Бас редактор с. Ж. Пірəлиев


Summary  The article presents the concept of the past way of life of the teacher of Saken Uzbekuly Тəртіп көрген адам – бала күнінде



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата03.03.2017
өлшемі2,72 Mb.
#5518
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Summary 
The article presents the concept of the past way of life of the teacher of Saken Uzbekuly
Тəртіп көрген адам – бала күнінде,
Өнерімен қуандырар түбінде. 
Ж.Баласағұн
Жер бетінде адам тəрбиелеуден асқан абройлы іс жоқ. 
Ұстаздық ұлы нəрсе.
Жан-Жак РУССО

92
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ҮЛГІСІ
Абай атындағы ҚазҰПУ
Инновациялық технологиялар жəне білім беру 
мазмұнын ғылыми зерттеу институты директоры 
ҚР жоғары мектепке еңбегі сіңген қызметкер, 
профессор Нуриев М.А.
Инновациялық технологиялар жəне білім беру 
мазмұнын ғылыми зерттеу институты директорының орынбасары –
А.Н.Якупова
Оқу үрдісін жетілдіру жəне жинақтау 
бөлімінің басқарушысы 
ф.ғ.к. Сейсенбаева Ж.А.
Жаңартпа технологиялар жəне 
білім беру мазмұнын ғылыми-зерттеу институтының
 ғылыми істер жөніндегі инспекторы, 
педагогика ғылымдарының магистрі – Садыкова А.Е.
Сеитова Ж.М. – жауапты хатшы
Той – қазақ  халқы  тұрмысының  басты 
бір арқауы, қазақтың тойы ауызбіршіліктің, 
ынтымақтастықтың, бауырмалдықтың, жақ-
сы лықты  жария  етудің  үлгісі  болған.  Əр 
шаңырақта қуаныш болмай тұрмайды. Атам 
қазақ  отбасындағы  немесе  жеке  басын-
дағы  сəл  қуанышын  ағайын-туыспен,  дос-
жарандарымен, ауылдас-көршілерімен бө лі-
суге дайын тұратын қонақжай халық. Аузы-
мыздан  жырып,  қонағымызға  тосатын  дар-
хандығымыз  тағы  бар.  Шаңырағындаға  кез 
келген  атаулы  қуанышты  шама-шарқынша 
ағайын-туыс,  көршілерімен  бөлісіп,  қазан 
көтеріп, атап өтетін болған. Осыған байланы-
сты,  талай  ғасылар  бойы  қалыптастқан  өте 
əдемі  салт-дəстүрлер  жеткілікті.  Олардың 
бірі  заманға  байланысты  бейімделіп,  жаңа-
рып  отырса,  кейбірі  көнеріп,  қазіргі  өмір 
салтынан  кейіндеп  қалып  жатыр  немесе 
мүлде  жаңаша  кейіпке  келіп,  танымастай 
өзгергендері  де  бар.  Адам  өміріндегі  ең 
қызықты да, қуанышты да ұмытылмас белең 
– ұрпағының үйленіп, жеке отау тігуі. Осыған 
байланысты,  қыз  ұзату  жəне  үйленуге  бай-
ланысты  салттардың  алар  орыны  ерекше. 
Бұның  себебі  түсінікті  де.  Баласының  отау 
көтеріп,  аяқтанғаны  немесе  құтты  орнына 
отыруы – əрбір  ата-ананың  арманы,  оның 
парызы да.
Қазіргі күні тойда жөн-жоралғы жасағанда 
қандай жобаны ұстағанымыз дұрыс, қандай 
дəстүрмен өткізетініміз, қазіргі өмірге қалай 
бейімдеу керектігі көп ойлануды талап етеді.
Қазiр елімізде қазақтың тойлары қазақша 
өтіле  бастады.  Туфли  ұрлау, «ащы»  деп 
ай қайлау  секiлдi  жат  қылықтар  да  азая 
бастаған. Бұрын, мысалы, ораза уағында да 
көпшiлiк арақ iшiп, той жасай беретiн болса, 
қазiр ол да өз жөнiн тауып келе жатыр.
Осыған  орай  тойды  қызықты  етiп  өткiзу 
үшiн  ұлттық  дəстүрмен  нақышталған  сце-
нарийге  негізделіп  өткізілгені  құба-құп  бо-
ла  ды.  Мысалы,  беташарға  келiндi «Қыз 
Жiбек»  фильмiнен  алынған  идея  бойынша, 
құр быларымен  шығарып,  ал  жiгiттi  Төле-
генге  ұқсатып,  достарымен  шығару.  Сол 
сияқ ты,  тойдың  да  қазақ  салтына  қарай 
түрлен дiріліп  өткізілуі.  Бəрiн,  тіпті,  той 
үстін дегі жөн-жоралғылар да өзiмiздiң салт-
дəстүрiмiз  шеңберiнде  жасалынып  отыры-
луы қажет.
Жалпы,  екі  жастың  шаңырақ  көтеруіне 
орай өткізілетін тойды біз екі үлкен кезеңге 
бөліп қарастыруымызға болады. Оның бірін-

93
САЛТ-ДƏСТҮР
шісі – қыз ұзату тойы болса, екіншісі – келін 
түсіру тойы.
Қыз  ұзату – үлкен  той-думан  əрі  қызық 
болған.  Сондай-ақ,  бұл  күні  ата-ана  қуана-
ды, əрі көңілінде толқу пайда болады. Қуа-
на тыны – «қызым  өсті,  өрісім  кеңейді» 
дейді, толқитыны – қимастық көңілі, бағып-
қақ қан  перзентінің  жатжұрттық  боп  кете 
баратыны... Ұзатылатын қызды, дəстүр бой-
ынша,  таң  ата,  күн  шыға  шығарып  салған. 
Оның  алдында  қыз  «Қоштасу  жырын», 
«Сыңсу»  айтады,  жастар  «Жар  жар», «Ау-
жар», «Аушадияр»  айтады.  Ұзатылып  бара 
жатқан  қыздың  «сыңсуы», «қоштасуы» – 
ұлттық  тəрбие  мектебінің  тамаша  үлгісі. 
Алтын  ұяны,  туған  ел-жұрттан  бөліну,  жат 
босаға  аттау  оңай  іс  емес.  Осының  бəрін 
тəжірибелі  де  тəрбиелі  халық  жылай  жүріп 
əн, жыр түрінде шеберлікпен үйлестіріп жа-
сай білген. Қыз жылап қоштасқанымен, бұл 
қайғы емес, қимастықтың белгісі. Дегенмен, 
қыз ауылының қыздары мен жігіттерінің де 
қимастық  көңілдері  де  көрінбей  қалмайды. 
Олар  өлең  жырды  үстемелей  түсіп,  айтыс 
түріндегі «жар-жар», «ау-жарды» төкпелейді. 
Мұнда  да  ізгі  тілектестік,  достық  көңіл, 
жаңа  бақыт  жолында  жақсы  ниет  көрінеді. 
Оның  сөзі  де,  əні  де  көркем,  ойнақы  айты-
лады.  Ол  біресе  «ау-жар»,  біресе  «ай-ау», 
біресе, «бике-ау», біресе «үкі-ау» деп те ай-
тыла береді.
Олардың мынадай үлгілері бар:
Буынғаным беліме кісен бе еді, ау-жар, 
ау,
Бекем бусам белімнен түсер ме еді, ау-
жар, ау,
Əкең барып шешеңді ап келмесе, ау-жар, 
ау, 
Мұндай азап басыңа түсер ме еді, ау-жар, 
ау! 
Мінген де атың боз ғана, бике-ау, 
Күйеуің сенің бозбала, бике-ау. 
Өксігің сенің басылмас, бике-ау, 
Əлдилеп бала сүйгенше, бике-ау.
Мінген де атым жиренше, үкі-ау, 
Тықыршып тұрар мінгенше, үкі-ау, 
Қыз көңілі басылмас, үкі-ау, 
Əлдилеп бөпе сүйгенше, үкі-ау! 
Кеттің, кеттің деуші едің, кеттім, апа-ай, 
ау, 
Ерттеп қойған атыңа жеттім, апа-ай ау, 
Шымылдығын желпе сал, көрсін апам, 
ай-ау,
Көзінің жасын қойнына, төксін апам, ай-
ау!
Бойжеткеннiң  көйлегi,  қамзолы,  кемер 
белдiгi,  бастысы  басында  қалыңдық  екенiн 
айғақтайтын сəукелесi болуы тиiс. Сəукеле – 
ұзындығы он қарысқа дейiн биiктей беретiн 
əшекейлi қалыңдықтың бас киiмi. Мұның əр 
қарысы қымбат бағалы тастардан құралады. 
Айталық,  бiрiншi  қарысы  күмiстен,  екiншi 
қарысы  алтыннан,  үшiншi  қарысы  гаухар-
дан  деген  сияқты.  Сонысына  қарап,  яғни 
сəукеленiң  биiктей  бергенiне  қарай  қыздың 
құндылығы да, соған орай қыз жақ əулетінің 
бақ-дəулетінің  салмағы  да  арта  беретiн 
болған.  Қазақ  байлары  арасында  қызының 
сəукелесiн 100 жылқыға  жасағандары  да 
кездескен.  Ал,  қоңыртөбел  дəулеттi,  кедей, 
кепшiктiң  қыздары  сəукелесiн  қымбат  ма-
талармен  əшекейлеген  көрiнедi.  Сонымен, 
қыз  сəукелесiн  киiп,  аттануға  əзiрленедi. 
Бұл кезде жiгiт ауылынан бiр топ кiсi қызды 
алып кету үшiн құда түсе келедi. Бұлардың 
саны  жетi,  тоғыз,  он  бес  секiлдi  тақ  сан 
болуы  қажеттi.  Қызды  ауылдың  маңына 
жақын  келген  мезеттен  бастап  күйеу  жiгiт 
пен  күйеу  жолдас  аттан  түсiп  жаяу  келетiн 
болған.  Қалыңдығын  алуға  баратын  жас 
күйеу  міндетті  түрде  «күйеу  киімін»  киюге 
тиіс.  Алдынан  шыққан  жеңгелер  мен  жас 
қыз-келіншектер  күйеуді  киімінен  танып 
алады. Сондықтан, күйеу басқа жігіттерден 
салт  бойынша  ерекше  киінеді.  Бөркіне  үкі 
тағып,  қызыл  шапан,  биік  өкше  етік  киеді. 
Бөркін  көзіне  түсіріп  төмен  қарап,  кішілік 
көрсетіп  тұрмаса  айып  төлейді  немесе 
сөзге,  күлкіге  ұшырайды.  Сол  бетімен  қыз-
келіншектердің ортасына түскен күйеу небір 
азапты əзіл-қалжыңға төзеді. Мiне, осы рет-
те «көпшiкқыстырар» деген кəде орындала-
ды.  Көпшiкқыстырар – əдетте,  жеңгелерге 
берiлетiн сый. Қызды ауылға қарай жаяу келе 

94
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
жатқан күйеу мен күйеу жолдастың алдынан 
ауылдың үлкендерi емес, бойжеткендер мен 
жеңгелер  шығып  күтiп  алады.  Осы  кезде 
күйеу жолдас ерiнiң астынан қымбат бағалы 
мата  немесе  моншақ,  алқа  секiлдi  дүние 
ұсынатын болған. Күйеудi сəн-салтанатымен 
қарсы  алған  топ  өзiне  арналған  үйге  бетте-
ген мезетте олардың алдынан ауыл аналары 
шығып «шашу» шашады. Шашу – жаңадан 
босаға  аттаған  келiннiң  немесе  күйеудiң 
алдынан  шашылатын  тəттi,  құрт, iрiмшiк 
тəрiздес  жеңсiк  тағамдар.  Тiптi  кей  өңiрде 
тиын, теңге шашатын да үрдiс бар. Мұны жа-
стар жағы терiп алады. Сонымен, күйеу жiгiт 
нөкерiмен отауға енiп, табалдырықтан аттар 
кезде  «табалдырық  кəде»  дейтұғын  салтты 
орындауы тиiс. Табалдырық кəде – жаңадан 
босаға  аттар  кезде  берiлетiн  жоралғы. 
Мұны жеңге немесе орта жастағы əйел ала-
ды.  Күйеу  содан  кейiн  ғана  босағадан  iшке 
енедi.  Отау  iшiне  кiрген  күйеу  мен  оның 
нөкерлерiн тағы бiр сый күтiп тұр. Бұл киiм 
шешер  мезетте  болатын  «киiм  iлу».  Киiм 
iлу – өзiн төрге шығарып, шапанын немесе 
бешпетiн  шешiп  құрметтеген  жеңгелердiң 
ақысы. Құрметтi қонақтар орналасып бiткен 
соң  ет  тартылады.  Ет  өздiк  «табақ  тарту» 
əдiсi  бойынша  таратылуы  тиiс.  Табақ  тар-
ту – табақта күйеу балаға төс тартса, қызға 
құйымшақ, құдаларға арнап бас, жамбас, бел 
омыртқа,  асықты  жiлiк  тартады.  Егер  бұл 
мүшелердiң бiрi ауысып кетсе табақ тартқан 
жеңге  айып  төлейтiн  болған.  Бастысы, 
бұл  табақта  құйрық  пен  бауыр  болуы  тиiс. 
Құйрық,  бауыр  асатар  кəде  орындала-
ды.  Құйрық-бауырға  айран  араластырып 
берiлгендiктен,  құдалардың  бет  жүзiнде 
айранның  қалдығы  қалғандықтан,  екiншi 
кезекте  «суға  тоғыту»  деген  кəде  орында-
лады.  Суға  тоғытар  үшiн  жеңгелердiң  бiрi 
«ау,  бiз  неге  отырмыз.  Мына  құдалардың 
бетiне  не  болған.  Кəне,  мұны  жуамыз»  деп 
су əкелiнедi. Осы кезде бетiн жуған жеңгеге 
арнап  құдалар  жағы  сый-сыяпат  ұсынады. 
Бұл  жоралғылар  орындалып  бiткен  соң, 
тамақ  жиналғаннан  кейiн  таң  атқанша 
құдалар  ұйықтамауы  керек.  Əн  айтып,  ай-
тысып,  өнерiн  көрсетiп  таңды  атыруы  тиiс. 
Себебi, ұйықтайтын адамға бұйырылар жаза 
– «киiм тiгу» күтiп тұр. Киiм тiгу - ұйықтап 
қалған  құданың  киiмiн  бiр-бiрiне  шандып 
тiгiп  тастап  айып  төлетедi.  Сондықтан  да, 
таң  атқанша  өнер  көрсетуi  тиiстi.  Мұнан 
кейiн «неке оқу», «қыз қашар», «түндiк жа-
бар», «шаш сипатар», «көрпе қимылдатар», 
«шатыр  байғазы»  секiлдi  жоралғылар  өз 
кезегiмен өтедi. Мұның барлығында да қыз 
жеңгесi  өз  үлесiн  жоралғы  ретiнде  алып 
отырады.  Ертесiне  таң  атып,  əйел  адам-
дар  барлығы  үлкен  үйге  жиналады.  Себебi, 
оларды алдынан «қоржынсөгер» жоралғысы 
күтiп отыр. Бұл кəдеге ер адамдар араласты-
рылмайды. Күйеу жақтың əкелген қоржынын 
сөгiп,  ондағы  айна,  тарақ,  əшекей  зат  пен 
тəттiлердi  барлығы  бөлiсiп  алады.  Бұл 
жоралғылар өткен соң күйеу мен қалыңдыққа 
қатысы  бар  «мойын  лақтырар», «шаңырақ 
көтеру», «ат  байлар»  деген  кəделер  өтедi. 
«Ат  байлардың»  соңында  күйеу  жiгiтке  ар-
нап  жастар  жағы  тiлек  айтады.  Күйеу  бала 
үшiн  ең  соңғы  жоралғы – «Босағаға  iлу». 
Қалыңдығын  алып  бара  жатқан  уақытта 
босағаға iлгенiм деп күйеу бала өзiнiң шапа-
нын тастап кетедi. Мұның мəнiсi «мен ендi 
осы үйдiң баласымын. Қалыңдығымның əке-
шешесi менiң де əке-шешем болады» деген 
ойдан  туындаған.  Ең  соңғы  шара  «сыңсу» 
деп  аталады.  Сыңсу  ұзатылып  бара  жатқан 
қыздың əнмен өрнектелген мұңы, өзiн аялап 
баққан  ата-анасын  қимау,  туған-туыстарын 
қимау, қыз күнiмен қоштасу секiлдi мұңлық 
сөздерден  құралады.  Десе  де,  басына 
үлкен  ақ  шəлi  жауып  шығып,  жылағанын 
көрсетпеуге тырысады. Бұл сəтте оның жа-
нында жеңгелері жүреді. Ол өзінің балалық 
дəуренінің,  оң  жақта  бұлғақтап  өскен 
бақытты  күндерінің  өткендігін,  аяулы  ата-
анасының,  туысқандарының  өзін  мəпелеп 
өсірудегі еңбегін өлеңмен айта жүріп өксиді.
Базардан келген құйысқан,
Тарамай шашым ұйысқан.
Келіп кетіп жүріңдер-ай,
Сағындырмай туысқан, - деп өзінің 
өтінішін де айтады.

95
САЛТ-ДƏСТҮР
Қыздың  сыңсуы – жарасымды  əрі  тəр-
би е лік мəні бар салтанатты салт. Бұл адам-
гершілік,  əдептілік  жағынан  алғанда  да  өте 
орынды дəстүр. Өйткені, балалық күндерден 
ағайын ортасынан бөлініп кету оңай іс емес. 
Ал  қазақтың  қазіргі  қыздары  бұл  дəс түр-
дің алтын арқауын толықтай үзбесе де, қаз-
қалпында  ұстанбайды.  Бұл  ұлттық  тəр бие 
мен  ұлттық  мəдениеттің  заманға  сай  өзге-
руіне байланысты деп танимыз.
Ұзатылатын қыз өз үйінен аттанар алдын-
да өзінің ата-анасымен, аға-інісімен, сіңлісі, 
жақын-жуықтарымен қоштасу жырын айта-
ды:
Əуеден ұшқан бұлдырық,
Құбыладан соққан ызғырық.
Жатқа кетіп барамын,
Жаратқан соң қыз қылып.
Атасы жақсы құл болмас,
Анасы жақсы күң болмас.
Оң жақтан кетіп барамын.
Қыз еркелеп ұл болмас, - деп өзінің 
жат жұрттық болып жаратылғанын жырға 
қосады. Ең соңында:
Жанымдағы қыным-ау,
Сіңлілер мен інім-ау.
Жыл айналып келгенше,
Қош аман, бол күнім-ау, - 
деп  бауырларымен  қоштасады.  Мұнда 
«жыл  айналып  келгенше»  деген  сөздің 
мағынасы  бар.  Дəстүр  бойынша,  ұзатылған 
қыз  жыл  толмай  өз  үйіне  бара  алмайды. 
Барған  жеріне  «тастай  батып,  судай  сіңу» 
үшін,  екі  жақтың  əңгімесін  тасымас  үшін, 
соңына  жаман  сөз  ермес  үшін  тағысын-
тағылар.  Қазақтың  бұл  философиясының 
төркінінде,  əрине,  жас  отбасының  берік 
қа лып  тасу  мектебі  жатыр.  Қоштасу  қазақ 
халқының  бауырмалдық,  əншілік,  айтқы-
штық қабілетін көрсететін тұрмыс-салт жыр-
ларының ішінде көркем де көрнекті дəстүр. 
Қоштасу  жыры  соңынан  қыздың  жеңгелері 
мен серіктері:
Жылама, бикем, жылама, 
Көзіңнің жасын бұлама. 
Ұл болып тусаң əуелден, 
Сені мұндай қыла ма? – 
деп оған жұбату айтып, келешегіне жақсы 
тілек білдіреді. Салт жырларының тəрбиелік 
маңызы зор. Мұнда ұлттық дəстүр, халықтық 
қағида, ағайын-туыстық қимас сезім, алдағы 
арман... бəрі де бар. Қоштасу, жұбату жыры 
сонысымен құнды. 
Келін түсіру. Біздің халық үшін дүниедегі 
қызық  пен  қуаныштың  ең  бастысы – осы 
келін  түсіру  болып  табылады.  Бұған  бүкіл 
ауыл  болып  атсалысады,  бірге  қуанады, 
бірге тойлайды. «Тойдың болғанынан бола-
дысы  қызық»  деген  бар,  ал  келін  түсірудің 
өзі де, «боладысы» да қызық. 
Қазақ ескі салты бойынша келінді ауылға 
көлікпен  əкелмейді.  Бір  қырдың  астына 
жеңгесімен  бірге  түсіріп  кетеді.  Ауылдың 
қыз-келіншектері  жас  келіннің  алдынан 
шығып, ешкімге көрсетпей шымылдық ішіне 
кіргізіп  əкеледі.  Ақ  босағаны  оң  аяқпен  ат-
тайды. Шашу шашылады. Құтты болсын ай-
тылады.  Келінді  шешесі,  жеңгесі,  сіңлілері 
ертіп  əкеледі.  Қуаныш,  ырду-дырду,  ойын-
сауық  басталады.  Шымылдық  ішінде  жас 
қыздармен  отырған  келінді  көруге  əркім-ақ 
асығады. Жұрт жиналған сəтте салтанатпен 
«Беташар» басталады.
Жаңа  түскен  келінді  «беташар»  дəстүрі 
жасалмай  ешкім  көре  алмайды.  Оны  көру 
үшін əдейі «беташар» жасалады. Оған тойға 
жиналған  туыс-тұғандар  тегіс  қатынасады. 
Жас келінің екі жағында екі көргенді келін-
дері тұрады. Беташар бұл ізгілік пен ибалық, 
имандылық  белгісі  десек,  салт-дəстүр  бой-
ынша беташарды сал-серілердің бірі айтып, 
келінге  ең  жақын  немесе  сол  елдің  сыйлы 
адамдарын  ғана  таныстырып,  иіліп  сəлем 
бергізеді.  Соңында  келіннің  бетін  ашады. 
Осының өзінде үлкен имандылық, жаңа түс-
кен  жас  келінге  деген  ізет  жатыр.  Мұнда 
«Беташар»  жыры  айтыла  отырып,  келінге 
оның атасы, енесі, оның басқа туыстары та-
ныстырылып,  келін  оларға  сəлем  жасайды. 
Сəлем  жасаған  адамдар  «көрімдік»  береді. 
Бет  ашатын  жігіт  əн-жырды  желдірте,  кө-
ңілді көтере жыр төгуі керек.
Бұл жөнінде Сейіт Кенжеахметұлы “Жеті 
қазына” атты кітабында былай дейді: “Жаңа 

96
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
түскен  келінді  беташар  дəстүрі  жасалмай 
ешкім  көре  алмайды.  Оны  көру  үшін  əдейі 
беташар  жасалады.  Оған  тойға  жиналған 
туыс-туғандар  тегіс  қатысады.  Мұнда  “Бе-
ташар” жыры айтыла отырып, келінге оның 
атасы,  енесі,  басқа  туыстары  таныстыры-
лып,  келін  оларға  сəлем  жасайды.  Сəлем 
жасаған  адамдар  көрімдік  береді.  Бет  аша-
тын  жігіт  əн-жырды  желдірте,  көңілді  жыр 
төгуі керек. Келін келді, көріңіз, Көрімдігін 
беріңіз,  Анау,  мынау  демеңіз.  Түсін  айтып 
қойыңыз, – деп  бастаған  əнші  жігіт  жас 
келіннің  аталған  жақындарына  лайық  əзіл-
қалжыңдарын  араластыра  көрімдік  сұрап, 
жұртты көңілді күлкіге қарық қылады. Бета-
шар тойдың басы əрі сəні, жас келіннің жаңа 
өмірге  бет  алғанын  білдіретін  қызықты, 
сал та натты жақсы дəстүрлердің бірі”. Бета-
шардың  орындалу  рəсімі,  мазмұны  бета-
шар  айтушыныға  аса  үлкен  жауапкершілік 
жүктейді.
Бұл  əрине,  бұрынғы  ата  дəстүріміз  бой-
ынша  жастарымыздың  жеке  отау  құру  рə-
сімі. «Тауына  қарай  аңы,  заманына  қарай 
заңы» демекшi, дəстүр қатып қалған қағида 
емес.  Ол  өзгерiп  отырады.  Сол  сияқты,  бү-
гiнгi  қазақтың  тойларынан  да  ұлттық  дəс-
түрлердiң  ықшамдалып,  бүгiнгi  заман  та-
лабына  сай  жүйеленгенiн  байқауға  бола-
ды.  Есесiне  кейбiрi  түрленiп,  дамып  отыр. 
Қазіргі  күні  жоғарыда  жазылып  кеткен  бұл 
екеуі бірігіп, бір тойдың (свадьбаның) бойы-
на кірігіп өткізілетіні қалыптасқан дəстүрге 
айналған.  Еліміздің  кей  облыстарында  қыз 
ұзату,  беташар,  келін  түсіру  тойлары  же-
ке-жеке  өткізілсе,  ал  кейбір  аймақтарда 
келіннің бетін той үстінде ашу салты қалып-
тасқан.  Сонымен  бірге,  қыз  ұзатудағы 
«неке  қияр»  рəсімі  мен  «Жар-жар»  жыры 
да  үйлену  тойы  күні  орындалатын  болған. 
Бұлар дан  байқайтынымыз  көрші  халықтың 
кей салтының қанымызға сіңіп, дəстүрге ай-
налып  бара  жатқаны.  Мұндай  олқылықтан 
арылу  үшін,  əрине,  мақаламыздың  басын-
да  айтып  кеткеніміздей  өзіндік  ұлттық 
дəстүрімізге  негізделген  той  өткізудің  жаңа 
заманға лайықталып, бейімделген сценариін 
жүйелеп  ұсынуымыз  керек.  Мұнымен  біз 
жаңа лық  ашып  отырған  жоқпыз.  Əрине, 
бұл  уақыттары  қазақи  дəстүрге  негізделген 
талай тойларға куə болып та жүрміз. Бірақ, 
мұнымен  олқылықтар  мен  кемшіліктердің 
алыстан «мен мұндалап» тұрғанын да жасы-
ра алмаймыз. 
P.S.  Əрине,  біз  бұл  дəстүрлерді  қаз-қал-
пын да қайта жаңғыртайық деуден аулақпыз. 
Олай  ету  қолымыздан  келе  қоймас.  Кел-
ген  күннің  өзінде,  психологиялық  тұрғыда 
қабылдай  қоюымыз  екіталай.  Тек,  қазіргі 
заманға  лайықтап,  қайта  жаңғыртуға  əбден 
болады-ау,  мəн-мағынасын  сақтап,  мазмұ-
нын  өзгертсек,  заманға  қарай  бейімдеп 
қолдансақ деп ойлаймыз.
Сонымен,  көп  тойлардың  өтілу  барысы 
мен  ата-салтымызды  зерделей  отырып,  бы-
лайша жүйелесек болады. 
Тойға даярлық. Ақылдаса отырып, алды-
мен тойға дайындық жүргізіледі. Дайындық 
барысында  туған-туыстың  қайсысы  қан-
дай  жұмысқа  жауапты  болады,  соның  бəрі 
алдын-ала  келісіліп  алынады.  Мысалы,  бір 
адам  алыстан  келген  қонақтарды  қарсы 
алуға,  орналастыруға,  тойдан  кейін  шыға-
рып  салуға  тиісті  болса,  екінші  адам  жан-
жаққа хабар беру, шақыру билеттерін үлес-
тіру,  тойға  кімнің  келетінін,  кімнің  келмей-
тінін білуге міндетті. Екі жаққа да ыңғайлы 
уақытта  той  өткізілетін  күн  алдын  ала 
белгіленіп,  шақыру  билеттері  таратылады. 
Той  өтетін  орын  əсемденіп,  көздің  жауын 
алатындай  безендірілуі шарт. Бұл – тойдың 
қалай  ұйымдастырылуы  əркімнің  ерік-
қиялына  байланысты.  Десек  те,  көрнекті 
тұсқа  жас  жұбайларға  ақыл-кеңес  берелік 
тағылымды сөздер жазылып, ілініп қойылуы 
өзінше  бір  сəн  беріп  тұратын  болады.  Мы-
салы: «Үйлену  оңай,  үй  болу  қиын», «От-
басы бірлігі – татулықта», «Ынтымақ түбі – 
игілік», «Ана алдында – құрмет, ата алдында 
– қызмет», «Əкеден – ақыл, анадан – мейір» 
сияқты немесе өлең шумақтары т.б. Сондай-
ақ, түрлі түсті ленталар мен шарларды іліп, 
жұрт назарын аударатын жерлерге ілу. Оған 
тойға  келген  кішкентай  балалардың  да  ал-

97
САЛТ-ДƏСТҮР
данатын  ескеру  керек.  Той  өтетін  орынды 
гүлдермен де, қазақтың ою-өрнектерімен де, 
той  иелерінің  өміріндегі  қызықты  сəттерін 
бейнелейтін суреттермен де безендіруге бо-
лады. 
Тойға  шақырылған  адамдардың  саны-
на  қарай  үстелдер  қойылады.  Дайындық 
барысында  тойға  кімдерді  шақыру  қажет 
екендігін  ақылдасып,  шешу  керек.  бұл  өте 
үлкен мəселе. Өйткені, жағдайыңды, шама-
қарқыңды ескеруің қажет. Яғни, қазақ халқы 
көрпеңе  қарай  көсіл  деп  дұрыс  айтып  кет-
кен.  Себебі,  жыпырлатып  шақырып  алып, 
не тамақ жетіспей, не орын жетіспей жатқан 
тойлар  да  өмір  болғасын  кездесіп  жата-
ды. Қонақ көп болса, шығын да көп кетеді. 
Тойдан  кейін  тағы  да  ақша  төлеуге  тура 
келетін  жағдайлар  болады.  Сол  себепті  де, 
таныстарыңның бəрін қалдырмай шақырған 
дұрыс  емес.  Бұл  жерде  жақын  араласатын 
адамдарды  шақырып,  тізімін  құрып,  алдын 
ала  телефон  шалып  келетін,  келмейтінін 
біліп  алған  орынды.  Соған  қарай  егер  той-
хана,  кафе,  ресторанда  жасайтын  болса, 
стол  санын,  ас  мəзірін  есептеп  қояды.  Той-
да барлығына назарды ерекше аудару керек. 
Еттің  өз  бабында  дұрыс  пісуін,  көбігінің 
етпен, сорпамен араласып кетпеуін, тұздың 
көп салынбауын, қамырының дұрыс иленуін 
бақылайтын,  ет  жасауға  басшылық  жасай-
тын ерлер мен əйелдерді таңдап, оларға күні 
бұрын  сол  істі  тапсырып  қою  қажет.  Ыды-
стар  мен  тағамдарды  жеткізетін  даяшылар, 
қазан-ошақ  басында  жүретін  аспаздар  де 
ерте  бастан  белгіленеді.  Етті  еркектер  жа-
сайды.  Ал  əйел  адамдар  табақты  тарата-
ды.  Сыйлы  қонақтардың  табағына  дұрыс 
ет  мүшесі  салыну  қажет.  Үстел  үстіне 
түрлі  тағамдар,  жемістер,  салқын  сулар, 
шырындар,  қымызбен  толтырылады.  Той 
басқарушылар мен қызметшілердің өңірінде 
лентадан тігілген гүл немесе қос сақинаның 
суреті салынған эмблема болғаны жөн.
Тойды басқаратын адамды «асаба» дейді. 
Оның «тойбасы», «асағасы» деген де атауы 
бар. Барлық тойдың мазмұнды да əсерлі өтуі 
тікелей асабаға байланысты. Оған жүктелетін 
міндет жауапты да мəртебелі. Тойдың жақсы 
өтуін  өз  жауапкершілігіне  алған  асаба 
той  иелерімен  алдын-ала  ақылдасып,  той 
өткізу сценариін оларға көрсетіп, кім қашан 
сөйлейді, əн-күй, билер қашан орындалады, 
қандай рəсімдер қашан жасалады, тойды кім 
бастайды,  шашуды  кім  шашады,  кім  бата 
береді,  тойда  қандай  ойындар,  байқаулар 
өткізіледі, қашан үзіліс жарияланады келісіп 
алуға тиіс. Асабалардың əн де айтатын, күй 
де  тартатын,  өлеңдерді  мəнерлеп  оқи  ала-
тын, əзіл-қалжыңға да бай «сегіз қырлы, бір 
сырлы»  болғаны  жақсы.  Оған  қойылатын 
тағы бір талап: мəдениетті, халықтың салт-
дəстүрін жақсы білетін, елдің, жердің тари-
хынан хабардар, өнерлі азамат болуы. Тойда 
əркім өзімен-өзі болып, улап-шулап, ерсілі-
қарсылы  жүріп,  отырған  орындарында  өз 
беттерінше  өлең,  тост  айтып  қонақтардың 
шырқын  бұзбауына  асаба  жауапты.  Асаба 
тілек,  бата  кезегінен  жаңылысып  кетпеуі 
үшін  өзіне  көмекшілікке  той  иелерінің  бір 
жақын  туысын  сайлап  алғаны  да  дұрыс. 
Өйткені,  ол  үздік-создық  келіп  жатқан 
қонақтарды байқап, тілектер тізіміне түзету 
енгізіп отыру үшін қажет болады.
Тағы  бір  ескеретін  мəселе  –сыйлық  апа-
ру.  Арзан  болсын,  қымбат  болсын,  сыйлық 
–  адамдар  арасындағы  достық  қарым-
қатынастың  дəнекері.  Тек  қарапайым  сый-
лық  аламын  деп  қарабайыр  сыйлық  ұсын-
басақ  болғанымыз.  Той  иелерінің  келген 
қонақтардан  ақшалай-заттай  сыйлық  дəме-
туі,  оны  жұрт  көзінше  ашып  көруі,  ақша 
болса санауы – əдепсіздік. Ата-бабаларымыз 
сыйлық  та  берген,  сыйлық  та  алған.  Жəне 
сыйлық  берген  адамға  сыйлығының  есесін 
қайтарып  отырған.  Тойға  келген  қонақтар 
сыйлықты  алдын-ала  немесе  салтанатты 
кеш үстінде береді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет