Студенттерге қойылатын талаптар
Курс бойынша жоғары баға алу үшін əрдайым еңбектену қажет. Себебі пəн бойынша баға
жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды
нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады.
Студент əрбір несие сағат бойынша жинаған баллдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда
көрсетілген пəн бойынша білімді бағалау жəне апталық тақырыптық кесте бойынша).
2. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырған сабақтар пəннің оқу-əдістемелік кешенінде
көрсетілгендей толық көлемде орындалуы қажет. Пəннің 3|1 себепсіз қалдырса, курстан
шығарылады.
2.Аудиториядағы тəртіп
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефонын
сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3.Студенттің өзімен орындалатын жұмыс (СӨЖ)
СӨЖ орындалуға міндетті жəне сол арқылы есеп беру оқытушының белгілеген
уақытында қабылданады. Сол есеп бойынша баға шығарылып, қорытынды бағаға əсері
болады.
4.Рефераттар жазып тапсыру
Студент реферат тақырыбын алғаннан кейін көпке созғыламай уақытында оқытушыға
тапсырып, оны қорғау қажет. Бұның да ақырғы бағаға əсері болады.
5. Бақылау жұмысы
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін
бақылау негізінен емтиханды тест тапсырмаларын орындау арқылы тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: