Басқарудың әлеуметтік-психологиялық аспектілері



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата05.02.2023
өлшемі1,05 Mb.
#65234
  1   2
Байланысты:
Закарьянова Ш.Н. Псих.упр-я. 6 лекция



Басқарудың әлеуметтік-психологиялық 
аспектілері 


Жоспар 
I.Кіріспе 
Басқару аспектілері
II.Негізгі бөлім 
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері 
Әлеуметтік – психологиялық күй құрылысы 
Әлеуметтік-психологиялық климат 
III. Қорытынды 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 


Адам ресурстарын басқару 
күрделі және көпжақтылы 
болғандықтан оның 
көптеген аспектілері 
болады. 
Персоналды басқарудың 
келесідей аспектілері бар: 
а) техника-технологиялық аспектілер (белгілі бір 
өндірістік даму деңгейін, соның ішінде қолданылатын 
техника мен технологияның ерекшеліктерін, өндірістік 
жағдайларын және тағы басқаларды көрсетеді) 
б) ұйымдастырушылық-экономикалық (жұмысшылардың 
құрлымы мен сандық жоспарлауымен, моральдік және 
материялдық қызығушылығымен, жұмыс уақытын 
пайдаланумен, еңбекті ұйымдастыру мен байланысты 
сұрақтарды қамтиды) 
в) персоналды басқарудың құқықтық аспектілері 
(персоналмен жұмыс істеу кезіндегі еңбек құқығын 
бұзбауына байланысты сұрақтарды қамтиды) 
г) әлеуметтік-психологиялық (кадрларды басқарудағы 
әлеуметтік-психологиялық қамсыздандыру, кадрлар 
жұмысының практикасына әр түрлі әлеуметтік-
психологиялық процедураларын енгізу сияқты сұрақтарды 
қарастырады) 
д)педагогикалық ( кадрларды оқыту мен дамытудың, 
насихаттаудың және т.б. сұрақтарын қарастырады) 


Әлеуметтік-
психологиялы
қ кәсіпорын 
персоналын 
басқаруына 
байланысты 
келесідей 
аспектілерді 
қарастырады: 
Маркетинг аумағындағы кәсіби жан-жақтылықты игеру, толық 
және сапалы кәсіптік білім алу үшін қажет жағдайлармен 
қамтамасыз ету; жалпы жоғары интеллектуалдық даму 
деңгейін, адамға, қоғамға, қоршаған ортаға, ойлау мәдениетіне 
жөне еңбекті ғылыми үйымдастыруға қатынастарды реттейтін 
этикалық және қүқықтық нормаларды игеру; зерттеудің 
теоретикалық білімдері мен әдістеріне, өздігінен оқу 
тәсілдеріне, шығармашылық потенциалдың дамуына, 
жаңашылдықтарға ие болу. 
Сонымен қатар экономикалық дамудың моделін жасауды; 
нарықтық экономика үрдісін бағалау әдістемелерін меңгеруді; 
инфляцияның, жүмыссыздықтың жекешелендірудің және тағы 
басқа экономикалық нәтижеге әсері, БҮҮ әдісі бойынша емір 
сүру деңгейін жөне адамзаттың даму, интегральдық индексін 
жасауды бағалауды, қалыптасқан талаптардың өзегі, кәсіптік 
білім беру сияқты мәселерді қарастырады. 
Персоналды әлеуметтік-психологиялық жағынан 
қамсыздандыру арқылы ұйымның болашағына елеулі әсер 
тигізуге болады. Яғни басқаша айтқанда персонал 
қызметкерлерін басқару кезінде жан жақты әлеуметтік-
психологиялық мәселелерді ескеру арқылы көптеген 
проблемаларды шешуге болады. 


Басқарудың әлеуметтік-
психологиялық әдістері
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері ұжымды қалыптастыру әрі дамыту 
процесіне, олардың өз араларындағы әлеуметтік процестерге ықпал етудің нақты 
амалдары мен тәсілдерінбілдіреді.
Бұл әдістердің мақсаты – адамдардың өсе түскен, яғни өскелең әлеуметтік 
қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың жан-жақты үйлесімді дамуын қамтамасыз 
ету және осылардың негізінде жеке тұлғаның еңбекке деген құлшынысын, 
ұжымдардың тиімді еңбек етуін арттыру.
Басқару әдістері ең алдымен ықпал етудің бағытын анықтайтын өзінің уәждемелік 
(мотивационной – себеп тудыратын) сипаттамасымен ерекшеленеді. Бұл сипаттама 
адамдардың мінез-құлқын анықтайтын және тиісті әдіс топтарына бағдарланған 
уәждемелерді (мотивы – себепкерлер) көрсетіп береді.


Әлеуметтік-психологиялық аспектіде өндірістік ұжымның рөлін қалай ұғуға 
болады? 
Әлеуметтік-психологиялық әдістері рухани мүддеге (қажеттілікке) ықпал етудің мүмкіндіктерін 
пайдаланады. Әлеуметтік уәждеме (мотивация) саяси, моральдық, ұлттық, отбасылық және басқа да 
әлеуметтік мүдделердің бағдарын қарастырады. 
Ұжымның әлеуметтік сипаттамасы мен өндірістің экономикалық және ұйымдастырушылық көрсеткіштері 
арасында тығыз байланыс болады. Әлеуметтік мәселелерді шешіп алмайынша еібекке деген дұрыс 
қатынасқа (көзқарасқа) өндірісті тиімді дамытуға қол жеткізу мүмкін емес. 
Өндіріс ұжымы – бұл қоғамның пайдасы үшін бірігіп қызметететін, ортақ мақсат, ортақ мүдде бастарын 
біріктірген, бәрі біреу үшін, біреу бәрі үшін жауап беретін, бір ұйымға жұмыс істейтін адамдардың 
жиынтығы. 
Өндіріс ұжымы – бұл бірігіп еңбек ететін адамдардың тек жай ғана бас қосуын білдірмейді. Ол 
жекелеген жұмыскерлер мен олардың топтары арасындағы тұрақты әрекет ететін экономикалық, 
өндірістік-техникалық, өнегелік (нравственных), мәдени. 


Әлеуметтік 
әр қилы 
әдістердің 
кең 
спектірін 
қамти 
алады: 
— әлеуметтік-саяси; 
— әлеуметтік реттеу; 
— әлеуметтік бастама; 
— моральдік ынталандыру. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет