ƏОЖ 9.93.94
С.Т. Иманбаева
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің
«Ұлттық тəрбие жəне өзін өзі тану»
кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор
АБЫЛАЙ ҒАСЫРЫ – ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІКТІҢ ҒАСЫРЫ
Мақалада Абылай ханның 300 жылдық мерей тойына байланысты ХҮІІІ ғасырдағы
қазақ тарихындағы ұлтымыздың ерен ерліктері қамтылады. Батыр, ер ұғымдарының мəнін
аша отырып, ұлттық ерлік дəстүрінің даму тарихын зерделенеді. Қазақ халқының зиялы
қауымның еңбектерін негізге ала отырып ХҮIII ғасырдағы халқымыздың жасаған ерен
ерліктері бүгінгі ұрпақ тəрбиесіне пайдалануда баға жетпес асыл мұра екеніне тоқталады.
Түйін сөз: ерлік, елдік, тарих, батыр, мұра, тəрбие
Данная статья посвещена великому государственному деятелью, полководцу, страте-
гу, дипломату, объединителью трех жузов, воссоздателью единого казахского государства
Аблай хану.
Хан Абылай настолько знаковая фигура казахской истории, что каждое новое
поколение историков будет обращаться к его личности, вновь и вновь искать и находить от-
веты на выдвигаемые жизнью новые вызовы времени.
Ключивые слова: геройство, нородный, история, герой, наследие, воспитание
This article is dedicated to the great statesman, military leader, strategist, diplomat, combiner
three zhuzs reproducers single Kazakh state Ablay Khan. Khan Abylay so iconic fi gure Kazakh
history that each new generation of historians will refer to his personality, and again to seek and
fi nd answers to the new challenges posed by life time.
Keywords: heroism, uniformities, history, character, heritage, education
Қазiргi қоғамдық-əлеуметтiк жағдайда
же ке тұлғаның бойындағы Қазақстандық
па триотизмдi қалыптастыру басты міндет
бо лып саналады. Патриотизмнің күре та-
мы ры сақ, ғұн дəуірлерінен, Күлтегін,
Тоныкөк, Алтын Орда батыры Ер Едіге,
ХҮI-ХҮIII ғасырда елі мен жері үшін жан
ая май күрескен Жалаңтөс, Қарасай, Абылай,
Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай т.б. бастау
ала ды. Сонымен қатар, ұрпақтан-ұрпаққа
жал ғасқан мəдени-рухани мұралар, тастағы
жаз балардағы өсиет, нақыл сөздер жас ұрпақ
бойындағы ерлік сезімін оятып, туған жерге
деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға игі
ықпал етеді.
Қазақ халқының тарихи даму үрдісіне ғы -
лыми-педагогикалық тұрғыда талдау жа са-
й тын болсақ, қазақ ұлтының ұлт болып қа-
лыптасу кезеңі Түркі қағанаты тұсынан бас-
тап ешкіммен салыстыруға келмейтін жо-
ғары патриоттық рухта дамығанын ғы лы ми
-зерттеу көздерінен айқын аңғарамыз. Хал-
қы мыздың менталитетіне тəн жауынгерлік
жə не ерлік, тəлім-тəрбиелік мұрасының та-
ри хы өткен ғасырлар қойнауынан басталады.
Ха лықтың жоғалып кету қаупі бір сəт то лас-
тамаған сол кездерде де күнделікті іс-əре ке-
ті, тұрмыс салты, елін, жерін, арын қор ғау ға
ба ғытталған.
Қазақтың ұлан-байтақ даласын біздің ата-
ба баларымыз сан ғасыр найзаның ұшымен,
бі лектің күшімен, қанаттыға қақтырмай,
тұмсықтыға шоқтырмай аман сақтап келді.
Олар дың құрып кету қаупі төніп тұрған кез-
де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шы ға рып
жау ға қарсы тұру нағыз шынайы Отан сүй-
гіш тік қасиет еді.
Ұлттық ерлік дəстүрін басты нысанаға
ала отырып, қазақ халқының елжандылық
се зімінің қайнар көзі неде деген сұраққа
34
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
жауап іздесек, оны халықтың ежелгі тəрбие
та ғылымынан, ұлттық салт-дəстүр үрдісінен
із дестіруге тура келеді.
Тарихта қазақ деп аталатын жұрттың
ежел гі сақтар, үйсіндер мен ғұндардың
жау жүрек ұрпақтары екенін тарихшы ға-
лым дар Ақынжанов М., Аманжолов К.,
Артамонов М.И., Асфендияров С., Байпақов
К., Гумилев Л.Н., Қозыбаев М., Мұқанов М.,
Мыңжанұлы А., Рахметов К., Шоқай М., т.б.
өз еңбектерінде дəлелдеген болатын. Қа зақ-
тар дың пайда болуы туралы əр түрлі пікірлер
бар. Кеңестік дəуірдегі тарихты негіздейтін
бол сақ, қазақ хандығының құрылуымен бай-
ланыстырады. Алайда, қазақтың пайда болуы
ту ралы қытай деректеріне сүйене жазылған
Қ.Мыңжанның «Қазақтың көне тарихы» ат-
ты ғылыми еңбегінде қазақтар түркі қа ға-
наты тұсында өмір сүрген деген ілімін қазір-
гі таңда негізге алып отырмыз. Ғалым «Қа-
зақ халқының түп төркіні заманымыздың
бұ рынғы ҮII ғасырдан бастап жазба тарихта
əй гілі болған сақтар еді. …үйсіндер мен
қаң лылар бірлестігі қазақ халқының негізгі
ұйыт қысы болды», - деп жазады [1,40].
К.Аманжоловтың «Түркі халықтарының
тари хы» атты еңбегі қазақ халқының тари-
хын сақ, ғұн Түркі қағанаты тұсынан бастап
бү гінгі еліміз егемендік алғанға дейінгі ке-
зен ді қамтиды [2, 108].
Патриотизмнің дамып, қалыптасуының
тарихи алғы шарттарын айқындағанда түркі
тектес халықтардың шығу тегінен бастап,
əр кезеңдегі ерлік-жауынгерлік дəстүрінің
мазмұнын ашу арқылы түркі халқының пат-
риотизмінің ерекшелігін айқындауға болады.
«Батыр қол бастар, көсем жол бастар,
шешен сөз бастар» дегендей, ХҮIII ғасырдағы
тарихи тұлғалар – Абылай хан, қол бастаған
Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Ханкелді,
Жəнібек, Қасабай, Баян, Көкжарлы көкжал
Барақ т.б., Төле, Қазыбек, Əйтеке, Есенкелді
сынды билердің, шежіре сырын төккен
Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей, Қожаберген
т.б. жыраулардың бірінсіз-бірінің тұлғасын
толық сомдау мүмкін емес. Бабаларымыз
екі талай заманда қазақ елінің басын қосып,
ұлттық ерлік, даналық мектебінің негізін
қалады.
ХҮIII ғасырдағы халқымыздың ерлік жə не
жауынгерлік тəрбие мəселесі М.Қ.Қозыбаев-
тың басшылығымен жарық көрген «Абылай
хан» атты ғылыми-практикалық конференция
материалдарын жинақтаған еңбекте жақсы
көрсетілген. Қазақ халқының зиялы қауымы
ХҮIII ғасырдағы халқымыздың басынан
өткен сұрапыл өмірді, тарихи оқиғаларды
ғылыми жүйеге келтіре отырып, оны бүгінгі
ұр пақ тəрбиесіне пайдалануда баға жетпес
асыл мұра екеніне тоқталады. Сонымен қа-
тар, халқымыздың ерлік жəне жауынгерлік
тəр бие мəселесі “Абылай хан” атты жи нақ-
та сол ғасырда өмір сүрген, сұрапыл оқи-
ға лардың ішінде жүріп еліміздің ауыр да
қи ын заманын суреттеген ақын-жыраулар,
би-шешендер ой-толғауларын жəне тарихи
оқи ғаны ғылыми зерделеген ғалымдардың
ең бектерінде жақсы көрсетілген [3].
Ауыздан-ауызға тараған шығармалардан,
ғы лыми-зерттеу еңбектерінен ХҮIII ғасыр
қа зақ халқы үшін ауыр кезең болғанын
байқаймыз. Осындай қиын қыстау заманда бар
қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қал-
ған, дербес мемлекет құрған хан Абылай еді.
Шығыс тарихын зерттеуші, академик
В.В.Бартольд «Абылай хан ХҮIII ғасырдағы
хандардың ішінде ең құдіреттісі болды»,-
деп атап көрсетеді. [4,57].
Көптеген деректерде Абылай хан 1711
жы лы Түркістан қаласында туған деп жа-
за ды. Жəңгір ханның бесінші ұрпағы. ХҮII
ғасырдың соңында Түркістанды би леп
тұрған. Шота-Аман Уəлихановтың тар мақ-
та уы бойынша – Жəңгір хан, Уəлибақы,
Абылай, Көркем Уəли, Көркем Уəлиден қай-
сар лығы мен қайраттылығынан ер атанған
Абылай хан.
Əбілмансұр алғашқы ұрыстарға қазақтың
қол басшы батырларының бірі қанжығалы
Бөгенбай батыр бастаған қолға қосылып
ба рады. Осы ұрыста Əбілмансұр жекпе-
жек те қалмақ батыры Шырышты мерт қы-
ла ды. Жоңғардың батырын мерт қылуы,
«Абылайлап» ұран тастап, ерлік көрсетуі
қа зақ жауынгерлерін рухтандырып, Əбіл-
мансұр атасы Абылайдың есіміне ие бол ды.
Абылай хан Ресей мен Қытай сынды
аса ірі империялар арасында дұрыс саясат
35
ҰЛТТЫҚ ТАРИХ
қолданып, қазақ мемлекетінің тұтастығы
мен ер кіндігін ұстап тұра алды. Қытай, орыс
пат шалығының сеніміне ие болып, өз хал-
қы ның тыныштығы мен азаттығын қорғай
білді [5;6].
Орыс ғалымы А.Левшин өзінің ең бе-
гін де «Абылай ыңғайына қарай, біресе
орыс өкіметіне, біресе қытай өкіметіне
ба ғыныштымын деп уəде беріп жүрді. Iс
жүзінде бұлардың ешқайсысына да ба ғын-
байды, өзінше билік, өзінше саясат жүр гіз-
ді», - деп жазды [7,16].
Тарихи тағылымдарға талдау жасайтын
болсақ, ұлттық патриотизмнің ең биік шыны
ХҮIII ғасырда «Ақтабан шұбырынды, ал-
қа көл сұлама» заманында болғанын айқын
бай қауға болады.
Біз бұл тарихи кезеңдердің деректерін
сол кезде өмір сүрген ақын-жыраулар мұ-
расы арқылы зерделеп отырмыз. Бұл орайда
Бұқар жырау мұраларының бүгінгі ұрпақ
тəрбиесіне қосар үлесі аз емес. Бұқар жы рау
шығармасындағы көптеген деректер ғалым-
дардың ғылыми-зерттеулерінің негізгі ар-
қауы болып табылады. Бұқар жырау шы ғар-
масында əрбір тұлғаның орнын айқын аң ға-
ру ға болады.
Бұқар жырау – Абылай ханның ең ық-
пал ды билерінің бірі болған. Мемлекеттік
іс тер ге белсене араласып отырған. ХҮIIІ
ға сырдағы демократияшыл ақындардың
қа та рына жатады. Себебі жырау шы ғар ма-
ларында хандарды, батырлардың ерлік іс-
те рін мадақтаумен қатар олардың өрескел
қы лықтарын беттеріне баса айтады. Жырау
қа зақ елінің жоқ боп кету қаупі төніп тұрған
қи ын-қыстау заманда Абылайға ақыл-кеңес
бе ріп, зор ықпал жасай отыра, халқын бір лік-
ке шақырады. Туған жері үшін жанын пи да
еткен баһадүр ұлдарының ерлігін паш етеді.
ХҮII-ХҮIII ғасырда қазақ хал қы ның
жоңғарларға қарсы күресін ұйым дас ты ру-
шы лардың бірі, ірі қолбасшы қаракерей
Қабанбай батыр ерлігі, батырлығы - жырау
шы ғар масының негізгі арқауы. Қазақ-со-
вет энциклопедиясының екінші томында
Бұқар жырау 1668 жылы туып, 1791 жылы
қай тыс болды десе, ал үлкен қазақ-совет эн-
цик ло педиясында 1693-1787 жылдар деп
көрсетіледі. Бұқар жыраудың «Ей Абылай,
Абылай» атты жырында «менің жасым тоқ-
сан үш, мұнан кейін сөз айту, маған болар
ауыр күш» деп толғайды.
Бұқар жыраудың беделінің ерте кезден-ақ
көз ге түскенін «Біз оны ерте көтеріліп, Тəуке
хан тұсында-ақ хан төңірегінде ықпалды би-
лер дің бірі болғандығын білеміз»,-деп атап
көр се теді [8,5].
Тəуке хан тұсында Қаз дауысты Қазыбек,
Төле, Əйтеке сынды билермен бірлесе оты-
рып «Жеті жарғы» заңын шығаруға ат са-
лы сады. Белгілі ғалым А.Сейдімбеков 1990
жыл ғы 12 шілде күні шыққан «Ана тілі» га-
зе тінде Пекин қаласындағы архивте Бұқар
жырау бабамыздың 940 жолдан тұратын
36 толғауының табылғаны туралы жазып,
Бұқар жырау тек ауыз əдебиеті емес, жазба
əде биетінің де атасы болып табылатынын
атап көрсетеді [9].
Бұқар мұрасын зерттеген М.Ж.Көпеев
«Бұқарекең өз уақытында сөйлеген сөзі
мұ нан жүз мың есе көп шығар, бізге келіп
жет кені тек тамтығы ғана. Біреуден-біреу
ауыз ша айтумен ұғынып, жаттап алып, ес-
те қалғаны ғана», - деген сөзін жоғарыда та-
был ған деректер толықтыра түседі [10, 34]
Қазақтың шексіз ұлан-ғайыр даласына
көз тігушілер көп болғаны белгілі. Қазақ елі-
не жоңғарлар баса көктеп кіріп, орыстар өз
саясатын жүргізген заман еді. Бұқар жы рау
елдің бірлігі мен елдігін сақтап қалу үшін
Ресей патшалығына қарсы тұрарлық мұр ша-
ның жоқ екенін ескере отырып:
Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма
Басына мұнша көтерген,
Жұртына жаулық сағынба, -
деп, Ресей мен Қытай секілді екі жағындағы
екі алып им перияның ортасында тұрған
қазақ елін аман сақтап қалу керектігін
Абылайдан та лап етеді.
«Бұқар елдің береке бірлігін сақтаушы,
араз ағайынды табыстырушы, алыстағыны
жа қындастырушы, берекенің қазығы. Бұқар
айт қан сөзіне ел ұйып, ер тыңдайтын шешен,
ке ңінен толғайтын дана, терең ақыл иесі»
[8,35], - деп атап көрсеткендей, халықтық
пе да гогика негізінде жастарды ерлік рухта
36
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
тəрбиелеуде Бұқар жырау шығармаларының
ала тын орны ерекше. Қабанбай батырдың
сом тұлғасын жырау шығармасына арқау
етіп, бүгінгі жас ұрпақ тəрбиесіне үлгі ете ді.
Қабанбай батыр ерлігіне сүйсінген Абылай
хан оған «хан» атағын беріпті деген жыр -
шумақтары батыр тұлғасының халық жа-
дын да ұмытылмастай сомдала түсетінін
көр сетеді.
Ерлігімен бүкіл халыққа танылған, ха лық
жадында «Дарабоз», «Ханбатыр» атан ған
Қабанбай батырдың ерлігін ақындар шы ғар-
масына негізгі арқауы ете отырып, бүгінгі
ұрпақ тəрбиесіне үлкен мұра қалдырды [11].
Ақтамберді жырау /1675-1768/ қазақ-
қал мақ соғысындағы қазақ əскерінің қол-
бас шысы болған, ақтабан-шұбырынды уа-
қи ға ларының куəгері. Жырау жастайынан
ел ісіне араласып, алғашқы туындыларын
10-11 жасында шығара бастайды. Қал мақ-
тармен соғыстарда батырлығымен, ұйым-
дастырушылық қабілетімен көзге түседі [8].
Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде
өмір сүрген Ақтамберді жырау жырларының
негізгі арқауы – ерлікке, батырлыққа шақыру,
жауға қарсы кек алуды армандау.
ХҮIII ғасыр қазақ елінің тарихындағы
қиын-қыстау кезеңдерде елін, жерін жау-
дан қорғауда, жаудан қаймықпай шап қан
батырлардың ерлігі Тəттіқара шығар ма ла-
ры ның негізгі арқауы. Қиян-кескі соғыста
қа зақ əскерімен бірге болып, демалыс сəт-
тер де жауынгерлерді өзінің жырымен рух-
тан дырып отырған.
Абылай хан жаугершілікке аттанғанда
Тəттіқара ны қасынан тастамаған. Оның
суырып салма ақындығын, тура шыл ды ғын,
сонымен қатар жаудан қайт пай тын батыр-
лығын қатты бағалаған [8]. Жауын гер лер
жау əскерімен табан тіресіп күреске шы дай
алмауы Тəтіқараны күйіндірсе де, жауын-
герлердің рухтарын көтеру үшін əр кез
олардың ерен ерліктерін жырға қосып отыр-
ған.
1723 жылғы халқымыздың «Мың өліп,
мың тірілген» қазақ еліне сұлама қасірет
əкел ген, сұрапыл қайғы-қасіретті заманын
бей не лейтін, қазақтың құдіретті əн ұраны
«Елім-ай» əнін тудырған - Қожаберген
Толыбайұлы. Қожаберген жырларынан жыр-
аудың алғашқы күнінен бастап соғысқа ара-
ла сып, халықпен бірге қасіретті басынан ке-
шір генін аңғарамыз. Қожаберген жыраудың
ба тыр болғанын дəлелдейтін деректердің
бі рі оның аты өз руының ұранына айналған.
Оның батырлықты дəріптейтін «Ер Көкше»,
«Ең сегей бойлы ер Есім», «Қасқа жолды ер
Қасым», «Қабанбай батыр», «Ер Жəнібек»,
«Орақ батыр», «Қорқыт баба» сияқты шы-
ғар малары жəне «Елім-ай», «Бозайғыр»,
«Аңырақай», «Күлдірмай» т.б. күйлері ел
мұрасына айналған [8].
«Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге
жарар ол» дегендей қазақ халқының ар
на мысын қорғап, еліміздің еркіндігі жо-
лын да жан аямай күрескен, батырлардың
ерліктерінен қуат алып, шежіре сырын
төккен жыраулардың бірі – Үмбетей /1713-
1781/. Үмбетей шығармаларында қол бас-
таған қолбасшылардың, ел қорғаған ба-
тыр лардың ерен ерліктері дəріптеледі.
«Сарыарқаны жерім деп, қалың қазақ
елім» деп басталатын жырда Абылай хан-
ның алғашқы ерліктері мадақталады. Атал-
ған жырдың негізгі мазмұны Қабанбай,
Бөгенбай, Баян т.б. батыр ерліктерін дəріптей
оты ра, Абылай ханның кемшілігін бетіне ба-
сады. Сонымен қатар, Үмбетей жырау шы-
ғар масында Бөгенбай батыр ерлігі, өлімі,
оны Абылай ханға естірту жəне батыр өлімін
жоқтау негізгі орын алады [8].
ХҮIII ғасырда жоңғарлармен қатар орыс-
тармен де соғыстың болғаны белгілі. Орыс-
тарды талқандап, оларды Еділден ары асырып
тастауда Бөгенбай батыр ерлігін Үмбетей
жыраудың жырларынан көруге болады.
Ақын-жыраулар шығармаларында негізгі
орын алатын салт-дəстүрлер – көңіл сұрау,
қоштасу, естірту, жоқтау. Қазақ əскерінің
қолбасшысы Қабанбай ауру дегенді естіп
Абылай хан мен Бұқар жыраудың келіп,
батырдың көңілін сұрауы ірі тұлғалардың
бір-біріне деген сыйластығымен қатар, оның
кейінгі ұрпаққа берер тəлімі де ерекше.
Халық үшін туып, сол үшін жанын пида
еткен батыр ерлігін жырлай отырып, жас
ұрпақты өшпес ерлікке шақырып, жігер,
қайрат береді.
37
Халықтық дəстүрлер негізінде қалып тас-
қан: көңіл сұрау, қоштасу, естірту, жоқтау
секілді дəстүрлердің үлкен тəрбиелік мəні
бар тəлім-тəрбиенің көзі. Естіртудің өзіндік
ерекшелігі бар. Күй арқылы естірту, сөзбен,
жырмен жеткізу бар. Абылай ханға Бөгенбай
батыр өлімін естірту Бұқар мен Үмбетей
жыраулардың үлесіне тиеді.
Үмбетей жырау батыр қазасын үлкен
шеберлікпен Абылай ханға естіртеді. Жырда
Абылай жорықтарын, батырлардың ерен
ерліктерін жырға қоса отырып, қайғылы
хабарды жеткізеді [8].
«Отанды сүю от басынан басталады»
деп ұққан ата-бабаларымыз отансүйгіштік
қасиетті ата-ана, ауыл-аймақтың, елінің
намысын қорғауды өз ұрпақтарына бірінші
парыз ретінде ұқтырып өсірді. «Еліңді сүйсең
ерлік істейсің», «Ер жігіт елі үшін туады, елі
үшін өледі», «Туған жерге ту тігу елім деген
азаматтың борышы» дегенді өздерінің ұл-
қызының санасына үнемі сіңіріп отырған.
«Ер намысы - ел намысы», «Ер намыстың
құлы», «Арың үшін алысу азаматтық», «Ел
үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деген
елжандылық ұрандар халқымыздың мəңгілік
тəрбие қағидасына айналды. Ерлік дегеніміз
ұлттық тəрбие тағылымының, салт-дəс түр-
дің, тұрмыс тіршіліктің негізгі тұтқасы бо-
лып саналады. Баланы туа салысымен ерлік
рухта тəрбиелеу, еңбекке, елін, жерін, ана
ті лін сүюге баулу бесік жырынан бастап
бүкіл ауыз əдебиетінің өнегелі өсиеті болып
табылады. Еңбек пен ерлікті, ел мен жерді
пір тұтқан бабаларымыз ғасырлар бой ер-
лік тің ерен үлгісін көрсетіп бақты. Оған
ай қын мысал, Құлтегін, Тоныкөктердің ер-
лік дəстүрінен бастап, ХҮIII ғасырдағы
Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай тағы басқа
ба тырлардың тəрбиесіне назар аударсақ
ай қын
байқаймыз.
Мысалы,
З.Сəнік,
Б.Садықанның «Қаракерей Қабанбай» [10]
ат ты еңбегінде Ерасылдың балалық ша ғы нан
бастап батырдың жеке тұлғасын қа лып тас-
тыруда ата-ананың, ағайын-тумалардың əлеу-
меттік ортаның игі ықпал еткенін кө ре міз.
Біз бұдан ұрпақ тəрбиесіндегі отбасы,
Отан ының, өскен ортасының əсерінің орасан
зор еке нін байқаймыз. Ер елдің ық жағынан
панасы, қорғаны деп бағалаған ата-бабамыз
«ерлікті тəрбиеден туады» деп ұққан. Батыр,
ер де ген ұғымдар үнемі қатар қолданылып
кел ген.
«Батыр – дегеніміз /араб жəне иран тіл-
де рінде баһадүр/ жаугершілік кездер мен əс-
ке ри жорықтарда жеке ерліктерімен ерекше
көз ге түскен ержүрек, қаһарман адамдарға
бе рілетін құрметті атақ. Ал батырлық же-
ке адамдарға тəн патриоттық қасиет»
[11,39], - деп берілген анықтамаларды не-
гіз ге ала отырып, батырлық, батыр, ер, ер-
лік жəне ұлттық жауынгерлік дəстүр оның
ерекшеліктеріне, ерлік тəрбиесіне пе да-
го гикалық тұрғыда түсініктеме берілді.
Ба тырлық – соғыс жағдайында соғыс тə-
сіл дерін жетік меңгеріп, ірі жағдайларда
жау ынгерлердің
ерекше
көзге
түсуі.
Батырлықтың ерекше белгісі соғыс жағ-
дай ында көрінеді. Батыр - соғыс өнеріне,
стр атегиясына жетік, ірі шайқастарды же-
ке ерлігімен де, өзіне қарасты əскери топты
бас қара білумен де көзге түсіп халық та-
ны ған адам. Батырдың бар ғұмыры ел
қорғауға, жорыққа бағышталады. Академик
М.К.Қозыбаев халқымыздың ерлік жəне
жау ынгерлік дəстүрлеріне тоқтала келіп,
«Ер дегенде ең алдымен бізге Отан қорғаған
сəт те жау шебін бұзып, қамал алған қайрат-
жі гер иесінің бейнесі оралады», - деп атап
көр сетеді [12,8].
Яғни, ер-ар-намыс, азаматтық қасиетін
үне мі жоғары ұстап, қажетті жерде қауіп-қа-
тер ге өз басын тігіп батыл іс-əрекетке бара
ала тын адам. Ердің іс-əрекеті бейбіт кезде
де, соғыс кезінде де таныла береді. Ерлік –
жау гершілік уақытта да, күнделікті өмірде
де ел, жер мүддесі үшін қауіп қатерлі істерге,
ерекше қимылдарға бару іс-əрекеті.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Мыңжанұлы А. Қазақтың көне тарихы. – Алматы: Жазушы, 1992. –400 б.
2 Аманжолов К. Қазақстан тарихы. I-том. – Алматы: Білім, 2004. – 392 б.
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
38
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
3 Абылай хан (редакциясын басқарған М.Қозыбаев). Ғылыми-практикалық конферен-
ция материалдары. - Көкшетау, 1991.
4 Бартольд В.В. Түрік-моңғол халықтарының тарихы. – Алматы: 1968. - 224 б.
5 Мағауин М. Қазақ тарихының əліппесі.– Алматы: Ер Дəулет,1994. – 239 б.
6 Мағауин М. Қазақ хандығы дəуіріндегі əдебиет. Ана тілі, 1992. – 176 б.
7 Левшин А. Қырғыз-қазақ даласының сипаттамасы. Соч. 1-3 бөлім. 1832.
8 Бес ғасыр жырлайды. – Алматы, 1989. I-II томдар.
9 Тарақты Ақселеу. Ұлы дала тарихына шолу /Ана тілі газеті. 3 шілде. 1992 ж. – Б.
7-10.
10 Көпеев М-Ж. Сарыарқаны кімдікі екені туралы //Қазақ тілі мен əдебиеті. № 4, 1994.
– Б. 111-125.
11 Сəнік З., Садықан Б. Қаракерей Қабанбай батыр. – Алматы: Жазушы, 1991. - 174 б.
12 Қазақ-совет энциклопедиясы. – Алматы: Қазақстан, 1977. 2-том.
13 Қозыбаев М.Қ. Ел-ебелек емес, ер-кебенек емес /Қазақ əдебиеті, 14 маусым 1991. –
Б. 10-11.
14 Мұхаметханов Қ. «Кім жеткен Қабанбайға дуа қонған?» /Қазақ əдебиеті, 7 ақпан
1992 ж. – Б. 10-11.
15 Уəлиханов Ш. Абылай хан туралы өлең-жырлар жəне тарих. Тарихи жырлар. I-том.
Абылай хан. – Алматы: Білім.
16 Ақселеу Сейдімбек Қазақ əлемі. – Алматы: Санат, 1997. – 464 б.
Өз қадірін білмеген- ер қадірін білмейді
Ер қадірін білмеген- ел қадірін білмейді
Б. Момышұлы
39
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ƏОЖ 376
С.Б. Даутова
ф.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ
Əдебиеттану жəне тіл білімі ҒЗИ-ның директоры
Достарыңызбен бөлісу: |