Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет15/18
Дата15.03.2017
өлшемі3,06 Mb.
#9786
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Әдебиеттер

1. Құнанбайұлы Абай. Шығармаларының толық жинағы. Т.1. – Алматы: Жазушы, 1995. 

2. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. – Алматы: Жазушы, 1966.

Резюме

В  данной  статье  рассматриваются  проблемы  нравственного,  интимного  воспи-

тания  молодежи.  Анализируется  несколько  стихотворений  великого  казахского  поэта 

А.Кунанбаева написанные педагогическом дискурсе.

Summary 

This article discusses the problems of moral, intimate education of youth. We analyze several 

poems of the great Kazakh poet A.Kunanbaev written pedagogical discourse.

ОТБАСЫ ТҰРАҚТАНДЫРУДЫң ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ж.а. Сейсенбаева – 

ф.ғ.к.,

Жаңартпа технологиялар

және білім мазмұнын ҒЗИ бөлім 

басшысы

Отбасы  тәрбиесі  –  бұл  қоғамдық  тәр-

бие нің  ең  маңызды  бөлшегі,  мемлекет  ал-

дында ғы  ата-аналардың  борышы.  Отбасы 

белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, 

мұралардың  сақтаушысы.  Әр  отбасының 

тәр биелік  негізінде  ата-бабасынан  қалған 

құн ды лықтар  мен  өмірлік  тәжірибенің  бағ-

дары жатады. Онда  бала  алғашқы  рет  өмір 

жолымен танысады, моральдық нормаларды 

игереді.  Сондықтан  отбасылық  өмір  жеке 

адамның азамат болып өсуінің негізі.  Арис-

тотельдің  айтуы  бойынша,  Отбасы  –  адам­

дар  қарым-қатынасының  алғашқы  түрі,  ол 

мемлекеттің  алғашқы  ұяшығы.  Сондықтан 

да,  қоғамда  отбасының  орны  ерекше  және 

оны  халыққа  түсіндірудің  маңызы  айқын. 

Отбасы  –  мемлекеттің  іргетасы.  Отбасы  – 

қоғамның бастапқы бөлшегі, алғашқы оша-

ғы. Бірге өмір сүріп, бала өсіруді мақсат етіп, 

екі адам шағын қоғамды құрады. Адамның 

жеке  басының  қалыптасуы  отбасынан  бас-

талады.Оның  ер  жетіп  өсуі,  бойындағы 

алғашқы  адамгершілік  белгілер  отбасын­

да  қалыптасады,  сондықтан  да  туған  үйдің 

жылуы – оның көкірегінде ғұмыр бойы сақ-

талып, мәңгі есінде жүреді. 

Еркек  пен  әйелдің  бас  қосып,  шаңырақ 

құруы  –  отбасының  салт-дәстүрлік  негізін 

қалап,  оны  жүйелеп,  өмірлік  жағдаяттарда 

өзін дік  орнымен  пайдалануы  әр  адамның 

өзіндік жауапкершілігмен тікелей байланыс-

ты. Сол бойынша үйдегі адамдардың өзіндік 

орыны мен атқаратын қызметі, отбасы үшін 

жауапкершілігі  қалыптасады.  Егерде  ол  өз 

деңгейінде  орындалмайтын  болса,  отбасы-

ның  берекесі  кетеді,  оны  күйреуге  әкеліп 

соқтырады.  Ал,  мұны  болдырмаудың  сара 

жолы  –  жұптық  жарасым,  өзара  түсіністік 

пен сыйластық екенін отбасы мен білім беру 

жолында,  жалпы  қоғам  болып  ұғындыр ға-

нымыз дұрыс.

Қазіргі кезде отбасын құру және өмірлік 

жарды таңдау қиынға соғады. Себебі, қазіргі 

жастарда,  отбасы,  неке  туралы  түсінік  өз 

деңгейінде  жүргізілмейді.  Отбасылық  өмір 

туралы  жастар  тек  интернет,  теледидар 

арқылы ғана хабардар десек те болады. Ата-

ана  отбасында  отбасылық  өмірдің  қыры 

мен сырын ұғындырып, тәрбиелік мәні бар 

әңгімелерді өткізуге уақыттары болмай жа­

тады.  Бұрынғы  қоғамдағы  ата  мен  апалар-

дың  ролі  өмірлік  тіршіліктерден  артылмай 

жатады.  Отбасы  құрудың  қыры  мен  сы­

рын  ұғынбай  қосылғандықтан,  қазіргі  таң-

да  ажырасу  көбейіп  келеді. 

1999  по  2010 

жылдар  аралығында  біздің  елімізде  2  420 

мың  неке  тіркелген.  Дегенмен  осы  жалдар 

аралығында ажырасулар саны 733 мың. Бұл 

дегеніміз әрбір үшінші некенің ажырасумен 

аяқталауы  деген  сөз. 

2012  жылғы  қаңтар-

ақпанда АХАТ органдарымен тіркелген не­

келер саны 12,9%-ға өссе Ажырасулар саны 

да 13,8%-ға өскен. Ажырасудың 90% тұрмыс 

қолайсыздығы, яғни жас отбасыға көмектің 

көрсетілмеуі және отбасы құруға дайындық 

жұмыстарының  жүргізілмеу  салдары.  Ми­

кроклиматы  жағымсыз,  жанұя  өмірі  ұрыс-

керіске,  ата-ананың  бір-біріне,  балаларына 

деген  шағымдарына,  айқай-шуға,  қорлық 

сөздер мен іс-әрекеттерге толы жанұяларда 

өте маңызды тәрбие проблемалары туындай­

ды. Оның аяғы бүгінде жарты жанұя, жетім 

тастанды балалар сынды қазақ қоғамындағы 

бұрын  болмаған  келеңсіз  жайттардың  да­

муына  әкеліп  соғып  отыр.  Бұндай  сандық 

көрсеткіштердің  болуына  елімізде  отбасы 

құруға шешім қабылдаған жастардың неке-

лік  өмір  туралы  хабары  болмауының  да 

әсері бар десек қателеспейміз. Бүгінде, әсі-

ре се, жастардың батысқа еліктеп, некеле рін 

тіркемей  бірге  тұруы  етек  ала  бастады. 

Оған  «азаматтық  неке»  деп  ат  қойып,  ай­


107

106


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ОТБаСЫ ТӘРБИЕСІ

дар таққан. Бұл – біздің қазақ қоғамына жат 

нәрсе.  Мұндай  одақтан  туған  бала  то лық-

қанды  отбасында  өскендей  болмайды.  Осы 

себептен жастарды отбасы өміріне дайында­

уда психологиялық жұмыстардың жан-жақ-

тылығының маңызы зор. Яғни, үй де ата-ана, 

білім мекемелеріндегі білім бағ дар ламалары 

қоғамдағы отбасы мәселе леріне толыққанды 

жұмыс бағдарлау қажеттігі, мем лекеттен жас 

отбасыларға  көмек  сынды  бағ дарламалар  – 

бүгінгі өмір талабы. 

Жастарды  отбасы  өміріне  дайындаудың 

төмендегідей  ұсыныстарды  ұғындырудың 

маңызды:

1. Отбасы туралы балаға ата-ана мен білім 

бағдарламалары байланыста кішкентай күні-

нен бастап дұрыс түсінік беру керек.

2.  Мектепте,  Жоғарғы  оқу  орындарында 

от ба сына қатысты түрлі тренинг-жаттығулар 

өткізілуі ұйымдастырылуы.

3. Отбасында болатын түрлі кикілжіңдер 

мен  мәселелерді  шешу  жолдарын  үйрету 

ке рек, сонымен қатар психологиялық кеңес 

беру қажет.

4. Отбасын құрудағы басты мәселе, жас-

тар  бір-бірін  жақсы  түсінуі,  сыйлауы  екен-

дігін ұғындыра білу керек.

Неке – отбасын құрудың негізі болып табы­

лады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік 

және  мүліктік  емес  жеке  қатынастарды  ту­

ындататын отбасын құру мақсатымен, заңда 

белгіленген  тәртіппен  тараптардың  ерікті 

және  толық  келісімі  жағдайында  жасалған 

еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық 

одақты  –  неке  деп  түсіндіріледі.  Ендеше, 

отбасы  құруға  шешеім  қабылдаған  екі  жас 

осы  неке  ұғымының  терең  мәнін  ұғынып, 

психологиялық  тұрғыдан  дайындық  жаса-

ған дары абзал. Себебі, некелесу, яғни отба-

сы  құру  тек  қана  бірге  тұру  емес,  отбасы 

құрған екі адам бірі-бірінің жан-дүниелеріне 

терең үңіліп, бір ұғымдағы жан иелеріне ай­

налу  екенін  ұғыну.  Олар  тепе-теңдікті  сақ-

тай  білу  қажеттігін  түсінулері  қажет.  От­

басында сол теңдікте ер адам әйел адам өз 

ролдерін айқын түсіне білгендері жанұядағы 

кикілжіңнің болмауын қамтамасыз етеді. 

Отбасының  құрылымы  мен  формасы  та-

ри хи өзгеріп отырады. Отбасы ұсақ топ ре-

тін де  мынадай  негізгі  функцияларды  іске 

асырады:


1. Репродуктивтік (бала табу арқылы қо-

ғам ды қалпына келтіру)

2. Экономикалық (өндіру және тұтыну)

3.  Қорғаныс  функциясы  (отбасы  мүше-

ле рінің  денсаулығына,  материалдық  игілік-

термен  қамтамасыз  етуге,  қауіп-қатерден 

қорғауға қамқорлық жасау)

4. Балаларды оқыту-тәрбиелеу

5. Эмоциялық (ерлі-зайыптылардың бірін-

бірі сүюі)

6. Әлеуметтендіру функциясы (балаларды 

қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т.б. баулу)

Қазақ  отбасының  жан-жақты  қызметін 

ғалым п.ғ.к. Қоңырбаева С.С. төмендегідей 

бөлген:

- өмірге адам әкелу;



- тәрбиелеу және әлеуметтендіру;

- қарым-қатынастық және психологиялық 

реттеушілік;

- экономикалық және шаруашылық;

- әлеуметтік-мәртебелік;

- бос уақытты ұйымдастырушылық:

- жыныстық жақындық.

Отбасының  бұл  қызметтері  бірі-бірімен 

тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырады, 

өзара жете түсініседі». Отбасындағы ер аза­

мат  пен  әйелдің  бір-бірінің  қадір-қасиетін 

ардақтап,  беделін  өсіруі,  араларында  өкпе-

наз, кикілжің туа қалғанда, оны балалардан 

оңашада, екеу ара шешіп отыруы – шынайы 

инабаттылық, әдептілік. Әкенің отбасындағы 

орнын,  әйелдің  бала  тәрбиесіндегі  ролін 

ұғындыруда  білім  бағдарламалары  жан-

жақтылықты негізге алуы қажет. 

Жазушы  Мұхтар  Әуезов  «Абай  жолы» 

эпопеясында  халқымыздың  отбасы  тәрбие-

сіндегі әке мен ананың ролін ұғын дыратын 

төмендегідей тағылымды эпизод бар. «...Се­

мей  қаласында  үш  жыл  оқып,  жай лаудағы 

әке  үйіне  күн  кешкіре  жеткен,  13  жасар 

шәкірт  бала  –  Абай  аттан  түскен  бет те, 

амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сон­

да ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй ба­

лам,  анда  әкеңдер  тұр,  әкеңе  барып,  сәлем 

бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, 

қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай 

кілт  бұрылып,  ортасында  әкесі  Құнанбай 

бар  шеткерірек  тұрған  оқшау  топқа  қарай 

адым дай жөнеледі». Мұны халықтың жүрек-

ке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабар-

дар  ету  үшін  ғана  емес,  оның  тәрбиелік 

зор  маңызын  жоғары  бағалағау  деп  ұғын-

ғанымыз  абзал.  Отбасы  тәрбиесінде  осын­

дай  тағылымды  жайттарды  мәніне  жете 

түсіндіріп  отыру  өмірге  дайындаудың  пси-

хо логиялық  қыры  деуге  де  болады.  Қоғам-

да  әдеп-инабат  өлшемдерінің  терең  та мыр-

ланып,  кең  жайылуында  отбасының  ма-

ңы зы  орасан  зор.  Әрбір  ұяның  қос  тіреуі 

–  ерлі-зайыптылар  өздеріне  қатысты  әдеп-

адамгершілік  талаптарын,  құқықтары  мен 

міндеттерін  ұғындыратындай  білім  бағдар-

ламалары  ұйымдастырылуы  қажет.  Атал­

мыш мәселе төмендегідей жайттардың іске 

асуы негізінде жүзеге асады: 

1.  Отбасы  құруға  шешім  қабылдаған  екі 

жасқа арналған консультативтік-кеңесші ор-

та лық құрылса. Ол орталық қосылу туралы 

арыз берген  жастарға отбасын құрған ке зең-

де  қандай  психологиялық  жайттарға  те рең 

мән беру қажеттігінен ақпарат беруі қажет. 

2. Жас отбасыларға әлеуметтік, экономи-

калық,  заңдық  және  психологиялық  тұрғы  -

да  қолдаудың  жүйелі  бағдарламасы  білім 

бағдарламаларында  қарастырылса.  Ха  лық  -

тың өсіп-өну процестері мен денсау лы  ғы  ның 

жай-күйін,  отбасылардың  әлеу мет тік  және 

экономикалық  тұрмыс  жағдайла рын  сипат-

тайтын  көрсеткіштер  білім  бағдарлама-

ларында  қамтылуы  қажет.  Жоғары  оқу  ор­

нында білім алушы жастар отбасы құрудың 

барлық қырынан білімді болар еді.

3. Отбасындағы сыйлау, құрметтеу, әр қи-

лы  кикілжіңдерден  шығу  жолдарын  прак-

тикалық  тұрғыдан  ұғындыратын  мәсе ле-

лер ді  қарастыратын  бағдарламалар  ұйым-

дастырылса. 

«Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген 

халық даналығына сүйеніп, берік отбасы ин­

ститутын қалыптастыруды саясаттың негізгі 

қазығына айналдырған еліміз де отбасыдағы 

көкейтесті  мәселелерге,  оған  себепші  әлеу-

меттік,  психологиялық  жағдайларға  ерек-

ше  көңіл  бөлініп,  қоғам  болып  қолға  алу 

қажет. Көрсетілген мәселелер білім бағдар-

ла маларында  терең  қарастырылар  болса, 

ажырасудың жоғарыдағы көрсеткіші төмен-

деген  болар  еді.  Ұлттық  өзіміздің  тарихи 

салт-дәстүрлерімізге  тән  құндылықтарды 

жаң  ғырта отырып, жас отбасыларға қатысты 

әлеу меттік  қолдау  жұмыстары,  баспана 

мәсе   лелері одан әрі дамуы болашақтың нық 

қа лып тасу бағдары.

Резюме

В статье рассматривается о стабильности семьии.

Summary

The paper considers the stability of semii.

адам баласының жаман құлқы – жаратылысынан емес, 

өскен ортасында көрген үлгі­өнегесінен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұхтар Әуезов


109

108


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ОТБаСЫ ТӘРБИЕСІ

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІң РӨЛІ

 

К.Ә. Қаражанова – 



Атырау облысы, Исатай ауданы

Тұщықұдық селосы, 

Ж.Мырзағалиев орта мектебінің

 кітапхана меңгерушісі, жоғары санатты 

Отбасы  –  адам  баласының  өсіпөнер,  қаз 

тұрар,  қанат  қағар  ұясы,  алтын  бесігі.  От­

басы  дегеніміз  –  туысқандық  байланыста 

ата-ана,  әже,  бала  т.б.  бірлесіп,  әлеуметтік-

тұрмыстық өмір сүретін адамдар.

Адам  өміріндегі  қызығы,  дәурені,  тұр-

мыс тық  ахуалы  осы  өздері  құрған  отбасы-

ошақ қасында өтіп жатады. Ол – қоғамдағы 

ал ғашқы  ұйымдардың  бірі,  оның  өзіндік 

мін деттері болады. Олар 3 түрге бөлінеді:

1. Өмірдің, ұрпақтың жалғас табуында

2. Шаруашылық-экономикалық

3. Бос уақытты ұйымдастыру

Отбасы тәрбиесі – ата-аналар ықпалымен 

жүзеге  асатын  қоғамдық  тәрбиемен  ұштас. 

Ол  қоғаммен,  бүкіл  қоғамдық  қатынастар 

жүйесімен тығыз байланысты. Жеке бастың 

дамуы  және  қалыптасуы  процесінде  оның 

ролі ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі 

жағдайлары жасалады. Мәдени орта қалып-

тасады,  сезімдік  күй-жай  орнығады.  От­

басы  шын  мәнінде  тату-тәтті  болса,  одан 

адамгершілік пен әділеттіліктің көрінісі таң-

ғы шықтай мөлдіреп көрініп тұрады.

Отбасының  негізгі  міндеті  –  баланы 

еңбекке, адамдар арасында өмір сүре білу ге 

үйрету. Ата-аналардың кейбіреулері өздері нің 

міндеттерін тек балаларының қарнын ашыр-

мау, киімдерін бүтіндеумен ғана шек теледі.

Отбасының  аса  маңызды  міндеттерінің 

бірі – жас ұрпақты жарқын сезімдерге, нұр-

лы мұраттарға тәрбиелеу. Ата-бабамыз жан-

ұя  тәрбиесінде  еңбекке  көп  мән  беріп,  ол 

туралы  қорытынды  ой  қалдырған:  «Өзің 

үшін еңбек қылсаң, өзің үшін оттаған айуан-

ның бірі боласың. Адамзаттың қарызы үшін 

еңбек  қылсаң,  алланың  сүйген  құлы  бола-

сың», – деп еңбектің адам баласының керегі, 

ел үшін жұмсалуын айтады.

Үлкенді  сыйласаң,  кіші  сені  сыйлайды, 

кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды десе, 

қазақ шаңырағында әр уақытта да әдептілікті 

құрмет тұтқанын, сыпайы, кішіпейіл адамды 

басқаларға  үлгі-өнеге  ете  білгендігін,  жас 

ұрпақтың тәлім-тәрбиесі болып өсуіне ерек­

ше назар аударады.

Еңбек  адамды  тәрбиелеу  үшін  қалып-

тас   ты рудың  басты  факторы.  Өйткені,  адам 

еңбек те  материалдық  және  рухани  бай лық -

тарды  жасап  қана  қоймай,  сонымен  бірге 

өзі нің  әлеуметтік  мәнін,  мәдениетін  және 

үздік  қабілеттерін  шыңдайды,  ерік-жіге рін 

шынықтырады, ізденгіштіктерін, мүм кін  дік  -

терін, санасы мен ойын дамытады, өзін бел-

сенді және өзіндік пікірі бар азамат ретін де 

қалыптастырады.  Сондықтан,  еңбек ке  адал, 

саналы  творчестволық  көзқарас  біздің  өмір 

сал тымыздың ең бірінші және шешуші негізі.

«Болмасаңда ұқсап бақ», – деп Абай ата­

мыз айтқандай, әкеге арнаған ұрпақтық бо-

ры шымды кішкене болса да, түсінер адам ға, 

сол  тәрбиеден  алған  өнегемді  ашып  көрсе-

туді адамдық парызым деп ұқтым.



Негізгі міндеттері:

Тек  өнімді  еңбек  өмірімізге  мән,  тұр-

мысқа  сән  береді,  оны  тек  дырдумен  күн 

кешкендер  ғана  сезінбейді.  Адамда  асқақ 

мақсат  болмаса,  оның  ақыл-ойы  ұсақ-түй-

екке  бағытталатыны  сөзсіз.  Еңбек  –  ерік 

пен  мінезді  тәрбиелеудің  тамаша  құралы. 

Адам  бақытының  құпиясы  –  өз  ойы  мен 

сезімін  басқара  білу  іскерлігі,  ал  еңбек  – 

оған көмекші. Өнімді, мақсатты қызметпен 

айналысқан  адам  қартайғанда  тіршілігі  өз 

қызығын жоғалтпайды, керісінше ол толыса 

түседі. Еңбек – бекемді бақыттың қайнар көзі, 

ол  ерікті  шынықтырып,  қарттықта  бақыт, 

құрмет пен сый сыйлайды, жалқаулыққа са-

лы ну адамды аздырады. Одан басқа кеселдер 

де  өрбиді.  Ал,  еңбек  –  қуаныш  пен  шабыт 

көзі. Күн сайын аздап жасалса да, күнделікті 

орындалуы тиіс. Күн сайынғы туындайтын 

ерік  күйі  өзіңе  байқатпай,  жайлап  үлкен 

істерді жүзеге асыруға дайындайды. Мұндай 


111

110


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ТҰЛға ТӘРБИЕСІ

ұдайы, күнделікті, аянбай істелген еңбексіз 

жаңалық ашылған жоқ. Жалқаулыққа салын­

бас үшін күнделікті еңбектену қажет. Жұмыс 

кезінде сіздің көңіліңізді бөлсе, өкініш пайда 

болса, сіз сол ренішті білдірмеуге тырысып, 

сұраған  шаруаны  орындауға  тырысыңыз. 

Осындай кішігірім жеңіс арқылы сіз өзіңіздің 

еркіңіз бен мінезіңізді шынықтырасыз, ылғи 

да іс-қимыл үстінде жүруге үйретесіз. 



Жеке  тұлғаны  еңбекке  тәрбиелеудің  ең 

басты мақсаты:

- жан-жақты үйлесімді болып өсіп-жетілу;

- еңбекті сүйе білудің дамуы еңбек ете білу;

-  теореялық  білім  алумен  қатар  практи-

калық қызметке қажетті дағдылар алу;

- баланы өзіне тартатындай болуы, қызық-

тыратындай болуы;

- қолымен істеген еңбегінің нәтижесін от­

басы үшін пайдалы екенін өзі көріп түсіну;

- өзі қызмет ете білуге дағдылануы.

Мінез бен ерікті қалыптастыруға еңбектің 

ролі:


1. Менің ерекшелігім.Өз қасиетін сезіну;

2. Өзіңді қадағалап ұстай білу,өзіңді-өзің 

тәрбиелеу;

3. Баланы 5 жастан еңбекке баулу;

4. Кәсіпке баулу: егін егу,мал бағу.

Ұдайы  жасалатын  әрекет  ойдың  сергек-

тігіне,  зейінді  дамытуға  себін  тигізіп  оты-

ра ды.  Оған  қоса  пайдалы  қызмет  қуа ныш 

әкеледі,  өйткені  біз  жарқын  әрі  белсенді 

тіршілік етумізді сезіне және оған қайра ты-

мыз дың жететіндігін түсіне аламыз. 

Еңбектің  жемістілілігінің  басты  шарты­

на  оның  толассыздығы  жатады.  Әлемдегі 

ұлы істер табандылық пен шыдамдылықтың 

арқасында  дүниеге  келді.  Тіпті  асқан  ақыл 

мен талант Ньютонның өзі ұдайы ойланбаса 

бүкіл  әлемдік  тартылыс  заңын  ашу  мүмкін 

болмас  еді.  Ньютонның  өзі  қабілет  күші 

емес, шыдамдылық күшінің басым екендігін 

үнемі айтып отырған. 

Өзіне-өзі  қызмет  ете  білуге  дағдылануы 

тек  еңбек  сүйгіштікке  тәрбиелеуде  жәрдем 

етіп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар,  ұқып-

ты лығын,  әсемділігін,  тазалық  сақтай  білу 

дағдысын  дамытады.  Өзіне-өзі  қызмет  ету 

–  бұл  балада  еңбек  дағдысының,  еңбекті 

сүю  дағдысының  пайда  бола  бастауының 

бірінші  қадамы.  Еңбек  адамның  рухани 

және дене күшіне жұмылдыру арқылы өзіне 

дейін  жаңа  тәжірибені  пайдаланып  тиісті 

құрал-саймандармен  жұмыс  тәсілін  қол да-

ну  арқылы  жүзеге  асырылатын  іс-қимыл 

процесі.  Ағылшынның  драматургі  Б.Шоу-

дың:  «Істі  доғарсақ,  өмір  сүруді  де  доғара-

мыз», – деген сөзінен еңбектің әдеп-ина бат, 

адамгершілік  категориясына  жататынына 

көзіміз жетеді.

Адам өмірін еңбекпен тәрбиелеудің маңызы

Резюме

В данной статье рассматривается вопрос о сущности трудового воспитания и о ее 

роли в воспитании молодого поколения.

Summary

In this article it is said that the most important thing is to bring up young generation by physical 

activity work. I have searched it in a scientific way giving some experiences on my own way. 

ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫН САЛАУАТТЫ ӨМІР СүРУГЕ ТӘРБИЕЛЕУДІң

 ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ 

Қ.Қ. Әбділдаева – 

 «Эмили» медицина орталығы,

Алматы қаласы

Болашақ  ұрпақты  салауатты  өмір  сүруге 

тәр биелеу – қазіргі уақыттағы ең көкейкесті 

проблемалардың бірі. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті 

«Қазақстан  –  2030»  Жолдауында  ұзақ  мер-

зімді  басымдықтың  бірі  –  «Қазақстан  аза-

мат тарының  денсаулығы,  білімі  мен  сала­

уаты»  тармағында:  «…  азаматтарымыздың 

өз  өмірінің  аяғына  дейін  сау  болуы  және 

оларды  қоршаған  табиғи  ортаның  таза  бо­

луы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір 

салтына әзірлеу қажеттілігі көрсетілген.

Салауатты  өмір  салты  болашақ  ұрпақты 

тәрбиелеуде маңызды орын алады. Мұғалім 

балаға, жасөспірімдерге қажетті мотивация-

ны  игеруге  көмектеседі.  Ол  өз  кезегінде 

инди видуалдық  қажеттілікке  негіздеп,  ке-

рек ті білімді таңдап алуға мүмкіндік бере ді. 

Имандылық негізіндегі салауатты  өмір сал­

ты бір тұтас, ғылыми тиімді жүйеде қалып-

тас тырылуы қажет. 

Ал, адамның өз денсаулығына көзқарасын 

өзгертуі,  ең  алдымен,  тәрбиелілік  мәселе 

болып  табылады.  Тәрбие  –  жеке  тұлғаның 

тәрбиелілігі  нәтижесінің  белгілі  бір  этало-

нының болуын талап етеді. Тәрбие мен білім 

беру адамның қоғамдық қажетті білім, білік, 

дағдылардың  белгілі  бір  жиынтығымен  қа-

ру лануын,  оның  қоғам  өмірі  мен  еңбегіне 

дай ын дығын, осы қоғамдағы нормалар мен 

мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдар­

мен қарым-қатынасын, оның әлеуметтік ин-

сти туттармен  ара  қатынасын  қарастырады. 

Тек  тәрбие  ғана  жеке  тұлғаның  дамуының 

әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, 

оның  бейімділігі  мен  қабілеттілігін  жетіл-

діретін шешуші күш. 

Жеке  тұлғаның  қалыптасуына  әсер  ету-

ші  негізгі  объективті  факторлардың  қа та -

ры на  –  тұқым  қуалаушылық,  орта,  тәр бие 

жатады.  Бұл  орайда  тұқым  қуалаушылық-

қа (биологиялық факторға) жалпы адамзат-

тықпен қатар жеке адамға тән қасиеттер жа­

тады.  Іс-әрекеттің  кез-келген  түріне  деген 

анатомиялық-физиологиялық  бейімділіктер 

жеке  тұлғаның  дамуы  мен  қалыптасуында 

ерекше орын алады. Олар баланың қабілет-

тілігі, дарындылығы және дарыны дамуының 

алғышарттары  болып  табылады.  Кейбір 

жағдайларда  бұл  бейімділіктер  өте  ерте, 

кейбір  жағдайларда  кешірек,  ал  енді  бірде, 

ер жеткен кезде ғана көрініс бере бастайды. 

Сондықтан  қоғам  білім  беру  жүйесіне 

мектепті  сауықтыруға,  балалардың  денсау-

лы  ғын  нығайтуға  және  оларда  салауатты 

өмір  салтын  қалыптастыруға  әлеуметтік 

тап  сырыс береді. 

Жалпы  сауаттылық  проблемасына  ХХ 

ғасырдың  80-жылдарынан  бастап  назар  ау-

да рылып  келеді.  Бұл  мәселелер  көптеген 

ғылым  салалары  –  психология,  педагогика, 

медицина,  валеология,  философия,  әлеу-

меттану  және  т.б.ғылымдардың  өз  зерттеу 

бағыттарын  ізденіс  салаларына  сай  өзіндік 

ұстанымдары  бар.  Психология  ғылымында 

салауаттылықты  жан-дүниенің  қалыптасу 

ерекшеліктері арқылы, философияда – өмір 

сүру  дүниетанымы  ретінде,  медицинада  – 


113

112


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ТҰЛға ТӘРБИЕСІ

денсаулықты сақтау есебінде, валеологияда 

– салауатты өмір сүру салтты қалыптастыру 

негізгі деп қарастырылады.

Психолог  И.И.  Брехман  тұңғыш  рет 

«салау ат тылық»  деген  ұғымды  енгізді.  Ол: 

«сала уаттылық  –  мінез-құлық  пен  дағдыны 

рет ке келтіріп, өзін-өзі түсіне білуі», – дейді.

Педагогика  мен  психологияда  салауатты 

өмір салты, салауатты өмір сүру мәселелеріне  

үлес қосқан ғалымдар М.С.Коган, Л.И.Божо-

вич, Д.Н.Кикзаде, Л.М.Фридман, Б.Ф.Ломов, 

А.Н.Леонтьев,  Қ.Б.Жарықбаев,  С.Қалиев, 

К.Ж.Қожахметова т.б.

А.Н.Леонтьев  «салауатты  өмір  сүру»  – 

өмірдегі өз орнын білу, өмір сүруге ұмтылыс 

жасау, алдына қойған мақсатқа жету жолда­

рынан  тұратынын  атап  көрсетті.  Ол  өзінің 

зерттеуін негіздей отырып, «салауатты өмір 

сүру» категорияларын бөліп көрсетеді:

- салауатты өмір сүру қалпы;

- салауатты өмір сүру мәні;

- салауатты өмір сүру деңгейі;

- салауатты өмір сүру стилі;

- салауатты өмір сүру дағдысы.

Бірқатар  қазақстандық  және  Ресей  ға-

лым  дарының  еңбектеріне  сүйене  отырып, 

салауат тылықтың  ең  басты  құндылығы  – 

ден  саулық екенін көз жеткізуге болады.

Баланың  дамуын  халықтық  педагогика 

негізінде  тәрбиелеу  тәрбиешілер,  педагог-

тар мен ата-аналарынан ерекше көңіл бөлуді 

талап  етеді.  Міне,  осындай  уақытта  бала­

ны  дұрыс  тәрбиелей  алатын,  оған  оңтайлы 

жол сілтеп, бағыт-бағдар бере алатын тұлға 

–  ұстаздың  еңбегі  зор.  Маманның  педаго-

гикалық  даярлығынан  басқа,  білім  беруді 

дамытудың  негізгі  факторы  өз  бетінділік, 

жауапты  шешімдер  қабылдай  алу  қабілеті, 

кез  келген  іске  шығармашылықпен  қарау, 

әрқашан білімін толықтырып отыру, комму-

ни кативтілік, біріккен қызметке және бірік-

кен  шығармашылыққа  қабілеттілік,  әлеу-

мет тік және кәсіби жауапкершілік, т.б. жеке 

қасиеттерін  қалыптастыру  –  педагогтан 

ерек ше кәсібилікті талап етеді. 

Педагогикалық  сананың  әлеуметтік  жағ-

дай ларға,  әлеуметтік  тапсырысқа,  әкім ші-

лік-басқарушылық  ұстанымдардың  өзіндік 

бағдарларына  сүйенуі,  білім  берудегі  әдеп 

жүйесін құрастыруға өзінің ықпалын тигізе-

ді. Педагогтың кәсіптік санасының өзге руі не, 

әдеп  жүйелерін  сұранысқа  сәйкес  құруына 

мәжбүр ететін сана-сезімінің бағытталуы ол-

ардың деонтологиялық дайындығына, әлеу -

меттік сұраныстың ықпалына байланысты. 

Осыған орай, мұғалім еңбегінің әлеумет-

тік  құндылығына  көңіл  аударайық.  Бүгінгі 

күн  талаптарына  сай  жалпы  білім  беретін 

мектептердің барлық түрлерінде білім беру 

мен  тәрбиенің  мақсаты,  міндеті,  мазмұны 

оқу-тәрбие процесін оңтайлы ұйымдастыру, 

гумандандыру  бағытына  негізделуі  қажет. 

Атап айтқанда, мектеп оқушылары әлем дік 

және  отандық  мәдениеттің  ортақ  мәселе-

лерін  бағдарлай  білуге,  ең  құнды  адам-

дық  қасиеттерге,  ұлттық  сана-сезімге  ие 

бо лу ға,  демократиялық  және  жаңа  әлеу-

меттік-мәдени  ортада  өмір  сүрудің  жаңа 

ережелерін  үйренуге,  мәдени  тілдік  қажет-

тілікті бағалауға мән берілуі керек. Осы мақ-

сатта  мектептегі  барлық  пәндерге  арнал-

ған  мемлекеттік  базалық  жаңа  оқу  бағдар-

ламалары  мен  оқулықтар,  әдістемелік  нұс-

қау лар  қабылданып,  мектеп  тәжірибесіне 

енгі зі луімен бірге мұғалім тұлғасының сапа­

сына деген талап өседі.

Адамның құқықтық санасы мен мәдениеті 

неғұрлым  жоғары  болса,  соғұрлым  қоғам 

дами  түседі.  Осының  барлығы  адам  мен 

қоғамның байланысына дәлел. Қоғам дамуы 

адамның  ырқымен  анықталады.  Олай  бол­

са, адам қоғам үшін емес, қоғам адам үшін 

қызмет  етеді.  Адам  –  қоғам  дамуындағы 

шешуші фактор. Ол өзінің тыныс-тіршілігі, 

өмірге  араласуы  арқылы  қоғамды  елеулі 

шешуші өзгерістерге ұшыратады, адам қоғам 

өмірінде  жасампаздық  қызмет  атақарады. 

Оның  осал  қасиетіне  байланысты  деген 

ғылыми құнды тұжырымдар айтылған. Мы­

салы, ұлы ойшыл Платон өзінің «Республи­

ка» атты еңбегінде әртүрлі адамның өмірге 

көзқарасы  мен  бағытын  қоғам  дамуымен 

бай ланыстыра  қараған.  Егер  біз  адамды 

қоғам  дамуымен  байланыстыра  қарасақ, 

шын мәнінде, оның көптеген қасиеттері, мы­

салы, адамгшершілік, гуманизм тұрғысынан 

қоғамның  тарихи  дамуының  жемісі  екенін 

айқын  көруге  болады.  Оның  барлық  өмірі 

қоғам дамуына белсене араласуымен сипат-

талады. Мысалы, қоғамды дамыту, оны қа-

лып тастыру,  іске  асыру  оның  дамуына  дер 

кезін де өзгерістер енгізіп отыру.

Зерттеу барысында ұрпақ алдында орасан 

зор  жауапкершiлiк  жүктелетiн  мұғалiмнiң 

оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбие-

леуі  үшін  жеке  тұлғасының  қасиеттерi  мен 

си пат тары  төмендегiдей  болу  керектігі 

анық  талды:

1. Қоғамдық-саяси бағыттылық: ғылыми-

әдіснамалық  дүниетанымы  мен  идеялық 

сенiмдiлiгi; 

әлеуметтiк 

қажеттiлiктерi, 

адам дық  және  құндылық  бағдары;  қоғам 

алдын дағы 

борышы 

мен 


азаматтық 

жауапкершiлiгiн  саналы  түсiнуi;  қоғамдық-

саяси белсендiлiгi.

2.  Кәсiби-педагогикалық  бағыттылығы: 

бала ның жан-дүниесiне үңiлiп, жеке басы на 

сүйiспеншiлiкпен қарауы; оқу шылармен жұ-

мыс  істеуге  ынтасы;  психология лық-педа-

гогикалық  көрегендiгi  мен  байқағыш тығы; 

байыпты  да,  байсалды  сөзi  мен  әрекетi; 

педагогикалық қиялы; ұйымдастыру қабiлетi; 

әдiлдiгi  мен  адалдығы;  талап  қойғыштығы 

мен  дәйектiлiгi;  еңбексүйгiштiгi  мен  ұқып-

тылығы;  ұстамдылығы  мен  өзiне-өзi  баға 

бере бiлуi.

3.  Танымдық  бағыттылығы:  ғылыми  ой-

лау  дәрежесiнiң  жоғарылығы;  рухани  жан 

танымдық  қажеттiлiктерi  мен  қызығу шы-

лықтары;  санаткерлік  белсен дiлiгi;  жаңа-

шыл  дық ты, жаңаны сезуi; қиын оқушыларды 

тәрбиелеу бойынша өздiгiнен педагогикалық 

бiлiм алуға даярлығы.

Біздің  зерттеу  жұмысымыздың  ғылыми-

теориялық  негізі  –  халықтық  педагоги­

ка  арқылы  оқушыларды  салауатты  өмір 

сүру ге  тәрбиелеу.  Халықтық  педагогика 

арқылы  болашақ  ұрпақты  салауатты  өмір 

сүруге  тәрбиелеудің  педагогикалық  мүм-

кін дігінің  артуы  –  қоғамдық  салт-сана, 

әлеуметтік-  экономикалық  мәдени  өмірдегі 

саяси көзқарас пен тарихи кезеңнің айғағы. 

Сондықтан,  еңсе  көтерген  қазақ  елінің 

тұрпаты халықтық тәрбие жүйесінде, ең ал­

дымен, өз халқының ғасырлар бойы қалып-

тасқан  бай  тәжірибесіне  арқа  сүйері  және 

қастерлеп дамыта түсуі заңды құбылыс.

Сонымен  қатар,  қазақ  халқының  салт-

дәстүрлері  арқылы  салауаттылықты  қалып-

тас тыруда тәрбие процесінің маңызы өте зор. 

Тәрбие процесі – күрделі динамикалық жүйе, 

диалектикалық сипатқа ие. Бұл оның үздіксіз 

дамуы  үстінде  қозғалмалы,  жылжымалы, 

өз гермелі  болуынан  туындайды.  Тәртіп  – 

тәрбиенің нормативті ережелерінен туындай­

ды. Олай болса, мектеп оқушыларын салауат­

ты өмір салтына тәрбиелеу де өз алдында ке­

зек күттірмейтін проблема болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет