Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық Университеті
МІ және Г кафедрасы
Курстық жұмыс
Пәні:Жоғарғы геодезия
Тақырыбы:«Ауданында ғимарат құрылысының геодезиялық негізін құру»
Қабылдаған:Джамантыкова Р.Н.
(баға) (аты – жөні)
___________________________
(қолы) (күні)
Комиссия мүшелері:
Орындаған: Балтабек А.А.
(аты – жөні)
(қолы, аты – жөні) Тобы: ЦАФ-21-2
(қолы, аты – жөні)
Қарағанды 2022
Қарағанды техникалық университеті
Кафедра: Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасы
Бекітемін
Каф.меңгерушісі Хмырова Е.Н.
«____» _____________2022 ж.
Курстық жұмыстың
ТАПСЫРМАСЫ
________________________Жоғарғы геодезия________________________
пәні
бойынша
СТУДЕНТ Болатова Таншолпан ТОП ЦАФ-21-2
Жобаның тақырыбы: «Ауданында ғимарат құрылысының геодезиялық негізін құру»
Бастапқы мәліметтер: Топографиялық карта; Карта масштабы 1:50000;
Карта номенклатурасы У-34-37-В; Тригопункт-3 : Н=249.9 Н=224.0
№
|
Түсіндірме жобаның мазмұны
|
Орындау мерзімі
|
Көлем
|
1
|
Кіріспе
|
02.09-09.09
|
1
|
2
|
Пландық геодезиялық торлардың классификациясы
|
09.09-23.09
|
5
|
3
|
Триангуляция
|
23.09-01.10
|
6
|
4
|
Базистер және базистік жүйелер
|
01.10-15.10
|
3
|
5
|
Полигонометрия
|
29.10-12.11
|
9
|
6
|
Нивелирлеу әдістері
|
12.11-26.11
|
8
|
7
|
Қорытынды
|
|
1
|
8
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
|
|
1
|
9
|
Қосымшалар
|
|
6
|
№
|
Графикалық бөлімнің мазмұны
|
Орындау мерзімі
|
Парақтар саны
|
Форматы
|
1
|
Топографиялық карта
|
15.10-22.10
|
1
|
А2
|
2
|
Калька
|
22.10-12.11
|
1
|
А3
|
3
|
Милиметрлік қағаз
|
12.11-26.11
|
4
|
А3
|
Тапсыраманы беру күні _____________жобаны қорғау күні_______________
Жобаның жетекшісі: Джамантыкова Раушан Нуркатовна
Тапсырманы орындауға алдым_______________________________________
Күн,студенттің қолтаңбасы
Ә.САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БМСК РМК
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ
АНЫҚТАМА
ҚарТУ БМСК РМК ақпаратық технологиялар орталығында ЦАФ-21-2 тобындағы студенті Балтабек Асылжан «Жоғарғы геодезия» пәні бойынша курстық жобаның салыстырмалы талдауы жүргізілді. Талдау нәтижесінде курстық жұмыстар қорымен сәйкестіктер табылмады.
Барлық мәліметтер Антиплагиат жүйесінің технологиясына сәйкес алынды.
Толық ақпарат алу үшін сарапшымен толық талдау жүргізілуі тиіс. Мәтіннің бірегейлігі – 85.64%
МІ және Г кафедрасының меңгерушісі Хмырова Е. Н.
Антиплагиат
Мазмұны
1 Пландық геодезиялық торлардың классификациясы......................................7
Геодезиялық тор...............................................................................................7
Геодезиялық координаттар бойынша Гаусс-Крюгер тік бұрышты координаттарын есептеу..................................................................................7
Геодезиялық координаталар бойынша Гаусс-Крюгер тік бұрышты координаттарын есептеу..................................................................................9
2 Триангуляция.....................................................................................................11
2.1 Триангуляция туралы жалпы мәлімет. I,II,III,IV класс триангуляциясының сипаттамасы...........................................................................................................11
2.2 Триангуляциондық жүйенің жобасын құрудың жалпы мәліметтері.........12
2.3 Трангуляция жүйесінің қабырға ұзындықтарының қателігін алдын ала есептеу....................................................................................................................12
2.4 Триангуляция пункттерінің рекогносцировкасы.........................................12
Пункттердің центрлері....................................................................................13
3 Базистер және базистік жүйелер.......................................................................15
3.1 Базистік өлшеу................................................................................................15
Базистік тор, базисті өлшеу және құру..........................................................16
4 Полигонометрия.................................................................................................17
Жоғары дәлдікті бұрыш өлшеу аспаптары..................................................17
4.2 Тахеометр.........................................................................................................19
Полигонометрияның түрлері..........................................................................20
Полигонометрияның қолайлығы және кемшіліктері...................................20
Полигонометриялық жүрістердің түрлері....................................................21
1 және 2-ші дәрежелі полигонометрия...........................................................22
4.7 Полигонометриялық жұмыстардың жобаларын жасау...............................22
Орталықты белгілеу.................................................................................................
4.8 Полигонометрияны жобалау..........................................................................23
4.9 Рекогносцировка және полигонометрия пункттерін белгілеу ...................23
4.10 Бұрыштық өлшеулер кезіндегі қателіктер..................................................24
Нивелирлеу әдістері.........................................................................................25
IV классты нивелирлеу....................................................................................26
Нивелирлеуде қолданылатын аспаптар..........................................................26
НО5 нивелирі....................................................................................................26
Нивелир рейкалары .........................................................................................27
Рейкадан есеп алу.............................................................................................28
Қорытынды......................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................31
Кіріспе
Жоғары геодезия – жер туралы өте ежелгі ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан заңдылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде дүниеге келуіне негіз болды. Грек тілінен аударғанда «геодезия» сөзі «жерді бөлу» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заманғы геодезияның жерді бөлу мағынасы шеңберінен әлдеқашан шыққаны түсінікті.
Геодезия жер пішіні мен өлшемдерін анықтау әдістерін, оның бетіндегі өзгерістер мен құбылыстарды карталар мен планға түсіру мақсатында атқарылатын жұмыстарды, сонымен бірге, әртүрлі инженерлік істерді шешетін ғылым.
«Геодезия» пәнін оқытудың мақсаты – өндірістік инженерлік-геодезиялық істерге қазіргі заманғы әдістерді қолдана отырып, геодезиялық, фотограмметрлік жұмыстарды, әртүрлі ғылыми-өндірістік мәселелерді шешу барысындағы теориялық білім алумен практикалық дағдылануды игеру болып табылады.
Геодезия Жер туралы ғылым ретінде ежелгі көне ғылымдардан келді және грек тілінен аударғанда "жерді бөлу" деген мағынаны береді. ХІХ ғасырдан бастап жалпы геодезияны геодезия және жоғарғы геодезия деп бөле бастады.
Геодезияның басты мақсаты – өлшеулер арқылы карта мен пландарға жер бетінің кішігірім учаскілерінің бөлшектерін бейнелеу болса, Жоғарғы геодезия жер бетінің тұтас немесе белгілі бір бөлігін тіктеуіш сызығы, фигуралары мен Жердің гравитациялық өрісін ескере отырып зерттейтін және бейнелейтін ғылым саласы.
Жердің пішіні деп Жердің физикалық бетін атайды. Ал Жердің гравитациондық өрісі деп тартылыс күші мен кері итеруші күшке парапар ауырлық күші өрісі түсіндіріледі. Жердің гравитациялық өрісін зерттеу - басқа да физикалық құбылыстарды зерттеу сияқты геофизикалық маңызды мәселе болып табылады.
1 Пландық геодезиялық торлардың классификациясы
1.1 Геодезиялық тор
Геодезиялық тор - Жер бетіндегі координаттары белгілі центрі арнайы белгілермен бекітілген геодезиялық пункттердің (нүктелердің) жиынтығы.
Мемлекеттік геодезиялық торлар (МГТ)- «Жалпыдан жекеге қарай» принципі бойынша және класстарға бөлініп құрылады. Торлар жоғарғы кластан төменгі кластарға қарай құрылады. Ірі және дәлдігі жоғары торлардан ұсақ, дәлдігі төмендеу торларға қарай дамиды. Жоғарғы класс
Мемлекеттік геодезиялық тордың пландық жағдайы жалпылама мемлекеттік геодезиялық жүйеде, ал биіктіктер бірегей мемлекеттік жүйеде анықталады.
Барлық геодезиялық торлар:
1.Мемлекеттік геодезиялық торлар;
2.Жиілендіру геодезиялық торлар;
3.Түсіріс геодезиялық торлар болып бөлінеді.
МГТ- 1,2,3,4 кластарға бөлінеді және триангуляция, полигонометрия әдістермен құрылады (1.1-кесте)
1.1-кесте
Геодезиялық торлардың көрсеткіштері:
|
Көрсеткіштер
|
1 класс
|
2 класс
|
3 класс
|
4 класс
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Жүйе ұзындығы,км
|
200
|
-
|
-
|
-
|
2
|
Үшбұрыш қабырғасының ұзындығы,км
|
20-25
|
7-20
|
5-8
|
2-5
|
3
|
Базисті өлшеудің салыстырмалы қателігі
|
1/400000
|
1/300000
|
1/200000
|
1/200000
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
4
|
Мүмкін болатын үшбұрыштағы бұрыштық қиылыспаушылық
|
1/350000
|
1/200000
|
1/200000
|
1/200000
|
5
|
Өлшенген бұрыштың О.к.қ.
|
40
|
20
|
20
|
20
|
6
|
Жүйе ұзындығы,км
|
|
|
|
|
Геодезиялық координаттар бойынша Гаусс-Крюгер тік бұрышты координаттарын есептеу
Инженерлік-геодезиялық жұмыстарды орындау кезінде жер бетінің шектелген бөліктерінде геодезиялық координаттарды қолдану шамалы ыңғайсыздықтар туғызады. Бұның себебі ретінде эллипсоид бетіндегі геодезиялық есептерді шешуге арналған формулалардың көп мөлшері. Неғұрлым ыңгғайлы проекция ретінде шектеулі территорияларда геодезиялық өлшеулерді сараптауға жазықтықтағы эллипсоид формуласы қолданылады. Мұндай β нүктелердің жер бетіндегі проекциялары сызықтық өлшемде көрсетілуі мүмкін.
Жазықтық бетіндегі эллипсоидтың кез келген бейнеленуі бейнеленетін элементтердің бұрмалануы болады, сондықтан эллипсоидтың кез келген проекциясы зоналық болатынын ұмытпау қажет. Зонаның өлшемі эллипсоид бетінің қисығына және зона шетінде бейнеленген жіберілетін бұрмалануға байланысты болады.СССР-дың геодезиялық жұмыстарын орындау кезінде зоналық, конформдық, Гаусс-Крюгердың көлденең-цилиндрлік проекциясы қолданылады. Осы проекцияда жер эллипсоиды меридиандармен сфералық екібұрышқа бөлінеді, олар зоналар деп аталады. Жасалатын картаның немесе планның масштабына байланысты қолданылады:
- алтыградусты зоналар, 1:10000 және одан ұсақ масштабты түсірістер үшін,
- үшградусты зоналар, 1:1000 және 1:5000 масштабты түсірістер үшін,
- жартыградусты зоналар, 1:500 және одан ірі масштабты түсірістер үшін,
- жергілікті зоналар, локальды инженерлік-геодезиялық торларды өңдеу үшін.
Гаусс-Крюгер проекциясының негізгі формулалары В, L эллипсоид нүктелерінің геодезиялық координаттар арасындағы байланыс және тікбұрышты координаттар x, у проекцияларының осы нүктедегі Гаусс-Крюгер жазықтығына байланысты орнатады.
x=6367558.4969(B’’/ρ’’)-{a0-[0.5+(a4+a6l2)l2]l2N}sinBcosB;
y= [1+ (a3+a5l2) l2]lNcosB.
Формулаларда келесі мәндер берілген:
l=(L-L0)’’/ρ’’ - радиан шамасымен берілген бұл нүктенің бойлығы мен осьтік меридиан аймағының айырмасы;
N=6399698.902-[21562.267-(108.973-0.612cos2B)cos2B]cos2B;
a0=32140.404-[135.3302-(0.7092-0.0040cos2B) cos2B] cos2B;
a4=(0.25+0.00252 cos2B) cos2B-0.04166;
a6=(0.166 cos2B-0.084) cos2B;
a3=(0.3333333+0.001123 cos2B) cos2B-0.1666667;
a5=0.0083-[0.1667-(0.1968+0.0040 cos2B) cos2B] cos2B.
Достарыңызбен бөлісу: |