Бас редактор с. Ж. Пірəлиев а



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#7072
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Халық даналығы.

79
ҰЛТТЫҚ ТАРИХ
ƏОЖ 1(574) (091)
Б.М. Аташ 
ҚазҰПУ  магистратура  жəне PhD докторантура  институты,  саясаттану  жəне 
əлеуметтік философия кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы
Н.Б. Маханова 
ҚазҰПУ Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперті
ЖАҺАНДАНУ ҮРДІСІНДЕГІ ҰЛТ МƏСЕЛЕСІ
Бұл  мақалада  қазіргі  əлемдік  беталыс – жаһандану  туралы  философиялық  сарапта-
малар  қолданылды.  Генетикалық  тəсіл  арқылы  жаһандану  құбылысының  жалпы  шығу 
тегі  мен  эволюциясы  хақындағы  жіктеулер  көрсетіледі.  Көне  замандардан  бастау  алған 
адамзаттық  бірігуге  ұмытылыстың  стихиясымен  байланыстырған  авторлар  бұл  үдерістің 
ең  бастапқы  тарихи  нұсқаларын  протожаһандану  деп  атап,  одан  соң  қазіргі  күйіне  шолу 
жасап, неожаһандану заманынының туып келе жатқандығы туралы тоқтамадарды одан əрі 
өрістетті.  Құрылымдық-функционалдық  талдаулар  арқылы  тұтас  жаһандану  құбылысын 
жеке-жеке  бөліктерге  ажыратып,  əрқайсысының  атқарар  қызметі  мен  олардың  арабайла-
нысын  талдады.  Оның  экономикалық,  мəдени,  саяси,  рухани,  ақпараттық  т.б.  салаларын 
таразылай келе өз ойларын шет елдік жəне отандық философтардың, саясаттанушылардың, 
əлеуметтанушылардың  пікірлерімен  нығайта  түсті.  Сондай-ақ  бұл  құбылыстың  табиғи-
эволюциялық  тұрғыдан  болмай  қоймайтын  обьективті  сипатын  байыптап,  жағымды 
жəне  болуы  ықтимал  жағымсыз  жақтары  бар  екендігі  туралы  пікірлерді  де  сарапталды. 
Нəтижесінде, қазіргі жаһандану заманындағы Қазақ Елінің даму бағдары мен ұстанған бе-
талысы туралы мəселенің қойылуының алғышарттары зерделенді.
Түйін сөздер: жаһандану үрдісі, протожаһандану, неожаһандану, ұлттық мүдде, ұлт-
тық мəселе, əлемдік өркениет.
В данной статье применяются философские анализы о глобализации в нынешнем все-
мирном направлений. Предъявляется классификация о генезисе и эволюций явления гло-
бализаций с помощью генетических способов. Автор связывал с стихией - стремление объ-
единится в человечество которое начиналось с древний эпохи, назвав протоглобализацию. 
Это процесс самый начальный исторический вариант, затем сделав обзор на нынешнее со-
стояние, дальше развивалось рождение эпохи неоглобализации. Отделяя подразделение по 
отдельности в целом процесс глобализацию с помощью структурно-функциональные ана-
лизы, проанализированно межличностьное и а также, исполняемые ими функции.
Сравнивая свои мысли с отечественными и за рубежными социологами, политологами, 
а так же философами - укрепили их мнение об экономической, культурной, политический, 
духовной, информационной и других отраслей. А также, понимая не бывающее объектив-
ное свойство с точки зрения природно-эволюционные процессы, проанализировано мнение 
о их существований и вероятности положительной и отрицательной стороны. В результате, 
изучали первичное условие поставленных проблем придерживающихся направленности на 
ориентацию развитий в современном веке глобализаций Казахского Народа.
Ключевые слова: тенденция глобализаций, протоглобализация, национальный интерес, 
национальная проблема, мировая цивилизация. 
This article applies philosophical analyzes of globalization in the current global trends. To be 
presented to the classifi cation of the genesis and evolution of the phenomenon of globalization by 
genetic methods. Author associated with the element - the desire to unite humanity which began 

80
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
with the ancient era, calling protoglobalization . This process is the initial version of history, then 
making a survey on the current state, further developed the birth of the century neoglobalization. 
Separating the unit individually in the whole process of globalization with the help of structural 
and functional assays, to analyze and mezhlichnostnoe as well as the functions performed by 
them.
Comparing your thoughts with domestic and foreign for sociologists, political scientists as 
well as philosophers - have strengthened their views on the economic, cultural, political, spiritual, 
informational and other industries. Also, understanding the objective quality does not happen 
from the point of view of natural evolutionary processes analyzed in view of their existence and 
the probability of positive and negative side.
As a result, studied primary condition set problems adhering to the orientation direction of 
developments in the modern global age of the Kazakh people .
Keywords: the trend of globalization, protoglobalizatіon, national interest, national problem, 
the global civilization.
Жер  бетінде  сан  мыңдаған  жылдар  бо-
йы  тіршілік  еткен  адамзат  бүгінгі  за ман   да  
адам  мен  табиғаттың,  қоғам  мен  əлем  нің 
органикалық  бір  тұтастығы,  адам зат тың 
ортақ  тағдырға  негізделгендігі  жө нін дегі 
идеяға  қайта  оралып  отыр.  Бүткіл  адам-
затты  толғандыратын  ғаламдық  мə се ле лер, 
экономикалық-саяси, 
мəдени-əлеу мет тік  
біртұтас  кеңістік  құру  əлемдік  қауым да-
су дың  жаңа  сатысына  өрлеуді  қажет  ете ді. 
«Бірлік болмай, тірлік болмайды» деп  жалпы 
бүтіндік  идеясын  болмыстық  жə не   ғұмыр 
кешулік  тұрғыдан  қысқа  ғана  тұ жы рым-
даған халқымыздың даналығы бүгінгі күнгі 
жаһандану үдерісінің бүкіл адамзатқа ар нал-
ған жалпылама түпкі идеясы болып та бы ла-
ды.   Алдымен, негізгі мəселе «Жаһандану де-
ге німіз не?» деген сауалдың жауабы берілуі 
тиіс.
Жаһандану үрдісінің шығу тегін са рап тау-
да,   оның негізгі атрибуты болып табылатын 
та биғи-тарихи  түрде  ынтымақтастық  пен  
бірлікке  ұмтылу  беталысының  түп  бас тау-
ла рына тоқталу қажет. Осы «бірлік» идеясы 
адам заттың  есте  жоқ  ескі  заман  тарихына 
көз  жі берсек, оның стихиялы түрде іске ас-
қан  алғашқы  формаларына  кезігеміз.  Ал-
ғаш қы  қауымдық  құрылыс  қоғамының 
өкіл де рі  антропогенездегі  адамның  жер 
бетін де  əр  түрлі  аймақтарда  қатар  пайда 
бол ғандығы  туралы  теорияға  сəйкес,  өз-
де рімен  бірге  жарыспалы  түрде  тіршілік 
етіп   жатырған  басқа  қауымдастықтарды 
алғашында  білген  жоқ  деп  топшыласақ, 
о лар бірнеше шағын қауымдастықтардан құ-
рал ған  дербес  тіршілік  етудің  адамзат  эво-
люцияциясындағы  бастапқы  үлгілерін  қа-
лып тас тырғандығы шындық.
Ендеше, жаһандану үдерісінің бірігу сапа-
сының  алғыбасқышы  да  ежелгі  тай па лар 
мен  рулық  қауымдастықтардың  құ ры луынан 
тұратын ықшам топтасулар бо лып табылады. 
Сондықтан 
адамның 
қауым дас тыққа 
алғашқы  ұмтылуларының – био ло гия лық, 
философиялық,  əлеуметтік,  тарихи,  пси хо-
логиялық, мəдени қырлары бар екен ді гі  сөзсіз. 
Қауымдасудың биологиялық қыры – адам-
ның   табиғи  түрде  топтасуға  бейімделген, 
оның тіршілік етуінің өзі «қоғамдық» си пат-
ты  болып  табылатын  негізге  байланысты. 
Адам ның  жер  бетіндегі  саналы  сүт  қо рек-
ті  жануар  ретіндегі  биологиялық  не гіз де-
рі не  сəйкес,  ол – жаратылысы  бойынша  да  
қоғамдастыққа  ұмтылатын  субьект.  Хай-
уанаттар  жалпы  эволюцияда  тіршілік  ету 
тəсілі  жөнінен;  жалғыз,  оқшау  өмір  сү ре-
тін,   жұптасып  тіршілік  ететін,  топтасып 
қау ымдасатын  түрлерге  бөлінсе,  адам  соң-
ғы сына  жатады.  Бұл  топтасуға  ұмтылудың 
не гізі – тобырлық инстинкті. Осы инстинкт 
са наға  қатыссыз  кез-келген  тіршілік  ие ле-
рі нің  кеңістік  бойынша  белгілі  бір  ареалда 
тұ та суына, табиғи-биологиялық түрде, өз ді-
гі нен алып келеді. Яғни, адам да жер бе тін-
де өмір сүру үшін эволюцияның заң дылығы 
ретінде  ерікті-еріксіз  түрде  қау ым дас тыққа 

81
ҰЛТТЫҚ ТАРИХ
ұмтылатын  тіршілік  иесі  ретінде  та ғай ын-
дал ған, одан басқа жол жоқ екендігін тарих 
дə лел деген.
Философиялық қыры бойынша – адамның 
био логиялық,  əлеуметтік,  психологиялық 
қыр лары  тұтастай  алғанда  бірігіп  ғұмыр 
ке шуге  бағытталған.  Ол - бірігу  мен  қа-
уым дасуға  жаратылысынан  бейімделген, 
ге нетикалық  тумысынан  бүткіл  адамзатқа 
ор тақ қасиет. Əрбір жеке субьектінің қай ке-
зеңде болмасын қоғамда өзіндік орны ай ғақ-
талған, қандай қоғам болмасын өзінің мү ше-
сін  өзімен тұтастандырады. 
Əлеуметтік қыры – биологиялық жағынан 
топ тасудың  жоғары  адамдық  деңгейінен 
туын дайды. Нақтырақ айтқанда, хайуанаттық 
топ тасудан  адамдардың  қоғамдасуының 
айтар лықтай  айырмашылығы  бар. «Қоғам 
мен адам» қатар аталатын өзара байланысты, 
əрі   органикалық  бірлік.  Сондықтан  қа зір гі 
əлеуметтану  мен  педагогикадағы  əлеу мет-
тендіру  үрдісі – кез-келген  адамды  қау ым-
дастыққа  біріктіру,  оның  шарттары  мен  қа-
ғи да ларын  мойындауға  мəжбүрлеу  болып 
та бы латын жылпылама əдіснама. 
Тарих  адамның  қоғамнан  тыс  өмір  сүре 
ал май тындығын  дəлелдеді.  Осыған  сəйкес, 
Аристотель тұжырымдағандай: «Адам – қо-
ғам дық-саяси жануар» болып табылады. Ен-
деше,  қауымдасудың  тарихи  қыры – адам-
зат пайда болғаннан бергі қалыптасып ке ле 
жатқан  қоғамның  эволюциясына  бай ла ныс-
ты. Тарих – адамзат қоғамының бүгінгі күн-
ге  дейінгі  қалыптасуы  мен  дамуының  жал-
пы лама  картинасы,  реалды  өмір  сүруінің 
нақ ты  дəлелдемесі  мен  айғағы.  Дегенмен, 
та рихи  жады  адамзаттың  саналы  өмір  ке-
шіп,  қоғамдық  өзіндік  сананың  қалыптасу 
ке зеңі нен  бастау  алады.  Тарих – жеке  дара 
оқ шау  өмір  сүретін  адамдардың  тіршілігін 
емес, тұлға мен қоғам тұтасқан адамзаттың 
ғұмыр  кешуін  саралайды.  Əрине,  адамдар 
та рих ты  жасау  үшін  қауымдасқан  жоқ,  бі-
рақ,  қауымдастықтың  бүгінгі  күнге  дейінгі 
эво люциясы тарихты құрайды. Демек, тарих 
–  адам заттың  қауымдасып  қана  өмір  сүре 
ала тынының куəсі, басқа екінші жол – жоқ.
Мəдени қыры – адамзаттың алғашқы еңбек 
құралдарын  пайдаланып,  бірігіп  тіршілік 
етудің тиімділігін бастан өткізгеннен кейін: 
еңбек  бөлінісі,  жанұя,  генетикалық  тұтас 
əлеуметтік  кеңістік  құру,  мораль  мен  тілді 
қалыптастыру 
қызметтері 
туындайды. 
Адам  мен  қоғамның  пайда  болуы  туралы 
ілімде басты үш фактор: еңбек, мораль, тіл 
– қауымдасуға қажетті мəдениеттік атрибут. 
Осы  орайда,  орта  ғасырлық  түркі  ойшылы 
əль-Фарабидің: «Адам – мəдени  хайуан» 
деген  тұжырымы  еске  түседі.  Олай  болса, 
мəдениет адам болмысының атрибуты, бірақ 
ол  жеке,  оқшау  тіршілікте  дами  алмайды. 
Демек мəдениет – сананың ажырамас қасиеті 
десек, мəдениеттің өмір сүруінің, дамуының 
шарты – қоғам. 
Осы  мəдени  шарттардан  экономикалық 
қырлары туындайды, ол – алғашқы қауымдық 
құрылыстағы  еңбек  бөлінісінен  бастау 
алады, яғни, алғашқы шаруашылық жағдай, 
оны орнықтыру адамзаттың сөзсіз қауымдасу 
қажеттігін туғызды. Материалдық мəдениет 
тарихы  мен  тұрмыстық  шаруашылықты 
дамыту бұдан басқа жол жоқ екендігін көр-
сет ті.  Осы  экономикалық  қыры  бүгінгі  за-
ман да  өркендей  түсіп,  тұтас  экономикалық 
ке ңістік  құру  идеясын  жаңартып  отыр.  Яғ-
ни,   экономикалық  өрлеудің  негізгі  шарты 
ин теграцияда  екендігін  ұғынған  адамзат 
ға ламдық  бірігу  идеясын  ұсынып  жатыр. 
Ол  шағын  экономикалық  кеңістіктерден  ірі 
ай      мақ тық  бірлестіктерге  дейін  ұмтылатын 
үр діс ретінде бүгінгі күннің өзекті мəселесі 
бо лып  қалыптасып  қалған  түсініктерден-ақ 
бай қа лады.
Жаһандану  үрдісінің  шығу  тегін  зер де-
леу де,  оның  қазіргі  заманғы  кейпіне  дей ін-
гі  «протожаһандандыру»  деп  аталып  жүр-
ген  көздерін  ашу  маңызды  іс.  Бұл – қа зір гі 
жаһанданудағы  саналы  ұсынылып  жүр ген 
бірігу идеясы, алғашқы қауымдық құ ры лыс-
тағы  ұйысудың  заңды  тарихи  жалғасы  бо-
лу ы керек дегенді білдіреді.
Қазіргі  замандағы  жаһандандыруды  зер-
де леуші  ғалымдарымыз  оның  түпбастапқы 
та мыр ла рына  үңіле  отырып,  бұл  үрдістің 
алғ аш қы  бастаулары  əлдеқашан-ақ  қалып-
тасқандығын  атап  өтеді.  Хомо  сапиенстің 
да муы   бойынша  əр  түрлі  туыстықтар  тай-
па лар ға  құйылды,  тайпалар – халықтыққа, 

82
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
халықтық  үлкен  ұлтқа  бірікті.  Адамзаттың 
бүткіл тарихы – жаһанданудың үздіксіз ұрдісі 
(Герман  княздықтарының  бірігуі,  Біртұтас 
Ев ропа т.б.). Жаһандандыруды ешкім де таң-
дап  алған жоқ. Кейбір халықтар жай ғана жа-
ңа жер мен жаңа жол іздеді. Тайпалардан ұлт 
қа лыптасты,  шағын  қалалардан – империя 
туын дады. ХІҮ ғасырда Қытай флоты Яваны, 
Үн ді  мен  Шығыс  Африканы  бағындыруға 
ұм тылды. Ал жүз жылдан соң португал мен 
ис пан  көпестері  итальяндық  капитандармен 
лоц мандармен  бүткіл  жер  шарын  жүзіп  өте  
бастады.  Бұл  жаһанданудың  бастамасы  бол-
ды.   ХҮІІІ  ғасырда  бүткіл  мəдени  Европа 
фран цузша сөйлеп, Париж модасымен киін ді. 
Дегенмен,  бұл  үрдістер  про то жа һан -
данудың  арнайы  ұйымдаспаған  нұсқа ла-
ры,   алғашқы  негіздері  болса,  тарихтағы 
прото жа һан дандыру  мен  қазіргі  заман да ғы 
жаһандандыру  үрдістерінің  айырмашы лық-
та ры мен ұқсастықтарын зерделеп, былайша 
салыстыруға болады: 
1-Кесте. Протожаһандану мен жаһандану үдерісінің айырмашылықтары

Протожаһандандыру
Қазіргі жаһандандыру
1
Стихиялы
Жоспарланған
2
Əлемге жария етілмеген 
Алдын-ала жарияланған
3
Арнайы теориялық жобалары жоқ
Əдіснамалық-теориялық негіздері зерттелген
4
Басқыншылық немесе ығыстыру 
қолданылады
Бейбіт жолмен іске асуы бағдарланған
5
Авангардистердің ғана мүддесі көзделеді
Жалпыадамзаттық мүдде қамтамасыз етілуге 
тиісті болып құрылады.
6
Авангардистер өз идеологиясын 
ұсынады, ғаламдық мəселе көтерілмейді
Жалпы ғаламдық мəселелер өзекті болып 
табылады
7
Жаһанданудың тек саяси жағы үстемдік 
етеді
Экономикалық, саяси, əлеуметтік, 
діни, мəдени т.б. интеграциялар мен 
ынтымақастықтар тұтас қамтылады 
8
Империалистік сана орнайды
Полиэтникалық дифференциация кеңістігі 
сақталуға тиіс
9
Жеке этностық, ұлттық, мемлекеттік 
құндылықтар империалист тарапынан 
қолдау таппайды
Ұлттық, діни, мəдени құндылықтардың 
бəріне құрметпен қарау жəне олардың 
ынтымақтастығы идеясы құрылады
10
Микро кеңістікті макро кеңістікке ғана 
айналдырады, белгілі бір аймақты ғана 
қамтиды
Адамзаттың тұтас мегакеңістігін қамтиды
11
Бір орталықтан басқарылуды көздейді
Мемлекеттердің саяси тəуелсіздігі сақталады
12
Жаһандық проблемалар дербес шешіледі
Ғаламдық мəселелер аясында ерікті-еріксіз 
түрде бірлесу пайда болады
13
Жаһандық мəселелер аса күрделі 
болмайды
Ғаламдық мəселелер күрделене түседі, 
мəселеден мəселе туындап отырады
Айырмашылықтарымен  қатар  мынадай 
ұқсастықтарды атап көрсетуге болады:

Жалпы интеграцияны қолдайды;

Экономикалық тұтастықты қалайды;

Мəдениеттер  диалогын  қамтамасыз 
етеді;

Бүткіл адамзатты қамтуға ұмтылады;

Өркениеттілікке өрлеуді мақсат етеді 

Белгілі  бір  ортақ  мəселелер  қоя  ала-
ды т.б.
Демек,  бұдан  зерттеліп  отырған  құбы-
лыстың  генезисін  жүйелеу  мақсатында, 
адамзаттың  эволюциясы  бойынша: «алғы-
жаһандану – протожаһандану – жаһандану 
-  неожаһандану»  түрінда  құрылған  өрлеу 
бейнесі туындайды. 

83
ҰЛТТЫҚ ТАРИХ
Қазіргі  əлемдік  танымдық  дискурс  пен 
саяси-əлеуметтік  бағдар  аясында  толға ны-
лып келе жатырған жəне белгілі бір деңгейде 
іске  асып  та  отырған  жаһандану  үдерісі 
көпқызметті, көпқұрылымды біз ойлағаннан 
гөрі əлдеқайда күрделірек құрылым.
2-Кесте. Жаһандану үрдісінің дамуы мен құрылымдық-функционалдық жүйесі. 
3-Кесте. Жаһанданудың жалпы құрылымын саралап көрсету.

84
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Ұлттың  өзін-өзі  сақтауы  үшін  əлем  ха-
лық тары  арасындағы  биологиялық  бəсе ке-
лес тік  мəдени-рухани,  экономикалық-саяси 
кү рес формасында жүзеге асады. Міне, сон-
дықтан жаһандану кезеңінде əрбір ұлт өзін-
өзі  қайтадан  танып,  өзіндік  санасын  жаң-
ғыртып, болмысын сақтау мəселелерін сана-
лы  немесе интуитивті түрде болса да жолға 
қой ып отыр.
Жаһандануды психологиялық қабылдауда 
үміт  пен  күдік  қатар  жүретін  процесс.  Бұл 
жер дегі  «күдік» - бастапқыда  жаһандану 
үр ді сінің  болашақ  іске  асуына  емес,  оның 
ке рі кетушілік жақтары болуы мүмкін екен
-
дігіне  сүйенсе, «үміт» - ілгерішілі  қыр ла-
ры ның  болатындығын  байыптайтын  пси-
хология түрінде қалыптасқан еді. Кей сəт те 
үміт  пен  күдік  бір  арнаға  тоғысып,  жа ғым-
сыз  ықпалдардан  сақтануда  нақты  өмір лік,  
қоғамдық,  шараларды  іске  асыруды,  қор-
ғаныш тетіктерін нығайтуды, жағымды сырт-
қы   əсерлерді  тез  қабылдауды  қолға  алуда. 
Бұ лар сайып келгенде, мемлекет немесе ұлт 
бо ла шағы  туралы  толғаныстарды  белсенді 
түр де ұсынады.
Бұл бізге жаһандану жағдайындағы – эт но-
эко ло гия мен экоэтнология  мəселесін ұсы на-
ды. Экоэтнология, яғни, ұлт тазалығы этно-
эко логияны, демек, ұлттық экологиялық мə-
се лелерді шешудің негізгі шарты. Ал ды мен 
ұлттық  тазалық  этноболмыстың  сақ та луы 
мен  өрлеуіне  қызмет  ете  келе,  өз  ай ма ғын-
дағы экологиялық мəселелерді шешудің өз-
ді гінше жаңа өлшемдерін ұсынады. Кез-кел-
ген   ұлттық  мемлекеттің  ұсынылған  ұлттық 
идея сы ның басты талабы да – ұлт тазалығы. 
Бұл  тіл  мен  діннің,  мораль  мен  салт-дəс-
түр дің  өзіндік  ерекшеліктерінің  сақталуы 
мə се лесін қамтамасыз етудің рухани-пси хо-
ло гиялық  құралы  болып  табылатын  бол са,  
ұлтжандылықты  қалыптастырудағы  этно-
педагогика негіздерін пайдалану эко этно ло-
гия ны құрудың əлеуметтік құрылымы екен-
ді гі  сөзсіз.
Осыдан жаһанданудағы экожүйе мен ұлт-
жандылықтың экологиялық мəселесі туа ды.  
Яғни, тұтас экожүйені қалыптастыру ұлт жан-
ды  азаматтың елі мен жеріндегі экологиялық 
мə се ле лерге алаңдайтын болуын қамтамасыз 
етуі  тиіс.  Қандай-ма  шағын  немесе  аз  топ-
тан  тұратын  ұлт  болса  да  популяция  кеңіс-
ті гін де өзін-өзі сақтауға құқылы əрі, ол үшін 
күресуге  де  дайын.  Сондықтан  əрбір  эт нос  
өзіндік ұлттық идеясын жасап, ұлттық се зі-
мін қайтадан бекіте түсуге мүмкіндік ала ды.  
Ұлттық  микропопуляциялар  табиғи-обьек-
тивті  дамудың  туындысы,  сондықтан  өмір-
шең ді гін  сақтауға  да  құқылы  болып  келеді. 
Бұл тек шағын ұлттарға ғана қатысты емес, 
бел гі лі  бір  дін  бойынша  біріккен  ұлыстар, 
саяси-əлуметтік  мүдде  бойынша  топтасқан 
қауым дастықтарға да байланысты.
Əрине,  адамзат  пен  ұлт  болмысының 
өза  ра  келісімі  əлемдік  дамуда  өзекті  бо лып  
отырған  шақта  көп  ұлттық  кеңістік  пла не-
та да бейбіт өмір сүрудің басты талабы. Био-
эволюция  ұлт  болмысының  жойылуы  мен 
құл дырауын талап етпейді, оның адамзаттық 
қауым дастықпен  келісімді  өмір  сүруіне  қа-
шан да  мүмкіндіктер  туғызады.  Осыдан  əр-
бір этностың жəне ондағы тұлғаның қа лып-
тас у дəрежесі айғақталады. Бұл – био жа һан-
дандыру қазіргі заманғы Қазақстан аза ма тын  
қалыптастырудың  табиғи-ландшафты  бо-
лып табылатын макрофакторы ретінде ұсы-
ныл ған шарттарын қабылдауды қажет етеді. 
Мак ро факторлар  да  адамды  қалыптастыру 
мен тəр бие леуде маңызды қызмет атқарады, 
олай бол са, биожаһандық үрдісті тұтас ланд-
шаф ты  ретінде  тану  қажет.  Осыдан  Қазақ-
стан  азаматын  қалыптастырудың  био əлеу-
мет тік қырлары туындайды. Ендеше, Жаһан-
дану аясындағы ұлт болмысын сақтау оның 
тарихилық ұстанымға жүгіне отырып, жаңа-
шылдыққа бейімделудің бірлігінен тұрады.
Осы  бірлік,  біріншіден,  жаһандану  ық-
па лы мен  əлемге  жайылып,  елімізге  келіп 
жет кен  құндылықтар  тасқынын  іріктеумен, 
сарау ламен, сүзгіден өткізумен міндетті түр-
де сабақтасуы тиіс. Бұл – еліміздің ұстанған 
сая си  бағдарына,  ұлттық  мүддемізге  сай 
кел мейтіндеріне  шек  қоюмен  шешімін  та-
ба  ды.  Қазақи  құндылықтарға  кереғар  жағ-
дай ға  тап  келгенде  қолданылатын  «Заман 
сон дай, енді қайтеміз» деген қазіргі кез де гі 
келісімпаздық сүзгі тым əлсіз, ол – пси хоа-
нали тикалық  тұрғыдан  алғанда,  тұлғаның 
жау ап кершіліктен  қашуы  мен  жағымсыз 

85
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
қылықтардан өзін ақтап алуға келіп түйіседі. 
Бұл жердегі ұлттық танымға қайшы келетін 
құбылыстарды жинақтаған «заман» түсінігі, 
шын дап келгенде, алмай-қоймайтын құдірет-
ті тасқын сияқты болып елестейді. Бұл – ал-
дам  шы елес. Мысалы, бір уақыттарда келе-
шекте,  кезегі  келгенде,  қайта  жаңарған  өзі-
нің  игіліктілігінен  айнымайтындығы  мен 
мүлтіксіздігі мойындалған түркілік мо раль-
дік -рухани  құндылықтар  өзге  елдерге  де 
«за  ман   ықпалындай»  болып  қабылдануы 
мүм   кін. Демек, Қазақстанның болашақтағы 
ал  дын да тұрған маңызды міндеттерінің бі рі 
– тек экономикалық жағынан ғана ал дың ғы  
сатыларға қарай өрлеу емес, рухани-мо ра ль-
дік  дағдарыстарды реттеуде де əлемдік сах-
на да көшбасшы болу.
Екіншіден,  бейімделу – Елдің  өзіне-өзі  
сын  көзімен  қарай  отырып,  түпкілікті  мой-
ындалған  жалпыадамзаттық  игіліктер 
тас қы нына  ілесумен  жалғасын  табуы 
тиіс.  Со ны мен   қатар,  ұлттың  өзін-өзі 
сақтайтын  жəне  əй гілейтін,  дүниежүзі 
мойындайтындай  бе дел ге  алып  келетін 
келбетін  жасауды  мақсат  етіп   қояды. 
Əлемдік  өркениетке  бейімделмеу  не месе 
оны  менсінбеудің  зардаптарын  ХҮІІІ  ға-
сыр дың аяғы мен ХХ ғасырдың аяғы ара-
лы ғындағы  еліміздің  тұтас  тарихы  айқын 
көр сетіп берген болатын. Ендеше, бұл та-
рихты қайталауға ата-бабаларамыздың ру-
хы,   ұрпақтарымыздың лебі алдында да құ-
қы мыз да жоқ. Бұлар жай ғана өздігінен-ақ  
іске асуы ықтимал қоғамдық үдерістер не-
ме се жасауға-жасамауға таңдау емес, келер 
ұр пақ тың  міндеттелеген  парыздары  десе 
де  бо ла тын  ішкі  сана-сезімнің  тереңнен 
тамыр та р татын бұйрықтары.
ƏДЕБИЕТТЕР
1  Ұлттық  тəрбие:  таңдамалы  лекциялар  курсы.-  Алматы:  Абай  атындағы  ҚазҰПУ, 
2011. -276 б.
2  Ақпанбет Ғ. Қазақтардың дүниетанымы. – Алматы: Қазақ университеті, 1993ж.
3  Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы. – Алматы: Қазақстан, 1996ж
4  Кенжалин Ж. Ұлтты ұлығылау ұлағаты. «Ақиқат» журналы, №8, 1996ж. 23-29 б.
5  Сəрсенбаев  Т.  Ұлттық  сана-сезім  жəне  ұлттық  қадір-қасиет. – Алматы:  ҚазССР 
«Білім» қоғамы, 1990ж. – 39 б.
6  Борбасова  К.М.,  Байтенова  Н.Ж.,  Бейсенов  Б.К.,  Затов  К.А.,  Курманалиева  А.Д., 
Мейрбаев Б.Б., Рысбекова Ш.С., Абжалов С.У.Қазіргі Дəстүрден Тыс Діни Қозғалыстар Мен 
Культтер // «Əрекет-Принт» 2012г. 180стр. 

86
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет