Казакбаева ГульпанКалмуратовнаМектепбасшысыныңпортфолиосыD есепПШО филиалы Шымкент қаласыБасшылардыңбіліктілігінарттыру курсы 05.04.21-14.01.2022 жыл
Қазіргі таңда әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделу қабілеті бар, өз жолын дұрыс таңдай білетін және оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр.
Еңалдыменен «Даму жоспарын әзірлеуде өз әрекеттерімді қалай жоспарлаймын?», «Өзгеріс енгізуге кімдерді тартуды жоспарлаймын?», «Жоспар мектеп қажеттілігтеріне сай ма?» деген сауалдарға зерттеу жұмыстарымдағы неғұрлым маңызды проблемаларды, соның ішінде олардың шешілуі арқылы барынша пайдалы нәтижеге қол жеткізуге болатын мәселелерді басты назарға алдым.Даму жоспарын өзгерістер бағдарламасы деуге де болады, яғни ол білім беру мекемесінің қиындықтан сәтті шығуын және мемлекеттің, қоғам мен тұлғаның өзгеріп жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өте қажет. Мектептің даму жоспарының басымдықтарын айқындауда сауалнама қорытындысы көрсеткендей мұғалімдердің кәсіби дамуындағы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға байланысты әртүрлі жаңа әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында тиімді қолдана алмауы, бірлескен топтық жұмыстарды ұйымдастырмауы, оқушыларының кері байланыс беру дағдыларының қалыптаспағаны және көшбасшы ретінде өзін көрсете алмауы,мұғалімдер мен оқушылар арасында бірлескен оқудың жүргізілмейтіндігі туралы мәселелер басты негіз болды.
Мектептің бастапқы мүмкіндіктерін зерттеу деректерінің нәтижесі бойынша дамыту жоспарының басымдығы:«Мұғалім көшбасшылығы арқылы 9 сынып оқушыларының кері байланыс беру дағдыларын арттыру» алынды.
Басымдықты анықтап алғаннан кейін, 9 сынып оқушыларының кері байланыс беру дағдыларын және көшбасшылығын қалай арттыруға болады?- сұрағы туындады.
Басымдыққа байланысты мақсаттар қойылды:
Мұғалімдер мен оқушылардың көшбасшылығын, бірлескен өзара әрекеттестігін жетілдіру,
9 сынып оқушыларының кері байланыс дағдыларын арттыру,
ата-ана мен мұғалімнің ынтымақтастығын қоғамдастықта арттыру,қарым –қатынасын дамыту.Осы мақсаттар тәжірибе барысында орындалды ма?
Мақсатымнан кейін күтілетін нәтижем және табыс критерийлерілерімді анықтап алдым.Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас топтық жұмыс арқылы артады, көшбасшылығы артады-25%. Мұғалімнің кері байланыс ұсыну дағдысы тәжірибе алмасу арқылы 40 пайызға артады.9-сынып оқушыларының кері байланыс ұсыну дағдысы -20% артады.Мұғалімнің кері байланыс ұсыну дағдысы тәжірибе алмасу арқылы 40 пайызға артады.9-сынып оқушыларының кері байланыс ұсыну дағдысы -20% артады.Бірінші тәжірибе барысында енді осы табыс критерийлеріне қол жеткіздіңіз бе?Соны талдап жазу керек.
Заманауи қоғамның тіршілігінде желінің маңызы күннен күнге артып отыр. Еліміздің білім жүйесіне еніп жатқан оқыту мен оқудағы тың жаңалықтар мен өзгерістерді өз мектебіме енгізуде мектеп ішінде өзге де мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ететін «Бірлік» атты кәсіби қоғамдастық құрылды. Деңгейді аяқтаған информатика, қазақ тілі, орыс тілі,ағылшын тілі,математика пәні және бастауыш сынып мұғалімдері және басқа да қызығушылық білдіргендер кіретін болады.. «Бірлік» кәсіби қоғамдастығын құрудағы мақсатым - мектеп мұғалімдерінің тәжірибелерін дамытуға ықпал ету арқылы бірігіп жұмыс істеу әрекеттерін қалыптастыру болды.«Бірлік» кәсіби қоғамдастық мүшелерімен бірлесе отырып, алдағы уақытта жүргізетін жұмыс жоспары әзірленді.Дұрыс айтасыз алайда С есепте қоғамдастыққа байланысты ешқандай іс-шара жоспарланбаған.С есепті қайта қарап іс-шара жоспарлап,соның қалай іске асқанын осы жерге қосып жазыңыз
Мектебімізде жас маманға бағыт-бағдар беру үшін тәлімгерлік жұмысы ұйымдастырылған. 2020-2021 оқу жылынан бастап оқу жылының басында жұмысты ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсетілді. Тәлімгермен бірлесіп, жоспар құрылды. Мектептің оқу-тәрбие жұмысымен танысу; мектеп құжаттамасын жүргізу, пәндер бойынша күнтізбелік–тақырыптық жоспарлау жасау; дарынды және талантты оқушылармен жұмыс; үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс;
"Сабақ жоспарларын әзірлеу ,сабақтың үш бірдей мақсаты және оның түпкі нәтижесі" тақырыптары бойынша теориялық сабақ өткізілді.тек баяндау /бұл рефлексивті есеп,терең талдау жүру керек/ Жоспарымызда жеті модульді,оқыту мен оқудағы бағалаудың түрлері,тізбектелген сабақ жоспары, ОМЖ,ҚМЖ құру жолдарын үйрету. Алдымен орта мерзімді тізбектелген сабақтар жоспарын құрып алып, жоспарға өтілетін сабақтар тақырыптары, оқып үйренудің негізгі мақсаттары, қолданылатын әдіс-тәсілдері, жеті модульдің элементтері енгізіліп, сергіту сәттерінің түрлері, ресурстар, атқарылатын іс-әрекеттер, қолданылатын бағалау түрлері, өтілетін уақыты енгізілді. Әр сабақ тақырыбына ҚМЖ жасалды, оған барлық атқарылатын іс-әрекеттер толығымен түсіндіріліп жазылды.тек баяндау берілген.Осы іс-шаралар тәлімалушының кәсіби өсуіне әсер етті ме?Дәлел ұсына аласыз ба?Тәлімалушыда осы шаралар барысында қандай қиындықтар немесе жетістіктері болды , ашып нақтылап жазыңыз.
Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері. Бұл өмір қажеттілігінен яғни, білім сапасын үздіксіз көтеріп отыру талаптарынан деуге толық негіз бар. Портфолио оқытушы жұмысының нәтижесіне мониторинг жасау үшін білім беру мекемелерінің әкімшілігіне аса қажет, бір жағынан педагогтың өзін-өзі бақылауы және білімін көтеріп отыруы үшін де маңызды Жас мұғалімнің кәсіби қызметінің атқарымдары жүйеленді, сондай-ақ мұғалімнің портфолиосын ресімдеуге көмек көрсетілдіБұл жоспарда жоқ, Жыл бойы жас маманмен ақпараттық жұмыс, журналдарда жарияланған мақалалармен, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттермен үнемі танысу және оны тәлімгермен талқылау жүргізілді.Осы талқыллауКәсіби дамуына әсер етті ме? Қай жағынан дамыды?Қандай дағдысы артты?
Әрбір коучинг сессиядан соң таңдап алынған даму бағытына сәйкес оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді тиімді қолдану бойынша өзара кәсіби әңгіме өрбітіп, мұғалімдермен кері байланыс жүргізіледі.Жүргізіліп қойды ғой , неге келер шақпен жазылған.?Кері байланыс жасаудың себебі; өткізілген коучинг сессиядан соң аталған модулді қаншалықты меңгерді және оны өз тәжірибесіне қалай енгізе алады деген сауал түрғысынан мұғалімдердің ой-пікірін, көзқарастарын білу болып табылады. «Оқу үдерісінде кері байланыс тиімділігі»,«Оқушының бойында көшбасшылық қабілеттерді қалыптастыру», «Рефлексия мұғалім мен оқушының табыстылық факторы ретінде»тақырыптарында коучинг сабақтары өтілді.Енді осы коучинг мұғалімдерге не берді?Қандай дағдылары дамыды? Құзыреттіліктері артты ма? Нені дұрыс жасай алатын жағдайға жетті? Неге тиімділігі жазылмаған.Тек баяндап қоя салғансыз.
Мұғалімдерге іс-әрекетті зерттеуде «Lesson Study» тәсілін тиімді қолдану әдістемесінен бағыт-бағдар берілді. Бұл тәсіл мұғалімдер қауымы үшін қызықты әрі тиімді болды. Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Lesson Study негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады.Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді. Іс-әрекетті жүргізбес бұрын шығармашылық топпен 9 «Б» сыныбында зерттеу сабағын жүргізу жоспарланды.Бұл уже өткізілді ғой?
Мақсаты Мұғалім көшбасшылығы арқылы 9-сынып оқушыларының кері байланыс беру дағдыларын арттыру, Зерттеу сабағының зерттеу әдісін тәжірибеде қолдану
Күтілетін нәтиже:
Сенімділік артады, сыни ойлауға дағдыланады;
Бірін-бірі бағалай білуге үйреніп, көшбасшылық қабілеті артады;
Сабақта тиімді кері байланыс беруге дағдыланады;
Алдымен мектепте зерттеу сабағының циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, бірнеше мұғалімдерден тұратын топ құрылды.
.Модератор Г.К.Казакбаева. Бірлестік жетекшісі А.О.Туйтебаева .С.К. Тулебаева ағылшын тілі пән мұғалімі, Э.Н. Тортаева қазақ тілі пән мұғалімі, Т.В.Зубова орыс тілі пән мұғалімі, сынып жетекшісі.
Осы бағытта сынып жетекшісінің кеңесімен зерттелетін жоғары, орта, төменгі деңгейлі оқушыларды анықталды. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы тәжірибеде қолдануда бағыт беруде тәлім алушым іс-әрекетті зерттеу сабағын жүргізетін мұғалімдермен ауқымды жұмыс жүргізді. Іс-әрекетті зерттейтін пән мұғалімдері өздерінің пәні бойынша сабақ жоспарларын бірлесе отырып жоспарлады.Бұл жерін алып тастаңыз.Одан да не нәрсе күшті болды?не нәрсе әсер етпеді? Болашақта неге назар аудару керек?нені дұрыстап өткізу керек?Мұғалімдерде не жақсы жүзеге асты?Не жүзеге аспады? Талдап , ашып жазу керек.Баяндама керегі жоқ.
«Lesson study» тәсілі бойынша орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын пәндерінен іс-әрекетті зерттеу сабақтарын бірігіп жоспарлап, өткізді.«Оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдыларын. қалыптастыруда жаңа тәсілдерді ұтымды қолдану» тақырыбында болды. Іс-әрекетті зерттеу сабағында бақылауға алынған үш оқушы басты назарда болды. Әрбір сабақтан соң шығармашылық топ мүшелері бірлесе отырып, кәсіби әңгіме жүргізіп, талдау жасады, басымдықтар мен кедергілерді анықтай отырып келесі сабақты жоспарлады. Іс-әрекетті зерттеу соңында зерттеуге алынған 9 «Б»сыныбымен дөңгелек үстел өткізіліп, жалпы жүргізілген жұмыстардың қорытындысын ескере отырып, мұғалімдермен кері байланыс жүргізілді.Тиімділігі неде болды? Үш оқушының қандай дағдылары артты?Қалай әсер етті жоспарланған тәсілдері?Қорытынды хаттамада шешім недеп ұсынылған.
Жоспар бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың жақсарғанын, көшбасшылығы -25%.9-сынып оқушыларының кері байланыс ұсыну дағдысы-20%.Мұғалімнің кері байланыс ұсыну дағдысы тәжірибе алмасу арқылы 40 %. 9-сынып оқушыларының кері байланыс ұсыну дағдысы-20% артқанын байқадым.
Осы жолда оқушы, мұғалім, ата-ана ынтымақтастықта бірлесе жұмыс жүргізе отырып, білім берудің мазмұнын жаңартуды жүзеге асыруға атсалыса түсетіндігімізге көз жеткізудеміз. Бұл да болашақ ұрпаққа, ғылымның алғашқы негіздеріне жасалып отырған бір мүмкіндік деп қабылдау қажет. Қанаттасып, тәжірибе алмаса жүріп берілген білім мұғалімді де, оқушыны шығармашылық ізденіске түсіреді. Ізденіске түскен тұлға сыни ойлайды, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдайды, өзіндік тұжырым жасайды, өз пікірін қорғайды, көшбасшылығы артады.
Талистің сауалнамасын алдым 87 мұғ қатысты.Талдауы 2-басымдыққа әкелу керек Тақырып ........ Зерттеу сұрағым 1...2....3.....
Қосымшада дәлелдемелер аз, әлсіз, артық суреттерді алып, үдерістің дәлелін қойыңыз.
1.Коучинг «тақырып»
Достарыңызбен бөлісу: |