1. Есептеңіз:
2. 946 санының бірлік разрядындағы цифр мен ондық разрядындағы цифрдың
қосындысы [ ] тең.
3. Самат дүкеннен екі алма сатып алды. Бірініші алманың салмағы 268 грамм. Екінші
алманың салмағы бірінші алманың салмағынан 48 граммға кем. Екі алманың салмағы
[ ] грамм.
4. Ұзындығы 12 см, ені 6 см болатын тіктөртбұрыш пен шаршының периметрлері тең.
Онда, шаршының ұзындығы [ ] см-ге тең.
5. Төмендегі сандардың ішінен Мақсат көбейтіндісі 43-тен үлкен болатын екі жұп санды
таңдап алды. Сол екі санның қосындысы [ ] тең.
6. 7 жүздік 5 ондық 2 бірліктен тұратын сан 8 ондық 2 бірліктен тұратын саннан [ ]
ондыққа артық.
7. Еламан үйде құс асырайды. Еламанның қанша ақ түсті құсы болса, сонша қара түсті
құсы бар. Еламан өзінің 5 ақ құсын Оралбекке сыйлағанда Еламанның 8 ақ құсы қалды.
Бастапқыда Еламанның [ ] құсы болды.
8. Динара тақтаға екі таңбалы сан жазды, Аяулым бір таңбалы сан жазды. Динара мен
Аяулым жазған сандардың қосындысы 108-ге тең, ал айырмасы [ ] тең.
9. Самат екі таңбалы сан ойлады. Ойлаған санын 2-ге көбейтті. Шыққан санға өзінің
соңғы цифрын қосқан кезде 56 шықты. Самат ойлаған санның жартысы [ ] тең.
10. Мақсат пен Қайрат балық аулады. Мақсаттың аулаған балықтарының саны
Қайраттың аулаған балықтарының санынан 5 есе артық. Олар барлығы 36 балық аулады.
Мақсат Қайраттан [ ] балыққа артық аулады.