Басқару стилі – басқару қызметтерін атқару кезінде басшылардың ұжымға ықпал етуі. Стиль дегеніміз әлеуметтік құбылыс, өйткені, бipiншіден, онда басшының көзқарасы мен ceнiмi бейнеленеді, екіншіден ол түптеп келгенде жүйенің қалыпты жұмыс істеушінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стиль оның қарамағындарылардың, басшының көзқарасы мен ceнiмi бейнеленеді, екіншіден ол түптеп ұдайы назарында болып, олар мұны өзіне бағалап, өзінше қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені жұртшылық, оның жүріс-тұрысына,ісіне зер салады, соған еліктейді, содан үлгі-өнеге алуға, үйренуге талаптанады.
Басшы жұмысының стилі — оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың және ic-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі — бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.
Стиль дегеніміз әлеуметтік құбылыс, өйткені, бipiншіден, онда басшының көзқарасы мен ceнiмi бейнеленеді, екіншіден ол түптеп келгенде жүйенің қалыпты жұмыс істеушінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стиль оның қарамағындарылардың,ұдайы назарында болып, олар мұны өзіне бағалап, өзінше қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені жұртшылық, оның жүріс-тұрысына,ісіне зер салады, соған еліктейді, содан үлгі-өнеге алуға, үйренуге талаптанады.
Стиль түрлері
Бір жақты авторитарлық стиль
Билікті біркелкі қолдана отырып басқару
Өндіріс процесіне немесе тұтастай жұмыс процесіне біркелкі қатыса отырып басқару стилі
Парламенттік сипаттағы басқару стилі
Бағыныштылар негізінен дербес, басшылардың тікелей қатысуысыз басқару стилі
Х.Кох басшы стилін былай бөледі:
Қызмет беру стилі
Міндетті бөлісіп басқару
Ерекшелеу тәсілмен басқару
Жүйені ретке келтіру арқылы басқару
АҚШ-тың басқару стилі:
Либералдық
Авторитарлық
Демократтық
Басқару стильдің классикалық 3 түрі бар:
Либералдық стиль
Либеральдық стиль — мұндай жұмыс стилінде басшы ерекше белсенділік танытпайды, iс-әрекетінде кездей соқтық басым жуйелілік болмайды. Мұндай типтегі басшылар принципсіз мәселелердің өзінде, өзінен жоғары қызметтегілерге қарайлайды. Мұндай стилдегі басшы тәртіп бұзушыға қатаң талап қоймайды, карамағындағылардың білімінің төмендегеніне, жұмысты орындауына және еңбек тәртібіне онша мән бермейді.Мәселелерді немқұрайлы талқылайды, ашық пікірлесуге сынескертпелерге бара бермейді. Либералдық стиль-басшының бағыныштылардың ic-әрекеттеріне араласпауымен сипатталады. Ол жауапкершіліктен қашқақтап, тіпті ұжым кызметінің ең күрделi мәселелерін шешуге де қатыспайды.
Басқарудың болмауы. Яғни қызметкерлер өз бетінше шешім қабылдауы және жауап беруі.
Тапсырмаларды орындау мерзімдерін, жұмыс тәртібін, қызметкер тікелей өзі ұйымдастырады.
Орындалған тапсырмалардың сапасы мен саны төмендеуі мүмкін.
Басшының біліктілігіне күмән келуі.
Артықшылықтары: тату ұжым, жанжалдардың болмауы, сенімнің жоғары деңгейі, қызметкерлерді ынталандыру.
Кемшіліктері: басшының беделінің болмауы, өкілеттіктердің тиімді бөлінбеуі, қиын жағдайлар туындаған кезде қызметкерлер арасында бейберекетсіздік (хаос) болуы мүмкін.
Авторитарлық стиль
Авторитарлық стильдің бірі макиавеллизм деп аталады. Бұл стиль Николо Макиавеллидің құрметіне қойылған. 1532 жылы ол «Принц» кітабында, билеушіге ақырғы нәтижеге жету үшін амал таңдаудың қажеті жоқ, өйткені «мақсат талдау жасайды» деген идея ұсынды. Авторитарлық стильде шешімді бip адам кабылдайды, ол жарлық, бұйрық, түрінде келеді («менің айтқаным бойынша icтe»). Бұйрық талқыланбайды, күштенуге хақын жоқ. Автократ бағыныштыларының ic-әрекетін өз жауапкершілігіне алады. Тек қажетті мәліметтер жөнінде ғана пікip алысып, өз жоспары туралы әңгіме қозғамайды. Мәліметті тым көп жинайтындықтан жұмыс басты болады.Автократ басшылар сырттай бұйырып, үнемі жұмысты ойлайтын адам сияқты көрінеді, олардың жүзінде «жұмыс басталып, icкe үлкен жауапкершілік» сезінеді. Д. Браунның сипаттауынша «автократ, ескірген жылу жүйеде секілді қоршаған орта климатына, дәл мағынасында эмоционалдык, климатқа көңіл бөлмейді.
Басшы нақты нұсқаулар бергенде, мақсаттарды мүмкіндігінше дәл қояды, мәселені шешу әдісін және оны жүзеге асыру мерзімдерін таңдайды.
Басшылық бір адамның қолында шоғырланған.
Кәсіпорынның мүдделері бірінші орында, қызметкерлердің мүдделері ескерілмейді.
Артықшылықтары: тәртіптің жоғары деңгейі, іс-әрекеттің ашықтығы.
Кемшіліктері: бастамалардың болмауы, кадрлардың көп ауысуы, ұжымдағы стресс деңгейін арттыру, өзін-өзі дамыту мүмкіндігінің болмауы.
Демократтық стиль
Демократтық стильде (Батыста кооперативтік стиль деп аталады) мәселен көпшілік ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрық та осындай талқылаудан кейін беріледі. Проблеманың көпшілік ұжымда шешіліп, сонан кейін бекітіледі (мадақтау және жазалау, қоғамдық өмip мәселелері, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару т. б.). Жұмыс барысында басшының беделі қалыртасады. Бедел тек лауазымдық жағдайымен ғана емес, сонымен бірге нақты біліммен, еңбекпен және адамдарға ұқыпты қатынаспен,түсінікпен келеді.
Көшбасшы бағыныштыларға идеялар айтуға мүмкіндік береді және олардың пікірін тыңдайды.
Жоғары деңгейдегі командалық жұмыс, сонымен қатар қызметкерлердің әлеуетін барынша арттыру.
Қызметкерлердің жұмыстан қанағаттануы жоғары, дегенмен басшыға арнайы талаптар қойылуы керек – ол барлық нәтижелерді бақылауға және жауапкершілікке жеткілікті білікті болуы керек.
Артықшылықтары: еңбекке деген жоғары мотивация, кадрлардың тұрақтылығы, жаңа идеялар, топтық жұмыс, орындалған тапсырмалардың тиімділігін арттыру.