Мәдениет саласындағы ескі дәстүрлер (готика) мен демократиялық еркін ойлау идеяларын өзара ұштастыра білген өнердегі мүлде жаңа стиль — барокко бағыты болды.
Барокко — астарлы, әдептен тыс деген мағына береді. Оның әлеуметтік негізі — абсолютизм дәуіріндегі дворяндық мәдениет.
Барокко—халықаралық құбылыс, ол әсіресе Италияда, Испанияда, Францияда, Германияда кең қанат жайды. Осы дәуірдің күрделі қоғамдық шиеленістері барокко өнеріне өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Сондықтан да болар, аталған елдердегі қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайлар адамдардың сана-сезіміне ғана емес, сонымен бірге осы бір өнер саласының қалыптасып дамуына да ерекше ықпал етті. Барокко стилі әсіресе сәулет өнері саласында айқын көрінді, осы стильде зәулім сарайлар мен парк ансамбльдері салынды. Олар тарихи кезеңнің куәгері, еуропа мәдениетінің баға жетпес ескерткішіне айналды. Шындығында да, Ағартушылық дөуірінде парктер мен бақтар — философиялық әңгімелер мен ойтолғаныстарының негізгі орталықтары болды. Олар — табиғат пен адамның, тіпті адамдардың қарым-қатынастарының өзара үндестік табуына себепкер болатын қасиетті орынға айналды. Парктер мен бау-бақшаларкомпозициясын музейлер мен театрлар, сурет галереялары мен кітапханалар, ғибадатханалар және т.б. мәдени ошақтар одан әрі түрлендіре түсті.
Ирандық барокко
Иранның сәулет өнері өзінің ұзақ тарихы барысында көптеген құлдыраулар мен шарықтауларды басынан өткізді. Оның қалыптасуына ауа райы мен саяси-әлеуметтік жағдай көп әсер етті. Жалпылама бағалай келіп, былай деп айтуға болады: жергілікті материалдар мен жобалар қолданылған Иранның халықтық сәулет өнері әртүрлі дәуірлер барысында тек аз ғана өзгеріске ұшырап отырды.
Ал биліктегілерге қатысты сәулет өнерде билеушілердің құдыреті мен қаржылық жағдайына орай жаңа да өте қымбат материалдар қолданылды. Екінші жағынан құрылыстардың сыртқы келбеті, тіпті ғимараттардың жобасы әрбір тарихи кезеңде өзгертіліп отырған.
Иранның сәулет стилі алтыға бөлінсе де, х.қ.ж.с. 12 ғасырында (18 ғасыр) Иранда "барокко" деп аталатын араласқан сәулет стилі пайда болды. Бұл стиль ұзақ уақыт бойы Иранның ғимарат салу жобасына әсер етті.
Х.қ.ж.с. 12 ғасыр (18 ғасыр) Иран үшін күрес пен мазасыздыққа толы ғасыр болды. Сефевидтер әулетінің ауғанның мардымсыз күшінен жеңіліс табуы жылдар бойы жойқын қантөгіс пен жаппай қырғынның болуына себеп болды. Бірақ 1735 жылы Надер шах Афшар билікке келді де, Иранды басқыншылардың қолынан азат етті.
Ол "Афшарлар" әулетінің негізін қалады. Бұл әулеттен кейін Зенд әулеті билік басына келді. Осы дәуірлердің барлығы да қақтығыстар мен талас-тартысқа толы болды. Х.қ.ж.с 1200 жылғы (1785 жылғы) қақтығыстар барысында ресми түрде Қаджарлар әулетінің негізі қаланды. Олар шамамен жүз жыл бойы Иранда билік етті.
Қаджарлар әулеті кезінде Еуропамен байланыс жасау шарықтау шегіне жетті. Сауда-саттықтың дамуы және байыбына бармай Еуропаға еліктеу Қаджар дәуірінің ерекшелігі болып табылады.
Осы әулеттің шахтарының бірі Насер ад-Дин Шах х.ш.қ.с. 1250 жылы (1834 жылы) Еуропаға сапар шекті. Оның Еуропадағы өмірдің сырқы көрінісіне қызыққандығы соншалықты Иранға қайтып келгеннен кейін еуропалықтарға еліктеп, Иранның сыртқы көрінісіне өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістер алдымен сәулет өнерінде көрініс тапты.
Осы өзгерістердің жалғыз себебі Насер ад-Дин Шахтың Еуропаға бірнеше рет баруы деп айту дұрыс емес. Студенттерді Еуропаға оқуға жіберу, саяси қайраткерлер мен саудагерлердің Еуропаға сапарлары ирандықтардың Еуропаның өнерімен танысуына қолайлы жағдай тудырды. Басқа жағынан 18-19 ғасырлардағы Еуропадағы өнеркәсіптік серпіліс, еуропалық елдердің отарлық саясатының күшейтілуі Батыс елдерінің басқа елдермен салыстырғанда басымдылығы артты.
Барокко данышпандары
Сазды, назды нақыш
Барокко стилі өте салтанатты және сәнді. Ал ғимараттар бейнелі және мүсінді, (қабырғалары бедермен безендірілген, бұрқақтары статуэтка түрінде жасалған қуыстар мен текшелерге мүсіндер қойылған, т. б.), интерьерлері жарық монорлы түстерге толы, (алтындандырылған күрделі безендірулер, үйдің төбесі өрнектелген, қабырғаларына айналар ілінген (хрустальды аспа шамдар, көптеген жабыстырмалы әшекейлер). Осыған байланысты Барокко дәуірінің костюмі бүтіндей сарайлық этикетке бағынышты болды. Костюмдер өте көп безендірулері бар салтанатты және кең етіп тігілді.
Қайта өрлеу дәуірінің бастау алып, алғаш дамыған жері Италия елі болды. Осы кезде Италия экономикасы дамыған, айналасындағы елдермен сауда –саттығы күшейген бай да өркендеген мемлекет еді. Италия қалалары банктердің қалтасы қалындап, өнеркісібі қарыштап өркендеді. Елдегі саяси, рухани-эстетикалы қөзқарас жаңаша қалыптасып, өзгеше сипат алды. Бұрынғыдай діни «бәрі де құдай күшімен болады.»-деген көзқарас біртіндеп әлсіреп, бәрі де адам күшімен, ой-өрісінің жемісімен атқарылатын жете түсінуге ойысты. Адамдер өздеріне, өздерінің ақыл-парасатына сенді, сондықтан ғалымға деген, айналадағы табиғатпен әлемнің тұңғиық тылсымдарын білуге деген құштар арта түсті. Тек өздеоіне сеніп, рухының көтерілуі сол кездегі адамдарға өмірді өзгеше түсінуг, ғылым мен өмірге барынша ден қоюға жол ашты.
XV-XVI ғасырларода Италия мәдениет қайраткерлері мен ойшылдары өз дәуірлерінде өнер өрлеуін өте жоғары бағалады. Антиклық мдениеттен кейін ұзақ уақыт бойы Батыс Европа елдерінде тағылық, керітартпа заман үстем болып келді, тек енді ғана гүлдену, өркендеу дәуірі басталды деп есептейді. Италияда басталған бұл өнер, әдебиет, мәнеиет ғылым саласындағы бетбұрыс бірте-бірте Англия, Германия, Франция, Испания, Голланди, Финлляндия және тағы басқа елдерге тарады.
Осы кезде Италия крепостнойлық право жойылып, әсіресе қалаларда капиталаистік қатынастар қалыптаса бастаған. Сондықтан қайта өрлеу мәдениеті жаңа тұрпаттағы, буржуазиялықь мәдениет еді.
Жаңа тараптағы Қайта өрлеу мәдениеті антикалық өнер мұралары үлгісімен сабақтас жалғасты. Бірақ ол ескіні қайталау емес еді. Заман, уақыт талабына сай мазмұны жағынан байи түсті, жаңіа түрге ие болды, жаңа стиль қалыптасты.
Италяның барокко заманындағы ең әйгілі сұңғат шеберінің бірі – Караваджо (1573-1610). Суретші көп жасамаса да, артына өлмес мұралар қалдырды, өмірді бар болмысымен қарапайым бейнелеуге бейім болды. Ол басқа суретшілер сияқты, мысалы: Тинтеретто мен Эль Грекодай стилизацйалы формаларды жазбады жөні жоқ мақсат етті. Кезінде Каравачо өз еңбектерінің ерекшелігімен аса кемеңгер шетберлігімен бүкіл Европаны тәнті етті. Суретші көбінесе жарық пен көлеңкенің тылсым табиғатын зерттей отырып, оны өз еңбегінде шеберлікпен пайдаланды. Оның белгілі жұмыстарының бірі «корзинкамен жеміс –жидек ұстаған бала» атты туындысы. Мұнда суретші қарапайым қызметші баланы бейнелеген туындыдағы жеміс-жидек өмірдегідей, шыншылдықпен берілген. Суретші бейнелеген заттардың не нәрседен екенін керемет зерделікпен бейнелей білген. Караваджо жұмыстарын басқа жұмыстардан тез айыруға болады. ол көбінесе іңірдегі немесе ала көлеңкелі шаты бейнелейді. Бұл әдісті кейін көптеген суретшілер қабылдап өз еңбектерінде қолдануды мақсат етті.
Еуропа елдерінде 17 ғасыр мен 18 ғасырдың 1-жартысына дейін дамыған барокко стилінің басты ерекшелігі сәулеттік туынды тіп-тік, тақтадай жазық болмайды, оның әр қыры мүсіндік, болмаса әшекейлі әлеміштермен өрнектеледі, сәулетші мүсінші сияқты кең тыныспен, қиялға еркін беріліп жұмыс істейді. Еуропа елдерінде 17 – 19 ғасырларда классицизм стилі дамыды. Бұл бағыт, ежелгі дәуір архитектурасы мен ренессанстық архитектураның композициялық әдістері мен түрлерін жетілдіруден туған. Шығыс архитектурасының тарихы біздің заманымыздан бұрынғы мыңыншы жылдардан басталады. Үндістанда мінажат үйлерінің сәулетті нұсқалары: ступалар, үңгір-ғибадатханалар және жер үсті ғимараттары салынды, зәулім сарай кешендері пайда болды. Үнді архитектурасы композициясының байлығымен, түрінің әсемдігімен және мүсіндік бейнелердің әсерлілігімен көз тартады. Олар: біздің заманымыздан бұрынғы 1000 ж. салынған Каджураходағы, 14 ғасырда салынған Танджордағы ғибадатханалар. Қытай архитектурасының басты ерекшелігі өз елінің сенім-нанымынан туып, тұрмыс-тіршілігіне және табиғатына сай келеді. Жалған монументалшылдық пен бос әлеміштер кездеспейді. Әр тетік лайықты орнында тұрады, бар нәрсенің қолданыс табуы ақылға сыйымды. Әлемге әйгілі Ұлы Қытай қорғаны біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда салынған, Цзяюйганьнан (Ганьсу провинциясы) Ляодун шығанағына дейін созылған. Ежелгі Жапония архитектурасының жетістіктері ғибадатхана кешендерімен байланысты. Атап айтқанда олар: Нарадағы (көне астана) Хорюдзи (7 ғасыр), Якусидзи (7 – 8 ғасырлар), Удзидегі Бедоин (11 ғасыр), Киото қаласының түбіндегі Дзиседзи (15 ғасыр) ғибадатханалары. Бұл көне құрылыстардың кейбір композициялық құрылымы 14 – 18 ғасырларда өз жалғасын тапты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007ж
2. Мәдениеттану Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет.
Назарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |