4. Қабілеттің даму деңгейіне қарай даралық ерекшелігі.
5. Интеллект туралы түсінік
Мақсаты: Қабілеттің табиғи негізі мен,түрлерімен жəне даму деңгейіне қарай даралық
ерекшеліктерімен таныстыру, талант,
дарындылық, данышпан ұғымдарының мəнін
түсіндіру. Интеллектуалдық даму деңгейі туралы
түсіндіру.
Қабілет туралы түсінік.
Қабілет іс-əрекетінің белгілі бір түрін ойдағыдай, нəтижелі етіп орындауда көрінетін
адамның жеке қасиеті.
Қабілеттердің дамып, қалыптасуы əртүрлі деңгейде жүріп
отырады. Мысалы: оның алғашқы деңгейін (адамның бəріне ортақ оқи, жаза, есептей алу)
репродуктивтік (жалпы қабілет) екінші деңгейін шығармашылық (арнаулы қабілет)
қабілеті дейді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім жүйесі, икемділік пен
дағды болуы қажет.
Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс - əрекетті қажетті дəрежеде жүзеге асыруда
икемсіздік
көрсетсе, екінші деңгейде, жаңа бейне жасай алу мүмкіндігін айтады.
Қабілеттердің дамуында нышандар белгілі орын алады. Нышан қабілетінің бастапқы
табиғи негізі ретінде берілетін жүйке саласының ерекшелігі.
Достарыңызбен бөлісу: