Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт. Оның көзқарасы
бойынша, ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті
сезімдердің, аффектердің ерекше варианты.
Америка психологы Джемс ерік адамда пайда болған ойдың
еріксіз қимылға айналуы
дейді.
Ерікті тəрбиелеу. Адам ерік саналарын қалыптастыру мен тəрбиелеу өз алдына нақты
мақсат, іс - əрекеттерді орындау нəтижесінен басталады. Ерікті əрекеттер кезінде адам өз
еркін меңгеріп, күш – қуатын қиын жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруы жəне бастаған ісін
аяғына дейін жауапкершілікпен орындауы қажет.Бастаған істі жүзеге асыра білу тиіс.
- Содан адам өз еркін шыңдай алады жəне қалыпты деңгейде қалыптастырады.
- Адамның ісі мен мінез –құлқын меңгеруі жəне азаматтық қасиеттері ерікті қимыл –
қозғалыстарынан жəне істеген ісінен байқалады.
- Адамның даралық қасиеттері барлық психикалық процестер
ішінен еріктен анық
көрінеді. Соған байланысты адам өмірдегі аса маңызды кезең - өзінің іс - əрекеттерін
бақылап, ерік – жігерін дамыта білу кезеңі болып табылады .Бұл кезең адам мінез –
құлқындағы ұнамды əрі жағымды саналарда қалыптасады
Достарыңызбен бөлісу: