Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата15.03.2017
өлшемі1,72 Mb.
#9497
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Резюме

В данной статье на основе анализа казахских народных считалок выявляются содержащиеся в 

них важнейшие методические идеи.

Summary

In this paper, based on an analysis of the Kazakh people schitalok identifies key methodological ideas 

used in their content.

39

38

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

ЖАНҰЯ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЫМ­ИШАРАТТЫҢ РӨЛІ

Әбжан Г.М. – 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті,

 Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану 

кафедрасының оқытушысы,

 филология магистрі

Жанұя ана, әке және балалардан құрылған 

кішігірім  бірлестік.  Адамның  жалғыз  өзі 

өмір  сүруі  қиын  болғандықтан  адамдар 

ұжым  болып  топ  күйінде  өмір  сүрулері 

қажет.  Сондықтан  адам  үшін  жанұяның 

және қоғамның маңызы зор. 

Дінімізде  жанұя  –  қасиетті  бірлестік. 

Мықты, берік және тәртіпті жанұялары бар 

қоғам,  мықты  қоғам.  Жанұядағы  тәртіп  те, 

тәртіпсіздікте қоғамға әсер етеді. Сондықтан 

жанұяны мықты ұстау керек.

Әлеуметтік  сыртқы  әсерлер,  қоғам  және 

жанұяның  ішкі  проблемалары,  кісінің 

дұрыс  жетілуіне  кедергі  келтіруі  мүмкін. 

Сондықтан  балалар  және  жастардың 

кісілігінің және мінез-құлқының жетілуінде 

құндылықтардың  дұрыс  дамуы  қоғамдық 

өмірде өте маңызды.

Жанұя  –  адамның  қорғаны.  Жанұя  – 

адамды түрлі жағдайлардан қорғайды. Жанұя 

қорған қызметін атқару үшін өз ішінен дұрыс 

қуатталып  қорғалуы  керек.  Жанұя  ішіндегі 

қарым-қатынас  қандай  жағдай  болмасын 

дұрыс  тәсілдермен  жалғасын  тапса,  бұл 

жанұя берік жанұя.

Жанұяның  маңызды  функцияларының 

бірі  –  балаларға  дұрыс  тәрбие  беріп,  өмір 

сүріп  жатқан  ортасына  сай  жетілдіру, 

қоғамның мағлұматтарыноған үйрету. Көзін 

жанұя  ішінде  ашқан  кісі  жан-жағындағы 

барлық  нәрселер  мен  қарым-қатынастың 

барлық  мәліметін  жанұя  ішінде  үйренеді. 

Жалпы  жағдайларға  куә  болады,  қоғамның 

құндылық  және  өлшемдерін    көріп 

тәжірибеден  өткізеді.  Ана  және  әкенің 

қыз  тәрбиесі  мен  ұл  тәрбиесінде  маңызды 

рөлдері  бар.  Әке  мен  шеше  балаларын 

олардың  болашақтағы  рөлдеріне  дайындап 

өсіреді. 

Бала  тәрбиесі  бала  туылмай  тұрып 

басталатын,  әке-шешенің  ортақ  күшімен 

жалғасатын  ұзақ  процесс.  Мұхаммед 

(саллалаһу  алайһи  уа  саллам)  былай  дейді: 

«Балаларыңызды ішіп, жегізіңіз және әдемі 

әдепке  үйретіңіз».  Басқа  бір  хадисте:  «Бір 

әкенің баласына беретін ең дұрыс нәрсесі – 

әдемі мінез-құлық», – деп жазылады. 

Қазақ  отбасында  тұспалдап  сөйлеу, 

ымдасу  ишарат  білдіру  бүкіл  адамзаттық 

ортақ  тамырлардан  бастау  ала  отырып, 

өзімізге ғана еншіленген, өзімізге ғана жария 

ұлттық  ерекшеліктер.  Қыз,  бозбалалар  бір-

біріне  кездесер  жерін,  уақытын,  жауабын 

ым  арқылы  өздеріне  ғана  ұғынықты 

қимылдармен  көрсетіп,  келісіп  алады. 

Сондай-ақ ишарат тілі қазақ отбасында қонақ 

күту,  мейманды  сыйлау  барысында  анық 

байқалады.Отағасы  бәйбішесіне,  бәйбішесі 

балаларына ымдап, көз- қарасы, қол қимылы, 

қас  қағу,  ерін  жымқыру,  кірпік  қағу,  бас 

қозғалысымен білдіріп, айтарын айта алады. 

Қонақта  отырғанда  мұны  талай  байқаймыз 

және  бұл  әрекет  мейманды  құрметтегеннің 

көрінісі ретінде сезіледі. Мәселен, қонақпен 

бірге  отырғанда  ана  баласына  ешқашан 

дауыс  көтермейді.  Басты  жай  шайқау 

арқылы «үндеме», «тыныш» деген ескертуді 

білдіреді.  Қабақты  түю  –  ашуланғандық-

ты,жақтырмағандықты, 

қаламағандықты 

меңзейді.  Сұқ  саусақты  мұрынның  үстіне 

қою-  үндемеуге,  сөйлемеуге  шақыратын 

ым- ишарат. Иекті жоғары қарай қағу «не?», 

«не  істейміз?»  деген  сұрауды  отағасынан 

отанасы ишарат арқылы білдіре алады. Бетті 

шымшу  (ұялғандықты,  масқара  болуды, 

өзгенің ұятсыздығынан қысылу) ишараты – 

қазақ халқына ғана тән әрекет. 

Қол  қимылдары  ым  мен  ишара  тілін 

байқата  алады.  Қазақ  отбасында  қазақ 

баласы  ортаға  амандасқан  кезде,  «орта 

толсын» деп барып, оң қолын жүрек тұсына 

қойып,  басын  иеді.  Қоштасқан  шақта 

шығарып  салушы  я  жолға  шығушы  қолын 

бұлғайды  (қош-қош  айттым,қош  айттым, 

қос  қолымды  шошайттым).  Қол  бұлғау- 

шақыру,  саусақтарды  қарсы  бағытқа  сілтеу 

–  «кет»  деуді,  барлық  саусақты  бірнеше 

бүгу  кішкене  баланы  шақыру  –  отбасында 

қолданылатын ишараттар. 

Голландияда сұқ саусақтың иіліп көрінуі 

кімде  кімнің  ақылға  қонымды  теңеуді 

ойлап  тапқандығын  білдіреді.  Өзі  туралы 

айтар  болса  европалық  кеудесін  қолымен 

нұсқайды,  ал  жапониялық  мұрнын  көрсете 

алады.  Қолдың  қозғалысы  арқылы  жан 

жаққа  нұсқау  АҚШ  пен  Италияда  жеңіл 

талқылауды  білдірсе,  Голландияда  бас 

тартуды білдіреді. 

Жанасу арқылы болатын физиологиялық 

қозғалыстар  да  шартты  түрде  қабылданған 

ишараттар. Оған құшақтау, сипалау, аймалау, 

сүю  т.б.  ишараттарды  жатқызуға  болады. 

Мысалы,  шашынан,  арқасынан  сипалап 

тұрып:


Ақымағым  менің.  Сен  соны  да 

уайымдайсың  ба?  Аты  кім  балақайдың? 

(Ш.Мұртазаев).

Бұл  жерде  біз  үлкен  кісінің  кішкентай 

баланы  еркелетіп,  онымен  жанасу  арқылы 

қарым-қатынасқа түскенін байқаймыз.

Антрополог  Т.Канонның  бақылауынша 

(ауызша  хабар)  итальяндықтарда,  АҚШ-

да  ертеден  өмір  сүріп  келетін  осы  елдің 

азаматтары  болып  табылатын  американдық 

англосаксондықтарға  қарағанда  жанасудың 

көпшілігі  ұзақ  мерзімді  құшақтасуға, 

жылдам сүюге және тіпті қол алысуға алып 

барады. Абхаз халқының ер адамдары бірін-

бірі  көп  уақыт  көрмей  кездесіп  қалған 

жағдайда, қол алысып, сүйісіп амандасады. 

Бұл  қимыл  тек  қана  ер  адамның  қарым-

қатынасында  жүреді.  Ал  ауылдық  жерде 

тұратын әйелдер ерлерді кездестірген кезде, 

олардың оң иығынан сүйеді,ал ер адам әйелді 

жеңіл  түрде  құшақтайды.  Егер  де  ер  адам 

танымал  болса,  онда  әйел  оның  кеудесінен 

сүйеді. Ал бұл көріністер біздің халқымызда 

жат әрекеттер.

Ал  Бирма,  Моңғолия  және  Лапландия 

елдерінің  тұрғындары  сәлемдесу  үшін 

дәстүрлі  түрде  бірін-бірі  иіскелейді  екен. 

Эскимостар  танымайтын  адамды  көргенде 

басына не иығына ұрады екен. Ал Амазонка 

тұрғындары  бір-бірімен  арқа  қағыстыру 

арқылы  сәлемдеседі.  Торреса  аралдарында 

сәлемдесу  үшін  оң  қолын  ілгек  формасына 

келтіріп,  бірнеше  рет  қайталай  отырып, 

алақанын екі жақтан да қасиды \1; 151\.

Борнео  Малайский  архипелагында  сол-

түстік  таулы  аймақтарда  тұратын  дусун 

елінде  денеге  жанасудың  репертуары 

кездеседі және ол 3 үлкен топқа бөлінеді.

1.  Мәдени-әлеуметтік  интерактивті 

актіні, әр түрлі қарым-қатынасты түсін-

діретін  жанасу  ишараты.  Мысалы, 

тұрмыстық  әлеуметтік  актілер:  бала-

ларды  тәрбиелеу,  қонақтардың  келуі 

және т.б. әлеуметтік актілерді жатқызуға 

болады.

2. Эмоцияны  білдіретін (50-ге жуық 



әртүрлі  ишараттар)  жанасу  ишараты. 

Қуану,  өкіну,  жылау,  қайғы,  қорқыныш 

т.б. ишараттарды жатқызамыз.

3.  Интимді  жанасу  ишараты.  Сүю, 

құшақтау,  аймалау,  арқасынан  сипау, 

қол ұстасу, тізесіне отырғызу, шашынан 

иіскеу т.б. 

Сәби  де  өзіне  дәл  осындай  жағдайды 

күтеді.  Ол  басқа  адамдардан  физикалық 

жанасуға  ұмтылады,  ата-анасынан,  ата-

әжесінен  жылулық  пен  қорған  күтеді. 

Осылайша,  қазақ  отбасысында  сәбиді 

бауырына  басады,  қолына  ұстайды, 

әлдилейді.  Бұл  жерден  де  бауырына 

басу,  бетінен  сүю,  шашынан  сипау  сиқты 

жанасу  ишараттарын  қолдану  арқылы  бала 

тәрбиесінде  бауырмалдылықты,  мейірім-

ділікті  ана  құзіретінде  байқай  аламыз. 

Перзентінің бетінен сүйіп, шашынан сипап, 

мауқын  басты  немесе  баласын  бауырына 

басты  деген  тіркестер  жанасу  ишаратына 

дәлелді  айғақтар.  Еуропа  мен  Америкада 



41

40

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

туып  өскен  ұл  бала,  бірнеше  ай  көлемінде 

қыз  баламен  салыстырғанда  жанасудың 

бірнеше  формаларымен  танысады.  Алайда 

6  айға  қарай  жанасудың  саны  мен  жиілігі 

теңесіп,  одан  әрі  жағдай  керісінше  жүзеге 

асады. 

Ым – ишаратты талдай келе, ком понент-



терін атауға болады:

-  физиологиялық  параметрден  (күш, 

идинамика, амплитуда арқылы);

- фрагменттік (маңдай, ауыз, көз т.б.);

- әлеуметтік психологиялық жағдайда 

(ұлттық мәдениет, жеке стиль, қоғамдық 

топтарда қабылданған көріністер);

Визуалдық  қатынас  (көз  арқылы) 

түрлерін топтауға болады:

- көзбен көз

- бір нүктеде көзді ұстау

- тура қарау

- көзді төмен түсіру

- қиғашынан қарау т.б. 

Визуалды  қатынастың  бұл  кезеңдері 

пси хо логиялық  жақындықты  білдіреді. 

Адам ақпараттың 80 пайызын көру қабілеті 

арқылы  алатынын  ғалымдар  зерттеген. 

А.Л.Ярбустың  зерттеуінше,  адамның  көзі 

мен  ерні  ең  қозғалыста  болатын  мүшесі. 

Көз  бен  ерін  адамның  көңіл  күйінің 

бақылаушысы деп атап көрсеткен \ 2,31\.

Араб  халқының  тәрбиесінде  баланы 

жастайынан  әңгімелесуде  көзге  тура 

қарауды үйретеді, басқа жағдайда әдепсіздік 

сан


алады екен. Ал үнді тайпаларында балаға 

әңгімелесушіге  тура  қарамауды  үйретеді. 

Оңтүстік  америкалық  үнді  тайпаларында 

әңгімелесуші  мен  тыңдаушы  жан–жағына 

қарап  отырады.  Жапондықтар  әңгімеде 

әңгімелесушінің  мойнына  қарайды.  Бетке 

тура  қарау  олардың  түсінігінше,  әдепсіздік 

саналады. Кениялық тайпа өкілдерінде күйеу 

баласы мен енесі әңгімелесу кезінде арқасымен 

бұрылып  сөйлеседі.  Жалпы  алғанда  адамдар 

бір-біріне  әнгімелесудің  үштен  екі  бөлігінде 

үштен бірі бір-біріне қарайды.



Баспен болатын қозғалыстардың мағынасы:

Басты оң және сол жаққа қағу

Шығалық, тұралық, жүрелік мағынасы

Басты қасу

амалсыздықты

Сұқ  саусақты  бастың  оң  не  сол   жақ 

шеке  сі  не тірей қоз ғалту

Адамның есінің дұрыстығына күмән      

дануды

Сұқ саусақпен шекені түрту



Ойлану керектігін

Көзбен болатын ым­ ишараттардың мағынасы

Кірпікті жиі қағу

Тығырыққа тірелу , қысылғандықты

Көзді қысу

алдауды

Көзді болмашы қысу 



қулану

Мұрынмен болатын ым­ ишараттар:

Мұрынды тыржиту

Жақтырмағандық, ұнатпағандық

Танауды делдиту

Мақтанғандық,масаттанғандық

Мұрынды қасу

ойланғандықты

Ерінмен болатын ым – ишараттар:

Ерінді шүйіру

жаратпағандықты

Ерінді жымқыру 

қиналғандықты

Ерінді тістелеу

Қобалжу, қорқу, қысылу

Ерінді жоғары көтеру

жалығу

Сұқ саусақтың іш жағын ерінге тигізу



Сөзге абай бол деген мағына

Мағыналарды білдіріп, халқымызда бала-

ның  бойында  көп  қолданылатындығын 

байқаймыз.  Негізінен  баланың  не  нәрсеге 

бейімділігі үш жас пен бес жастың аралығы 

екендігін  ескерсек,  ым  тілін  де  бала  осы 

жаста  көбірек  қолданады.  Бала  бойынан 

аңғарылған  осы  ишарат  тілі  белгілері 

баланың 

эмоционалдық 

көңіл-күйін, 

пікірін  тыңдауға,балаларға  жәрдемдесуге 

ата-ананың 

ықпалын 


арттырумен 

бірге, 


баланың 

көптеген 

маңызды 

қабілеттерінің  дамуына  себепші  болады.

      Баланың болашағы үшін балалық шақтың 

маңызы зор. Себебі оның негізгі қасиеттері 

осы  кезеңде  қалыптасады.  Алғашқы 

жылдары ол ата-анаға тәуелді болғандықтан, 

оның болмысының қалыптасуына ата- анасы 

себепші болады.

    Бала тәрбиесін жас ерекшеліктеріне орай 

белгілі  кезеңдерге  бөліп  қарастырудың 

маңыздылығы 

Ислам 


өркениетінде 

қарастырылған.  Сондықтан  дін  негізінде 

бала  тәрбиесін  келесі  топтарға  бөліп 

қарастырған: сәбилік кезең 0-2 жас аралығы; 

бүлдіршін кезең 2-6 жас аралығы; «Тәмииз 

кезеңі» 7-9 жас аралығы; «Мураһиқ жасы»-

10-15  жас  аралығы;  балиғат  жасы  –  16 

жастан жоғары.

  Тәлім-тәрбие  берудің  күнделікті  прак-

тикасында  педагогикалық  ықпал  етудің 

түрлі тәсілдерін (қайырымды қатынас жасау, 

адамгершілік сезімін ояту, түсіндіру, көрсету 

(ым ишарат қозғалыстарын қолдану), мақтау, 

түзеу,  бағалау,  наразылық  білдіру,  айыптау, 

қолдау,  ынталандыру,бұйыру,  еркелету, 

қолдау  т.б.  тәсілдер  балаға  тәрбие  берудің 

мүмкіндіктері  ретінде  қарастырылған. 

Мағжан  Жұмабаевтың  сөзімен  түсін-

дірсек,....  «тәрбиеден  мақсұт  –  адам  деген 

атты  құр  жала  қылып  жапсырмай,  шын 

мағынасымен адам қылып шығару» \3,160\. 

Демек,  баланы  тәрбиелеудегі  мақсат-оны 

жан жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы 

тиетін  азамат  етіп  шығару.  Бала  бойында 

қазақ мәдениетінде ұл, қыз бала тәрбиесінде 

қолданылатын амал тілі: ым-ишара арқылы 

ұғына білген, сол арқылы ізгілікті, әдептілікті 

сақтай  алған,  ұятты,  көргенді  қазақтың  ізгі 

ұрпағын  тәрбиелеу  –  үлкен  сауапты  істің 

бірі.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Садохин.А.П.Теория и практика межкультурной коммуникации. М., 2004.

2. Современный язык жестов. – Минск.:Харвест. – 2007.

3. Жұмабаев.М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, – 1992.



Резюме

В статье автором исследуется проблема воспитания в семье, в том числе воспитание 

детей с помощью языков жеста и мимики. 

А также рассматриваются социально-культурные ситуации, такие как нормы созида-

тельного поведения в культуре казахского народа.

Summary

This article explores the author explores the problems of education in the family, including 

children using language gesture and facial expressions. 

As well as socio-cultural situations such as those constructive conduct in the culture of Kazakh 

people.

43

42

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

ОҚУШЫ ӘЛЕУЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ РӨЛІ

Садыкова А.Е. – 

педагогика ғылымдарының магистрі

Құрманғали А.К. – 

педагогика ғылымдарының магистрі,

жауапты хатшы

Абай атындағы ҚазҰПУ

Белгілі  француз  ағартушы  сы  Ж.Ж.Рус-

соның  пікірін   ше:  «Барлық  қо    ғам  біткен -

нің  ең  арғысы  және  бірден-бір  таби-

ғиы  –  отбасы».  Осы  тұрғыда,  қоғам  да, 

мемлекет те отбасынан, әулеттен басталады. 

Ежелден  қазақ  оны  «Отан  –  отбасынан 

басталады», – деп бекерге айтпаса керек. Ол 

біздің  халқымыз  үшін  отбасы  тәрбиесінің 

маңыздылығын айқындайды. 

Отбасы  –  өмір  сүріп  жатқан  адамның 

өте  маңызды,  өте  жауапты  жанұясы, 

себебі  отбасы  адамға  бақыт,  толық  мәнді 

тыныс-тіршілік  әкеледі.  Отбасы  қоғамдық 

құрылымның  кіші  бір  мемлекеті,  алғашқы 

қонған  ұясы.  Отбасы  белгілі  дәстүрлердің, 

тәлімдік  өнегелердің,  қазақи  мұралардың 

сақтаушысы. Отбасында  бала алғаш рет шыр 

етіп өмірге келгеннен кейінгі өмір жолымен 

танысатын ортасы. Яғни өзіне тән моральдық 

нормаларын игереді. Осының нәтижиесінде 

отбасылық  өмір  –  жеке  адамның  азамат 

болып өсуінің негізі екендігі мәлім болады. 

Қазақта  «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны 

ілерсің»  демекші,  отбасы  ғасырлар  бойы 

адам  баласы  тәрбиесінің  негізгі  құралы 

болып келеді. Сонымен қатар, ежелгі заман 

ойшылы  Платон:  «Ұл  тәрбиелей  отырып 

жер  иесін,  қыз  тәрбиелей  отырып  ұлтты 

тәрбиелейміз», – деп тегіннен тегін айтпаған. 

Елін,  тілін,  дінін,  жерін  қадірлейтін  ар-

намысы бар ұрпақ отбасында тәрбиеленеді. 

Сондықтан, ол – адам үшін де, өз қоғамымыз 

үшін де ең маңызды әлеуметтік орта. 

Қоғамдық  тәрбиенің  бір  бөлігі  –  отбасы 

тәрбиесі.  Отбасы  тәрбиесі  мемлекет 

алдындағы  ата-аналардың  үлкен  атқарар 

борышы.  Осы  отбасы  тәрбиесіндегі  ата-

ананың белгілі орны туралы Абай Құнанбаев: 

«Адамның адамдық қасиеттерге ие болмағы, 

әуелі,  ақыл,  ғылыммен  болса,  ол  қызығу, 

денсаулыққа байланысты, қалғаны – «жақсы 

ата-ана» үлгі өнегесі», – деп тауып айтқан. 

Баланың бойында адами жақсы қасиеттердің 

қалыптасуы  ата-ананың  ықпалына  тікелей 

тәуелділігін аңғартқан.

Сонымен  қатар,  отбасы  оқыту  мен 

тәрбие  жұмысындағы  мектептің  одақтасы 

деп те айтуға болады. Яғни ол үйде – бала, 

мектепте – оқушы. Ол бала тәрбиесі жөнінде 

мектеппен  тығыз  байланыста  болуды  өте 

жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында, 

мектепте нәтижелі болуы ынтымақтастыққа, 

өзара  байланысқа  негізделеді.  Осы  екі 

тәрбиенің  қайнар  көздері  әрқашан  тығыз 

байланыста, ынтымақтастықта болса оқушы 

әлеуетінің  жақсы  қалыптасуына  бірден-бір 

кепіл бола алады.

Тәрбие  өз  бастауын  отбасынан  алады 

десек, сол отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам 

баласы  тәрбиесінің  құралы  болып  келеді. 

Сондықтан, ол – адам үшін ең үлкен мәнге 

ие  орта  болып  табылады.  Отбасы  –  үлгі-

өнегелердің, дәстүрлердің, асыл мұралардың 

сақтаушысы.  Онда  бала  алғашқы  рет  өмір 

жолымен танысып, моральдық нормаларды 

игереді. Сондықтан, отбасылық өмір – жеке 

адамның азамат болып өсуінің негізі. 

Отбасы  тәрбиесін  қоғамдық  тәрбиенің 

бір  бөлігі  ретінде  алып  қарасақ,  мемлекет 

алдындағы  ата-аналардың  борышы  да  осы 

отбасы  тәрбиесіне  келіп  саяды.  Барлық 

уақытта  да  өсіп  келе  жатқан  ұрпақтың 

тәрбиесі  мәселелерін  шешуде  жанұя  үлкен 

мүмкіндіктерге  ие.  Ал,  қазіргі  заманғы 

жанұяның  өсіп  келе  жатқан  ұрпақтың 

тәрбиесі  мәселелерін  шешудегі  ерекшелігі 

–  ата-ананың  білім  және  жалпы  мәдени 

деңгейінің жоғарлауы. 

Ата-ананың  іс-әрекеті  мен  мінез-

құлқы,  өмір  сүру  салты  арқылы  балаға 

дүниетанымдық,  адамгершілік,  әлеуметтік-

саяси  құндылықтар  беріледі.  Отбасы 

тәрбиесінің  қоғамдық  және  мемлекеттік 

тәрбиеге  қарағанда  артықшылығының 

басымдығы  да  осында  жатыр.  Алайда, 

қазіргі  қоғамдық  өмірде  болып  жатқан 

әлеуметтік, экономикалық және демография-

лық  өзгерістер  отбасына  белгілі  бір  қиын-

шылықтар туғызады.

Ата-аналардың білім деңгейіне байланыс-

ты да отбасында ерекшеліктер орын алады. 

Мысалы:  ата-аналардың  білім  деңгейлері 

төмен болған сайын олардың балаларының 

мектептегі  үлгерімі  мен  тәрбиесі  де  нашар 

болады.  Оған  қазіргі  өмір  талаптарына 

байланысты  ата-аналар    көбінесе  қызметте 

болғандықтан  бала  тәрбиесінің  көбі  білімі 

мен  тәжірибесі  төмен  бала  күтушілеріне 

жүктеледі.   

Сондай-ақ,  қоғамда  жүріп  жатқан 

тұрғындардың  материалдық  жағдайға  бай-

ланысты  жіктелуі  де  отбасы  тәрбиесіне 

материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың 

қарым-қатынасына әсер етеді. Материалдық 

кірісі  мол  отбасыларда  педагогикалық 

көзсоқырлық, 

тойынғандық 

жағдайға 

алып  барады.  Бұл  жерде  біз  тойынғандық 

деп  –  өмірге,  өмірдегі  материалдық  және 

рухани  құндылықтарға  деген  жеккөрінішті, 

келекетті қатынасты айтып отырмыз. 

Сонымен,  жастайынан  осындай  ортада 

өскен  балалардың  арасына  торығушылар, 

қаңғыбастар,  «қызықты»  әсерді  іздеушілер 

өсіп шығады.

Қазіргі  кезде  отбасының  «уақталу» 

процесі  де  жүріп  жатыр.  Ол  дегеніміз  – 

жас  ата-аналардан  тұратын  әжесіз,  атасыз 

отбасылар.  Бұл  отбасының  беріктігін 

нығайтып,  дербес  ұжымды  қатынастыруда 

қиыншылық әкеледі. 

Осылар сияқты жас отбасында кездесетін 

тұрмыстың түзелмеуі, бала тәрбиесі сияқты 

қиындықтарды шешу қазіргі таңда қоғамның 

құзырына келіп түсіп отыр. 

Мұндай қиын мәселелер қатарына отбасы 

мүшелерінің  кемуі,  туылған  бала  санының 

азаюы  сияқты  отбасы  дамуының  ерек-

шелігін  құрайтын    демографиялық  жағ-

дайлар  жатады.  Таратып  айтар  болсақ,  не-

гізінен  қалалық  отбасында  бір-екі  бала 

ғана  тәрбиеленеді.  Бала  туудың  азаюының 

себептері сан алуан және өте күрделі; олар 

ата-аналардың жұмысбастылығын; мектепке 

дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеуі; 

бала тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы; 

әйел ананың шамадан тыс жұмысбастылығы; 

отбасының қолайсыз тұрғын үйі; тұрмыстық 

жағдайы;  ата-аналардың  «өзі  үшін  өмір 

сүруге»  ұмтылған  тоғышарлық  ұмтылысы 

және тағы да осы сияқты мәселелерді тізіп 

айта берсе болады. 

Сонымен  қатар,  қазіргі  отбасы  ажырасу 

санының едәуір артуымен де қоғамда үлкен 

де, даулы проблемаға айналып отыр. 

Статистикаға  жүгінетін  болсақ,  2012 

жылғы қаңтар-ақпанда АХАТ органдарымен 

тіркелген  некелер  саны  12,9%-ға  өсіп  және 

21750  (2011  ж.  қаңтар-ақпанда  –  19268) 

құрады,  некенің  жалпы  коэффициенті 

1000  тұрғынға  7,8  (7,0)  құрады.  Сондай-

ақ, ажырасулар саны да 13,8%-ға өсіп және 

7479  (6571)  құрады,  ажырасудың  жалпы 

коэффициенті 1000 тұрғынға 2,7 (2,4) құрап 

отыр.  Бұл  дегеніміз,  ажырасудың  90% 

тұрмыс қолайсыздығы мен дайындықсыздың 

салдарына келіп саяды.

Ал,  мұндай  толық  емес  жанұяда  өскен 

баланың  психологиясы  қатты  өзгеріске 

ұшырайтыны 

ғылымда 


дәлелденген. 

Берілетін тәрбие де бір жақты болып, баланың 

толық  кемелді  қалыптасуына  кері  әсерін 

тигізетіні хақ. Сол сияқты, бір балалы отбасы 

да  көпшілікпен  араласу,  ұжымдық  қызмет 

тәжірибесін  игеру  жағынан  баланы  қиын 

жағдайға  қалдырады.  Бұндай  отбасыларда 

аға,  әпке  сияқты  тәлімгер  іні,  қарындас 

сияқты  қамқорлығына  алатын  бауырдың 


45

44

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

болмауы  ұжымдық  туыстық  қатынастар 

аясын  мүлдем  тарылта  түседі.  Осындай 

жағдайда  баланың  қызығушылығы  мен 

қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-аналардың 

педагогикалық  нормаларды  сақтамауынан 

бастауыш  сынып  кезінен  оның  бойында 

тоғышарлық,  ұжымды  жатырқаушылық  қа-

сиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.

Мұндай  проблемалардың  тууы  мен 

көбеюі  –  отбасындағы  тәрбие  әдістерін 

қолға  алуға  деген  сұранысты  қажет  етеді. 

Осыдан  келіп,  жеткіншектің  жанұяда 

алатын  тәлім-тәрбиесі  оның  тұрақты  бір 

әлеуметтік институты ретінде қарастырудың 

қажеттілігі  келіп  шығады.  Ол  отбасы 

мүшелері арасындағы өзара қатынастардың 

қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін 

адамдардың  жақындығы,  туыстық,  өзара 

үйелмендік,  тұрмыстық  өмір.  Отбасы 

тәрбиесінің  артықшылығы  да  осы  қа-

тынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі 

алмастыра алмайды.

Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену 

жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын 

бастапқы  адым.  Ол  балаға  моральдық 

қалпы  туралы  алғашқы  түсініктер  береді, 

оны  еңбекке  баулып,  өз-өзіне  қызмет  ету 

дағдыларын қалыптастырады. 

Негізі 


отбасы 

оқушының 

мінез-

құлқының,  дүниеге  көзқарасының  негізін 



қалайды.  Ата-бабаларымыздың  тілімен 

айтқанда,  ұлттық  құндылықтарды,  қадір-

қасиеттерді  атаның  құлқымен,  ананың 

сүтімен  ұрпақ  бойына  дарыту.  Яғни,  осы 

қасиетті құндылықтарымыз арқылы отбасы 

оқушы әлеуетін қалыптастыудың бірден-бір 

жолы.

Отбасының  басты  қызметі  баланы 



тәрбиелеу  дедік.  Отбасы  тәрбиесі  –  бұл 

жалпы  тәрбиенің  ең  басты  бөлігі.  Ата-

ана  және  отбасы  мүшелері  жас  нәресте 

дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне 

қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды 

және  саналы  ел  мұратын  ақтар  азамат 

болып  өсуі  үшін  қажетті  жағдай  жасайды. 

Осы  дүниелер  арқылы  бала  әлеуетін 

қалыптастырып, өмірге деген құлшынысын 

оятады.  Бұған  баланың  қажеттігін  толық 

қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне 

үйрету,  күн  тәртібін  дұрыс  реттеуге, 

салауатты өмір салтын ұстанып өмір сүруге, 

адал болуға тәрбиелеу, бойында жастайынан 

мәдени  құндылықтар  мен  адамгершілік 

қасиеттерді қалыптастыру жатады. Және де 

жақсылықты үйреніп, жамандықтан жиреніп 

жүруіне түйткіл болады. 

Оқушының толыққанды дамуының, оның 

әлеуетінің  қалыптасуының  қандай  қырын 

алмайық, қай жас кезеңінде болмасын оның 

тиімді  болуында  отбасының  рөлі  ерекше 

екені баршамызға аян.

Қазіргі 


таңда 

оқушы 


әлеуетін 

қалыптастыруда 

отбасының 

басты 


қызметтері  мен  міндеттеріне  толыққанды 

тоқталайық:

Ұлттық сана-сезім ояту;



 Қадір-қасиетін;

Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптан ха   бардар 



ету;

Рухани-адамгершілік;



Тұрмыстық;

Ұлттың  өзіндік  шаруашы лық ты 



жүргізу машықтары;

 Іскерлік;



•   

Тәрбиелік;

Танымдық-білімдік;



Еңбек;


Мәдени-ағаратушылық;

Демалыс-шығармашылық;



Тұлғаның 

өзіндік 

тәжірибесін 

ынталандырушы.

Оқушы әлеуетін қалыптастыруда мы нан-

дай басты міндеттер міндеттеледі:

- Бұл өмірге саналы адам болып келуіне 

жағдай жасау;

- Оның денсаулығына қамқорлық жасау;

- Үйлесімді дамыту;

- Оқуына көмек көрсету;

- Жан-жақтылыққа баулу;

- Еңбек тәрбиесін жүзеге асыру және ма-

мандық таңдауға көмектесу;

-  Өз  сүйікті  мамандығының  маманы  бо-

лып қалыптасуына жол ашу;

- Тұлғаның әлеуметтенуіне көмектесу;

- Ізгі, эмоцианалды-адамгершіліктік қа-

тынас тәжірибесін қалыптастыру;

-  Интеллектуалдық  және  мәдени  да-

муына қамқорлық жасау;

- Өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамы-

туға дайындау;

- Жыныстық тәрбие, болашақ отбасылық 

өмірге даярлау.

Осы  айтылған  басты  мақсаттар  мен 

міндеттердің  түбегейлі  орындалуы  нәти-

жесінде  отбасындағы  бала,  немесе  мек-

теп тегі оқушы әлеуеті толыққанды қалып-

тасары анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет