Бас редактор с. Ж. Пірəлиев


ҰЛТ ТАҒДЫРЫ – ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДА



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата03.03.2017
өлшемі2,72 Mb.
#5518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ҰЛТ ТАҒДЫРЫ – ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДА
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
 министрлігі «Дипломатиялық корпусқа қызмет 
көрсету жөніндегі басқарма» кеңесшісі, 
экономика ғылымдарының докторы,
профессор Оспанов Б.С.
Ұлттық  мəдениет  халықтың  өміріндегі 
мыңдаған  жылдар  бойғы  бір  өзіне  тəн  өне-
рі,  тұрмысы,  əдет-ғұрпы,  салт-дəстүрі  не-
гізінде  жетіліп,  дамиды.  Халқымыздың 
ғасырлардан бергі қалыптасқан бай тарихы, 
мəдени мұрасы жетерлік. Оның əлеуметтік, 
мəдени,  рухани  байлықтары  қай  заман-
да  болмасын,  ұрпақтың  бойына  даритын 
қасиет тер.  Ана  тілімен  қатар,  халықтың 
рухы, өсіп-өну тарихы, əдет-ғұрпы, тұрмыс-
салты,  елдік  дəстүрі  жайында  жүйелі,  əрі 
жан-жақты  берілген  білім  мен  тəрбие  ғана 
жемісін берері анық.
Бүкіл  бір  ойды  оймақтай  даналық  сөз-
бен  түйіндеген  халқымыз  «Ұяда  не  көр-
сең, ұшқанда соны ілерсің», «Қыран - қияға 
қарайды,  балапан – ұяға  қарайды», «Қара-
ғайға  қарап  тал  өсер,  қатарына  қарап  бала 
өсер»  дейді.  Өйткені,  ұрпақ  тəрбиесінде 
жанұя ның алар орны ерекше. Қазақ отбасын-
да ежелден-ақ, елге тұтқа, ақыл-парасатымен 
əулеттің  бар  тұрмыс-тіршілігін  көзден  таса 
қылмай оған-пана, ұлағатты істерімен ұрпа-
ғына – сая бола білген ата мен əженің аялы 
алақанынан тəлім алмағандар аз болар.
Тарихымызда  ерекше  орны  бар,  ел-жұр-
тына басшы, қорғаны болған би, батыр ла ры-
мыздың, от ауызды, орақ тілді небір көсем-
деріміз бен шешендеріміздің, айтулы ақын-

36
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
жазушыларымыздың  бəрі  де  ата-əженің  ал-
дын көрген, өнегесінен сусындап өскендер.
«Жеті  атасын  белмеген – жетесіздің  ба-
ла сы» деген қазақ, ұрпағын салауатты өмір -
ге  ерте  бастан  тəрбиелеуді  де  естен  шы-
ғар мағаны  анық. «Тілегі  жаман  темір ді, 
қан ша  егесе  де  өтпейді»  деп,  ауыл-айма-
ғының  өзін  сынына  толмаған  көрші-қолаң-
мен қоңсы қонудан, аралас-құралас болудан 
сақтандырып  отырған.  Баласының  болаша-
ғын ерте бастан ойластырған. Сөйтіп, алыс 
та болса ат арытып барып, атақ-даңқы елге 
белгілі,  ақыл-парасаты,  ой-талғамы  биік, 
беделді жандармен құдандалы бола білген.
Дала мəдениеті, көшпенді халықтың өзіне 
тəн  салт-дəстүрі  жылдар  көшімен  ілесіп, 
ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып  отыруы  да  оның 
өміршеңдігінен  болар.  Десек  те,  бүгінде 
өркениеттің алып толқыны ұлттың осындай 
ұлы  құндылықтарын,  кірпияз,  баға  жетпес 
рухани  құндылықтарынан  жайлап,  ажыра-
тып  алып  кетіп  жатқаны  алаңдатады.  Жас 
ұрпақтың  өз  тілі  мен  ділінен,  өзге  ұлттан 
айқындап  тұратын  ерекшеліктерінен  гөрі 
өзгенің  арзан  дүниесіне  қызығып  жүргені 
соның  дəлелі.  Оған  кеңестік  заманның  ту-
ған  тілі  мен  ділінен  алыстатып  «ұлттарды 
жақындастыру»,  бір  орталыққа  бағындыру 
идео логиясының  əсері  зор  болғаны  анық. 
Бала бақшадан  бастап,  жоғарғы  оқу  орын-
дарындағы орыс тілі мен өмір сүруге қажет-
тіліктің  бəрін  осы  тіл  мен  бір  ғана  идеоло-
гияға тəуелді етіп қойғанның салдары əуелі 
жас ұрпақтың санасына кері əсерін тигізетіні 
белгілі.
Бал дəуренін оқу-білім, озық мəдениетпен 
өткізгеннің  орнына,  батыстың  арзанқол, 
дү бəра  өнерімен  əуестеніп,  күн  ұзын  ком-
пьютердің қасынан шықпайтынбозбала мен 
бой жеткеннің бұлыңғыр болашағы ойланта-
ды.
Ұлы Абайдан асып аталы сөз айтқан адам 
кемде-кем шығар. «Адамның адамшылығы – 
ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы 
құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген хакім 
Абайдың  асыл  сөзінің  астарында  қаншама 
мағына жатыр десеңізші!
Халқымыз бүгінде осынау аяулы асылда-
рын  іздемейтін  болды, «отбасы  институты-
нан» ажырап қалды. «Өз баласын – өскенше, 
немересін – өлгенше  бағатын»  ертегішіл 
əрі  əсерлі  əңгіменің  майын  тамыза  айта-
тын,  тереңнен  толғап  сөйлейтін  аузы  дуа-
лы  қарттарымыздың  алтын  арқауы  əлсіреп, 
сабақ тастығы  саябырсыды.  Жастарымыз 
«инемен құдық қазғандай» қиын да қызықты 
ғылым мен оған апаратын білікті ұстаздарын 
іздемейтін  болды.  Ауылда  жұмыс  жоқ,  та-
быс  көзін  іздеп  қала  жағалап  кетті.  Қым-
қиғаш  тынымсыз  тірліктің  жетегінде  жан 
досы – кітаптан  айырылды,  театрға  баруды 
қойды. Материалдық байлық, ақша алдыңғы 
орынға  шығып  «ақшаң  болса – əлемге  би-
лігің  жүреді»  деген  ұғым  қалыптасты.  Ел 
қамы,  жұрт  жайын  ойлайтын  баяғы  жана-
шыр тұлға, білімді, парасатты зиялы қауым-
ды  бұл  күнде  жұртшылық  қалтасы  қалың, 
біршама елге билік жүргізе алатын мəртебелі 
таққа  ие,  ықпалды  адам  деп  санайтын  бол-
ды.  Оған  қоса,  ата-бабаларымыз  сан  ғасыр 
армандаған  Тəуелсіздік  келісімен,  əлемге 
айқара ашылған шекарамыздан сығаламаған 
өзге  елдің  діні  мен  ділі,  сан  түрлі  салт-
дəстүрін  қосыңыз.  Тұғыры  мықты  орныға 
қоймаған жас мемлекеттің жас өркен ұрпағы 
еліктегіш  əдетімен  өзге  елдің  «жасық»  дү-
ние сін  асылдай  көріп,  өз  ұлтының  қай-
таланбас  құндылықтарын  бағамдай  алмай 
қалды.  Міне,  елімізде  бүгінде  орын  алып 
отырғанəртүрлі діни көзқарастардың көбейіп 
бара  жатқандығы,  естіп-білмеген  «экстре-
мизм» деген ұғымның елімізге де ене баста-
уы соның нəтижесі болар. Сол себепті, «Жа-
ста берген тəрбие – жас шыбықты игендей» 
деп,  дана  халқымыз  айтпақшы,  қазақтың 
ешкімде жоқ «отбасы» институтын жандан-
дырып,  бала  бақшадан  бастап,  жоғары  оқу 
орындарында  ұлттық  құндылықтарымызды 
насихаттауға  байланысты  арнайы  пəндерді 
енгізу, танымдық дүниелерді жандандыру – 
уақыт талабы.

37
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН
Резюме
В статье автор рассматривает роль национальных ценностей для воспитания подрастаю-
щего поколения.
Summary
In this article the author examines the role of national values, to educate the younger generation.
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУДЕ ОЙЫНШЫҚТАРДЫ
 ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Абай атындағы ҚазҰПУ Инновациялық 
технологиялар жəне білім беру мазмұнын ғылыми 
зерттеуинституты директоры ҚР жоғары 
мектепке еңбегі сіңген қызметкер,
профессор Нуриев М.А.
Жетекші ғылыми қызметкер, п.ғ.к.,
 доцент Əлдібаева Т.Ə.
Қазақстанды əлемдегi ең əлеуеттi, бəсекеге 
қабiлеттi адами капиталға ие елге айналды-
ру  үшін  əрбір  қоғам  мүшесінің  заманның 
озық  жоғары  технологияларын  жетiк  мең-
геруімен  қатар,  елiмiздің  индустриялық  да-
муы ның  ақпараттық  өркендеуiне  жағдай 
жасайтын  белсендi,  əрi  қабiлеттi,  дұрыс 
көз қарасты,  дiнi,  дiлi  жəне  рухы  жоғары 
бо луы  қажет.  Бұл  міндет  ұлттық  тəрбиеге 
негізделгенде  ғана  ұтымды  жүзеге  асыры-
латыны  сөзсіз.  Осы  тұрғыда  ұлттық  тəрбие 
ұлттық  мұрамен  иықтас  қатар  жүруі  тиіс. 
Сонда  интеллектімен  қатар  жеке  тұлғалық 
сапалардың бірі ретіндегі жастардың рухани 
қасиеттерін де дамыта аламыз. 
Жалпы  ұлттық  тəрбие  отбасынан  бастау 
алуы,  яғни  бала  дүниеге  келген  күннен  ба-
сталуы  тиіс.  Ал  ұлттық  мұраларымыздың 
элементтері  баланың  жетекші  іс-əрекеті – 
ойын  мазмұнында  жəне  сол  ойынның  бас-
ты  құралы - ойыншықтарда  көрініс  та буы-
ның  маңызы  зор.  Ойыншықтардың  əртүр лі 
типі  əрқилы  мəдени,  қоғамдық  жəне  бұқа-
ралық тəжірибе жөнінде түсінік беруге мүм-
кіндік жасайды. Ұлттық тəрбиенің мəні мен 
мағынасы, мақсаты мен міндеттері жөнін де 
ой  қозғаған  орыс  ойшылы  И.Ильин: «егер 
отбасы  немесе  адамның  өзі  «өзінің  отба-
сылық  жəне  ұлттық  бастамасының  рухани 
биігін  өзіне  дарытудан  бас  тартатын  болса, 
онда  бұл  жағдайда  олар  мəдени  биіктіктің 
орнына  жай  ғана  жануар  кейіпті  ғана  ием-
денеді», «ұлттың  ерекше  қасиетінен  айы-
ру  адам  өміріндегі  қиыншылықтың  ұлысы 
жəне  оған  төнген  ең  үлкен  қауіп...  оны-
мен  табандылықпен  жəне  үлкен  шабытпен 
күресу  қажет  жəне  бұл  күресті  балалық 
шақ тан  бастау  керек», - деген  пікір  айтқан 
[3].  Сондықтан  қазақ  ба ла сының  санасын-
да ұлттық  ерек шелікте рімізді сіңіртіп, ұлт-
тық мі   нез-құ лықты қалып тастыруда ұлттық 
сипаттағы  ойын шық тардың  алатын  орны 
ерекше.
Қазіргі  педагогикалық  теорияда  ойын 
мек тепке дейінгі бала іс-əрекетінің жетекші 
түрі  ретінде  қарастырылады  (Л.С.  Выгот-
ский, Р.И. Жуковская, Н.А. Короткова, А.Н. 
Леонтьев,  Т.А.  Маркова,  Н.Я.  Михайлен-

38
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ко,  Д.В.  Менджирицкая,  С.Л.  Рубинштейн, 
А.П.  Усова,  С.А.  Шмаков).  Оған  кез  келген 
іс-əрекет сияқты мақсат қою, жоспарланған 
іс-қимылдар  мен  нəтижелер  тəн.  Ойын: 1) 
мінез-құлық  нормалары  мен  ережелерін 
мең гертуді,  адамгершілікке  жəне  еріктік 
сапа ларға  тəрбиелеуді,  көмек  көрсету,  топ-
пен  жұмыс  істеу  қабілеттерін  дамытуды; 
сондай-ақ  достыққа  беріктікке  тəрбиелеуді 
көз дейтін  жалпы  тəрбиелік  қызметті; 2) 
қор ша ған ортадан барлық мəліметтерді алу-
ды,  əлеуметтік  рөлдерді  танытуды  көз дей-
тін  танымдық  қызметті;  баланың  ақыл-
ойы  мен  дене  бітімінің  дамуын  көздей тін 
дамы тушы  қызметті  атқарады.  Сонымен 
бірге  ойын  барысында  баланың  сөй леу 
қабілеті  де  дамиды [6]. Бұдан  біз  ойын-
шықтар  осындай  қызметтермен  қатар,  əр-
түр лі  құндылықтарды,  нормаларды  жəне 
мінез-құлық  стереотиптерін  тасымалдауды 
көздейтінін  көруге  болады.  Ойынның  бала 
тəрбиесінде  атқаратын  осындай  қызмет-
теріне  сүйене  отырып,  оның  басты  құралы 
ретіндегі ойыншықтарды былайша жіктеуге 
болады: 
1) шығармашылықты сюжетті ойындар ға 
арналған  ойыншықтар  (мысалы,  қуыршақ-
тар, мүсіндер жəне т.б.);
2) үйретуші ойыншықтар (үстел ойында-
ры, құрастырма ойындар жəне т.б.)
3) техникалық ойыншықтар (машиналар, 
тракторлар жəне т.б.);
4) қозғалмалы жəне спорттық ойындарға 
арналған ойыншықтар;
5)  сəндік  жəне  салтанатты  мейрамдарға 
арналған ойыншықтар [7].
Орыс ойшылы И.Ильин: «тектi ұлтыңның 
болуы  ақиқатында  бақыт,  ал  онымен  бай-
ланысты  үзу  үлкен  қасiрет», «өз  ұлтының 
құн дылықтарын  сақтау,  оның  мойындалу-
ын,  айбындылығын  жəне  жетістіктерін   ету 
адамға  ғана  лайық»  деп  атап  өткен.  Осы 
айтылған ойды бала тəрбиесінің өзегіне ай-
налдыру үшін ойыншықтардың түрлерін қа-
зақ халқына тəн нақышта қарастырайық. 
Қазақ  балаларының  шығармашылықты 
сю жетті  ойындарына  арналып  жасалатын 
қазақ  ұлты  киіміндегі  қуыршақтардың  бет 
келбеті  Қыз  Жібек  пен  Баян  Сұлуды  ес-
ке  түсіретіндей  əдемі,  екі  иықтарында  екі 
бұрым ның  болуы,  тіпті  олардың  өне  бой-
ында  ұлттық  əшекей  бұйымдардың  да 
ұтым  ды  орналастырылғаны  орынды.  Сон-
да  балаларға  эстетикалық  тəрбиемен  бірге, 
олар дың  қазақы  əдеміліктің  сипаты,  қазақ 
ұлты ның  əшекей  бұйымдары  жөнінде  ал-
ғаш қы  түсініктерін  қалыптастыруға  бола  -
ды.  Қазір  тіпті,  құран  сүрелерін  оқи тын  да 
қуыршақтар  жасау  қолға  алынып  жатыр. 
Əрбір  отбасы  шыншыл,  инабатты,  қайы-
рымды адам тəрбиелеуге ұм тыла тын болса, 
онда баланың бойына мұсылман дықтың жо-
ғары құндылықтарын сіңіру керек.
Сонымен  бірге  бала  ойыншығының  маз-
мұ нын  тəрбиелік  жағынан  да,  танымдық 
жағынан да танытатын түрінің бірі - мүсін-
дер. Мүсіндерді сомдауда:

қазақ ертегілерінің кейіпкерлері: кер-
құ ла  атты  Кенде бай,  тау  көтерген  Тола ғай, 
ер Төстік жəне т.б.;

қазаққа аса қадірлі төрт түлік төлдері: 
қошақан, лақ, құлыншақ, бұзау, бота;
-  
қазақ жеті қазынаның бірі деп санай-
тын  иттер  жəне  оның  күшіктері:  тазы,  ала-
бай жəне т.б.;

қазақ  қадір  тұтатын  дала  хайуанат-
тары:  барыс,  жолбарыс,  елік,  қарақұйрық, 
құлан жəне т.б.;

құстар:  аққу,  қарлығаш,  бүркіт,  қыр-
ғауыл, үкі, қаршыға жəне т.б. олардың негізгі 
мазмұнын құрауы тиіс. 
Мұдай  мүсіндер  қатты  немесе  жұмсақ 
табиғи материалдардан (ағаш, былғары жəне 
т.б.) болуы шарт. 
Сонда,  қазақ  ертегілері  арқылы  бүлдір-
шін деріміздің  тілі  дамиды  жəне  сəбилік 
кезеңде-ақ,  олар  қазақтың  ғасырлар  бой ғы 
тіршілік  ету  көзі  болып  келген  төрт  тү лік -
тің  түрлерімен  танысады.  Сондай-ақ,  сол 
бүлдіршіндеріміз  жылдың  бір  бөлігін  ұй-
қымен  өткізетін  аюдың  қонжығын  емес, 
өзіне тəн тектілігімен, бұлалығымен,  алғыр-
лығымен, жасқануды білмейтін тəкəппар лы-
ғымен,  батылдығымен,  айлалығымен  дара-

39
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН
ланатын  барыстың  аланын  құшақтап  ұйық-
тайды. 
Енді  үйретуші  ойыншықтарға  (үстел  ой-
ындары,  құрастырма  ойындар  жəне  т.б.) 
тоқталатын болсақ, қазақтың киіз үйін құрас-
тырмалы  ойын шық  түрінде  шығаруға  бо-
лады.  Бұл  балалардың  оның  құрылымымен 
кеңінен  танысуына,  əрбір  бөлігінің  аталу-
ын  жаттап  алуына  мүмкіндік  береді.  Нəти-
жесінде олардың сөз қорлары кеңейеді. Со-
нымен бірге  Астана, Алматы, Атырау, Ақ тау 
секілді қар қынды дамып келе жатқан үлкен 
қалалар дың,  Тəуелсіздік  монументі,  Қазақ 
елі монументі, Бəй те рек, Пирамида, Бурабай, 
Медеу, Көк төбе, Отырар, Сарай шық сияқты 
мəдени-демалыс  жəне  та ри хи  орындардың  
көрі ніс  терін  де  қатырма  қағаз  бетінде  құ-
рас ты рылатын  ойыншық  түрін де  бала-
ларға  ұсынуға  болады.  Еліміздегі  тамаша 
та биғи  көрініс тері бар шы ғыс тағы Мұз тау,  
қазақ  тың  үш  биі  бас  қосқан  Ордабасыдағы 
тарихи  орын,  Нұқ  пай ғам бардың  кемесі 
қалған  дейтін  Қазығұрт  тауы,  Іле  Ала тауы, 
Ша рын  шат қалы,  Жасыбай  көлі,  Каспий 
теңізі бейнеленген кəдесыйлардың да ұрпақ 
тəрбиесінде  алатын  орны  ерекше.  Алтай-
дағы ма рал дар, Каспий дегі итба лық, Алты-
немел дегі    құ ландар  табыны  қазақ  бала    ла-
рының ойыншығының тəрбиелік тұрғы  дағы 
сипатының ұтымдылығын арттыра түседі.
Техникалық  ойыншықтар  (машиналар, 
трак   тор лар  жəне  т.б.)  өзіміздің  елде  құрас-
ты рылатын  машиналар,  жүк  машиналары, 
техникалық құралдар түрінде жасалуы қажет.
Қозғалмалы  жəне  спорттық  ойындарға 
арнал ған  ойыншықтарға  балалардың  дене 
бітімін  дамытуға  арналған  цилиндр,  конус 
жəне шар түріндегі қазақы дауыс шығаратын 
оқтаулар,  кішкентай  арбалар,  асықтар,  до-
птар,  үрмелі  бөренелер,  үрмелі  сақиналар, 
сылдырмақтары бар делбе, əртүрлі өлшемді 
доптар,  автомобильдер,  шоқпарлар,  секір-
гіштер,  екі-үш,  төрт  доңгелекті  велосипед-
тер, суда ойнауға мүмкіндік беретін əртүрлі 
бейнелі  ойыншықтар, ережесі бар ойындарға 
арналған  ұлттық  нақыштағы  жалаушалар 
жатады. Бірақ бұл ойыншықтардың барлығы 
ұлттық  нақышта  безендірілуі  тиіс.  Бұлар 
қозғалыс белсенділігін арттыруға, кеңістікте 
бағдарлана  алу  біліктерін  қалыптастыруға,  
қозғалысын дамытуға  мүмкіндік береді.
Сəндік  жəне  салтанатты  мейрамдарға 
ар нал ған  ойыншықтарға  тоқталатын  бол-
сақ,  олардың  қатарын  жоғарыда  айтыл-
ған  үйретуші  ойыншықтардың  мазмұнын 
қам  титын  кəдесыйлар,  сонымен  қатар, 
қазақ  тың  эпостық  жырларының  басты  ке-
йіп кер лері  Қобыланды,  Алпамыс  сияқ-
ты,  сондай-ақ  елді  жаудан  қорғаған  Нау-
рыз бай,  Қабанбай,  Бөгенбай,  Райымбек, 
Қарасай  сияқты  батырлармен  бірге,  Бауыр -
жан  Момышұлы,  Қасым  Қайсенов,  Талғат 
Бигелдинов  жəне  т.б.  батырлардың  да, 
елі міз дегі  əр  мамандық  иелерінің  де  сом-
далған  бейнелері  толықтырады.  Сонда  өзі-
міз дің  балаларымыздың  ұлттық  жауап кер-
шіліктен  ажырауымен  күресу  үшін,  олар ды 
өздерінің  ата-бабаларының  қаны  мен  ру-
хын өздерінде сезіне алатындай жəне қазақ 
халқының  бүкіл  тарихын,  тағдырын,  жо-
лын  жəне  икемділігін  еркімен  жəне  сүйіс-
пешілікпен  қабылдайтындай;  қазақ  əулие-
лерінің,  батырларының,  данышпандары 
мен  көсемдерінің  істері  мен  сөздерін  қал-
шыл м ен  жəне  елжіреп  ұрандайтындай  етіп 
тəрбиелеуге  болады.  Мектепке  дейінгі  тəр-
бие  беру  барысында  осындай  рухани  қуат 
алған  жəне  осындай  жайдың  ошағы  өз 
жанұясында болған қазақ балалары қай жер-
де жүрмесін нағыз да сенімді қазақ адамына 
айналады.
Тіпті,  ойыншықтардың  мұндай  түрі  ба-
лалар  арасында  ұйымдастырылған  іс-шара-
ларда  жеңімпаздарға  сыйлықтар  ретінде 
беруге  болады.  Сонда  олардың  атының  өзі 
құндылыққа айналады, соның негізінде пат-
риоттық  сезім  тəрбиеленеді,  өзі  шыққан 
халық  үшін  мақтаныш  сезімі  туындайды. 
Мұның бəрі жас ұрпақ тың  отан шыл, елжан-
ды болып өсуіне ықпал етеді жəне олардың 
ұлттық  кескін-келбетінен  айырылмай  биік 
сатыларға көтерілуіне мүмкіндік береді.
Ойыншықтардың  осындай  түрлері  эсте-
тикалық талғамды, ұлттық мəдениет туралы 

40
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
базалық  түсінік  қалыптастыруға  мүмкіндік 
беріп, уақыт байланысын қамтамасыз етеді. 
Ойыншықтардың  адам  тəрбиесіндегі 
осын  дай  мүмкіндіктерінің  адамды  жеке 
тұлға  ретінде  қалыптастыру  жəне  дамыту 
үшін, адамның заманауи қоғамның талапта-
рына  тұлға  ретінде  жауап  беруі  жəне  оның 
толық қанды  мүшесі  болуы  үшін,  алдыңғы 
ұрпақ тың  білімін,  өнерін,  əлем  мен  өмірді 
алға қарай алып жүру əлеуеті мен қабілетін, 
жасампаздық қабілетін жоймай, дұрыс пайда-
лануы үшін қажетті рухани-адамгершіліктік 
тəрбие  беруде  алатын  орны  да  ерекше.  Со-
нымен  бірге  олар  ұлттық  игіліктер  мен 
құндылықтарды  толығымен  мойындайтын-
дай жəне меңгеретіндей етіп жас ұрпақты өз 
еліне жəне халыққа  деген ділдік тазалық пен 
сенімге тəрбиелеу құралы да бола алады. Ол 
үшін  осындай  ойыншықтардың  көмегімен 
бала жастан ана тілі (мемлекеттік тіл), қазақ 
мəдениеті, тарихы жөнінде қарапайым түсі-
ніктер қалыптастыруға болады. 
Жалпы  қазақ  халқының  рухани  кедей-
лігіне  шағымдануға  ешқандай  негіз  жоқ. 
Қазақ  халқы  өзінің  тарихында  қай  уақытта 
болмасын жас ұрпақ үнемі байытып отыруы 
тиіс  мəдениеттің  нағыз  қазынасын  жасады. 
Олардың  біріншісі – қазақ  тілі.  Отбасында 
ана тілі патшалық етуі тиіс: негізгі отбасылық 
оқиғалар,  мерекелер,  пікіралысулар  тек 
қазақ тілінде болуы тиіс.
Қазақ  өлеңдерін  тыңдап,  жаттап,  қазақ 
əндерін  айтып,  қазақ  ертегілерін  тыңдап 
өскен  қазақ  баласы  өзінің  адамгершіліктік 
жəне ақыл-ой дамуында үлкен жетістіктерге 
қол жеткізеді. Сонымен бірге, баланың бой-
ында қазақ халқының тарихында ілімділіктің, 
данышпандықтың жəне күштің шын мəнін-
дегі  асыл  қазынасы  бар  екендігіне  деген 
сенім  ұялатуымыз  тиіс.  Осы  бағыттарда  да 
біз  тоқталып  кеткен  ойыншықтардың  атқа-
ратын рөлі зор.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Шөпеғұл Жолдасбек. Қазақ баласының ойыншығы қайсы? Айқын газеті. №90-93 
(25939) 12 наурыз жұма, 2010.
2. Сатыбалдықызы Гүлназ. Ойыншықтарымызға ұлттық келбет керек. Жас алаш №30 
(15592) 19 сəуір, 2011.
3. Фомин Андрей.  И.А.Ильин. Клайпеда. 
http://zapadrus.su/rusmir/klt/14-2010-06-21-15-
40-34.html
.
4. Данилкина Г. развивающие игрушки//
http://www.rebenok.com/info/library/games/69739/
razvivajushie-igrushki.html
.
5. Игра дошкольника.//Под ред. С.Л. Новоселовой.-М.:Просвещение.-1989.
6.Социологическое значение игрушек //
http://igrushka.kz/phpbb2/viewtopic.
php?p=8592#8592
.
7. Байковская О.Ф. Просмотр массовой продукции артелей. // Игрушка. М., 1950. С.37.
Резюме 
В статье рассмотрены и обоснованы возможности и виды игрушек  национального харак-
тера в развитии детей разного возраста.
Summary
In this article were reviewedand justifi ed  the opportunities and types of toys in the development 
of national characterchildren of different ages.

41
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕМІЗДІҢ БАСТАУЫ
Абай атындағы ҚазҰПУ
Инновациялық технологиялар жəне білім беру 
мазмұнын ғылыми-зерттеу институты директоры 
ҚР жоғары мектепке еңбегі сіңген қызметкер, 
профессор Нуриев М.А.
Педагогика ғылымдарының магистрі,
жауапты хатшы
Құрманғали А.К.
№ 147 гимназияның оқытушысы
Мұхаметкəрімова А.С.
«Кешегі бабамызбен ғана емес,
 бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де 
мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек»
Н.Ə.Назарбаев.
Мемлекетіміздің іргетасын нығайту үшін 
бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тəрбие беру 
- қазіргі міндеттердің бірі. Ұлттық мұ ра ның 
бай  қазынасы - халықтық  ұлттық  ойындар. 
Ойын  дегеніміз – адамның  ақыл-ойын  да-
мытатын,  қызықтыра  отырып  ойдан-ойға 
жетелейтін, тынысы кең, алысқа мең зей тін, 
қиял  мен  қанат  бітіретін  ғажайып  нəрсе. 
Халық ойынды тəрбие құралы деп таныған. 
Ойын  келешек  ұрпақтың  ой-өрісін  же-
тілдірумен  бірге,  өз  халқының  асыл  мұра-
ларын  бойына  сіңіріп,  кейінгі  ұрпаққа  жет-
кізе білу құралы.
Ойынға  қызықпайтын  адам,  сауық  құр-
май тын  халық,  ойнамайтын  бала  жоқ.  Үл-
кен  де  кіші  де  ойнап  көңіл  көтереді,  бір 
нəр сеге  беріле  қызығады,  əр  жетістікпен 
көңіл деріне  қуаныш  орнатады.  Тарихының 
көне лігіне  қарамастан  ойын  үнемі  жаңа, 
ол  тат  баспайтын,  ескірмейтін  нəрсе.  Өйт-
кені, күн сайын дүниеге келіп жатқан сəби-
лердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, 
дүниеге  қуат,  жанға  саулық  беріп,  рухани 
азық болатын да – осы ойын. Ғалымдардың 
пайымдауынша,  ата-бабамыздан  бізге  жет-
кен  ұлттық  ойындарымыздың  тарихы  елі-
міз де  б.з.б.  І-мыңжылдықта  қалыптасқан. 
Ұлттық  ойындардың  негізгі  шығу  төр кіні 
халқымыздың  көшпелі  дəстүрлі  шаруа-
шы лық  əрекеттерінен  бастау  алады.  Қазақ 
хал қы  негізінен  ұрпақ  қамын  басты  мақсат 
етіп  қойып,  балалардың  нағыз  азамат  бо-
лып  қалыптасуына  аса  зор  мəн  берген. 
Нəтижесінде  дəстүрлі  бала  тəрбиесінің  ба-
сты құралы ретінде ұлттық ойынды орайла-
стырып, дамытып отырған. 
Халқымыздың ұлы перзенті, аса көрнекті 
жазушы  М.Əуезов: «Біздің  халқымыздың 
өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызық-
таған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің 
түсінуімше  көңіл  көтеру,  жұрттың  көзін 
қуантып,  көңілін  шаттандыру  ғана  емес, 
ойын ның  өзінше  бір  ерекше  мағыналары 
болған», - деп тегіннен айтпаса керек. Одан 
кейінгі  кезеңде  қазақ  халқының  бай  мұ-
раларын  жинақтаған  жəне  оның  ішінде  ұлт 
ойынының  тəрбиелік  маңызы  туралы  пікір 
айтқан көрнекті ғалымдар: К.А.Покровский, 
А.И.Ивановский,  Н.И.Гродеков,  Е.А.Алек-
тор ов,  Ə.Диваев,  А.Левшин,  Н.Пантусов, 
Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, 
А.Шиле, А.Харунзин, А.Горячкин, П.Хо ды-
ров,  Е.Букин,  О.Əлжанов,  т.б.  Бұл  ғалым-
дардың ұлттық ойынға берген ғылыми тұжы-
рымдамалары бізге өте маңызды, құнды ең-
бектер.  Ал,  көрнекті  ғалым  Е.Сағындықов 

42
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
өз  еңбегінде: «Қазақтың  ұлт  ойындары  та-
қы рыпқа  өте  бай  жəне  əр  алуан  болады», 
-  дей  келіп,  ұлт  ойындарын  негізінен  үш 
салаға бөліп топтастырған. Ə.Диваев «Игры 
кир гизских  детей»  атты  құнды  еңбегінде 
тарихта  алғаш  рет  қазақтың  ұлттық  ойын-
дарын  үш  топқа  бөліп  қарастырады.  Соны-
мен қатар, ол «Как киргизы развлекают де-
тей» деген мақаласына тоқталсақ: «бала бас 
бармағын  көтеріп  оған  пайғамбарымыз  не 
дейді  деп көк аспанға қарап, құдай тəңірінен 
рұқсат  сұраған», - дей  келіп, «Бес  саусақ» 
ойыны  мен  саусақ  атауларын  алға  тартады 
жəне  аталған  мақалада  саусақ  пен  қимыл-
қоз ғалыс  жасау  əрекеті  негізінде  баланы 
тəрбиелеп,  шынықтырудың  үлкен  даналық 
фи лософиялық  мағына  жатқандығы  сөз 
етіледі.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқ-
талған  ұлы  ғалымның  бірі – орыс  ғалымы 
А.Алекторов. Мəселен, оның «О рождении и 
воспитании детей киргизов, правилах и вла-
сти родителей» атты еңбегін аса құнды еңбек 
деп  атауға  болады.  Халқымыздың  көрнекті 
перзені  М.Жұмабаев  ойындарды  халық 
мəдениетінен  бастау  алар  қайнар  көзі,  ой-
лау  қабілетінің  өсу  қажеттілігі,  тілдің,  дене 
шынықтыру тəрбиесінің негізгі элементі деп 
тұжырымдайды.  Кезінде  ұлттық  ойындар-
ды  түбегейлі  зерттеген  авторлар  қатарында 
М.Тəнекеев,  Б.Төтенаев,  М.Балғымбаев, 
Ə.Бүркітбаев,  т.б.  есімдерін  атауға  болады. 
Кеңес  Одағы  кезіндегі  ұлттық  ойындардың 
маңызы  мен  қажеттілігін  көрегендікпен  қа-
рас тырған  ғалым  Б.Төтенаев  «Қазақтың 
ұлт тық  ойындары»  атты  еңбегінде  қазақ 
ойын  дарын  бірнеше  топқа  бөліп,  ойын 
шарт  тарын  жазып,  жастар  үшін  тəрбиелік 
мəнін зерделеп, ойын білдірген. Қазіргі таң-
дағы  ұлттық  ойынымыздың  зерттелуіне 
ден  қойып,  оны  бүгінгі  күн  тұрғысындағы 
бала  тəрбиесіндегі  рөлі,  баланың  ой-өрі-
сін қалыптастырудағы маңызы жайын зерт-
теудегі ғалымдарымыздың қатарына түріктің 
ғалымы  Ибрахим  Йылдырымды  жəне  де 
О.Аманжолов  сынды  ғалымдарымызды 
ай туға  болады.  Көрнекті  ғалым  Ибрахим 
Йыл дырм  өзінің  зерттеу  жұмысының  ны-
саны  ретінде  «Оңтүстiк  Қазақстан  облы-
сында тұратын қазақ балаларының ойында-
ры» атты, ал Орал Аманжолов «Асық жəне 
лянга»  атты  құнды  еңбектерін  атап  ай туға 
болады.  Бүгінде  балалар  ұлттық  ойында-
рынан  гөрі  интернет  қарағанды  немесе 
компью тер  ойындарын  ойнағанды  жақсы 
кө реді.  Бұл  əсіресе,  қала  балаларының 
тыныс-тіршілігінде.  Қазіргі  таңда  ұлттық 
ойын дарымыз шет қалып отыр, яғни ғалым-
дарымыздың зерттеу еңбектері осы қазақтың 
ұлттық  ойындарының    жандандырылуына 
аса зор мəн берген.
Ал,  қазақ  халқының  ұлттық  тəрбиелеу 
жүйесiндегi  бала  ақыл-ойын  дамытатын 
алуан түрлi ұлттық ойындардың тигiзер пай-
дасы  аса  зор. «Алтыбақан», «Бəйге», «Ақ 
сүйек», «Теңге  алу», «Аударыспақ», «Қыз 
қуу», «Жамбы  ату», «Тоғызқұмалақ»  т.б. 
Айта  берсек,  қазақтың  ұлттық  ойындары 
сан  түрлі.  Біздің  мақсатымыз  халқымызға 
тəн сан түрлі ұлттық ойындарымызды тізіп 
шығу  емес,  керісінше,  ата-бабаларымыздан 
мұра  боп  қалған  жəне  ол  кісілер  бұдан  сан 
ғасыр  бұрын  ойлап  тауып,  уақыт  өте  ұрпа-
ғына  қалдырған  ұлттық  ойын  түрлерінің 
маңызы мен мəнін саралап, талдап, дəл осы 
ойындарды қазіргі таңда жаңаша пайдалану-
ды  бұлжымас  дəстүрге  айналдырсақ  деген 
ұсыныс білдірудеміз.
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, қай-
сар лықты,  өжеттілікті,  батылдықты,  шап-
шаң дықты  тағы  да  басқа  қуаты  молды лы-
ғын,  білек  күшін  дененің  сомданып  шы  ны-
ғуын  қажет  етеді.  Сонымен  бірге,  бұл  ой-
ындар  əділдік  пен  адамгершіліктің  жоғары 
принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға 
қатыспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп адам-
дардың  тер  төгіп,  еңбек  етуіне  тура  келеді. 
Мысалы,  бəйгені  алайық.  Ол  үшін  алды-
мен  бəйгеге  қатысатын  атты  таңдап  алады. 
Ол  атты  баптап,  бағып-күтуге  тура  келеді, 
оның  ішетін  суы  мен  жейтін  жеміне  дейін 
белгілі  бір  мөлшерге  келтіреді.  Осыған 
қарап  отырсақ,  қазақтың  ұлттық  ойындары 
сауықтық  жағынан  ғана  емес,  спорт,  өнер, 

43
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН
шаруашылық  тəжірибелік  маңызы  бар  тəр-
бие құралы екенін аңғарамыз.
Ойын - бір жағынан, дене қозғалысы, шы-
нық қан денесінің шеберлігі, ал бір жа ғы нан, 
көңіл көтеру, дем алу, бір жағынан бас қосып 
бірлесіп, əдет-ғұрыпты жалғас тыруға үндесу. 
Шаруашылықтан  босаған  уақытта  той-
думан  мен  ойын-сауықтар  жиі  атқарылады. 
Қазақ халқы тойшыл, көп  шіл халық қой.Осы 
той-думан,  ойын-сауық  кешендері  халықты 
тұтастыққа, бір  лікке тартады. Көңілді ойын-
сауықта  адам  бала сы  табиғатпен,  табысты 
тынысын  ке ңей те  алады,  ұнатқандарымен 
жа қын  даса да алады. Халықтың табиғи көр-
кем дікке қызығуы оны тамашалауы көшпен-
ділер дің  жас  кезінен  қанына  сіңірген  қас-
иет.  Сонымен  қатар,  ойын - ұрпақтар  өмі-
рін  үйлестірудің  дəстүрлі  əнмен,  бимен 
өрнектелген  сауық  түрі.  Қазақтың  ұлттық 
ойындары  жасөспірімдердің  ой  қабілетін, 
өмірге  деген  қызығушылығын,  көзқарасын 
дұрыс  қалыптастырады.  Сондықтан  да,  ой-
ынды  баланың  жан-тəнін  қоздыратын  тар-
тымды  қозғалыс  деп  тануымызға  болады. 
Ойын  бала  дене  мүшесі  мен  ойды  қатар 
жаттықтыратын  тартылыс,  жеңістің  дəмін 
тар тқызатын,  жеңімпаздардың  мəртебесін 
көтеретін  кеңістік  пен  қолдау  тоғысы. 
Тағы  бір  ерекшелігі,  ұлт тық  ойындардың, 
əсі ресе,  жас өс пірім  балаларға  арналған 
түрлері  əдетте  өлеңмен  «өрнектеліп»  те 
отырған.  Өлең-жыр  арқылы  ата-бабалары-
мыз ойынның эсте тикалық əсерін арттырып 
қана  қоймай,  бүлдіршіндердің  өлең-жырға 
деген ықылысын оятып, дүниетанымын арт-
тыра  білген.  Тіпті  қайсыбір  ойын  арқылы 
жас ұрпақты еңбекке баулып, шы нықтыруды 
мұрат  еткен.  Демек,  халқымыз  ұлттық  ой-
ындар  ар қылы  жастарды  өмір  сүруге  дағ-
дыландырып,  қиындыққа  төзе  білуге,  қиын 
сəттен жол таба білуге машықтандыруды ба-
сты мақсат еткен.
Сонымен  қатар,  қазақтың  ұлттық  ой-
ыны  достық  пен  қонақжайлылықтың  бір 
белгісі  жəне  көптің  басын  біріктірудің  ке-
піл дігі,  сүйкімді  əнші  мен  əңгімешілерге 
мұқ таждықтың  айғағы.  Ойын  сауықта 
жалғыздық  сезім,  арам  ниет  билей  алмай-
ды, ойыншы үнемі ізденісте болады. Ондағы 
құдірет өнерпаздық, түсіністік жəне келісім-
ге жол табу. Адамзат қашанда болмасын осы 
үш құдіретке тəнті болған, сол құндылыққа 
жетудің  мүмкіндігін  арнайы  жəне  үнемі 
іздестірумен əуреленген.
Ұлттық  ойын – салауатты  өмір  салтын 
ұстанған, елі мен өзінің туған жерінің қамын 
ойлайтын,  ұлтқа  тəн  барлық  қасиетті  қадір 
тұтатын,  дара  тұлғаны  ұлттық  тəрбиемізге 
тəн тəрбиелеп шығарудың құралы. Əрбір ба-
ланы ұлттық ойын арқылы өмірге тəрбиелеу 
үздіксіз  процестің  жалғасы.  Келер  жас  ұр-
пақ тың қалыптасып өсіп-жетілуіне əсер ете-
тін  факторлар  қазақтың  ұлттық  ойындары 
болып  табылады.  Осы  ұлттық  ойындардың 
негізгі мақсаты бала бойындағы дене күші-
нің сапалық қасиеттерін жетілдірумен қоса, 
оның  мінез-құлқы  мен  адами  қабілеттерін 
сəби  кезеңнен  тəрбиелеуге  ұлттық  ойын-
дардың пайдалы ықпалы бар. Ойынның тағы 
бір ерекшелігіне тоқталсақ, ол тəжiрибе мен 
тəсiлдiң  еркiндiгi,  тапқырлық  пен  болжам-
ның  қиылысатын  шебi,  мұрат  пен  меженiң 
тоғысқан  шеңберi.  Жарыссыз  ойын,  ой-
ынсыз  əзiл-қалжың  бола  бермейтіні  анық. 
Ойын-сауық қара күш көрсететiн озбырлық 
немесе  бiреудiң  намысын  жерге  таптайтын 
қастандық  емес.  Ойының  əсемдігі  мен  сөз 
өткiрлiгi, күш пен қабiлет ашық сайысатын 
ортада көрiнiп, дiлмарлар, шешендер, шебер-
лер өз мəртебесiн мойындатып жатады. Ойын 
серiктестi таба бiлуге, онымен тiл табысуға 
үйретедi. Ойында адам қарсыласының олқы 
жəне оң жақтарын дұрыс анықтауға ерекше 
мəн бередi, оның күш-қабiлетiн тура бағалау 
ережесiне  көңіл  бөледі.  Ойын  барысында 
басекелестікке  бел  байлайды.  Сонысымен 
өзінің  озбарлығын,  алғырлығын  көрсетеді. 
Ойнаушы  бəсекесi  мол  қарым-қатынастың 
тəртiбiне  жүгiнедi.  Əр  ойынның  өз  тəртiбi, 
тəсiлi жəне тəжiрибесi бар. Сол тəртiп, тəсiл, 
тəжiрибенi бiлген адам тезiрек қалыптасады, 
жан-жақты  жетiлуіне  кім  кепіл.  Ойын - 
адамның  қабiлет-қасиетiн  ширататын,  шы-
мырлататын жүйелi iс-əрекеттiң көрiнiсi.

44
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Ертеректе ата-бабамыздан қалған “баланы 
жастан” деген түсінік бар, яғни, мұнда ойын-
сауық  арқылы  жасөспiрiммен  тəрбиелiк 
жұмыс ты ертерек жəне жас ерекшелiктерiне 
қарай  жүргiзудi  пайымдаған  екен.  Ойын-
сыз  ұрпақтың  кiм  екенiн,  халықтың  қандай 
екенiн бағалау екiталай екенін аңғарған аб-
зал. Яғни адам мен ойын түйiндес, түбiрлес 
келеді.  Ойын-сауық  қазақтың  əдет-ғұрпына 
үнемi жəне айқын ықпал еткен.
Сабақта жəне тəрбиеде, яғни балабақшалар 
мен  бастауыш  мектептерде  ұлттық  ойын-
ды  ұтымды  пайдаланса,  алдымен  еңбекке 
баулу  жəне  дене  шынықтыру,  өзін-өзі  тану 
пəндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс 
жасау  дағдыларын  қалыптастыру  шартта-
ры  теориялық  тұрғыдан  негізделсе,  онда 
оқушылардың  білімге  деген  құштарлығын 
арттыруға жəне халықтың асыл мұрасын бой-
ына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға 
болады.
Осы  орайда  айта  кететін  болсақ,  тəрбие 
беру кілті–халық педагогикасында деуге бо-
лады. Халықтық педагогиканың ең бір көне 
тиімді  құралдарының  біріне  ойын  жатады. 
Ойын  арқылы  бала  қоршаған  ортаны  өз 
бетінше  зерделейді.  Сөйтіп,  өзінің  өмірден 
байқағандарын іске асырып, қоршаған адам-
дардың  іс-əрекетіне  еліктейді.Ұлттық  асыл 
қасиеттерді жас ұрпақтың бойына дарытып, 
ақыл  парасатта  азық  ете  білуде  «Өзін-өзі 
тану» курсының ерекшелігін аңғарған жөн. 
«Өзін-өзі тану» курсының негізгі мақсатына 
көз жүгіртсек, мұндағы сабақтардың негізгі 
құрылымдары «Амандасу рəсімі», «Шаттық 
шеңбері», «Көңіл  күйді  көтеру»  сабақтың 
негізгі мазмұны «Сергіту сəті», «Тыныштық 
сəті»,  «Ойын», «Дəйексөз», «Шығар-
машылық  тапсырма»  ұжым дық  жұмыс, 
дəп тер мен  жұмыс,  жү рек тен-жүрек ке  шең-
берінен  тұрады  екен.  Мұндағы  «Ойын» 
ұжымдық  жұмысында  қазақтың  əр  алуан 
ұлттық  ойындарын  ойнатады  екен.  Ойынға 
қызықпайтын  бала  жоқ.  Бұл  курстың  алға 
қоған  бағыттары  өте  тиімді,  жəне  жас 
бүлдіршіндерге  берген  тəрбиенің  бастауы 
деуге болады.
Қазіргі таңда дене күшін, қозғалыс дағды-
ларын  дамытуға  байланысты  ұлттық  ойын-
дар түрлері физиологиялық, психологиялық 
тұрғыдан  бүгінгі  заман  талабына  сай  ары 
қарай дамытуды қажет етеді. Бала тəрбиесіне 
көңіл бөлгенде  ұлттық ойындардың құн ды-
лығын  насихаттаумен  қатар,  оларды  қол-
данудың  озық  тəжірибелерін  жинақтап 
жəне  дамыту  керек.  Ұлтымыздың  тұғыры 
мықты болуында ұлттық ойындардың ұмы-
тылмай  ойналып  тұруы  да  өз  үлесін  қос-
пақ.  Ойынның  кемеңгерлігі  болуы  керек, 
біздің парызымыз болашаққа жол сілтеу.
Ойын  кезiнде  қазақтың  ұлттық  ойында-
рына  тəн  ерекшелiктердi  қалай  ұғамыз, 
олар ды қолдауға қаншалықты бейiмбiз деген 
кө кейкестi  сұрақтар  өздiгiнен  туындайды. 
Ұлттық  ойын-сауықтар–ұрпақ  пен  елдiктiң 
елшiлiгi,  халықтың  əдет-ғұрпының  көрiгi, 
əр  перзенттiң  жүрегiндегi  оттығы.  Мұндай 
өтiмдi  құндылықтар  ойын-сауықтың  ортақ 
сақтық қорын, жарқын дүниенiң қайнар кө-
зiн құрайды.
Түйіндеп  айтарымыз,  қазақтың  ұлттық 
ойындарының  бір  ерекшелігі - оның  шығу, 
пайда  болу  тегінің  ерекшелігіне  байланы-
сты  белгілі  бір  тəрбиелік  мақсат  бірлігін 
көздейтінінде.
Сөзімді  ұлы  ақын  Абай  атамыздың  айт-
қан  даналығымен  аяқтағым  келеді. «Бала 
тəрбиесін жоғары бағалай білу қажет. Себе-
бі,  келешегімізді  жалғастыратын  осы  бала-
ла рымыз.  Ойынсыз  бала  болмайды,  бұ зық-
сыз  мінезсіз  бала  болмайды,  ерекше  қа-
сиетсіз бала болмайды», - деген екен. Осы-
дан  түйетініміз,  ұрпақ  тəрбиесі–келешек 
қо ғам тəрбиесі.
Резюме
В статье автор поднимает вопрос о казахских национальных играх проводится анализ и 
показывается их важность. Автор особо обращает внимание на их важность и место в про-
цессе воспитания детей.

45
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Summary
In the article, the author raises the question of the Kazakh National Games examines and 
illustrates their importance. The author specifi cally draws attention to their importance and place 
in the upbringing of children.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет