Бас редактор с. Ж. Пірəлиев


Табақ тарту. Құдалық пен тойларда



Pdf көрінісі
бет13/13
Дата03.03.2017
өлшемі2,72 Mb.
#5518
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Табақ тарту. Құдалық пен тойларда 
тартылуы
Білмегендердің  естерінде  бола  жүрсін 
деп,  тартылар  табақ  түрлерін  сіздерге  ұсы-
нып отырмыз.
Табақ тартқанда бастың тұмсығын табақ-
ты  əкелген  адам  өзіне  қаратып  əкеліп,  қой-
ғанда  оны  ұсынған  кісіге  қаратып  бұрып 
қоя ды.
Бас-құрметті  қонақтың,  ақсақалдың  сы-
ба ғасы.
Құда  табақ  (сый  табақ)  –  бас,  жамбас, 
қазы-қарта,  жал-жая,  құйрық,  сүбе,  жылқы, 
қой, сиыр еті.
Құдағы  (құдағи)  табақ – жақ,  қазы-
қарта, қарын, тоқ ішек, асық жілік, жылқы, 
сиыр, қой еті. 
Жеңге-табаққа  қойдың  жамбасын,  жау-
ырынын, арқа белдемесін, сүбе қабырғасын, 
жүрек, бауырын, тоқ ішегін, қарын, бүйрек-
терін салады. Осының өзіндік тілі бар. Бау-
ыр, жүрек, бүйрек салуы бауырыңды бауы-
рыңдай  көр,  жүрек  табысқан  жүрегі  бұры-
лып тұратын болсын дегені, ал жамбас асуы 
жолың  үлкен,  шеше  орнында  сыйлаймыз, 
ішек-қарын  асуы  іші-бауырымыз  араласып, 
сыр жасырмайық дегені.
Жезде  табақты  жездесіне  балдыздар 
да йындайды.  Оған  ортан  жілік,  жауырын, 
арқа,  белдеме,  қарын,  тоқ  ішек,  бауыр,  жү-
рек,  бүйрек,  құйымшақ  салады.  Жезде  та-
бақ   қа  салынатын  сый-сыбаға  негізінен 
«жеңге  табақпен»  бірдей  болады.  Ал  ұқса-
май  тын  жері  құйымшақ  қосады.  Онысы 
бал    дыз  қыздардың  жездесіне  көрсеткен 

104
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
əзіл-қалжыңы,  назды  қылығы. «Құйымшақ 
же ген  қойшы  болады», «сіз  бізге  қойшы 
бо лы ңыз» дегені. Бұл əзілді білетін қу жез-
делер  білдірмей  отырып  құйымшықты 
бал   дыз  қыздардың  біріне  ұсына  қояды. 
Оны  байқамай  алып  қойған  қыз  жездеден 
жеңілген  болып,  оған  киіт  кигізеді.  Ал  мо-
мын,  əлжуаз,  жол  мен  қуылқыт  сезбейтін 
жезде болса, құйымшақты білмей жеп қойса, 
оны аңдып тұрған қыз балдыздар жезделерін 
шап беріп ұстап алып, жеңген жолын сұрай-
ды.  Ас  қайырылып  болған  соң,  жезделер 
табаққа  күміс  теңге,  жүзік,  сырға  салып 
қай тарады.  Мұны  күтімақы  «көңіл  табу», 
«арашалану салты» деп атайды. Қазақ «Же-
зедеден  киген  жең  болмас,  етектен  кескен 
тон болмас» деп оны əзіл үшін, ойын-қызық 
үшін шығарғанын да жасырмайды. «жездеге 
ілессең,  жерде  қалмайсың»  деп  жезделерін 
таудай бағалайды. Жезде-аға деп ағынан жа-
рылып ағалайды.
Беташарда тартылатын табақ түрлері
Беташар  табақ.  Қазақтың  келін  түсіру 
салтында, келіннің бетін ашқан жігітке арнап 
«беташар  табақ»  деген  ас  сыйлайды,  үлкен 
сый-құрмет  керсетеді.  Беташар  табаққа  тіл 
жағын,  жүрек,  бауырын,  ортан  жілік,  жау-
ырын,  белдеме,  арқа,  қабырғаларын,  үстіне 
таңдай  салады.  Оның  үстіне  əдемі  кестелі 
қол жаулық жабады, болса күміс жүзік, теңге 
қояды.  Бет  ашқан  жігіт  жолдас-жоралары-
мен  алқа-қотан  отырып,  теңгені,  жүзікті, 
қол жаулықты бөлісіп алады да, бата жасай-
ды,  əнші  жігіт  таңдайым  тақылдасын  деп 
таңдайды  алып  жейді,  қалған  еттерді  бəрі 
бірігіп бөлісіп жейді. Мұны қазақ кəдесінде 
«беташар табақ» деп атайды. Қазақтың сый-
сыбағасындағы беташар табақтың да өзіндік 
құпия тілі бар. Қызық қыры, санаулан сыры 
бар. Беташар табаққа бас салмауы жасыңда 
кəрілік  келмес  дегені,  тіл  жақ,  таңдай  тар-
туы  шешен  болыңдар,  бұлбұлдай  сайраған 
əнші  болыңдар,  тілдеріңнен  бал  тамсын, 
келіннің  беті  жарық,  жолы  ашық  болсын 
дегені. Жүрек салғаны жүрек таза, ақниетті 
болыңдар  дегені.  Бауыр  салғаны  бауыр-
дай  жақын  болайық,  жамандық,  суық  сөз, 
сұмпайы  тіл  болмасын  дегені.  Ал  осының 
бəрін  салып  сыйлағаны  ер  жігіттің  басын 
қастерлегені.  Келіннің  бетін  кім  ашса,  сол 
ыстық  көрінеді  деп,  ыстық  аспен  ықылас 
сыйлауы құрмет көрсету болып табылады.
Қыз  табақ-құймышақ,  тоқпан  жілік, 
беломыртқа,  сүбе,  қабырға,  жүрек,  жылқы, 
сиыр еті, қой еті. 
Күйеу табақ-төс, тоқпан жілік, қабырға, 
омыртқа еті, жылқының қазы-қартасы, жау-
ырын, қой еті.
Құрдас  табақ-тоқпан  жілік,  омыртқа, 
сүбе, қабырға, қазы, құйрық. 
Бала табақ-беломыртқа, қабырға, бүй рек, 
бақай, асық жілік, жылқы, сиыр, қой еті.Бала 
табаққа  асық  жілік,  жауырын,  ортан  жілік, 
арқа, белдеме, тіл жақ, қабырға салады.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дəстүрлері мен əдет-ғұрыптары. – Алматы: Атамұра, 
2010. -384 б.
2. Пралиев С.Ж., Нуриев М.А., Сейсенбаева Ж.А., Оразымбетқызы Ə. Ұлттық тəрбие (салт-
дəстүр, əдет-ғұрып негізінде): Оқу құралы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2011. - 107 бет.
Резюме
В статье предлагается в качестве примерановое проведениесвадебного обряда, с исполь-
зованиемказахских обычаев и традиций.
Summary
The paper proposes a new way of example holding a wedding ceremony, with the use of Kazakh 
customs and traditions.

105
САЛТ-ДƏСТҮР_Ұлттық_той_киімінің_үлгілері__106__ҰЛТТЫҚ_ТƏРБИЕ'>САЛТ-ДƏСТҮР
Ұлттық той киімінің үлгілері

106
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

107
САЛТ-ДƏСТҮР

108
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

109
САЛТ-ДƏСТҮР

110
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

Құрметті оқырмандар!
«Ұлттық  тəрбие»  журналын  «Қазпошта»  АҚ  мекемесінің  кез 
келген бөлімшесінен жаздырып ала аласыз. Журналға жазылу жыл 
бойына жүргізіледі.
«Ұлттық тəрбие» журналын жаздырып алуға жəне мақала жа-
риялап, өзіндік тың ой қосуға асығыңыз, ағайын!
Мына  мекен-жайға  хабарласуларыңызға  болады:  Жамбыл 
көшесі, 25 үй, 24 каб. Тел: 291-88-83. Е-mail: nitso@mail.ru
050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13
Абай атындағы ҚазҰПУ
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің өндірістік-жарнама бөлімінің баспасы
Типография производственно-рекламного отдела КазНПУ имени Абая
Тікелей репродукциялық əдіспен басылады
Печатается методом прямого репродуцирования
Жауапты редактор/Ответственный редактор – Сейсенбаева Жанар
Жауапты хатшы/Ответственный секретарь – Құрманғали Анар
   Беттеген/Верстка – Қасымов Сержан
Редакция мекен-жайы:
050010, Алматы қ., Жамбыл к-сі 25 үй, Жаңартпа технологиялар жəне 
білім беру мазмұнын ҒЗИ, каб. 24.
Тел/факс: 8(727) 291-88-83, электрондық мекен-жай: nitso@mail.ru
Басылымға жіберілді: 00.00.2011ж.
Пішімі 60х84. Борлы қағаз. Басылым – офсет. Көлемі 7 б.т.  500 Дана. Тапсырыс №203 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет