«бас және мойын клиникалық анатомиясы» Пәнінен жазбаша емтихан сұрақтарына жауап эталондары


Мұрын аймағы, шекарасы, топографиялық анатомиясы



бет6/11
Дата17.10.2023
өлшемі34,65 Kb.
#117477
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
«áàñ æ?íå ìîéûí êëèíèêàëû? àíàòîìèÿñû» Ï?í³íåí æàçáàøà åìòèõàí ñ

17.Мұрын аймағы, шекарасы, топографиялық анатомиясы.
Шекарасы: жоғары-екі қас арасында жүргізілген сызық, төменде-тері қыртыстары арқылы жүргізілген горизонтальды сызық, латеральды-ерін-мұрын жүлгесі. Сыртқы мұрын және мұрын қуысы болып бөлінеді. Сыртқы мұрында-арқасы, мұрын қыры, мұрын ұшы, төменде қанаттарымен аяқталады. Көректенеді: бет артериясынын тармақтарымен және коз артериясының тармақтарымен. Веналары үңгірлі қойнауға қан құяды. Лимфа: жақ асты бездеріне және құлақ маңы бездеріне ағады. Мұрын қуысы, екі боліктен тұрады: он және сол. Мұрын жолдары, олардың байланыстары. Қоректенеді: алдыңғы және артқы торлы артеряның тармақтарымен. Веналар: бет және көз. Лимфа: жұтқыншақ маңы түйіндеріне ағады. Нервтенуі: алдыңғы және артқы торлы нервтермен (үшкіл нертің тармақтары).
18.Көз шарасы, құрылымы, аймаққа бөлінуі, байланыстары.
Алдынан көз шарасының қырымен шектелген. Формасы төрт бұрышты пирамида тәрізді. Қабырғаларың сүйек қабы қаптайды. Көз шарасы бастың қанқасымен байланасады-көру өзегі және көздің жоғарғы саңылау арқылы, қанат-таңдай, самай асты шұңқырымен- көздің төмеңгі саңылау арқылы. Екі бөліктен тұрады: сыртқы бөлігі және меншікті көз шарасы бөлігі. Сыртқы бөлік немесе қабақ. Терісі жұқа, тері асты шелмай, көздің дөңгелек бұлшықет меншікті көз шарасы бөлігі: көз алмасы, көз бұлшық еттері, қан-тамырлары, нервтері.
19.Шайнау-шықшыт аймағы, шықшыт бездің клиникалық анатомиясы.
Жоғарғы шекарасы-бет доғасымен, төменнен-төменгі жақ сүйектің төменгі жиегімен, алдынан-шайнау бұлшықеттің алдыңғы қырымен, арттан-сыртқы құлақ тесікпен шектелген. Төменгі жақ сүйектің бұтақтарымен беттің терең аймағынан бөлініп тұрады. Терісі жұқа, тері асты шел май, беткейлік шандыр, меншікті шандыр, шықшыт без. Бездің түтігі 1-2 азу тістердің арасында ашылады
20.Беттің терең аймағы, шекаралары, жоғарғы жақ артериясының тармақтары.
\Беттің терең аймағы төменгі жақтың бұтағының және самай бұлшықеттің артында орналасқан. Іш жағында сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсінділерінің латеральды табақшаларымен жөғарғы жақ сүйектің төмпешесінің арасында орналасқан аймақ. Осы аймақ медиальды және латеральды қанат тәрізді, ұрт бұлшықеттермен қапталып жатады. Артжағынан шықшыт безі жатады. Іркілдек кеңістік жұтқыншаққа дейін созылып жатады. Жоғарғы жақ артериясы үш бөліктен тұрады: 1.Төменгі жақ. 2. Қанат тәрізді. 3. Қанат-таңдай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет