Баскетбол (ағылш basketball, basket себет (торқалта), ball доп) ептілікті қажет



Pdf көрінісі
Дата23.06.2022
өлшемі36,81 Kb.
#37222
Байланысты:
Сақина лақтыру



Баскетбол (ағылш. basketball, basket - себет (торқалта), ball - доп) —- ептілікті қажет
ететін қызу тартысты спорт ойын. Оған бес ойыншыдан тұратын екі команда қатысады.
Баскетбол алаңының қарама-қарсы екі шетіне орнатылатын қалқаны бар тағандарға
сақина бекітіледі. Ойынның мақсаты- допты қарсыласының сақинасына түсіріп, ұпай
жинау. Ойыншылар допты лақтыруға, пас жасауға, домалатуға немесе жерге жиі-жиі
ұрып дриблингпен алып жүруіне болады. Доп өзіне тигеннен кейін ойыншы онымен тек
екі адым ғана аттай алады. Баскетболды таза 20 минуттан екі тайм ойнайды.
Таймдардың арасындағы үзіліс 10 минуттан тұрады. Ойынның басталуында төреші
алаңның қақ ортасында командалардың екі ойыншысының арасында тұрып допты тіке
лақтырады. Олар секіріп, допты командасындағы əріптестеріне тартып əперуге
тырысады.
Ережелері:
Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа
жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дəлдесе
2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сəтті лақтырылса онда ұпай саны бірден
3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп
тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кəсіби терминде мұны
«Овертайм» деп атайды.
Ұпай санау: Егер лақтырылған доп кəрзеңкеге дəл тиіп, кəрзеңкенің ішінен сырғанап
жерге түссе, нысанаға жеткен болып саналады. Ойын уақытында доп дұрыс
лақтырылса, команда екі ұпай алады. Мұндай лақтыру үш ұпайлық сызықтың ар
жағынан жасалса ұпай саны үшеу болып саналады. Айып добын лақтыру (ереже
бұзылғанда рұқсат етіледі) кезінде əрбір сəтті тигізуге бір ұпайдан есептелінеді. Ондай
кезде ойыншы айып сызығының ар жағында тұруы тиіс.
Тарихы: Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы
ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан
жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде
Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Джеймс Нейсмит гимнастика түрін ары
қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі.
Баскетболдың этимологиясы (basket – себет, boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында
ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Джеймс Нейсмит арнайы
доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан.
1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Ал, 1894 жылы жаңа
ойынға қызығып, əуестенушілер айтарлықтай артқан.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет