Басқару экономикасы


сурет. Сұраныстың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді өзгерулері (ұсыныстың бастапқы өзгеруіне жауап ретінде)



бет23/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   112
2.8 сурет. Сұраныстың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді өзгерулері (ұсыныстың бастапқы өзгеруіне жауап ретінде)
Мұнайды өндіруінің шектелуі ұсыныс қисық сызығы солға жылжып белгілі деңгейде мұнайға деген сұраныстың қисық сызығымен қиылысады: бұл нүктеде баға бұрынғы бағадан артады (яғни .

Қысқа мерзімді мезгілде мұнайға бағаның өсуіне тұтынушылар мұнайды пайдалануды азайтты, яғни мұнайға сұраныс көлемі азайды. Басқа сөзбен айтсақ, мұнай ұсынысының төмендеуі (яғни ұсыныс қисық сызығының солға жылжуы) мұнайға сұраныс қисық сызығын бойлай кейінге жылжыды.

Уақыт өткен сайын америкалық тұтынушылар баға көтерілу себебінен мұнайды пайдалануды өзгертті: жеңіл автокөлікті тек қызмет бабында пайдалану, аз бензин жейтін автомашиналарды сатып алатын болды, жылжу жылдамдығына шектеу қойылды. Кәсіпорын саласында мұнай тұтынушылары жаңа отын үнемдейтін жабдықтар қолданды. Ұзақ мерзімде мұнайды пайдалану сипатының өзгеруіне байланысты мұнайға деген сұраныс біртіндеп төмендеді. График жүзінде ол мұнайға сұраныс қисық сызығының солға -ден - ге жылжығаны арқылы көрсетілген.

Ұзақ мерзімді мезгілде сұраныс қисық сызығының осылай жылжу нәтижесінде тпе-теңдік баға мен көлем өзгерді: сатылатын және сатып алынатын көлем () енді сұраныс төмендемей тұрғандағы деңгейден төмен болып келеді. Бұл ресурстардың осы нарықтан одан әрі ауысып жатқанын көрсетеді. Бұл оқиғалар 40 жылдан астам уақытта болған.

Ал қазіргі уақытта нарықта болып жатқан қазіргі жағдай мүлде басқаша. 2014 жылдың ортасынан бастап мұнай бағасы күрт төмендей бастады. Мұның әсері әр елге әр түрлі болып жатыр. Барлық елдерді екі топқа – мұнай өндірушілер және мұнайды тұтынушылар – деп бөлсек, мұнай өндіретін елдердің экономикасына, оның ішінде Қазақстан да бар, теріс әсерін тигізуде. Қазақстанда әлем экономикасының мұнайға деген сұранысы азайғаннан, оған бағаның төмендеуінен ЖІӨ көлемінің өсу қарқыны едәуір төмендеді. Керісінше, мұнайды сыртқы елдерден сатып алып көп тұтынатын мемлекеттерге өте қолайлы жағдай тууда. Мысалы, энергия сыйымды өндірістер АҚШ-на қайтуда. Бүгінгі күні бұл елдің экономикасы өсіп, әлеуметтік жағдайы жақсаруда: жұмыссыздық деңгейі 5%-дан төмен болып отыр.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет