Басқарма Төрағасы, С. Ж. Асфендияров Атындағы Қаз Ұму ректоры



Дата06.01.2023
өлшемі26,58 Kb.
#60496

Басқарма – Төрағасы, С.Ж.Асфендияров
Атындағы Қаз ҰМУ ректоры
М.Е. Шорановқа
Мен ата-ана ФИО
Тұрғылықты мекен-жайы:
Ұялы тел:
Өтініш
Құрметті Унтверситет Ректоры Шоранов Марат Едігеұлы!
Мен ата-ана ФИО, қызым ФИО, ФӨТ 2-курсында оқиды. Сізден өтініп сұрайтыным, қазіргі эпидермиялық және саяси мәселелерге байланысты қызымның қысқы сессиясын онлайн форматта тапсыруын сұраймын.
Ата-аналар бей мәлім жағдайда. Алдағы жағдай қалай болары ешкімге белгісіз. Өзге оқу орындары студенттердің аман саулығын ойлап, оқыту бағдарламасын онлайн форматқа өзгертіп, студенттерді үйлеріне қайтарды. Өткен жылы қалада ауқымды көтеріліс болғанда, университет басшылығы тақалған сәтте шешім қабылдады. Соның салдарынан өзге мекенде тұратын студенттер үйлеріне қайта алмай қалды. Себебі, билеттер қалмай, уақыт тым кеш болды. Қала аралық автожолдар жабылып, көлікпен қайтуға да мұрша болмады. Алдағы уақытта тағы осындай жағдай бола ма деп студенттер сары уайым үстінде. Біз Сізден дұрыс әрі ақылға қонымды шешім қабылдап, студенттердің денсаулағы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуіңізді сұраймыз. Балаларымызды уайымдап отырмыз, әсіресе жатақханада жататын студенттерді.
Барлық оқу орындары студенттерін босатып жатқанына қарағанда, келеңсіз жағдайлар болмауына кім кепіл бере алады? Ата-ана ретінде өтінішімді түсіністікпен қарауыңызды сұраймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет