«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


SMM ілгерілету туралы нені білу керек?



Pdf көрінісі
бет63/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   196
Байланысты:
edu kk

SMM ілгерілету туралы нені білу керек?
• SMM қолданылмайтын сала кемде кем. Әлеуметтік желі арқылы тікелей сауда 
жасай алатын компаниялар бар, сондай-ақ имиджін қалыптастырып, сатып алушы-
лармен әңгімелесетін бизнес те бар.
• Әлеуметтік желілер – әлеуметтік топтарды құрып, оны суреттермен толықты-
рып, оған жұмыстағы әріптестерді шақыру ғана емес, сайт секілді ол да сіздің 
бет-бейнеңіз. Бұл сатудың қосымша арнасы. 
• «Қашан? – қайда? – қанша? – не?» деген әмбебап үлгісі жоқ, бәрі бизнес са-
ласы мен мақсатты аудиторияға байланысты. 
• Егер сіз өзіңіз әрекет жасасаңыз және сіздің жолыңыз болса, сайт қолданушы-
ларын оңай көбейтудің түрлі тәсілдері бар, басқа жағдайда маманның қызметі 
үшін төлеуге тура келеді. 
• SMM-ді аутсорсқа (басқа адамның орындауына) берген дұрыс. Әлеуметтік 
желілермен жұмыс істеуге басшылардың уақыты бола бермейді. Әрине, оны жүр-
гізуді сату жөніндегі менеджерге, болмаса бухгалтерге тапсыруға болады, бірақ 
SMM олардың негізгі міндетіне кірмейтіндіктен, оның сапасы төмен болады, нәти-
жесі де соған сәйкес болады. 
• Стратегиясын ойламай, болашаққа жоспар жасамай топ құруға болмайды.
• Аптасына, күніне немесе сағат сайын 1 пост жасайтыныңыз маңызды емес, 
бастысы – үзбей жазып отыру.
• Контентті қызықты жасаңыз, сонда репост үшін ақша төлемейсіз.
• Конкурстар өткізіп тұрыңыз, шығындар өтелмейді деп қорықпаңыз.
• Қоғамдастық құрған соң пікірлерге назар аударып, сұрақтарға жауап беріп, 
комментарий жасау қажет. 


73
• Бюджет үлкен болмаса, бір ғана әлеуметтік желіні таңдамай, белгілі әлеумет-
тік желілердің барлығына көшірме жасап, бюджет бөлген соң әрқайсысын кезе-
гімен дамытып отырыңыз.
• Контент құру, соның ішінде видео дайындау көп шығынды және біршама ішкі 
жұмыстарды қажет ететін шаралардың бірі.
• Кез келген интернет-маркетинг сияқты әлеуметтік желілер де бизнес барлық 
процестерде жолға қойылған кезде өзін-өзі ақтайды. Егер менеджер клиенттермен 
дөрекі сөйлессе, шабарман тауарды сынған күйінде жеткізсе, бәсекелестерде осы 
тауар екі есеге арзан болса, онда әлеуметтік желілердегі топтар көмектесе алмай-
ды, жағымсыз пікірлерді жинайды.
• Әлеуметтік желілер брендпен байланыс нүктесін арттырады, клиенттерді ар-
зан және сапалы қамтуға, сату сатыларына қатысады, тиімділікті тек тікелей сату-
мен өлшеуге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет