Құрметті қарақшылар.Сіздер бұл жерде демала алмайсыңдар,өйткені бізде мереке болып жатыр.Сіздер басқа жаққа барып демалыңыздар.
Ернұр.Қарақшы: (ашуланып,атып тұрып) -Сен кімсің өзі маған қарсы шығатын.Қайдағы мереке? –Айтыңдаршы бұл қайдағы мереке?Қайдағы мереке?(деп балаларды жұлқып-жұлқып сұрайды,олар жауап береді)
Оқушылар: Хормен «Жаңа жыл»
Ернұр. Қарақшы:-Жаңа жыл дейді ха-ха-ха .Қайдағы жаңа жыл Сендерге бүгін жана жыл тұрмақ ескі жылда болмайды.Мен қазір үлкееен қаруымды алып келіп барлықтарыңды қырып саламын.Әй жүріңдер қару алып келейік.Бұларға көрсетейік .Қарашы өздерін,бізге ұйқы бермей.(ААА деп есінейді) Тезірек ұйықтаса ғой шіркін!
Алинұр.: -Қарақшы ағай ! Бізге тимеші.Біз шуламай ақырын ғана жүреміз.Мереке болсыншы.Бұл мерекені біз 1 жыл күттік қой,ия балалар.Біз қазір сізге өлең айтайық. Сіздер ұйықтап алыңыздар.Сосын мерекемізде болыңыздар.Аяз ата келеді көп кәмпит әкеледі.Біз сіздерге де береміз.Береміз бе балалар! 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет