Басқарудың Автоматтандырылған Жүйесі



Дата07.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#38611
Байланысты:
асу каз


Басқарудың Автоматтандырылған Жүйесі (БАЖ; Система автоматического управления; system of automatic control) — біртұтас “адам-машина” жүйесінің жұмыс істеу процесінде басқару шешімін қабылдау үшін қолданылатын әкімшілік, ұйымдастыру, экономика-математикалық тәсілдердің, есептеу техникасы мен ұйымдастыру техникасының, сондай-ақ, байланыс жабдықтарының жиынтығы. Ол жабдықтау (қамтамасыз етуші) және функционалдық жүйелерден тұрады. Жабдықтау жүйесіне: техникалық, математикалықақпараттық, ұйымдастыру жұмысы және мамандармен қамтамасыз ету жатады. Ал функционалдық жүйе есептеу, бақылау, жоспарлау және өндірістік шаруашылық қызметін басқару міндеттерін шешеді. БАЖ-дың негізгі буыны — цифрлы ЭЕМ (немесе есептеу орталығына біріккен ЭЕМ кешені). Ол жүйенің басқа буындарымен байланыс арнасы арқылы қосылады. Ақпарат бұл арнамен басқарудың төмегі сатысынан жоғарғы сатысына қарай, ал тапсырмалар, бұйрықтар (командалар), нұсқаулар мен түзетулер, керісінше, жоғарғы сатыдан төменгі сатыға қарай беріледі. Басқарудың стратегиясына не мақсатына әсер ету, жүйені дамыту және жетілдіру процестері адамның тәжірибесі мен интуициясына негізделген жағдайда ғана БАЖ тиімді болып есептеледі. БАЖ-дың автоматты басқару жүйесінен (АБЖ) ерекшелігі — БАЖ-да адам автоматтардың жұмысын бақылаумен қатар басқару процесіне де белсенді түрде араласатындығы. БАЖ: объектілер БАЖ-ы (мысалы, технологиялық процестер БАЖ-ы, кәсіпорындар БАЖ-ы, т.б.) және функционалды автоматтандырылған жүйе (мысалы, автоматтандырылған жобалау жүйесі, материалдық-техникалық жабдықтауды автоматтандыру жүйесі, т.б.) болып ажыратылады. БАЖ негізін зауыттың не өндірістің ақпараттық есептеу орталығы құрайды. Қазақстанның көптеген институттарында ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған БАЖ-дар құрылған. Сондай-ақ, бұл жүйе қазіргі кезде байланыс пен телекоммуникация бағыттарында да қолданыла бастады. 






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет