Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мәні, түрлері, ерекшеліктері
«Партия» деген ұғым латын тілінен аударғанда «бөлік, бөлшек» деген мағынаны білдіреді. Алғашқы партиялар ежелгі Грецияда пайда болған. Жалпы партиялардың даму кезеңдері:
аристократиялық котерийлер (үйірмелер);
саяси клубтар;
көпшілік партиялар.
Саяси партиялардың түрлері өте көп. Мысалға: кадрлық, көпшілік, консерваторлық, реформаторлық, революциялық, заңды, заңсыз, басқарушы, оппозициялық, оңшыл, солшыл, орталық, парламенттік және антипарламенттік болып бөлінеді. Бұл партиялардың идеяларында, бағдарламаларында ерекшеліктері көрсетілген.
Қоғамдағы партиялардың санына байланысты, бірпартиялық, қоспартиялық және көппартиялық жүйелер қалыптасады.
Партиялардың негізгі қызметтері:
жекелеген пікірлерді, мүдделерді біріктіру, жүйелеу, қоғамдық деңгейге көтеру;
басқа партиялармен бәсекелестікте болу;
белсенді мүшелерін саяси элитаға енгізу;
мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты тұрақты ету, дамыту;
қоғамның дамуына байланысты белсенді жұмыстар атқару.
Саяси партиялардың қоғамдық ұйымдардан айырмашылығы, олардың басты мақсаты – мемлекеттік билікке ұмтылу, ал қоғамдық ұйымдар билікке ұмтылмайды, тек өзінің алдына қойған жалғыз мәселесін шешуге тырысады.
Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар көп. Олардың бағдарламалары, алдарына қойған мақсаттары анық көрсетілген. Партиялардың демократиялық қоғамды орнатуда маңызы өте зор. Қазақстандық партиялар әлі қалыптасу үстінде деп айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |