Бас редактор с. Ж. Пірəлиев


Білім беру деңгейі оқушысының бойында сөйлеу білігін қалыптастыру, олардың



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата03.03.2017
өлшемі6,2 Mb.
#5927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Білім беру деңгейі оқушысының бойында сөйлеу білігін қалыптастыру, олардың 
адамгершілік  жəне  эстетикалық  құндылықтар  жөнінде  түсініктерін  кеңейту 
жолдары.  Оқырмандық  білікті  мəтін  бойынша  жүргізілетін  жұмыстар  жүйесі  (оқу, 
мəтінді талдау, мəтінге жоспар құру, кейіпкерлерді сипаттау т.б.) құрайды. 
“Қоғамдық  бiлiм  негiздерi”  пəнi  бойынша  оқу  бағдарламасы  оқу-тəрбие  үрдiсiн 
ұйымдастыруға оңтайлы жағдайлар жасауға бейiмдеуi тиiс. 
«Ұлттық  тəрбие»  пəнінің  мақсаты  ұлттық  сана-сезімі  қалыптасқан,  ұлттық 
мүдденің өркендеуіне өз үлесін қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық 
құндылықтарды ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тəрбиелеу. 
«Ұлттық тəрбие» пəні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді: 

 
өскелең  ұрпақты  қазақтың  ұлттық  тəрбиесінің  негiзгi  ұғымдарымен, 
бiлiмдерiмен, дүниетанымдық идеяларымен жəне əдiстерiмен таныстыру; 

 
ұрпаққа  қазақтың  тілін,  тарихын,  дінін,  ділін,  ұлттық  салт-дəстүрін, 
ұлттық мəдениетін, əдет-ғұрпын таныстыра отырып, сана сезімін, намысын, мінез-
құлқын, дүниетанымын қалыптастыру; 

 
ұрпағымызға  қазақтың  ұлттық  құндылықтары  негізінде  əлеуметтiк-
психологиялық,  құқықтық-экономикалық  жəне  логикалық  ойлауды  дамытудың 
қажеттi  дағдылары  мен  шеберлiгiн  меңгеруді,  дұрыс  жəне  шешен  сөйлеудi, 
қоғамдық  ортада  өзiн-өзi  ұстай  бiлудi,  бəсекеге  қабілетті  құзыреттілікті 
қалыптастыру; 

 
жат  қылықтардан  сақ  бола  отырып,  жан  сұлулығы  мен  тəн  сұлулығын 
ұштастыра білу жəне оны дамыту; 

 
қоғам  мен  табиғат  ресурстарын  адам  игілігіне  ұқыпты,  ұтымды  пайдалануға 
бейімдеу, ұлттық құндылықтарды жалпыадамзаттық құндылықтармен ұштастыру; 

 
адамгершілік жəне эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру; 


 

 
қазақ  халқының  терең  де,  мəнді  тəрбиесін  басқа  ұлт  өкілдеріне  насихаттай 
отырып, ұлтаралық қарым-қатынасты жетілдіру; 
«Ұлттық тəрбие» пəні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздерінің 
басты  ұстанымдарына  базалық  құзырет,  түйінді  құзырет,  пəндік  құзырет  кіреді.  Осы 
айтылғандардан  басқа  «Ұлттық  тəрбие»  пəнінің  оқу  пəні  материалдарын  сұрыптауда 
классикалық  педагогикадағы  тəрбие  бағыттары  басшылыққа  алынады.  Бұл  тəрбие 
бағыттары  талабы  бойынша  халқымыздың  ұлы  ғұламалары  мен  ойшылдарының 
еңбектеріндегі тəрбие көрінісі, мəдени мұра нысандары, халқымыздың ұлағат сөздерінің 
тəрбиелік  мəні  жəне  қазіргі  мəдениет  жəне  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  ұлттық 
тəрбие  берудегі  рөлі  тақырыптары  əр  сыныпта  қайталанып  отырады.  Оқушылар  жас 
ерекшеліктеріне  қарай  олардың  əр  түрлі  ұлттық  тəрбие  категорияларына  сай  түрлі 
тақырыпта жазған шығармаларын оқуға мүмкіндік алады. 
Оқу  материалдары 2-4 сыныптардың  барлығында  бірдей  қайталанатын  тақырыптар 
түрінде  беріледі.  Олар  білім  мен  ұлттық  тəрбие  ұстанымы  бойынша  жүйеленеді. 1-
сыныпты  бітірген  оқушыда  оқу  дағдысын  қалыптастырып,  жетілдіре  түсу  үшін  ұлттық 
тəрбиенің халықтық үлгілері осы жастағы балаларға арналған нұсқалары жеткілікті түрде 
қамтылуы тиіс. Оқулыққа материалдар таңдауда терең білім мен ұлттық тəрбие жүйесінің 
даму бағдарлары мынадай қағидаттарға негізделген: прогрестің факторы, ұлттық байлық, 
тұлғалық  жəне  əлеуметтік  табыстың  кепілі  ретіндегі  білім;  бейбітшілік  пен  келісімді 
қамтамасыз  етуге  ықпал  ететін  білім;  баршаға  бағытталған  білім;  өмір  жəне  еңбек 
шеңберінде  тіршілік  етуді  қамтамасыз  ететін  білім;  бүкіл  өмір  барысында  іргелі 
қажеттіліктерді  өтейтін  білім;  ашық  жүйе  ретіндегі  білім;  ұлттық  ойлауды  қалыптас-
тыратын  тағылымды  тəрбиеге  тəуелді  білім;  ұлтжандылықтың  қайнар  көзі,  ұлттар  мен 
ұлыстардың бейбіт қатар өмір сүруінің кепілі болатын ұлттық тəрбие; бəсекеге қабілетті 
адамның, бəсекеге қабілетті қоғамның, бəсекеге қабілетті мемлекеттің, бəсекеге қабілетті 
экономиканың,  бəсекеге  қабілетті  шығармашылық  əлеуеттің  дамуының  берік  тұтқасы 
болып  табылатын  ұлттық  тəрбие.  Осы  арқылы  оқушыларды  адамгершілік,  ізгілік 
касиеттерге тəрбиелейтін ең сенімді жол екендігіне ерекше көңіл бөлінеді. 
Білім мен ұлттық тəрбие ұстанымға сəйкес топтастырылған материалдар білім беру 
мен тəлім-тəрбие үрдістерін жүйелі түрде ұйымдастыру жолында оқушылардың туған ел 
мен басты рухани құндылықтары (туған тіл, ата тек), табиғаты туралы (аспан – жер, аң – 
құс, өзен – көл, тау – тас, өсімдіктер дүниесі мен оларға адамдардың қарым – қатынасын 
байқататын)  танымын  арттыру,  көркем  жəне  ғылыми-танымдық  шығармаларды  оқыту 
арқылы  қоршаған  ортаға,  табиғатқа  сүйіспеншілік  сезімін  ояту,  экологиялық  мəдениетін 
тəрбиелеу жəне салауатты өмір сүру образы арқылы адамзаттың рухани тағылымын (адал 
еңбек, жақсылық, қамқорлық) əсемдік əлеміне ұмтылумен ұштастыру көзделеді. 
«Ұлттық  тəрбие»  пəнінің 2-деңгейінде  оқушыны  жоғарғы  сыныптардағы  «Ұлттық 
тəрбиенің» жүйелі курсын меңгеруге дайындауға, этикалық сауаттандыруға, эстетикалық 
құндылықтар арқылы мəдени дамытуға баса көңіл бөлінеді. Бұл деңгейдің материалдарын 
оқытуда ұлттық тəрбие тұтас бітімінің жүйеленген қысқа нұсқасы ұсынылады. 
Білім  беру  деңгейінде  оқытудың  қолжетерлік  ұстанымы,  оқушылардың 
қызығушылығын  ескеру  ұстанымы,  көрнекілік  ұстанымы  т.б.  білім  мен  ұлттық  тəрбие 
ұстанымындағы дидактиканың жалпы ұстаным талаптары сақталады. 
«Ұлттық  тəрбие»  пəні  білім  мазмұнының  негізгі  мазмұндық  желілері  ұлттық 
тəрбиенің  негізгі  діңгектері - ұлттық  сана,  ұлттық  тіл,  ұлттық  мəдениет,  ұлттық  діл, 
ұлттық  салт-дəстүр  мен  əдет-ғұрып  категорияларына  сүйенеді. «Ұлттық  тəрбие»  пəні 
білім  мазмұнын  іріктеуде  дəстүрлі  классикалық  педагогикадағы  тəрбие    бағыттарын 
толық қамту ескерілді. 
Ерекше назар аударатын мəселелер ретінде қазақ халқының ұлттық ойындары, мақал-
мəтелдері,  өсиет  сөздері,  туыстық  қатынастары,  жеті  ата  түсінігінің  тəрбиелік  мəні,  қыз 
тəрбиесі, ұл тəрбиесі, келін тəрбиесі, ер азамат тəрбиесі, отбасы мүшелерінің өзара қарым-
қатынасын  реттеудегі  ұлттық  тəрбиенің  ролі,  қазақ  халқына  тəн  əдет-ғұрып,  салт-


 
дəстүрлері,  қазақ  халқының  адамгершілік  құндылықтары,  ұлттық  тəрбие  берудегі  діннің 
алатын орны тақырыптары жəне олардың тəрбиелік мəні белгіленген. 
Қазіргі  жастардың  əлеуметтік-тұлғалық  мəселелері  ретінде  жас  ерекшеліктеріне 
байланысты  ұлттық  тəрбиенің    мазмұндық  сипаты,  салауатты  өмір  сүру  салты, 
адамгершілік  тəрбиелілігі,  сонымен  қатар,  жастар  арасындағы  жат  қылықтар  (шылым 
шегу,  нашақорлық,  жезөкшелік,  маскүнемдік,  бұзақылық,  қылмыстық  əрекет)  жəне 
жастардың əлеуметтік қалыптасуында діннің ықпалы жайында тақырыптар ұсынылған. 
Халқымыздың  ұлы  ғұламалары  мен  ойшылдарының  еңбектеріндегі  тəрбие  көрінісі, 
мəдени  мұра  нысандары,  халқымыздың  ұлағат  сөздерінің  тəрбиелік  мəні  жəне  қазіргі 
мəдениет  жəне  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  ұлттық  тəрбие  берудегі  ролі 
тақырыптары да қамтылады. 
Сонымен қатар, Қазақстандағы ұлт саясатының қалыптасуы, дамуы жəне оның зиялы 
азамат қалыптасуындағы ролі тақырыптары да қарастырылған. 
 
«Ұлттық тəрбие» пəнін оқытуды 
жүзеге асыру механизмі ретінде төмендегілер ұсынылады: 
 
1.
 
Ата-аналарды отбасында балаларға ұлттық тəрбие беруге дайындау. 
2.
 
«Ұлттық тəрбие» пəнінің мектепте оқытылуы: «Ұлттық тəрбие» пəні мектептің 
1-12 сыныптарында аптасына 1 сағат – міндетті пəн ретінде оқытылуы қажет. Ал, ЖОО –
да 4 кредиттік пəн ретінде жүргізілу ұсынылады. 
«Ұлттық  тəрбие»  пəнінің  білім  мазмұны:  «Ұлттық  тəрбие»  пəнінің  білім  мазмұны 
кіріктірілген  /интеграцияланған/  пəндер  мазмұнынан,  əр  сынып  оқушыларының 
психологиялық-физиологиялық  ерекшеліктеріне  сəйкес  құрылады. /Қазақ  тілі,  əдеп, 
тарих,  өзін-өзі  тану,  музыка,  сурет,  дене  шынықтыру,  математика,  биология,  химия, 
физика, астрономия, қоғамтану т.б. пəндер мазмұнының кіріктірілуі/. 
3.
 
«Ұлттық  тəрбие»  пəнінен    сабақ  өткізуші  мамандар: «Ұлттық  тəрбие»  пəнін 
ұлттық  тəрбие  жұмысын  ұйымдастырушы  мамандығын  игергендер  немесе  мамандықты 
жетілдіру курстарында арнайы дайындықтан өткен мамандар бере алады. 
4.
 
«Ұлттық  тəрбие»  пəнін  өткізу  формалары:  əр  сыныптағы  пəндер  сабақтары, 
сыныптан  тыс  жұмыстар,  мектептегі  мерекелік  іс-шаралар,  тəрбиелік  бағыттағы 
видиофильмдер, қойылымдар мен əдеби шығармаларды талдау, диспуттар мен жарыстар 
өткізу, тəрбиелік мəні бар тарихи орындарға саяхат жасау т.б. 
5.
 
«Ұлттық  тəрбие»  пəнін  өткізу  құралдары:  «Ұлттық  тəрбие»  пəнінің  оқу  құралы 
мен  оқу-əдістемелік  құралдары,  хрестоматиялар,  мерзімдік  басылымдар,  тəрбиелік  мəні 
бар  көркем  шығармалар  мен  арнайы  тақырыптар  бойынша  тəрбиелік  мақсаттағы  кино-
видео фильмдер, тарихи-мұра материалдары т.б. 
«Ұлттық  тəрбие»  пəні  мазмұнының  вариативті  бөлігі.  «Ұлттық  тəрбие»  пəні 
мазмұнын  толықтыруға,  оқушының  пəні  бойынша  білімін  көтеруге,  танымдық 
қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  бағытталуы  тиіс.  Пəнді  тереңірек  білу  үшін 
оқушыларға қосымша вариативті курстар ұсынуға болады. Мəселен:  
Бастауыш:  «Мынау  менің  жұлдызым,  қиял  жұлдыз...», «Адамға  адам  жат  емес», 
«Спорт – жанның да тəрбиешісі»; 
Негізгі: «Еңбекпенен ел көгерер», «Адам болам десеңіз...», «Оқығанның көзі ашық»; 
Бағдарлы:  «Бабалар  сөзі – даналық  сөзі», «Мен  ертеңіме  сенемін», «Жаным 
жақсылыққа жаралғандай...» т.б.
 
 
ІІ БІЛІМ БЕРУДЕН КҮТІЛЕТІН НƏТИЖЕЛЕР 
 
Оқу  пəні  бойынша  білім  берудің  күтілетін  нəтижелері  бастауыш  білім  берудің 
деңгейлері бойынша оқудың 3 циклына сəйкес белгіленген білім беру мақсаттарына сай 
құрылған. 

10 
 
Бастауыш білім берудің əр циклы білім алушылардың белгіленген деңгей бойынша оқу 
жетістіктерін оқу процесінде ұйымдастыруға бағытталған: 
Оқу жетістіктерінің І деңгейі – бастауыштан кейін; 
Оқу жетістіктерінің ІІ деңгейі – негізгіден кейін; 
Оқу жетістіктерінің ІІІ деңгейі – бағдарлыдан кейін. 
Оқушылардың  барлық  білім  салаларында  үш  деңгей  бойынша  оқу  жетістіктері  ҚР 
МЖБС  түйінді  құзіреттерге:  ақпараттық,  коммуникативтік  жəне  проблемалардың 
шешімін табу құзіреттеріне сəйкес белгіленген. 
Оқу жетістігінің І-деңгейде оқушылардан күтілетін нəтижелер: 

 
Атажұрт,  астана,  облыс,  аудан,  ауыл,  мектеп  туралы  түсінік  алып  оны  сүюге, 
құрметтеуге; Отанын мақтан тұтып, қызмет етуге, туған  жер байлықтарын ысырап 
етпеуге, табиғатын аялауды үйренеді. 

 
Ата-бабалар  əлемі  туралы  түсінік,  жеті  ата  туыстығының  мəні  мен  қазақ 
отбасындағы ұрпақ жалғастығының мəн-маңызына бойлайды

 
Оқу  жəне  өмірлік  жағдаяттарда  қарым-қатынас  жасау  үшін  сөйлесім  əрекетін 
пайдаланудың  қарапайым  тəсілдерін  біледі:  өз  ойын  ауызша  жəне  жазбаша  білдіруге 
тырысады; табиғат құбылыстарын суреттеуге қажетті сөздік қорды игереді. 

 
Отаншылдыққа  тəрбиеленеді,  өз  халқынан  шыққан  тарихи  тұлғалар  мен  ұлы 
адамдарға  деген  мақтаныш  сезімін  тудыратын  шығармалардың  мазмұнын  жетік 
меңгереді. 
Оқу жетістігінің ІІ-деңгейде оқушылардан күтілетін нəтижелер: 

 
Жас ұрпақ адамгершілік-рухани қайнар көздерді бойына сіңіріп, өз туған жерін, 
Отанын, атажұртын, өзі алғаш білім алған ордасын құрметтеуге үйренеді; 

 
Ұлттық  құндылықтарды  бойына  сіңірген  оқушы  салт-дəстүрімізді,  əдет-
ғұрпымызды, дініміз бен ділімізді, мəдениетімізді, өнерімізді əрқашан құрмет тұтып, оны 
əркез бағалайды; 

 
Оқу  жəне  өмірлік  жағдаяттарда  қарым-қатынас  жасау  үшін  сөйлесім  əрекетін 
пайдаланудың  қарапайым  тəсілдерін  біледі:  өз  ойын  ауызша  жəне  жазбаша  білдіруге 
тырысады; табиғат құбылыстарын суреттеуге қажетті сөздік қорды игереді. 

 
Өз  елін,  туған  жерін  құрметтеуге  тəрбиеленеді,  өз  халқының  салт-дəстүр, 
əдет-ғұрып, тарихын жетік меңгереді. 
Оқу жетістігінің ІІІ-деңгейде оқушылардан күтілетін нəтижелер: 

 
Өз елінің өнерін, елін, жерін, айналасындағы достарын құрметтеуге, салауатты 
өмір  салтын  ұстануға,  адамдарға  жəне  қоршаған  ортаға  деген  құндылық  қарым-
қатынастарын бағалауға, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық жəне кішіпейілдік 
танытуға үйренеді; 

 
Қазақ  халқымыздың  ұлттық  құндылықтарын,  қазақи  салт-дəстүрлеріміз,  əдет-
ғұрыптарымыз,  көне  ата-бабалар  əлемі  жайында  түсінік,  өз  жеті  атасы,  жеті  ата 
туыстығының мəні мен қазақ отбасындағы ұрпақ жалғастығының мəн-маңызына бойына 
сіңіреді; 

 
Оқу  жəне  өмірлік  жағдаяттарда  қарым-қатынас  жасау  үшін  сөйлесім  əрекетін 
пайдаланудың  қарапайым  тəсілдерін  біледі:  өз  ойын  ауызша  жəне  жазбаша  білдіруге 
тырысады; қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, таным тағылымдарын игереді; 

 
Өз  Отанын  құрметтеуге,  елін,  жерін  сүюге  тəрбиеленеді,  өз  халқының 
тарихы мен салт-дəстүрін, діні мен ділін, рухани бай қазынамызды бойына сіңіріп, оны 
жетік меңгереді. 
Оқу  бағдарламасына  бүгінде  мектеп  бағдарламасында  оқытылып  жүрген  «Өзін-өзі 
тану»  пəнінің  бағдарламасынан,  факультатив  ретінде  оқу  бағдарламасына  енген 
«Дінтану»,  БҚМУ-дың  педагогика  жəне  психология  кафедрасының  доценті  Байжан 
Молдағалиев  дайындаған  «Ұлтаралық  қарым-қатынас  мəдениетінің  педагогикасы» 
курсының  оқу  бағдарламасы,  А.Қыраубайқызының  бастауыш  буынға  арналған  «Əлем 

11 
 
жəне  мен»,  орта  буынға  арналған  «Адам  жəне  əлем»,  бағдарламалары,  С.Қ.Қалиев, 
С.Иманбаева Орта мектептің Х сыныбына арналған «Əдеп» бағдарламасы пайдаланылды. 
 
 
ОҚУ ПƏНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 
 
БАСТАУЫШ МЕКТЕП 
(34
 
САҒ., АПТАСЫНА 1 САҒ.) 
 
КІРІСПЕ САБАҚ  
 
«Ұлттық  тəрбие»  пəні  туралы  түсінік  беру.  Сынып  бойынша  пəнді  оқытудың  мақсат, 
міндеттерімен таныстыру. 
 
БІЛІМ – ӨМІР ШЫРАҒЫ  
 
Кел балалар, оқылық! 
«Білім» – адамзат  тіршілігінің  барысында  жинақталған  əлеуметтік  тəжірибе.  Білім – 
адам өмірінің шамшырағы. Білім жəне оның маңызы. Адам өмірінде білімнің орны. Білім 
беру негіздері. «Білімді мыңды жығады, білімсіз бірді жығады» мақалының мəні. «Білім», 
«сыйластық», «адамгершілік  құндылықтары»  туралы  түсініктерін  кеңейту.  Ата-ананың, 
үлкендердің,  кітаптың  өмірдегі  «ұстаздары»  екендігін  түсіндіру.  Кітап  оқуға  деген 
қызығушылықтарын арттыру, ұстаздарды бағалауға, сыйлауға тəрбиелеу. 
Менің мектебім 
Мектептегі  оқу  ол  нені  үйретеді?  Оқушы  мəртебесі;  жақсы  оқушы  болуға  тырысу; 
сыныпта ұжымға бірігу, танысу, достасу. 
Оқушы  өмірінде  ұстаздың  алатын  орны;  оқушы  мен  ұстаз  арасындағы  өзара 
сыйластық. Мектептің оқушы өміріндегі маңызы, мектепте оқу, мектеп өміріне араласу  
 
 
ТУҒАН ЕЛІМ – ОТАНЫМ 
 
Мен қайда тұрамын! 
Қазақ  жері – атажұрт.  Астана,  облыс,  аудан,  ауыл.  Тəуелсіз  Қазақстан – біздің 
Отанымыз.  Тəуелсіз  Қазақстанның  жас  ұландары.  Еліміздің  мемлекеттік  рəміздері.  Елді, 
жерді сүю, туған жер байлықтарын ысырап етпеу – ұрпаққа аманат. Туған жер суреттері  
Отанымды сүйемін. 
Отанды сүю, құрметтеу, мақтан тұту, қызмет ету. Туған өлкенің табиғаты, байлығы. 
Қазақ елінің ұлттық символдары туралы түсінік. Өнер мен мəдениет мұрағаттары.  
Астана – елімнің мақтанышы.  
Бəйтерек,  Қазақ  елі  монументі,  Хан  шатыры,  Бейбітшілік  пен  келісім  пирамидасы 
туралы түсінік. 
 
 
ҚАЗАҚ МЕНІҢ – АТА-ТЕГІМ 
 
Біздің  бабаларымыз.  Қазақ  жерін  бізге  кім  сыйлады?  Біздің  бабаларымыз.  Мен 
оларды мақтан тұтамын. Аталар əлемі. 
Аталар  маған  қандай  сый  қалдырды?  Жеті  ата.  Жеті  ата  туыстығының  мəні.  Қазақ 
отбасындағы ұрпақ жалғасы: ата, əке, бала. Əке – əулет басшысы, отбасы мүшелерінің 
тірегі,  асырап  сақтаушысы,  қамқоршысы.  Бала – əке-шешенің  перзенті,  ұрпағы,  ата-ана 
өмірінің жалғасы. 

12 
 
Ата жолы – үлгі маған. Балаларға арналған шығармалардағы ел басынан өткен тарихи 
кезеңдердің  суреттелуі.  Тарихи  тұлғалардың  тағылым  аларлық  істері.  Отаншылдыққа 
тəрбиелеу. Ұлы адамдары бар өз халқына мақтаныш сезімін туғызатын шығармалар.   
Мен  жəне  менің  отбасым.    Туыстық  қатынастар.  Отбасының  тарихы.  Ата-ананы 
құрметтеу. Бауырға деген сүйіспеншілік. Туған-туысқа деген сыйласымдық. 
 
 
ТІЛ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ 
 
Ана тілің – арың бұл /қазақ тілі, сөйлеу əдебі/. 
Тіл – халықтың  тарихы  мен  тағдыры,  тəлімі  мен  тəрбиесінің  негізі,  қатынас  құралы. 
Халықтың  аса  бай  рухани  қазынасы – туған  ана  тілі.  Қазақ  тілі – мемлекеттік  тіл.  Ана 
тілінің мəні мен мазмұны. 
Тілім  менің  тірегім.  «Тіл», «Отан»  құндылықтары  туралы  түсінік.  Ана  тілінің  адам 
өміріндегі  маңыздылығы.  Өзге  тілдерді  үйренудің  маңыздылығы.  Үштілділіктің 
қажеттілігі. 
 
ТАБИҒАТ АНАҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК 
 
Табиғатпен танысу! 
Жер біздің үйіміз. Табиғат  туралы түсінік. Аңдар, құстар, өсімдіктер, жəндіктер жəне 
біз. Табиғат – адам – қоғам арақатынасы. Табиғаттың сұлулығы мен əсемдігін сезіне білу, 
табиғаттан үйлесімділік, жарасымдылық табу, əсемдікке, сұлулықққа талпыну. Табиғатқа 
қамқорлық жасау, аяушылық, жанашырлық таныту, күтіп-баптау, өсіп-өнуіне көмектесу. 
 
Табиғатқа  қамқорлық. «Табиғат»  құндылығы  жəне  «қамқорлық»  адами  қасиеті 
туралы  түсінік.  Табиғаттың  адам  өміріндегі  маңыздылығы;  табиғатқа  қамқорлық  жасау 
түсінігі. 
 
 
ƏСЕМДІК ƏЛЕМІНДЕ  
 
Əсемдік əлемі /қоршаған ортадағы əсемдік, əсемдікке баулу/ 
Қоршаған  ортамен  ізгі  қарым-қатынас  тəжірибесін  қалыптастыруға  бағыттау. 
Балалардың  табиғатқа  эстетикалық  қатынасын  қалыптастыру  жəне  денсаулықтарын 
нығайту  мақсатында  экологиялық,  шығармашылық  іс-əрекеттер  ұйымдастыру. 
Жасөспірімдерді  əсемдік  сезімге  тəрбиелеу.  Əсемдікті  қабылдау  жəне  эстетикалық 
түсінік.  Баланың  талғам  құндылықтарды  құруға  бағытталған  қабілеттіліктерін  жəне 
əсемдік  туралы  түсініктерін  қалыптастыру.  Əсемдік  пен  сұлулыққа  ояту,  талғам 
танымдарын арттыру. 
Əдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі  
Үлкенді, ата-ананы сыйлау- ұлттық дəстүр. Достық, жолдастық тақырыбы. Сөз құдіреті 
арқылы  баланың  азаматтық,  адамгершілік  келбетінінің  қалыптасуына  əсер  ету. 
Эстетикалық-педагогикалық  мəні  жоғары,  балалардың  мінез-құлықтары,  іс-əрекеттері 
суреттелген  шығармалар  (өлеңдер,  əңгімелер,  мысалдар,  нақыл  сөздер,  мақал-мəтелдер 
т.б.) 
Сəлемдесу тəртібі. Кіммен қалай сəлемдесу керек? 
Сəлем – əдептілік белгісі. Сəлем беру - адамға жақсылық, есендік, саулық тілеу белгісі. 
Үлкен  адамға  сəлем  беру - кіші  адамның  міндеті.  Үлкендермен  амандасуға,  бір-бірімен 
сəлемдесуге үйрену, бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсете білу.  
 
ЖҰЛДЫЗДАР ƏР АДАМНЫҢ ӨМІРІНДЕ 

13 
 
 
Менің жұлдызым. 
Жұлдыздар...  Олар  қандай?  Аспан  əлеміне  үңіліп  қарағандағы,  қиялды  арбап  алатын 
жұлдыздарға түсінік беру.  
12 шоқжұлдыз, жұлдызым жоғары тіркесінің түсінігі.  
Жұлдызың жансын тіркесінің мағынасы. 
 ОЙЫННЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ РОЛІ  
  
Ойлан тап /қазақтың тəрбиелік мəні бар ұлттық ойындары
Ойлан  таптың  мақсаты – ойындар  негізінде  оқушының  жалпы  интеллектуалды  ой-
өрісін  дамыту.  Оқушылардың  логикалық  қабілеттерін  дамыту.  Топпен  жұмыс  жасауға 
үйрету. 
Ойнайық та, ойлайық! /Қазақтың ұлттық ойындарының тəрбиелік мəні/ 
Баланың  бірінші  əрекеті – ойын.  Ойын – адамның  өмірге  қадам  басардағы  алғашқы 
адымы. 
Ойын – ақыл-ойды  кеңейтетін,  тілді  ұстартатын,  сөздік  қорды  байытатын,  өмірді 
танытатын,  сезімді  кеңейтетін,  ерік  жəне  мінез  қасиеттерін  бекітетін,  адамгершілік 
сапаны  жетілдіретін,  ұжымдық  сезім  əрекеттерді  өсіретін,  еңбек  тəрбиесін  беру 
мақсаттарын  шешуге  мүмкіндік  беретін,  дене  күшінің  жетілуіне  көмектесетін  тəрбие 
құралы. 
Ұлттық  мұраның  бай  қазынасының  бірі – халықтың  ұлттық  ойындары.  Қазақтың 
ұлттық ойындары үш топқа бөлінеді, бірінші топқа, өмірге келгеннен бастап жеті жасқа 
дейінгі бала «санамақ, тəй-тəй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк 
серек»  т.б.  ойындарын  ойнайды.  Ойын  арқылы  баланың  бойында  ұйымдастырушылық 
қасиеттері,  тапқырлық,  шыдамдылық,  белсенділік,  есте  сақтау  қабілеттері,  зейіні,  тілі 
дамиды. 
 
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҮЙРЕНЕЙІК  
 
Шынықсын денеміз 
Салауатты өмір салты. Тазалық – денсаулық кепілі. Спорттық балалар ойыны, қызыққа 
толы іс-əрекеттері. Табиғат сипаттарына сай балалар ойындарының маңызы. Балалардың 
үлкендер еңбегіне қатысуы,еңбекті бағалауы. Мейрамдардағы ойналатын ойын түрлерінің 
балалар  тəрбиесіндегі  ролі.  Денсаулықтың  маңызын  түсіну,  денсаулық  құпияларын  білу, 
денсаулықты күту, бағалау, нығайту. 
Салауаттылық – менің  қалауым.  Адамға  жағымсыз,  денсаулығына,  өміріне  зиян 
нəрселерге əуес болмау туралы түсінік. 
 
ДОС БОЛАЙЫҚ, БƏРІМІЗ 
 
Біздің тілегіміз – достық 
Достары  (балабақша,  аула,  ауыл,  сынып),  достық  қарым-қатынастың  өмірде  алатын 
орны,  достыққа  негіз  болатын  адами  қасиеттер  туралы  жалпы  түсінік.  «Достық» 
құндылығы туралы түсінік. Татулық пен достықтың адам өміріндегі маңыздылығы; өзара 
көмек, жолдастық, сыйластық қарым-қатынастары. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет