Басымды иіп Сәлем бердім, армысыздар ұстаздар мен қонақтар!
Топқа түстім мен бүгін ,қамшы шалмай шабайын!
Новоишим қазақ орта мектебім,
Қанаттарын қатайтқан шәкірттердің талайын!
Қазақ қызды сыйлаған
Қазаққа қыз сыйлы адам
Айгерім менің есімім
Абыройын қазақтың жаста болса ойлаған!
Жыр оқуды сүйіп келем жасымнан
Достарым көп табылатын қасымнан
Нағыз қазақ анасы көп қой шіркін
Дұшпан сөзін асырмайтын басынан
Құрметті ұстаздар мен көрермендер!
Мен 1990 жылдың 11шілде айында Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Кеукей ауылында дүниеге келдім.Қазіргі уақытта көп балалы отбасы, бес баланың анасымын.Үлкен қызым 7А сынып оқушысы Сейтмұрат Кәусар Болатқызы мен «Мен -анамын,ұрпағын әлдилеген »атты аналар сайысына қатысқалы тұрмын.Қолымнан келгенше барлық өнерімді, анамнан алған тәрбиемді көрсетуге тырысамын дей келе Ана деген өлең жолдарын қабыл алыңыздар!
Ана Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем?
Айға сіңілі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,
Әркез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.
Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,
Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,
Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,
Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.
Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең,
О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен?!
Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,
Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?
Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.
Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.
Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы!
Цезарь -салаты Цезарь салаты аты емес. Осы тағамның авторы деп аталатын адамның аты-жөні Италияндық аспазшы Цезарь Кардиний. Ол XXғасырдың 20-40- жылдары Мексика аумағында орналасқан Тихуана қаласында бірнеше мейрамханаларды иеленуші. Аңыз бойынша салат 1924 жылыдың 4 шілдесенде Кардини ойлап тапты.АҚШтың тәуелсіздік күнінде.Себебі ас үйде жейтін жейтін ештеңе қалмаған,ал келушілер тамақ талап еткен. 1953 жылы «Цезарь » салаты Париждегі Эпикур қоғамымен «соңғы 50 жылда Америкада пайда болған ең жақсы рецепт » деп аталған.
Құрамы:
1)Пекин орамжапырағы 1 дана
2)1 батон
3)кішкентай қызанақтар 200 гр немесе 10 дана
4)ірімшік немесе кез келген (твердый сыр)
5)асылған тауық еті
Соус:
1) 1,5 шай қасық Горчица езілген
2)2-3 қайнатылған жұмыртқаның сарысы
3)сарымсақ
4)майонез 150 гр немесе қалауыңызша
10)аскөк қалауыңызша
Астарыңыз дамді болсын!