Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН



Pdf көрінісі
бет51/80
Дата23.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#52111
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80
Темперамент түрлері. 
Темперамент– адамдардың психикалық əрекетінің нақты динамикасын айқындайтын 
психикалық дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның 
барлық іс - əрекетінде оның мазмұнынан, қарым – қатынасынан, сөйлеген сөзінен, сезім- 
эмоциясынан, ерік- жігерінен, жүріс тұрысынан, қимыл – қозғалысынан, ым-ишарасынан 
(жест мимика) т.б көрініс береді.
Сангвиник. Ақжарқын, ақкөңіл, əрекетшіл, күш жігері мол адам. Белсенді қозғалыс -
қимылдары мəнерлі, шапшаң, көңіл – күйі тез өзгереді, сезімтал. Қабілеті жоғары, қандай 
іске де қаймықпай кіріседі. Бастамашыл, жаңаны тез қабылдайды, ортада өзін еркін 
ұстайды.
Холерик. Əрекетшіл, белсенді, ұстамсыз, тез ашуланады. Тəуекелшіл, алдына қойған 
мақсатына қалайда жетеді, қиындықтарды жеңе біледі. Көңіл күйі тез өзгереді. Тіке, 
ойына келгенді тез айтып тастайды. Кек сақтамайды, тез сөйлейді, ортаға тез бейімделеді.
Меланхоликтың эмоциялық көтерілуі табанды, күшті,тұрақты болады, сыртқы көрінісі 
əлсіз көрінеді. Əр нəрседен ауыр əсер алады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе 
жабырқау, кейде қайғылы да болады. Сыртқы жағдайдан үрейленіп, сескеніп тұрады, 
кедергі кездессе уайымдап қажи түседі, қимыл қозғалыстары ақырын, баяу болады. 
Мəнерсіз, ақырын сөйлейді, сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көрінбейді. Өзі тұйық, 
жасқаншақ келеді, кісімен көп араласпайды. Іске бірден кірісіп кетпейді, егер кіріссе, іс 
əрекетін толық аяқтап шығады. 
Флегматик эмоциялық қозуы əлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп 
ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, 
жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау 
қимылдайды, сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге 
қимылдары мəнерсіз. Бір сарынды монотонды сөйлейді. Іс əрекетін байсалды, тиянақты 
орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет